Лекция тақырыбы: Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі



бет14/14
Дата23.06.2023
өлшемі57,47 Kb.
#179129
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
лек
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
Әдебиеттер: 1,3,4,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.

15 Лекция тақырыбы: Дәстүр мен жаңашылдық.


Лекция тезисі:Дәстүр мен жаңашылдық бір-бірінен ажырамас бірлікте, яғни тарихи философиялық ұғымдар. Дәстүр жалғастығын аралық буынмен өлшесе, жаңашылдық – талант пен шеберліктің жемісі деп есептелді. Дәстүр бастуын әдебиетімізден, фольклордан бастайды. Осы тұста ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті әрқашан ортақ бір міндетте боды. Дара жанрлар жанрлық құрылымдармен, баяндау жүйелеріндегі өзгерістермен көрініп отырды. Олар арасындағы сюжет ыңғайында ұқсас желілер байқалды. Миф, аңыз, ертегі жанрларындағы дәстүрдің жазба әдебиеттегі шағын эпикалық жанрлардан жалғасын тауып отырды. Роман, повесть, поэма, балладалардың фольклорлық сарындарды пайдалануы, фольклорлық ойлау жүйесін жаңғырту мезеттерімен алмастырулар ойластырылды. Ауыз әдебиеті мен ақындар поэзиясы, кәсіби әдебиеттің айырмашылығын анықтауда автор мәселесімен байланыстырылды. Фольклорды тудыратын орта мен қазіргі жағдай бүгінгі романдағы полифонизм элементінің фольклор жанрында баяндау ағзасымен үнемі бірлікте болды. Қазақ өлеңнің бейнелеу жүйесімен құрылымында көне әдебиет дәстүрлерінің алатын орны ерекше. Осы кездің өзінен бастап жазу стилі қалыптасып, дамытылды және жетілдірілді.
Ұлттық әдеби дәстүрді орнықтыруға әлем әдебиетінің тигізген ықпалы орасан зор. Жаңашыл сипатымен көрінген романдарының ең құндысы Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды жазушыларымыздың еңбектерін айта кетпеу мүмкін емес. Шағын эпикалық жанр мүмкіндіктерін ашудағы көркемдік ізденісімен көзге түскендер қатарына Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, Т.Ахановтар есімдерін айта аламыз. Мифологизм элементтері мен әлемдік үрдіс аясында жаңалықты шешімдерді әдебиетімізге М.Мағауин, Ә.Кекилбаев, О.Бөкеев прозалары әкелді. өлең әлемінде Абай – Мағжан – Сәкен – Қасым – Қадыр – Жұмекен – Мұқағали – Мұхтар – Фариза – Гүлнәр - іспетті болып келетін мазмұн мен пішін үйлесімі жолында өрістеп, жалғасын тапты. Алғашқы өнер туындыларындағы шынайылықтың өзгеше бітімі, ол - гуманистік реализм. Гуманистік реализм тусында көне дәуір өнеріндегі мифологияның басым қызметі көрініс береді деуге болады. Антикалық реализм, яғни орта ғасырда пайда болды. Осы кезде адамды қоғаммен салт-санадан шектеп, олардың салынуының көрінісі байқалған кез. орта ғасырлық символизм – ояну дәуіріндегі әлеуметтік және рухани өмірдегі батыл серпілістердің ізгілік мұраттарын қалыптастырған өте мәнді кезі. Мұнда дара тұлғаның мінез бен әрекеті, оның тарихи көзқарасы өзгеше еді. Ағартушылық реализмнің іргетасы XVIII ғасырда қолда бастаған. Осы кезде білімді, парасатты дәріптеу басталып, тәрбиелік рухтағы романдар жарыққа шыға бастады. Осы тұста өмірдегі абсолютизммен күрес идеясынан туған сентиментализм өнерде классицизмді ауыстырар тың ағым болып, қалыптасқан. Романтизм - әрі әдеби бағыт, әрі көркемдік әдіс. Бұнда өнердің субьективтік табиғатына көбірек көңіл бөлінді. Ол өз эстетикалық идеалына айрықша назар аударды, қоғамның шыншыл картинасынан көрі жеке адамның ішкі жан дүниесіне көп орын берді. Феодалдың дүниетанымға қарсылық байқалып, олар айрықша жағдайлар, мінез, сезімшілдік әрекетінен көрінді. Сыншыл реализм – шындықты шынайлау әдісі. Адамның өзін-өзіне таныту, сайып келгенде одан да әрі тереңдеп барып, алдымен халықтың өзін-өзіне, содан соң сол халықтың өзгеге, яғни әлемге –адамзатқа таныту. Адам мен қоғам, қоғам мен заман арақатынастарын барлық бірлігімен және қарам-қарсылығымен жан-жақты суреттеу арқылы көркем образдар, типтер, сайтұлғалар жасау тәсілі. әлеуметтік ұстанымдардың беріктігінде «кіщкене адам» мәселесі қарастырылды. Суреттеу дәл әрі тарихи көркем шындық эстетикалық жағынан қуатты болуы шарт. Социалистік реализм – тұтас әдеби дәірге мейлінше жан-жақты, шынайы кзөқарас қалыптасқан. Осы кезде арзан ұраншылдық пен талантты дүниелер арасында елеулі айырмашылықтар бар. Социалистік реализмге дейінгі ең прогресшіл әдіс-сыншыл реализм. Социалистік реализм – сыншыл реализмнің мұрагері. Алайда осы екеуін салыстырып қарасақ, араларынан шынайылық бірлігімен қатар, үлкен алшақтық байқауға болады. Ең негізгі алшақтық – мақсат алшақтығы: сыншыл реализм өз кезіндегі ащы шындықтарды ашып көрсете тұра, социалистік қоғамды мейлінше нығайту мақсатын көздейді. Екінші алшақтық – мұрат алшақтығы: сыншыл реализм қаншама прогресшіл болғанмен, оның эстетикалық идеалы айқын болған жоқ. Социалистік реализмнің дейінгі мүлде басқа, мұнда ап-анық идеал бар. Айрықша сипаттарының бірі-бір творчествалық әдістің ішіндегі екі түрлі әдістің – реализммен романтизмнің бірігуі, біте қайнауы дейміз.
Әдебиеттер: 1,3,5,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет