Лекция тақырыбы: Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі



бет1/14
Дата23.06.2023
өлшемі57,47 Kb.
#179129
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
лек
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа

Лекция тақырыбы: Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі.
Лекция тезисі: Адамзат мәдениетінен көркем өнердің алар орны ерекше. Ежелгі гректер мен римдіктер жасаған мүсіндер, Шекспир туғызған трагедия, Моцарт пен Глинка шығарған музыка, Абай жазған лирика, Рафаэль мен Репин салған суреттер мезгіл мешелерінен аттап өтіп, уақыт сынына мүдірместен адамзатқа қызмет етіп келеді.Ал, осы адамдардың парасат дүниесіне қызмет ететін өнердің бірнеше түрі бар.
Біздің халықта «өнер алды – қызыл тіл» деген мақал бар. Жалпы қазақ халқы сөз өнеріне ерекше мән берген. Шешен, билер күрделі әлеуметтік мәселенің шешімін қиыннан қиысқан бір-ақ ауыз сөзбен айтып отырған. Орынды айтылған сөзге, тоқтау- қазақ халқының ұлттық ерекшілігі. Не бір қиын мәселелрді шешуге ел билеген әкімдерден гөрі сөздің майын тамызған шешендер, көркем сөзбен кесте тоқыған ақын-жыраулар көбірек араласқан. Сөйтіп сөз өнерін қадірлейтін ақын-жыраулар халықтың ұлттық талғамымен бірге эстетикалық көзқарастарын да дамытқан. Сөздің өзі-ойлаудың көрінісі. Ойлау-ұдайы өзгеру үстінде болады. Осыған байланысты сөз өнерінің қалыптасып, дамуы барысында әдебиет те өзге өнер түрлерінен дарлана бастады. Әдебиетті «өміртану құралы», «адам жанының айнасы» деп жиі айтамыз. Әдебиеттің мұндай сипаттамаларды иеленуінің бір сыры оның өмірдегі көкейкесті мәселелерді көтеріп, адам жанының құпия қойнауларына тереңдей үңіліп, талдап тануға бейімділігінде жатыр. Көркем өнердің өзге түрлеріне қарағанда , әдебиеттегі көркемдік әлемі жан-жақты ойластырып, жинақтаудың ең жоғарға дәрежесіне жеткен.
Әдебиеттің бойында ой айту, идея ұсыну сияқты сипаттардың басқа өнердің барлығынан басым болуының сыры да осында. Әдебиеттегі көркем бейнелерді көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкін емес. Өнердің басқа түрлерінен әдебиеттің өзіндік ерекшелігі бар. Бейнелеу, мүсін, ән, би т.б. өнер түрлері қандай да бір зат (бояу, тас) арқылы немесе құралы-сөз. Әдебиетті түсіну үшін сезіммен қатар сана да қызмет етуі қажет. Әдеби шығармалардың басым бөлігінде адамның өзі, өмірі, мақсат-мұраты, ой-сезімі, күрес-тартысы негізгі орын алады.Көркем шығармада қаламгер адамдардың тағдыры мен мінезін аша түсу мақсатында табиғат көріністерін жиі пайдаланады. Табиғат лирикасында, табиғатты суреттеген прозада бейнелеудің басты нысаны табиғат болатыны анық. Соның өзінде табиғат суреті адам өмірімен тығыз байланыста көрінеді. Әдебиеттің қоғамдық мәнін айтқанда ең алдымен оның таным тарапындағы маңызын атау шарт. Қандай бір көркем шығарма болсын, ол оқырманға бұрын беймәлім өмірді, шындықты, бейтаныс заманды, адамды танытады. Бальзакты оқымай француз тұрмысын, Толстойды оқымай орыс өмірін, Тагорды оқымай үнді тіршілігін, Әуезовты оқымай қазақ тұрмысын білем деуі ағат. Әдебиет адамдарға өмірді танытып қана қоймайды, олардың сол өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез құлқына, күллі тұрмыс-тіршілігіне әсер етеді.Сонымен бірге қоғамдық қарым-қатынастарға, адамның қоғамдағы өміріне зейін қоя отырып, әдебиет қоғам мүшесі ретіндегі адамға тән ойлар мен сезімдерді тәрбиелеуге, қоғам алдындағы парызын түсінуге ықпал етеді. Тәрбиелеушілік сипат әдебиеттегі еліктеуге лайықты жағымды бейнелерге ғана тән нәрсе емес, келеңсіз құбылыстарды бейнелеу арқылы да қаламгер оларды адамгершілік тұрғыдан әшкерелеуге, бұл орайда айқын позиция ұстануға үндейді.Оқырманды жазушының шығармашылық әріптесу ету арқылы әдебиет оның бойындағы көркемдікті тану қабілетін дамытады. Әдебиетті оқу ойлау жүйесінің дамуына түрткі болады, тілді байытып, жетілдіре түседі. Әдебиет адамзаттың сан ғасырлық мәдениетін жинақтайды, білімнің аса маңызды қайнар көзі, өзін-өзі тәрбиелеу құралы болып табылады. Сонымен көркемдік шындық-қаламгердің шығармашылық көрігінде қорытылып, сұрыпталып барып, әдеби туынды да көркем суретке айналған өмір шындығының бейнелі көрінісі. Көркемдік шындық жазушының өмірлік шындыққа деген өзіндік көзқарасынан, қарым-қатынасынан өрбиді. Шынайы өмірде әрбір адам қандай маңызға ие болса, көркемдік әлемінде көркем бейне де сондай роль атқарады. Көркемдік шындық көркем образ арқылы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет