Лекция тақырыбы: Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі



бет6/14
Дата23.06.2023
өлшемі57,47 Kb.
#179129
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
лек
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
Әдебиеттер: 2,3,4,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.
7 лекция тақырыбы: Тақырып пен идея.
Лекция тезисі: Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырптан бастаған жөн. Өйткені тақырып - өнер туындысының ірге тасы. Жалпы шығармаға атау болып тұрған сөзді немесе сөз тіркесін тақырып деп білу қарапайым түсінік. Себебі «тақырып» ұғымының мәні одан гөрі әлдеқайда кең. Мәселен, қазіргі кезеңнің өзінде «тақырып» деген термин екі түрлі мағынада қолданылады: 1) Шығармада бейнеленген өмірлік материал ұғымында қолданылады. 2) Шығармада көтерілген негізгі қоғамдық проблема ұғымында. Міне осының ішінде екінші анықтама «тақырып» ұғымының мәнін неғұрлым дәл береді. Оның сыры, біріншіден, бұл анықтама бойынша тақырыпты өмірлік материал деп қабылдай отырып, өмірлік материалды танып-білу шығармадағы бейнеленген құбылыстарды талдауға негізделеді. Екіншіден, тақырыпты шығарманың басты проблемасы деп түсінуге тақырап пен идеяның органикалық бірлігі себепкер болады. Көркем шығарманы тұтас дүние ретінде мұқият қарастырғанда ғана тақырыпты дұрыс анықтауға қол жекткізуге болады.
Суреттелген өмірлік шындықты жан-жақты танып алмайынша, шығармада көтерілген мәселелердің мәніне тереңдеп үңіле алмаймыз. Мәселелердің мәнін айқындау арқылы ғана шығарма тақырыбын нақты ажыратуға болады. Қандай шығармада болса да, қаламгер бейнелеген оқиғалар, жағдайлар, мінездер, іс-әрекеттер т.б. барлығы шығарманың бүкіл мазмұнын қамтитын ең негізгі проблеманы шешуге бағытталады. Қаламгер мақсаты өз шығармасында әлде бір проблемаларды көтерумен шектелмейді. Сонымен бірге сол проблемаларды шешу жолдарын да қарастырып, қоғамдық иделдардан өрбитін ой-пікілерін де аңғартады. Сондықтан да шығарма тақырыбы оың негізгі идеясымен тығыз байланысты.
Көркем шығарманың тақырыбы авторлық суреттеудің өзегіне алынып, шығармада көрініс тапқан ақиқат болмыстағы заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы болып табылады. Немесе жазушының шындық шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейді. Өнер өмірден тұратын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары - өз шығармасының тақырыбы. Тақырып табу – бір күннің не берер әрекеттің шаруасы емес, жазушының күллі қаламгерлік қимылының өн бойында жататын, творчестволық процестің барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Егер творчестволық процестің 3 түрлі 1. Материал жинау, 2. Жинақталған материалды қорыту, 3. Қорытылған материалды жазу кезеңі бар десек, тақырып осынау 3 кезеңнің өн бойында тұтас желі тартып жатады. Әдеби проблемалардың авторлық шешімдерді өзара ұштаса келіп, туындыдағы көркем идеяларды құрайды. Егер тақырып – жазушының суреттен отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, көзқарасы берген бағасы болады.
Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады. Кез келген көркем шығарманың негізінде бірін-бірі туғызып, бірін-бірі дамытып жатқан тақырып пен идея болады. Жазушы өмір шындығын көркем образдарға жинақтап, өз шығармасының тек идеялық-тақырыптық негізінде ғана суреттеп көрсете алады. Кейде, шартты түрде, шығарманың тақырыбы – сауал да, идеясы – жауап деуге болар еді. Сонымен қатар 1 тақырыптан бір емес, бірнеше идея тууы мүмкін. Кейде шығарма идяесы тақырып, сюжет, образдар арқылы нақты көрінуі де мүмкін. Көркем шығармада түрлі деңгейде көрініс табатын философиялық, әлеуметтік, діни, моральдық, гуманистік, педагогтік т.с.с. идяелардың қандайы болса да, образдар арқылы, шығармадағы нақты қаһармандар қарым-қатынасы арқылы өнерге тән идеяға айнала алады.
Өнерде, әсіресе, әлеуметтік идеялар маңызды роль атқарады. Автор өз туындысында әлеуметтік идеяларды бейнелеуді мақсат тұтса да, қарымды қаламгерлердің көркемдік дүниесінде бұл идеялардың болуы заңды құбылыс. Көркем шығарманың идеялығы дегенде, негізінен, әлеуметтік идеяның басты назарда болатыны да сондықтан. Әдебиеттің әлеуметтік идеялығы оның халықтық сипатынан танылады. Бір әдеби шығармада бір ғана тақырып және бір идея болуы шарт емес. Проза мен поэзияның шағын түрлерінде, солай болуы мүмкін. Ал көлемді, кесек шығармаларда, әсіресе орта, немесе кең көлемді эпикалық түр туындыларында бір емес, бірнеше тақырып, бірнеше идея болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет