Лекция Сабақтың тақырыбы : тмд елдері аумағының жер бедері. Сабақтың мақсаты мен міндеті: тмд аумағының жер бедері, орографиялық құрылысы туралы білім беру. Сабақтың жоспары



бет4/5
Дата22.02.2023
өлшемі43,67 Kb.
#169849
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 лекция ТМД өзгерген
56513e7e-0467-4d2f-85e8-64eef431ebd8
Сибирь платформасы. Сибирь платформасының шегінде кембрийге дейінгі негіздің шығындылары солтүстік бөлікте Анабардың архей массивін, оңтүстік шығыс бөлікте Алдан қалқанын құрайды. Платформаның оңтүстік және оңтүстік-батысында Байкал қатпарлы облысы жатыр. Платформалық жамылғы кембрийден бастап төрттік жыныстардың қат-қабаттарынан түзілген. Мұнда жамылғының қалыңдығы Орыс платформасындағыдан жұқалау болуы мүмкін. Вилюйсинеклизасында оның ең қалың қабаты 7 км-гежетеді.
ОрысплатформасыныңжамылғысыменсалыстырғандаСибирьплатформасыныңплатформалықжамылғысыныңүстіңгіжағыбасқа-шақұрылған (картанықараңыз). Геологиялық картадағы, Сибирь платформасының шегінде: солтүстік бөлігінде — анабармассивін қоршаған кембрий жыныстары; батыс бөлігінде, Тунгус синеклизасында — пермь триас жыныстары; шығыс бөлігінде Вилюй синеклизасында — юра және бор жыныстары ашық көрініп жатады. Көне кристалдық фундаментте және платформа жамылғысының шөгінді қабатындатүрлі пайдалы қазындылар: темір және мыс никель рудасы, сирек металл рудалары, алмас, слюда, таскөмір, мұнай, т.б бар. Палеозой қатпарлығы каледондық және герциндік Орыс және Си-ирь платформаларының аралығында орналасқан, оған Урал, Батыс, Сибирь жазығы, Таймыр түбегі және Солтүстік Сибирь ойпатының батыс бөлігі, Қазақтың ұсақ шоқылығы, Алтай, Саяндар, Тянь-Шань, Тұран ойпаты және басқа территориялар кіреді (ТМД – ның тектоникалық картасын қараңыз). Палеозой қатпарлығында екі плита — Батыс Сибирь және Тұран плиталары бар. Оралдың, Қазақтың ұсақ шоқылығы (солтүстігінде) мен Алтайдың қатпарлы құрылымы Батыс Сибирь плитасына қарай, ал Тянь-Шань мен Қазақтың үсақ шокылығының (оң-түстігінде) қатпарлы қүрылымы Тұран плитасына қарай шөгіп, олардың фундаментін қүрайды. Қазақ палеозой массиві аумақты тұмсық жасап екі плитаны бөліп түрады. Олар сыртқа шығып жатқан Урал катпарлары мен Қазақ палеозой массивінің аралығында орналасқан Торғай иіні арқылы жалғасады. Батыс Сибирь және Тұран плиталарының қатпарлы фундаменті юра, бор, үштік және төрттік (континенттік және теңіздік) тұнба шөгінділерінің жамылғысымен жабылған. Батыс Сибирь және Тұран плиталарының түнба шөгінділерінде түрлі пайдалы қазындылар бар: табиғи жанар газ, мұнай, тас көмір мен қоңыр көмір, ал қатпарлы құрылымдарда — полиметалл, мыс рудасы және басқалары бар.
Мезозой қатпарлы облысы Қиыр Шығыс пен Солтүттік Шығыс территориясын қамтиды. Қиыр Шығыстың мезозой қатпарлығын солтүстік жағынан платформаға айналған жоғарғы палеозой қатпарлығы (Зея-Бурей массиві) көмкерген. Мезозой қатпарлы облысы ШығысБайкал сыртынан созылып Охот теңізіне шығады, оған Хинган-Бурей және Сихотэ Алиньантиклинорийлері де кіреді.
Лена және Алдан өзендерінен шығысқа қарай мезозой қатпарлығының солтүстік шығыс облысы жатыр. Бұл облыстағы ең ірі құрылым Верхоян антиклинальдық зонасы. Ол Сибирь платформасынан Верхоян алды мойнағы арқылы бөлінген. Колыма, Охот және басқа орташа массивтер осы облысқа кіреді. Мезозой құрылымы облысында әр түрлі рудалардың — темір, полиметалл, қалайы, сирек металдар рудалары, алтын т.б бай кендері бар. Бұлардан басқа тас көмір мен қоңыр көмір кені де кездеседі.
Кайнозой қатпарлығының екі облысының — Жерорта теңіздік және Қиыр шығыстық облыстардың өзіндік ерекшелігі — оларда геосинклинальдық даму әлі аяқталмаған. Жаңа тектоникалық қозғалыс мұнда өте күшті білінеді. Мысалы: Кавказ төрттік дәуірде айналасындағы өзін қоршаған ойыстарға қарағанда 4—5 км көтерілген деген жорамал бар. Бұл облыстар сейсмикалылығының күштілігімен, ең жаңа және қазіргі вулканизммен сипатталады.
Жерорта теңіздік облысқа Карпат, Қырым, Қавказ, Копет-Даг және Памир жатады.
Кайнозой қатпарлығының Қиыр Шығыстық облысы — біздің еліміздегі ең жас геосинклинальдық облыс. Ол геосинклинальдық процестердің қарқыны күштілігімен сипатталады. Мұнда сейсмикалық күші жағынан ерекше сөнбеген вулкандар, болашақ таулы жоталардың бастамасы ретінде қаралатын вулкандық аралдар иіні, мүхиттық терең ойыстар бар. Бірақ мұнда геосинклинальды түйықталу стаднясына тән шеткі иіндер жоқ. Егер Қиыр Шығыста геосинклиналь күшті даму үстінде болса, Жерорта теңіздік облыста, теңіз бассейндерінің тез тартылуына байланысты, геосинклинальдық дамудың соңғы кезеңдері байқалады.
Кайнозой қатпарлығының Қиыр Шығыстық облысы Коряк таулы үстіртін, Анадырь-Пенжина ойпатын, Камчатканы, Куриль аралдарын, Сахалинді және Охот теңізі мен Жапон теңізінің континенттік жағалауын қамтиды. Кайнозой қатпарлығы облысына антиклинальдық және синклинальдық ірі созылыңқы қатпарлар тән. Қарқынды тектоникалық қозғалыстар саябырлаған жоқ, керісінше осы күнге дейін жиі-жиі болып тұрады. Оған Жер сілкінулер, қазіргі вулканизм және жаңадан пайда болған тектоникалық ойыстар дәлел бола алады.
Кайнозой құрылымы облысында тас кемір, мүнай және түрлі рудалы пайдалы қазындылар (Кавказ) бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет