Лекция тақырыбы: Қазақтың тарихи прозасы


Сұрақтар: Сатира қандай жанр және қоғамдағы рөлі? Қазақ сатирасының қандай өкілдерін білесіз? Негізгі әдебиет



бет7/20
Дата24.12.2021
өлшемі72,09 Kb.
#104805
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс)
қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), Абай Құнанбаев өмірі, срсп 3, -9786010403109-9786010403031-9786010402539 convert compress
Сұрақтар: Сатира қандай жанр және қоғамдағы рөлі?

Қазақ сатирасының қандай өкілдерін білесіз?



Негізгі әдебиет: Т.Қожакеев. Сатира және юмор // Кітапта:Р.Нұрғалиев. Әдебиет теориясы. Астана.

Фолиант, 2003.

Б.Майтанов. Ғ.Мүсірепов күлкісі. // Кітапта:Сөз сыны. А. Ғылым, 2002.

Қосымша әдебиет: Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9т. 10т. А. ҚазАқпарат, 2005.

Әдебиеттану терминдер сөздігі. А. Ана тілі,1998.



Лекция тақырыбы: Қазіргі қазақ романдары.

Лекция мақсаты: Қазіргі қазақ әдебиеті кезеңі тұсында жазылған, жазылып жатырған романдардың көтерген проблемалары, көркем әдебиетке саясат ықпалы және қазақ жазушыларының ұлттық патриотизмі.

Қазақ романы дамуының 1960- 80 жылдардағы үлкен бір ерекшелігі – ағымдағы заман тақырыбына шұғыл ойысқандығы. Сан жағынан да, сапа жағынан да өсіп нығайған жетекші жанрдың негізгі күштері ат басын тарихи кешегіден енді өздері өмір сүріп отырған кезеңнің зәрулі прблемаларына қарай бұрды. 1956 жылғы КОКП ХХ съезінің сталиннің жеке басына табынуды әшкерелегеннен бергі жерде қоғамның әлеуметтік – саяси, бағыт – бағдары күрт өзгеріске ұшырады. Тоталитаризмге қарсы жігер – қайраты мол тың интеллектуалдық күштер оянды. Бұл өзгерістер ел өміріне рухани серпіліс әкелді. Ұлттық сана – сезім өсті. Социалистік реализм қағидаларынан бас тарту, бүгінгі эпос туғызу мақсаттары бастап аталғанымен, идеологиялық кедергілер пайда болды. КОКП Орталық Комитетінің /1987/ «Қазақ Республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысында: «ұлттық өзімшілдік пен тоқмейілсушілік сезімі белең алды. Ғылыми еңбектерде, көркем әдебиет пен өнер туындыларында қазақ халқының өткені дәріптелді» деп берілді. Бұл ел наразылығын тудырды. Дегенмен, бұл тұста Кеңес Одағында тоталитаризм мен шовинизмнің зорлық – зомбылығына қарсы наразылық күшейіп, ұлттық сана – сезім бұрын – соңды болып көрмеген дәрежеде өрістеді және бұған ұлттық әдебиет шығармалары айырықша ықпал етті. Бұл тұстағы әдебиетке өз уақытының ділгір проблемаларына араласуына алдыңғы кезеңгі әдебиет әсері болды. 1956 жылғы «жылымықтан» кейін әдебиет тақырыбы, проблематикасы, мазмұны, пішіні жағынан жаңарып түрлене бастады. Ендігі әдебиет өзіне дейінгі кезеңнің жалғасы да қарсы беткейі де болды. 60- 80 жылдардың әдебиеті өзіне дейінгі кезеңнің қарсы беткейі дейтін ұғымға келетін болсақ, бұл жылдардың біраз жазушылары тоталитаризм құбылыстарына оппозицияны күшейтті. Билік басындағы режімге қарсылықтарын әртүрлі мәнер – пішінде білдірді. Цензураның, партиялық бақылаудың қатаңдығына қарамастан, ұлттық сана – сезімнің өскенін паш ететін шығармалар үркердей шоғырланды. Бай мен кедейдің, қанаушы мен қаналушының таптық күресін, қырқысып, қанға боянуларын суреттейтін туындылар күрт азайды. Оның есесіне кеңестік құрылыстың өз кінараттарын әшкерелейтін, пісуі жеткен, бірақ дер кезінде шешілмей асқынған проблемаларын ашына жазатын шығармалар қатары көбейді.

Қазіргі қазақ әдебиеті. Таланттардың дер кезінде дәріптелмеуі қазіргі уақытта енжарлық кінәлі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдар әдебиет мәселелріне көңіл бөлінбеді. Өмірлік, экономикалық жағдаяттар мен енді ғана диалог орнағандай. Бүгінгі қазақ әдебиеті де әртүрлі тақырыпта, әртүрлі жанрда, әртүрлі көлемде көптеген көркем дүниелер әкелді. Жаңадан роман – эссе жанрына кең құлашта қалам тартылды. Өмірдеректік прозалар жазылды. Бүгінгі заман бейнесін, проблемасын арқау еткен, зиялы қауымға серпіліс, қызу талдау әкелген жаңа буын өкілі Д.Амантай шығармашылығы жаңа ізденістерімен дүниеге келді.

Роман жанры бүгінде қазақ әдебиетінің жетекші саласына айналып отыр. Қазіргі реалистік романдар халық ауыз әдебиетінен, фольклордан нәр алғаны белгілі. Ол халық өмірінің айнасы іспетті.романда суреттелетін жаларды жалпы адамзатқа ортақ гуманистік мәселелердің қамтылуы заңды құбылыс.бұл орайда суреткердің творчестволық қуаты ерекше роль атқарады. Үлкен суреткер ғана роман жанрының жүгін көтереді. Роман жанрының бірнеше түрлері бар. Мәселен тарихи роман, деректі роман, мемуарлық роман, публицистикалық роман, детективті роман т.б. Әдебиеттің бүгінде кемелденіп, дамуына байланысты романның басқа да жаңа түрлері пайд болуда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет