Лекция тақырыбы: Қазақтың тарихи прозасы



бет6/20
Дата24.12.2021
өлшемі72,09 Kb.
#104805
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс)
қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), Абай Құнанбаев өмірі, срсп 3, -9786010403109-9786010403031-9786010402539 convert compress
Лекция тақырыбы:Қазіргі қазақ сатирасы.

Лекция мақсаты: Сатира жанрының теориясы, зерттелуін, қоғамдық рөлі мен маңызын баяндау.

Сатира мен юмор күштілер қаруы, тәрбие құралы. Сатира терминінің шығу тарихын, этимологиясын әркім әр түрлі түсіндіреді. Қазір «сатира» атауы әр түрлі мағынада қолданыла береді. Бірде әдебиеттің болмыстың жағымсыз құбылыстарын ащы күлкіге айналдыратын көркем әдебиеттің тегі ретінде қарастырылса, бірде нақты бір өмір елестерін, болмыс сәттерін суреттеп, жазып, айтып берудің әдіс – тәсілі ретінде қарастырылады. Сонымен, сатира әдебиеттің бір тегі ретінде де көріне алады. Ақын – жазушыларымыздың бастан – аяқ күлкілі ситуацияға негізделіп,сықақтық тіл, стильмен жазылған таза сатиралық шығармалары әдебиеттің дербес бір тегін құрайды. Өйткені оларда өмірді зерттеп білудің, суреттеп берудің өзіндік эстетикалық принциптері, көркемдік әдіс – тәсілдері пайдаланылады. Болмыс – құбылыстарды бағалап, түсінудің ерекше түрлері қолданылады. Яғни сатира қиялдауға, шарттылыққа, кездейсоқтыққа, түсінбестікке, әсірелеуге негізделеді. Шарждауға, карикатураларға, гротеск, сарказм, иронияға иек артады. Сатирада ащы кекесін, күлкі ету, мазақ қылу, жоққа шығару, үкім айту, адам қиналысын аңлау, адам жүрегінің түкпіріне үңілу, көңілділік пен күрсініс, тенденциялық пен қатаң әділдік, лирикалық сезім мен ғылыми талдау тоғысып жатады. Сөйтіп сатира қарама – қайшылықтардың бірлігінен туындайды. Белгілі бір сатирик творчествосының ерекшелігі осылардың қайсысын қай тұрғыда, қандай ниетпен пайдаланғанына қарай аңғарылады. Аристофан сатирасында қайғылы үн, Щедринде өмірді трагедиялық тұрғыдан сезіну, Гогольде күйзеліс, Чеховта күрсініс басым дейтіні сондықтан. Таза сатиралық туындылардың эпосқа да, лирикаға да, драмаға да жатпай, әдебиеттің өзіндік дербес тегін құрайтындығының басқа да сырлары бар. Сатирада, эпостық туындылардағыдай, авторға, оқушыға деген қатыссыздық, бейтараптық, объективтілік бола бермейді. Мәселен Л.Н.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік», М.Әуезовтың «Абай жолы» сияқты эпостық шығармаларды оқығанда, автор да, оқушы да көрінбейді, олардың қатысы, көзқарасы, күрсініс – күйзелісі сезілмейді. Оқиға оларға тәуелсіз түрде өзінше өтіп жатады. Осы эпостық объективтілік сырттай суреттеліп, баяндаушылық сатирада болмайды. Онда сыналып отырған факті мен құбылысқа автордың қатысы, пікірі белгілі дәрежеде білдіріледі. Сондықтан да сатира эпос бола алмайды. Сол сияқты, таза сатиралық шығармаларда автор мен лирикалық кейіпкердің сөз етіп отырған жағымсыз құбылыстар жөніндегі жан дүниесі, ішкі сезімі лирикалық туындылардағыдай барынша ақтарыла ашылмайды, тек реніші, кейісі аңғарылады. Осы жағынан ол лирикаға да жатпайды. Сатираны драмаға да тели салуға да болмайды. Эпостағы объективтілікті, лирикадағы ішкі – сезім сырды терең ашуды ұштастыра келіп, характерлер қақтығысына құрылатын, сахнада ойнауға лайықталатын драма белгілері де сатирадан түгел табыла бермейді. Сондықтан ол драма да емес. Ендеше болмысқа эстетикалық қатысының өзіндік ерекшелігі бар, өмір құбылыстарын зерттеп, бағалауда, көрсетуде дербес әдіс – құралдары, өзіне тән табиғаты, сыр – сипаты бар сатира – өзінше әдебиет тегі. Сатираның жеке бір іс, құбылысты зерттеп білудің әдіс – тәсілі ретінде көрінетіні де рас. Бұл сапада ол эпостық, лирикалық, драмалық шығармалардың бәрінде, барлық түр жанрында пайдаланыла береді. Солардағы белгілі бір елестер мен образдарды суреттеп берудің құралы, поэтикалық әдісі түрінде ғана қолданылады. Мысалы, Ғ.Мүсірепов тек қана өзіне тән рухани – ұждандық табиғаты, оқшау стилі, дара ой, сезім бітімі, су төгілмес шеберлігі қазақ сөзін саралап білер қауым үшін күмән тудырмаса керек. Сырбаз мінез, маңғаз кейіпті суреткер талантының өркешті қасиеті – жан сергітіп, сананы түрпектер, күлдіре отырып, зердесізге түйсік, пікірлерге ақыл қосар сырлы – күйлі юморы. Ол талантының ай мүйізі іспетті көзге бірден шалынып, ой – қиялыңызбен қоян – қолтық араласып кететін, сарқылмайтын, солмайтын, аспайтын, таспайтын, әйтсе де қуатты қайнардан күш алғандай үзілмей, жалғасып жататын ордалы өнегесімен қымбат. Мазмұн жағынан алып қарағанда, Ғ.Мүсірепов – жеңіл күлкі қуаламаған, әзіл – оспаққа, қағытпа сөзге ауқымды мағына сыйдырған, сезім, парасты биік қаламгер. Ғ.Мүсірепов көбіне – көп баяндаудың, мүсіндеу, пейзаж,диалог формаларын юморлық жағдайды жеткізу үшін шебер пайдаланады. Қайсыбір меңзеу тәсілдерін де осы мақсатқа жұмсайды. Әсірелеу, үдете, үстемелей суреттеу күлкілі құбылыстың эмоционалдық реңін ашады. Жоғарыда атағанымыздай, ажарлау, құбылту және түрлі стилистикалық оралымдар жазушының шындықты айшықтай көрсету талантына күш қосады. Ғ.Мүсірепов мұрасы – юмордың өмір сүйгіштік пафосын жарқырата ашатын мұра. Сатира жанры көбіне әзіл – сықақ әңгіме түрінде жазылады. Бұнда жеңіл юмор да табылады. Жазушылар арамтамақтар мен парақорларды, тоғышарлар мен екіжүзді жанкештілерді, жалқаулар мен жатыпішерлерді аяусыз түйреп, күлкі – әжуа етеді. Осы салада көп жазған О.Әубәкіріов, Е.Домбаев, К.Шамкин, Ә.Табылдиев, Ж.Алтайбаев, Б.Қыдырбекұлы, Б.Бадыров, Қ.Демеубергенов, Т.Әлімбеков, Ә.Исаков, Т.Құлиясовтардың әңгімелері оқырман көңілін аударады. Сонымен бірге Т.Ахтановтың «Алыстан жеткен сарыны», Т.Әлімқұловтың «Қарақұлағы» сияқты аңыз әңгімелер де кездеседі. Әдебиет әлеміне қадамын «Қоңырау» /1961/, «Бытбылдық» 1962, «Жасыратын не бар?» 1963, «Қалтадағы қайық» 1964, «Күлеміз – ау» 1966 атты сын–сықақ кітаптарымен бастар дамытқан О.Әубәкіров сатиралық поэзияда өз үні бар, жаңашыл ақын еді. Уытты да өткір әзілі басым, сахнадан орындауға да оңтайлы, поэтикалық бітімі де шеберліктен туындаған сықақшы шығармалары әдебиет тынысына жаңа леп қосты. Көпшілік О.Әубәкіров шығармаларын іздеп, жаттап оқыды. Бұл – кезіндегі А.Тоқмағамбетов шығармашылығынан кейінгі қазақтың сатиралық өлеңінің жаңа бір белесі болатын. Оспанхан шығармалары өз қолтаңбасымен заман тынысына сай тақырыбымен әрі интеллектуалдық қарымымен дараланды. Бұл кеңестік республикалар әдебиетінде байқалған поэзияның эстрадаға шығуы секілді қазақ әдебиетіндегі бір көрінісін О.Әубәкіровтің ақындық тәжірибесі аңғартты. Оспанханның сатиралық шығармаларының тағы бір басым ерекшелігі дауыстап оқуға , сахнада орындауға, ауызекі айта жүруге бейімділігі. Уақыттың эстрадалық поэзиядан туындаған, қазақ жырауларының дәстүрінде кездесетін осы сипаты ұлттық сатиралық өлеңнің көркемдік қуатын еселей түскендей еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет