Лекция тақырыбы: Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі



бет9/14
Дата23.06.2023
өлшемі57,47 Kb.
#179129
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
лек
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
Әдебиеттер: 1,3,4,6,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.

10 лекция тақырыбы: Көркем шығарманың тілі.


Лекция тезисі: Әдеби тілді тура мағанасында емес бұрма мағынасында қолданудың көптеген ерекшеліктері бар Әдебиет теоретигі, ғалым З. Қабдолов «Сөз өнері» атты монографиялық еңбегінде құбылтудың түрлеріне анықтама береді. «Құбылту - сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Бұл ретте әдеби тілді ажарлау оны құбылтудың алғашқы кезеңі – ең қарапайым түрі деуге болады. Құбылтудың (троптың) түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтудың бірі – ауыстыру, яки метафора (грекше metaphora – көшіру) - сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту». Кейіптеу–жансызға жан бітіру. Қазіргі әдеби туындыларымызды құбылта, құлпырта қолданылып келе жатқан әдемі тәсіл. Ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл. Ал мысал өлеңдердегі құбылту, көбіне, пернелеу, яки аллегория (грекше allegoria – пернелеп айту) түрінде келеді. Метафора – көркем әдебиетте үнемі қолданылып отырады. Ол – сөздің бейнелілік, суреттілік қасиетін арттыратын тіл құралдарының бірі. Соңғы жылдары әдебиеттануда метафора термині жаңа, кең мағынада қолданылып жүр.
Құбылтудың бір түрі – астарлау, яки символ (грекше symbolon – шартты белгі) – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу де қате; ең бастысы – символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем, ажар байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат бітіреді. Қажым Жұмалиев «Әдебиет теориясы» атты кітабында эпитет пен теңеудің өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетеді. «эпитет те, теңеу де ең алдымен өмір құбылысын сурет арқылы көрсететін көркем сөздер саналады және әдеби шығармада мейлінше жиі кездеседі.
Эпитет – адамның немесе заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету; олардың бейнесін оқушының көз алдына елестету, ой – қиялына әсер ету үшін қолданатын көркем сөздердің бір түрін эпитет дейді.
Ескертетін бір нәрсе – эпитетті болсын, суреттеу құралдарының басқа түрлері болсын, сол шығарманың жалпы идеясымен байланыстырып, кім жазды, қай кезде, нені көрсетпек,- осыларды біле отырып тексеру керек. “Қазақ теңеулері” атты еңбек жазып, теңеулерді арнайы зерттеген ғалым Т. Қоңыров: “Теңеу категориясы бүкіл бейнелеу, көркемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең пәрмендісі. Бейнелеу тәсілдерінің барлығы да өз бастауын осы теңеуден алады. Сондықтан болса керек, белгілі бір ұлттық әдебиеттің бейнелеу, көркемдеу жүйесі, оның көркем ойлауының ұлттық ерекшелігі бүкіл бедерімен, күллі бояуымен теңеу категориясынан айқын көрініп тұрады”,- дейді. Әдеби тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек жағдайда айшықтай білген жөн. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де әжептәуір қажет тәсіл – айшықтау, яки фигура (латынша figura – келбет, бейне) - сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат біреу - ақ—сөздерге ерекшелеп екпін, тыныс беру, олардың оқырманға әсерін күшейту деп түйіндейді”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет