Лекция тақырыбы: Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі



бет10/14
Дата23.06.2023
өлшемі57,47 Kb.
#179129
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
лек
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
Әдебиеттер: 1,3,4,6,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.

11 лекция тақырыбы: Өлең туралы ғылыми пайымдаулар.


Лекция тезисі: Өлең – бұл сөз термин ретінде бірнеше мағынада айтылады. Қай халықтың әдебиетінде де поэзиялық туындылардың алар орны айрықша. Поэзия дегенде ойымыз өлеңге ойысатыны да түсінікті. Белгілі әдебиет теоритегі, академик З.Қабдолов: «… өлең – еркін сөйленетін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейңн белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі» деп тұжрымы жасайды, және бір тұста «… поэзия дейтініміз - өлеңді шығармалар деген ой айтады.1998 жылы жарық көрген «Әдебиеттану. Терминдер сөздігінде» «өлең» терминнің бірнеше мағыналық қолданысы көрсетілген. «Біріншісі - ән өлең, ән салып, ән шырқап айтатын - өлең, яғни музыкалық өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды. … Екіншісі – көбінесе жеңіл, ықшамды ғана әуенмен, мақаммен термелеп айтылатын өлеңдер, жырлар, яғни ауызша поэзияның туындысы. Үшіншісі – оқылатын, сөйлеп айтылатын өлең, яғни жазба поэзияның туындысы, әр алуан лирикалық шығармалар. Сонымен қатар, өлең деген сөзді кең мағынада алып, көлемі қысқалау келетін поэзиялық шығармалардың бәріне ортақ жалпылама атау ретінде қолдану да жиі кездеседі». Осы еңбектің «Өлеңші» терминіне анықтама берілген тұсында: «Өлең деп қазақ поэзиясында әнмен айтылатын өлеңді де (песня), белгілі бір әуеннің сүйемелімен айталытан өлең-жырларды, тақпақтап айтылатын, оқылатын өлең сөзді де (стих) атай береді» деген пікір кездеседі.
Прозалық мәтінді оқу кезінде негізгі мағыналық желіні қуалай оқу дағдысы басым болып тұратындықтан, сөйлем құрамындағы сөздердің бәрі бәрдей қаз-қалпында жадымызда қала бермейді. Ал өлең оқығанда, әсіресе, ұйқаса құрылған өлең оқу кезінде, әрбір тармақ соңында алдыңғы тармақтың соңғы сөзіне міндетті түрде оралып отырамыз. Басқаша айтқанда, прохзадағы сөздер бірімен-бірі тізбектеле байланысса, өлең мәтіндегі сөздер «тізбектік» байланыспен қатар прозаға қарағанда, өлең сөздегі әр сөздің өзара байланыстылық жүйесін ұлғайтады да, соған сәйкес өлеңдегі әр сөздің мағыналық жүгі де салмақтана түседі.
Көркем мәтіннің белгілі бір өлшемге негізделген тармақтарға бөлінуінің өзі, яғни синтаксистік мағынаға тәуелсіз паузалардың тармақ басында көтеріліп, соңына қарай бәсендейтін дауыс ырғағын туғызуы,оған өлеңге тән интонация дарытады. Сонымен бірге әр тармақ өзара шамалас қалыпты сақтау үшін қандай да бір реттілікке бағынады. Бұл реттілік дыбыс бөлшектері арқылы жүзеге асады. Өлең құрылысының қай жүйеге тән екендігі тармақ өлшемінің бірлігі ретінде қандай дыбыстық бөлшектің алынуына байланысты анықталады. Тармақ сөзбен, бунақпен, буынмен өлшенеді. Барлық тілдегі өлең тармағының негізгі өлшем бірлігі - буын. Буынның фонетикалық негізгі сипаттарына әуез, сан, екпін сияқты белгілері алынады да, соған орай өлең жүйелері метрикалық (кватитативті), силлабикалық, тоникалық, силлабо-тоникалық болып сараланады. Енді осы өлең жүйелерінің ерекшеліктеріне назар салайық.
Қазақ өлеңі де силлабикалық өлең жүйесіне жатады. Осы тұста айта кеткен жөн, біздің көздеген мақсатымыз әдебиеттануға байланысты негізгі ұғымдар жайында жалпы түсінік беру ғана болғандықтан , қазақ өлеңінің ерекшелігі жайында арнайы сөз етпейміз. Қазақ өлеңі жайында кеңінен мағлұмат алуға құштар талапкерлерге осы мәселе кең ауқымда, арнайы қарастрылатын еңбектерді, яғни З.Ахметов, З.Қабдолов, М.Базарбаев, т.б. да белглі ғалым-әдебиетшілердің өлең теориясына арналған зерттеулерін оқуға кеңес береміз.
Тоникалық өлең жүйесіндегі тармақ өлшемі екпін түсетін буын санымен есептеледі, ал тармақ құрамындағы екпін түспейтін буындар саны есепке алынбайды. Яғни тоникалық жүйедегі өлшем - екпін саны (изотонизм) болып табылады. Тоникалық өлең тармақтарындағы жалпы буын саны әр түрлі болғанымен, екпінді буын саны бірдей болуы шарт. Силлабикалық өлеңге қарағанда, аталмыш жүйедегі өлеңді прозадан ажырату едәуір қиындық келтіреді. Сол себепті де тоникалық өлеңдегі тармақтарды ажыратуда аллитерация мен ұйқас үлгісіндегі дыбыстар үйлесімі жиі пайдаланылады. Ал ұйқассыз тоникалық өлеңде тармақтардағы екпінді буын саны (изотонизм) қатаң сақталады да, ұйқасқа негізделген тоникалық өлеңде изотонизм заңдылығынан ауытқушылық кездесе береді. Егер екпінді буындар арасындағы екпінсіз буындар саны ала-құла болып келсе, онда тоникалық және силлабо-тоникалық өлең жүйелерінің ортасындағы өтпелі өлең түрлері пайда болады да, екпін түскен буындар иктілер сияқты, ал екпінсіз буындар икт аралық интервалдар сияқты әсер етіп, өлеңде ырғаққа негізделген метр өлшемі көрініс береді. «Өлең» ұғымы ХІХ-ХХ ғасырларда нақты мазмұн иелене бастады. Яғни өлең сөз лириканың аса маңызды пішіні (форма) ретінде қабылданып үлгерді. Оның сыры өлең сөздің адамның ой-сезіміндегі сан алуан құбылыстарды бейнелеуге мейлінше бейімділігінде жатыр. Өлең сөз бен лиризм арасындағы байланыс тым әріден басталады. Белгілі бір ырғақ арқылы дыбыстық бөлшектерге бөлініп айтылатын өлең сөздің әсері тура сол үлгідегі сөйлемнің қара сөзбен айтылған сәттегі әсерінен мүлдем басқаша болатынын аңғару қиын емес.
Мысалы, «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын...» Әрине, өлең – ұзақ әңгімелеуге болатын мәселе. Әдебиеттануда өлең мәселесін әдеби туындының дыбыстық құрылымы тұрғысынан арнайы қарастыратын «Өлеңтану деген сала да бар. Яғни өлеңтану әдеби туындыны өлең сөз (стих) тұрғысынан зерттеп, сөздер құрамындағы дыбыстар құрылымына баса назар аударады. Соған сәйкес, өлеңтанудың өзі іштей үш арнаға таралады да, 1/ фоника дыбыстар үйлесімін, 2/ метрика өлең тармақтары құрылымын және 3/ строфика тармақтар үйлесімін қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет