Лекция тақырыбы: Қазақтың тарихи прозасы



бет3/20
Дата24.12.2021
өлшемі72,09 Kb.
#104805
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс)
қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), Абай Құнанбаев өмірі, срсп 3, -9786010403109-9786010403031-9786010402539 convert compress
Лекция тақырыбы: Лирикалық проза.

Лекция мақсаты: Лирикалық проза табиғатын, стильдік ерекшелігін түсіндіреді.

Лирикалық проза – қара сөз жанрындағы автордың нәзік көңіл – күйімен, сезім әсерімен суарылған шығармалар. Лирикалық проза өз алдына жанр болып саналмайды, тек прозаның стильдік бір түрі ретінде қарастырлады. Мұндай шығарманың композициялық құрылысы, лирикалық кейіпкерге, соның тебіреніс, толғаныстарына сәйкес қалыптасады. Өмір көріністері лирикалық кейіпкердің көзімен қаралып суреттелдеі. Лирикалық прозада бастан – аяқ үзілмей дамып отыратын сюжет кездеспейді. Алайда кейіпкерлердің бүкіл бастан кешкен көңіл – күй әсерлерінен белгілі бір желі пайда болып отырады. Оны шартты түрде лирикалық желі деп атауға болады. Кейіпкердің ой – сезімі, басқа адамдармен әртүрлі қарым – қатысы, қайшылығы жағдай, оқиғаға айналып, бір – бірімен қалайда жалғасып, астасып жатады. Лирикалық розаның қаһарманына эпостық шығармалардағы секілді күрделі, желілі оқиғаларға, күрделі іс – әрекеттерге негізделмейді, айта ойламаған жерден күтпеген жағдайларды, өзгерістерді бастан өткеріп отырады. Орыс әдебиетінде жоғары сатыға көтерген Тургенев болды. Қазақ әдебиетінде лирикалық прозаның белгілері Ж.Аймауытов шығармаларынан айқын танылады.

Соңы тоқсаныншы жылдарда өнер, өнер адамдары туралы әңгімелер көп жазылды. Осы тақырыпты Ғ.Мүсірепов, Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов, С.Бақбергенов, І.Жақанов, Ә.Кекілбаев, Ә.Сараев, С.Нарымбетов, М.Сқақбаев, сынды жазушылар әр қырынан аша түсті. Ғ.Мүсіреповтің «Қарлы жаңбыр астында» әңгімесінен М.Әуезов, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақовтардың бейнесін көрсек, «Атақты әнші Майра» да осы тақырыпты толықтырады, І.Жақановтың «Махаббат вальсі»/1983/ жинағына енген әңгімелердің дені өнер адамдары туралы. «Мәдидің әні»1916 жыл оқиғалрына арналса, «Жас қазақтан» дарынды талант иесі рамазан Елебаевтың бейнесін көреміз. Автор оның қан майданда жүріп шығарған әніне баса назар аударған. Ал «Қазақ вальсі» осы аттас шығарманың авторы Латиф Хамиди жайында. Жазушы көпшілік сүйіп тыңдайтын бұл ән авторының бейнесін жақсы ашқан. Л.Хамидидің шабыт үстіндегі шағын оның толғаныстарымен толықтырса, осы әнді алғаш орындаған К.Байсейітова бейнесі де тартымды жасалған. Л.Жақановтың мұндай деректі әңгімелері осы жанрды түр, мазмұн жағынан байытты. Осындай деректілік С.Бақбергеовтің «Әнші Роза» әңгімесіне де тән. Бұл әңгімеде автор Р.бағланованың өнердегі орны мен оның өсу жолдарын көрсетуге тырысқан.

Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы»/1960/, «Дала сыры»/1963/, «Көкқұтан»/1966/ кітаптарына енген «Алғашқы ән», «Қызғаныш», «Күй аңыз» әңгімелері – шынайы көркем туындылар. «Алғашқы әндегі» жас композитор Серәлі сүйгені Гауһарды атақ – даңққа айырбастағанын кеш түсінеді. Ол сүйгенінен ғана емес шығармашылықтан да біржола қол үзеді. Шынайы сезімнің өнер иесіне шабыт берер бірінші қару екенін жазушы көркемдікпен аша білген. Ал «Қызғанышта» суретші Жұмабектің бойындағы эгоизмді ашып суреттейді. Ермектің талантын мойындағысы келмейтін Жұмабектің өзі де нашар суретші емес, бірақ ол –іші тар, қызғаншақ жан. Жазушы Ермектің өзін де, өнерін де сыйлай білетін Розаның пәк сезімін былғағысы келген оның қылығын әшкерелейді. «Күй аңызында» елуге келген Естемес пен шәкірті Оразымбеттің күйшілік өнерін «Нар идірген» күйі арқылы бейнелейді. Әңгімеде ботасынан айырылып, желіні тандырдай кепкен нарды идірген күй құдіреті мен сол өнерді шебер игерген күйшілердің ерекше құдіретіне тәнті боламыз.

Осы тақырыпты терең игеріп, көп жазған автордың бірі – Т.Әлімқұлов. Ол – өнер, күй тілінде кейіпкер жанынан үңіле білген жазушы. Сондықтан да оның шығармалары оқырман назарына ерекше ілікті. Тәкен суреттеуіндегі өнер иелерінің бейнесі оқырман жадында ұзақ сақталуының себебі де осында. «Туған ауылда»/1968/, «Күрең өзен»/1971/, «Кертолғау»/1973/, «Тұлпарлар тағдыры»/1975/, «Шежірелі сахара» /1976/, «Сырлы наз»/1977/, «Көкек айы»/1982/ жинақтарына енген әңгімелердің дені аталған дәстүрдің жалғасы іспеттес. Автор бұл тақырыпты негізінен өмірде болған тарихи тұлғалардың өмірі мен өнеріндегі орны арқылы ашады. Оның Тәттімбеті, Ақаны, Сүгірі, Сейтегі, Әбікені, Ықыласы, Төлегені, Генералы – бірін – бірі қайталамайтын өз ерекшелігімен оқшауланған кейіпкерлер. Жазушы қай кезеңдегі оқиғаны әңгімесіне арқау етсе де, сол ортаның тарихи шындығын көркем бейнелеуде өзінің біліктілігін, эстетикалық талғамының биіктігін көрсетеді. Жазушының осы тақырыптағы табысы сыншылар мен әдебиетшілердің назарына көп ілікті. Оның әңгімелерінің құндылығы да оқиға мен кейіпкерлердің өмірден алынған шыншылдығында. Өмір шындығы мен ірі тұлғалар бейнесін жалғастыра сомдауда автор нақтылық, жинақылық, типтік принциптеріне сүйенеді. Қобыз, сыбызғы, домбыра сынды ұлттық аспаптармен орындалатын күйлердің орындалу шеберлігіне аса ұқыптылық, биік талғам, терең зейінмен қарайды. «Қара қобыз» әңгімесі: «Қалың қамысқа тығылған бес үй бұғыңқы. Бұлыңғырлықта баукес–пенің өзі таба алмастай» деп басталады. Автор теңеу мен эпитетке толы айшықты сұраулар қояды.

Әңгіменің алғашқы жолдарын оқығаннан – ақ оқырман осындай сауалдарға жауап іздеп, оның себебін белгенше асығады. Ал жазушы қобызшы Ықыластың осы күйге түсуін шегініс жасай отырып ашады. Жазушы Ықыласқа, өнерге деген қалың қауымның ықыласын көрсетуде жазушы эпитет теңеулерді мейілінше кең қолданған. Жазушы шығарма оқиғасын өзінен асып кеткен күйші беделіне күйінген старшын ашуы арқылы ширықтырады. Негізін осы себептен алып жатқан күйшінің баласының түрмеге қамалуы және күйшінің оның науқас екенін естуі, яғни, шығармадағы драматизм баласы өліп отырған Ерден қайғысы арқылы шешімін табады. Ықылас Ерден баласына көңіл айтуға келеді. Есіктен кіре аңыраған қобыз теріс қарап жатқан Ерденді тұрғызып қана қоймай бейне бір сиқырмен жұбатты, ол оған қосыла жылады. Бұл – бірі баласынан өлідей, екіншісі тірідей айырылған қос мұңылықтың шерін дөп басқан қобыздың құдіреті еді. Автордың «Саржайлау» әңгімесінде нақтылыққа, дәлдікке, жинақылыққа ден қойғандығының бір мысалы – уақытты нақты жылмен көрсетуінде. «Сарыжайлаудың» құдіретін, табиғатын көрсету үшін «Көкейкесті», «Қоңыр», «Былқылдаққа» тән ерекшеліктерді де нақты, дәл ашады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет