Лекция тақырыбы: Қазақтың тарихи прозасы



бет4/20
Дата24.12.2021
өлшемі72,09 Kb.
#104805
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс)
қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), Абай Құнанбаев өмірі, срсп 3, -9786010403109-9786010403031-9786010402539 convert compress
Сұрақтар: Лирикалық проза мен тарихи проза айырмашылығы неде?

Т.Әлімқұлов шығармашылығын прозаның қай түріне жатқызамыз?



Негізгі әдебиет: Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9т. 10т. А. ҚазАқпарат, 2005.

Әдебиеттану терминдер сөздігі. А. Ана тілі,1998.

Р.Нұрғалиев. Әдебиет теориясы. Астана. Фолиант, 2003.

Қосымша әдебиет: Қ.Әбдезұлы. Т.Әлімқұлов шығармаларындағы және 60-80 жылдардағы қазақ

прозасы. А, 2001.

Б.Майтанов.Ұстаз ұлағаты // Кітапта:Сөз сыны. А. Ғылым, 2002.

Лекция тақырыбы: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт.

Лекция мақсаты: Әдеби даму негізінде болатын жаңашылдықты, оның дәстүрмен байланысын, ұлттық сипатын таныту.

Жаңашылдық және дәстүр – әдеби процеске тән жалғастықты, жазу творчествосындағы халықтық үлгілер мен өзіндік соны сипат – қасиеттердің бірлігін танытатын ұғым, қалыптасып, сұрыпталған көзқарас, түсініктер, көркемдік үлгі – өрнектер, тәсілдер жатады. Жаңашылдық деп кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінен мән мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін бұрынғы – соңғының шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс – әрекеттерді айтуға болады. Жаңашылдық даму нәтижесінде біраз уақыттан кейін өзі дәстүрге айналады, келесі сатыда басқа жаңашылдық туып – өрбиді. Дәстүр мен жаңашылдық диалектикалық бірлестікте болады. Оның негізі – ескі мен жаңаның жалғастығы. Дәстүр мен жаңашылдық тарихпен бірге өзгеріп отырады. Дәстүрге көркемөнердің тақырып ауқымы, үйреншікті сарын, өмірге қатынасы, бейнелер аумағы, идеялық бағыты, қалыптасқан көркемдік құралдары жатады. Көркемөнердің жеке түрлерінде дәстүр бойынша суреттеу амалы мен тәсілдері, композициялық құрылымы, шығарманың тұтастық принциптері саналады. Өнердегі жаңашылдық пен тың тақырыпты бұрын қолданылмаған әдіспен көркем тіл арқылы суреттеуді, соны мәселеге батыл шешім табуды, шығармалар жасауды айтамыз. Жаңашылдық – әрқашан асқан творчестволықтың нәтижесі, ал өнер өрісін кеңейте түседі. Өнердің бұрын қол жеткен табысына, ұлы суреткерлердің тәжірибесіне сүйенбей творчествода ілгерілеу мүмкін емес. Жаңашылдық пен дәстүрдің ұдайы ұштасып отыратыны да осыдан. Әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып қана жаңа заманның тілегіне сай шығарма туғызуға болады. Дәстүрдің кейбір тұрақты түрлері бар. Ұлттық психиканың, мінез – құлықтың өзгеруіне байланысты туған алуан түрлі көріністер шығарманың ұлттық сипатын байқатады. Тұрмыстық, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның айнала өмір танудағы жаңа ұғым, түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен форма жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл сәтте кейбір дәстүрлік әдіс – тәсілдер сақталумен қатар, суреттеу, сомдау, сөз қолдану жағынан жаңа бейнелеу тәсілдері пайда болады. Әсіресе жаңа өмір құбылыстарын аңғартатын көркемдегіш суреттеу құралдары жасалады. Әдеби шығармадағы тақырып жаңалығы, дүние – танымдығы, көркемдік ойлау жүйесіндегі жаңашылдық бүкіл бейнелеу құралдарына көркемдік тіл, стиль, өлең ырғағы, жанрлар бір – біріне жаңаша сипат дарыта алады. Көркемдік жаңашылдық тек қана жаңа сөздер, өрнектер, тәсілдер табу арқылы ғана емес, бұрыннан бар бейнелеу құралдары жаңаша қолдана білетін суреткерлік шеберлігі арқылы да танылады. Жаңашылдықтың негізі – ойдың саңлағы, өмір құбылыстарын жаңаша ұғып – түсіне білу, сезіну және соган сәйкес туатын көркемдік шеберлік.

Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сыны кадларының өсіп, әртүрлі бағытта, көптеген арналармен жедел дамып, қауыр көтерілген ең жемісті дәуірі алпысыншы жылдардың екінші жартысы мен сексенінші жылдардың соңы еді. Рас, баспасөз атаулы партия мен өкіметтің қатал бақылауы астында жатты, үнемі коммунистер саясаты мадақталды, әдебиетке, өнерге, таптық, пролетарлық көзқарас таңылып отырды, съездерді, пленумдарды, қаулыларды, Ленин мұрасын, партия қайраткерлері шығармаларын дәріптейтін қаламгерлердің қалың шоғыры қаулап шықты; Алаш қозғалысы, Алаш ұранды әдебиет, бірқыдыру фольклорлық мұра, ежелгі әдебиет үнемі жамандауға болатын тақырыптарға айналды. Мұның үстіне жеке шығармаларды тануда күні– бұрын тон пішу, методологиялық кенже қалушылық, өнердің эстетикалық мәнін ұмыту, көңілжықпастық, өтірік мақтау, талғамсыздық секілді таза кәсіби олқылықтар орын алды. Ал тұтастай қарағанда, 60 – 80 жылдары қазақ әдебиеттануы мен әдебиет сыны әлем әдебиетіндегі, әсіресе орыс, Еуропа топырақтарындағы методологиялық тәсілдерді, түрлі мектептердің сабақтарын ұлы ойшылдар, әдебиетшілер, сыншылар мұрасын бірқыдыру меңгеріп, оларды ұластыра дамытып, ұлттық өнерді талдап – бағалап, саралауда көп іс тындырды. Әрбір кезең әдебиеті дамуына ықпал ететін тарихи әлеуметтік жағдайлар болады. Әдебиеттің де әдебиет туралы ғылым мен сынның да дамуына бұл тұста Сталиннің жеке басына табыну салтын сынау, демократиялық нормаларды қалыпқа келтіруге тырысу жайлы партияның нұсқаулары әсер етті. Бұрын қатып–семіп қалған коммунистік қағидалардың босаңсуы жылымық аталған кезеңді туғызды. Одақтық әдебиетте, ұлт әдебиеттері де осы мүмкіндікті пайдаланып, өздерінің қордаланып қалған мәселелерін көтерді. Қазақстан Компартиясынң Орталық Комитеті 1957 жылы «Қазақ халқының әдеби поэзиялық музыка мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оны жақсарту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Онда елуінші жылдары жаппай сынға ұшыраған мәдени мұраны қайта қарау, сын тұрғысынан қарап пайдалану жайы қозғалды. Мәселені түгелдей шешпегенмен, бұрынғы нигилистік көзқарасты қайта қарауға бетбұрыс жасалды. Осы мақсатпен 1959 жылы Ғылым Академиясында мәдени мұраға байланысты үлкен ғылыми конференция ұйымдастырылды. Конференция ұсыныстарына сәйкес қазақ халқының фольклорлық мұралары мен әдебиеті тарихының мәселелері жан – жақты зерттеле бастады. «Сын көзімен» – отырып, бұрын шығармашылығы қайшылықты делінген ақын – жазушылар еңбектері жайлы тың пікірлер туды. Осы тың, жаңа байламдарға сүйеніп, алпысыншы жылдардың басынан бастап, «Қазақ әдебиетінің тарихын» жазу ісі қолға алынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет