Лекция топтамасы «5В011400 Тарих»


Лекция№9. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы



бет11/18
Дата08.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#98812
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК, ҚМЖ Бернулли формуласы, American journalism, About my dream Тolegenova.B docx (копия), Қaтaң дaуыccыз дыбыстap сессия, Тарих Экзамен жауаптары по билетам
Лекция№9. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы.

Жоспар:

  1. Ақсүйек және Асыл сүйектердің құрамы, атқарған қызметі.

  2. Қарасүйектердің шығу тарихы және қазақ хандығындағы жүзге кірмейтіндер.

  3. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы - мал шаруашылығы.

  4. Қола дәуіріндегі комплексті шаруашылық.


XVIII-XX ғасырлардың бас кезінде қазақтардың арасында жүзге және ру-тайпаларға бөліну одан әрі жалғаса берді. Қазақ халқы үш жүзден тұрды. Олар - Кіші жүз, Орта жүз және Ұлы жүз. Әр жүз бірнеше руға бөлінді, ал рулар өз кезегінде қыруар көп рулық аталықтарды біріктірді. Мұның өзі ру халқы санының өсе түсуіне байланысты болды. Қазақтардың көшпелі өмір салтының өзі де осыны қажет етті. Әр жүздің айқын белгіленген өз аумағы болды. Мәселен, Ұлы жүз қазақтары ежелгі дәстүр бойынша Қазақстанның Оңтүстік-шығыс және Оңтүстік аймақтарын мекендеді. Орта жүздің үлесін Орталық, Солтүстік және Солтүстік-шығыс Қазақстанның өңірлерін құрады. Ал Кіші жүз бүкіл Батыс Қазақстан аумағында көшіп-қонып жүрді.
Діни конфессия, мәдени-тұрмыстық қатынастар жағынан қазақтарда айта қаларлық аймақтық айырмашылықтар да, тілдік диалектілер де болған жоқ. XVIII ғасырдың аяқ кезінде қазақ халқының жалпы саны шамамен 2,5 миллион адамға жуық болған. 1897 жылы Ресей империясында Жалпыға бірдей алғашқы халық санағы жүргізілді. Оның деректеріне қарағанда, сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың саны 3,4 миллион адамға жуықтаған. Дала халқының түгелдей дерлік басым көпшілігі ауылдық жерлерде тұрды. Қалаларда тұратын қазақтардың саны небары 1,1 пайыздан асқан жоқ. Жаңа заманда қазақтардың едәуір бөлігі Қытайдың, Ресейдің, Монғолияның, Ауғанстанның және Орта Азия мемлекеттерінің аумақтарында тұрып жатты.
Қазақстанның аумағын Шыңғысхан бастаған монғолдар қолы жаулап алғаннан кейін хан тағына Шыңғысханның ұрпақтары болып табылатын төре тұқымынан таралғандар ғана отыра алатын еді. Сөйтіп Шыңғысхан ұрпақтары Қазақстанды 600 жыл бойы билеп-төстеп келді. Қазақ қоғамының ең жоғары билеушісі үлкен ханмен қатар әр жүздің өз ханы болды, кейде бір жүздің өзін екі немесе одан да көп билеуші басқарды. Атап айтқанда, патша үкіметі әр жүздің өзінде бірнеше билеуші болғанын қалады. Соның өзінде ең осал билеушіге әдейі қолдау көрсетумен келді. Ондағы көздеген қитұрқы мақсаты оларды ел басқара алмайды деп көшпелі жұрттың көз алдында масқара ету болатын.
Хан тағына отыратын адамды сұлтандар қатарынан сайлаудың өзіндік ерекше тәртібі болды. Ол үшін құрылтай жиналысы шақырылатын. Оған сұлтандар , билер, батырлар және рубасылары жиналатын. Хан сайланатын сұлтанды ақ киізге отырғызып, жоғары көтеру арқылы ұлықтайтын. Ұлықтау рәсімін халықтың ең таңдаулы деген беделді өкілдері жүзеге асыратын. Олар ақ киізге отырғызылған ханды бүкіл жиналған халықты аралатып, жоғары көтерген бойы алып өтетін. Содан соң ұлықтау рәсімі аяқталған бойда әлгі ақ киіз ту-талақай тілгіленіп, құрылтайға қатысқан жұртқа ұсақ кесінділер түрінде, қасиетті естелік тәбәрік ретінде үлестіріліп жіберілетін. Олар сонымен қатар ханның меншігіндеп бүкіл малды ханталапай етіп бөліп әкететін. Бүл әдеттің мәнісі хан бұдан былай халықтың есебінен күн көреді дегенді білдіретін. Хан халық алдында елді дұрыс басқаруға, шиеленісті айтыс-тартысқа толы алтыбақан алауыздыққа жол бермеуге, әділет пен адалдықтың салтанат құратынына ант беретін болған.
Хан билігі Кіші жүз бен Орта жүзде 1822—1824 жылдарға дейін жүргізіліп келді. Астрахан губерниясындағы Ішкі Ордада хан билігі 1845 жылы ғана жойылды. Ұлт-азаттық көтерілістері болған жылдарда қазақтар тарапынан хан билігін қайта орнатуды көксеген әрекеттер болып жатты. Қалыптасқан дәстүр бойынша, қазақ хандары Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауимешітінің кесенесіне жерленетін. XVIII ғасырдағы ең айбынды хандар: Тәукехан, Абылай хан және Әбілқайыр хан, ал XIX ғасырдағы ең күшті хан — Кенесары Қасымулы болды.
Шыңғысханның бүкіл ұрпақтары сұлтандар деп аталды. Олар қожалар сияқты «ақсүйектер» қатарына қосылды. Халық арасында оларды төрелер деп атады. Төрелер жеке әлеуметтік артықшылықты топты құрады. Олардың текті тұқымнан шыққанын қазақтармен көршілес жартылай көшпелі және отырықшы диқан халықтар да мойындады. Мәселен, XVIII ғасырдың бүкіл барысында Қазақстандағы осы топтан шыққан өкілдерді Башкұртстанда және Орта Азия мемлекеттеріндеп хан тағына отыруға арнайы шақырулар жиі-жиі болып тұрды.
Сұлтандардың айрықша артықшылық жағдайы қазақтардың дәстүрлі әдет заңында нақты кәрініс тапты. Сұлтандардың ісін билер соты қарай алмайтын. Олардың ісі тек хан сотында ғана қарала алатын. Сұлтандарға олардың денесіне зақым келтіретін жаза қолдануға тыйым салынатын. Сұлтанға тіл тигізіп, масқаралағандар айып төлеуге міндетті болған. Ал оны өлтіріп қойған адам әдеттік заңның талабы бойынша құн төлейтін. Ол құнның мөлшері қатардағы жеті қарапайым көшпелілердің құнына тең болатын. Олар өздерінің қыздарын әдетте тек сұлтандар мен қожаларға ғана ұзататын. «Қара сүйектен» қыз алып некеге тұрғандар қарамандар деп аталатын. Сұлтандар жеке-жеке ауыл болып, көшіп-қонып жүретін. Бұл әлеуметтік топтың белгілі өкілдері Сұлтанбет төре, Орыс Сұлтанбетұлы, Шоқан Уәлиханов, Ғұбайдулла Уәлиұлы, Қасым Абылайұлы, Саржан Қасымұлы және басқалары болды.
Кіші жүз бен Орта жүзде хан билігі жойылғаннан кейін сұлтандардың айрықша артықшылық құқықтары бірте-бірте жойыла бастады. Олардың сословиелік айрықша артықшылығына берілген алғашқы қатты соққы патша үкіметінің 1867-1868 жылдарда қабылдаған әкімшілік реформалары болды. Сол кезден бастап сұлтандар өздерінің құқықтары жағынан қатардағы қарапайым қазақтармен теңестірілді.
Қарастырылып отырған кезде дін өкілдері — қожалардың жағдайы нығая түсті. Қазақ қоғамында олар таңдаулы топ —ақсүйектер саналды. Олар қазақтардың дәстүрлі рулық-тайпалық құрылымына кірген жоқ, өздерінің арғы аталарын Мұхаммед пайғамбардың туыстарынан тараған деп есептеді. Қожалар көшпелі қо- ғамның рухани өмірінде өте үлкен рөл атқарды. Олар ислам дінін насихаттады, оның негізгі қағидаларын уағыздап түсіндірді. Қожалар ағартушылық қызмет те атқарды. Іс жүзінде барлық салттық жоралар — балаларды сүндетке отырғызу, неке қию, үйлену, қайтыс болған адамдарды жерлеу, аруақтарғаарнап ас беру міндетті түрде солардың қатысуымен өткізілді.
Қазақтар қожаларды әдетте Қазақстанның оңтүстігінен және Орта Азия қалаларынан шақыртатын. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты жағдайында қазақтардың әрбір руында қожалардың 2—3 отбасы болатын. Олар хандардың, сұлтандардың және ықпалды билердің ауылдарында өздерінің жеке шаруашылығымен айналысып, емін-еркін жүріп жатты. Өте сирек жағдайда өз алдына жеке ауыл болып отырды. Қожалар бірте-бірте қазақ халқының өмір салтын қабылдай берді. Олар қазақтардың генетикалық шығу тегін, тұрмыс-тіршілігін, материалдық және рухани мәдениетін өте жақсы білді. Қожалар қатардағы қарапайым қазақтарға қыз бермейтін, некесін қидырмайтын десе де болатын.
Патша үкіметі олардың Қазақстан аумағында емін-еркін көшіп-қонып жүруіне шек қою саясатын қолданды. Отаршыл әкімшілік оларды мұсылман елдерінің, соның ішінде, әсіресе Түркияның саясатын жүргізушілер деп ойлады. Ресей ислам дінін таратуда XVIII ғасырдың аяқ кезінен бастап қожаларға қарсы қысым жасап, Еділ татарларына едәуір қолдау көрсетуге көшті. Қожалар алым-салық төлеудің барлық түрінен босатылған болатын. Дәстүрлі билер соты оларға тән жазасын қолдануға рүқсат етпейтін. Қожалар қазақ халқының рухани мәдениетін дамытуда елеулі рөл атқарды. Мәселен, Күдері қожа айтыстарға түсіп, халық арасында кеңінен танылды. Белгілі ағартушы-ғалымдардың бірі — қожадан шыққан Мұхамед Салық Бабажанұлы.
Дәстүрлі қазақ қоғамының құрамында халықтың әр түрлі этностық және субэтностық топтары да болды. Солардың бір тобы Құрамалар деп аталды. Өйткені бұл топ алуан түрлі рулардың, тайпалардың және халықтардың өкілдерінен құралды. Ол топтың құрамында қарақалпақтардың да, қырғыздардың да және ноғайлардың да бірнеше шағын топтары болды. Мәселен, XIX ғасырдың өзінде қырғыздардың аз ғана бөлігі Ақмола губерниясының Көкшетау уезіндеп қазақтардың ортасына біржола сіңісіп кетті. Олар жергілікті қазақ халқының тілін, мәдениетін және әдет-ғұрпын толық қабылдады. Құрамалардың едәуір топтары Ташкент қаласының төңірегінде де болды. Ондағы Құрамалардың жалпы саны 50 мың адамнан асатын еді. Құрамалар, негізінен алғанда, кең-байтақ қазақ даласының шет аймақтарын мекендеді.
XVIII ғасырда Ресей империясы қазақ өлкесін отарлау саясатын жүзеге асыру үшін ондағы жергілікті ақсүйектерге арқа сүйеуге мұқтаж болды. Сондықтан да патша өкіметі жергілікті ақсүйектерді әдеттегі құнды сыйлықтармен марапаттаудан басқа, ежелден бар тархандық атақты да пайдаланды. Тархандардың қоғам өмірінде ерекше артықшылығы болды. Бұл атақ патша өкіметіне айрықша сіңірген адал қызметі үшін берілетін. Қазақтар арасында тархан атағын 1743 жылы Ресей императоры II Елизаветаның арнайы жарлығымен Орта жүздің батыры Жәнібек, содан соң Кіші жүздің батыры Есет алды. Олар ерекше дипломатиялық қызметімен көзге түсті, бұрын тұтқынға түскен орыс азаматтарын және империяның қол астындағы халықтардың құл болып жүрген адамдарын Ресейге қайтарып беруге көмектесті. Тархандар қазақтардың башқүрттармен және қалмақтармен екі арадағы шиеленіскен өшпенділігін басуға белсене қатысты. Сол еңбегі үшін олар өздерінің отбасы мү- шелерімен қоса мемлекетке алым-салық төлеуден босатылды. XIX ғасырдың орта кезіне қарай тархандардың қатары азая бастады. Бұл кезде Қазақстанда тархан атағы бар 20 адам ғана қалды.
Қазақ қоғамында әлеуметтік билікке ие топ билер болды. Олар қазақтардың барынша беделді бөлігі еді. Билер өздерінің тапқырлығымен, қызыл тілге ағып тұрған шешендігімен, дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтарын жете білетіндігімен ерекше көзге түсетін. Бұл топтың өкілдері ру ақсақалдары мен қазыларының міндетін атқарды, руаралық және тайпааралық даулы мәселелерді шешіп отырды. XVIII ғасырда қазақ даласында орасан зор беделге ие болған билер: Ұлы жүзден шыққан үйсін Төле би, Орта жүзден шыққан Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден шыққан айыр тілді алшын Әйтеке би еді. Бұлардың сұлтандар мен хандарға ықпалы күшті болды. Соңғы кезде патшалық Ресей билерді өзі тағайындауға көшті. Мұның өзі билердің дала тұғындары арасындағы беделін бірте-бірте төмендете берді.
Қазақ даласына сыртқы жаулар жиі-жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары, сондай-ақ қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе-жекте жауын жеңіп шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді. Кейінірек батыр деп руаралык күрес кезінде көзге түскендерді де барымтаға қатысқандарды да, патшалық Ресейдің әкімшілік өктем билігіне және Орта Азия хандықтарының зорлық-зомбылығына қарсы көтеріліске қол бастап шыққандарды да атай беретін дәстүр қалыптасты. Бұл атаққа әркім өзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. Батыр атағы мұрагерлікпен берілмейтін. Ондай атаққа қарапайым адамдар да, билер де, сұлтандар да, тіпті хандар да ие бола алатын. Мәселен, XVIII—XIX ғасырларда қазақхандары Тәуке, Қайып, Әбілқайыр,Абылай және Кенесары батыр атанды. XVIII ғасырда қазақ қоғамында халық арасында шексіз сүйіспеншілікке бөленген батырлардың тұтас бір тамаша тобы пайда болды. Мұның өзі, ең алдымен, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне тікелей байланысты еді. Ол батырлар Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Наурызбай және басқалар. XIX ғасырда Ресей империясыныңотаршылдық экспансиясына, сондай-ақ Орта Азия хандықтарының зорлық-зомбылықтарына қарсы қазақтардың ұлт-азаттыққозғалысы кезінде ерекше көзге түскен Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, Иман, Жанқожа, Есет сияқты тағы басқа да батырлардың есімдері мәңгі бақи халықтың есінде қалды.
Қатардағы қарапайым көшпелілердің негізгі бөлігін еркін қауымдастықтың «Қара сүйектер» деп аталатын қалың бұқарасы құрады. Олар жеке бастарының өз билігіне өздері ие еркін жандар болатын. Өз руының құрамында мал жайылымының ыңғайына қарай көшіп-қонып жүрді. Қаншама көп мал ұстаймын десе де, егіншілікпен немесе басқа да кәсіп түрлерімен айналысамын десе де ерікті болды. Соғыс кезінде олар қазақтардың атты әскерінің негізгі бөлігін құрады.
Хандар мен сұлтандар ауылдарының төңірегінде төлеңгіттер қоныстанды, олар өз шаруашылығын өздері жүргізді. Төлеңгіттерді қазақтың әр түрлі шағын рулары мен тайпаларынан шыққан адамдар, сондай-ақ сұлтандардын қамқорлық пен қорғауына өткен өзге халықтардың өкілдері құрайтын. Мәселен, төлеңгіттер арасында өзбек, башқұрт, қалмақтар мен қарақалпақтар көп болды. Төлеңгіттер шаруашылығын өздері жүргізгенімен, өздерін қамқорлыққа алған сұлтандардың елтаңбасын пайдаланды. Мұның есесіне сұлтандарға өмір бойы қызмет етті, әскери жасағын да құрады. Төлеңгіттер барып кел, шауып кел сияқты жұмыстарды, кейде тіпті дипломатиялық жауапты міндеттерді де атқарды. Ішкі Ордада Жәңгір хан олардың арасынан руларды басқаратын старшындарды да тағайындады. XV1II-XIX ғасырлардың бірінші жартысында төлеңгіттер негізінен сұлтандар мен хандардың әскери қызметін атқарды. Мәселен, Абылай ханға 5000 үй төлеңгіт, Кенесары ханға 1000 үй төлеңгіт қызмет етті. Кейінгі кезде рудың ақсүйек өкілдері саналатын билер мен старшындардың да өз төлеңгіттері болды. Мәселен, Бөкей хандығындағы қожа Қарауыл Бабажанұлы өз қарамағында бағынышты 200 үйге жуық төлеңгіт ұстады.
Бас бостандығы жоқ,тәуелді адамдардың тобын қазақтар құл деп атады. Қазақстандағы құлдық патриархалдық (үй ішілік) сипатта болды. Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты құлдықтың кеңінен әріс алуына мүмкіндік бермеді. Құлдарға мал бақтыру сенімсіз еді. Мәселен, Кіші жүзде құл болып жүрген ауғандықтар, парсылар, орыстар, башқұрттар және қалмақтар аз кездескен жоқ. Орта жүздеп құлдардың арасынан жоңғарлар, қалмақтар мен алатау қырғыздары басым еді, орыс құлдар да болды. Орыс құлдар негізінен қазақтар Тобыл губерниясының Есіл және Қорған округтарына, Орал мен Орынбор шекара желісіндеп бекіністерге шабуыл жасаған кезде қолға түскен тұтқындар еді. Олар Орта Азияның құл базарларына сату үшін көптеп жіберіліп тұрды. Қазақстанның көршілес елдермен шекарасында құл сататын бірнеше базар болды.
Қазақтар өз тайпаластарын құл етіп ұстамаған. Құлдар төлем орнына да, ұзатылған қыздың жасауына қоса берілетін құл не күң орнына да жүре беретін. Ат жарыстары кезінде жүлде ретінде бәйгеге де тігіле алатын. Құлдың құлағын кесіп ен салатын. Құлдың шағым айтып, бидің алдына баруына да, куә ретінде сотқа тартылуға да қүқығы жоқ болатын. Егер сатып алынған күң ислам дінін қабылдап, қазаққа ерге шығатын болса, оған бас бостандығы толық берілетін. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғыға» сәйкес қазақтардың құл ұстауына тыйым салынды. Құлдардың қазақтармен араласып ағайындас болып кеткен кейінгі ұрпақтары толық бас бостандығын алған. Олардың біразы төлеңгіттердің қатарын толықтыра түскен, бірқатары дала қазақтарының «асырап алған балаларына» айналып кеткен.
Ресей өзінің жаңа аумақтармен бірге көшпелі және отырықшы қанша халық санына ие болғанын, олардың өмірініңэкономикалық-саяси және құқықтық жақтарының негізі мен ерекшеліктері қандай екенін және қазақ халқының негізін құрайтын басқа да мәселелерді мықтап анықтап алуға тырысты. Аудандардың экономикалық тұрғыдан әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға айқын міндеттер қойылып, И.К. Кириллов бастаған алғашқы мекемелердің бірі 1734 жылы құрылды. Ол Орынбор экспедициясы деп аталды. Оған қатысушылардың есептері — XVIII ғасыр тарихы бойынша аса құнды деректер көзі.
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы үш жүз бойынша қазақ халқының саны туралы алғаш жарияланған мәліметтер А. И.Левшинде бар, ол 2,5 миллионнан - 3 миллионға дейін деген цифр келтіреді.[1]
XIX ғасырда бұл мәселелермен статистикалық комитеттердің қатысушылары: Сібір ведомствосы бойынша — М. Красовский,Орта жүз бойынша — М. Кузьминский, Бөкей Ордасы бойынша — Я. Ханыков, Бөкей Ордасы мен Кіші жүз бойынша — И. Бларамберг, Сібір ведомствосы мен Орта жүз бойынша, сондай-ақ Томск және Тобыл губерниялары мен басқа жерлерде көшіп жүретін қазақтар бойынша Ю.А. Гагемейстер арнайы айналысты.
Жаңадан иеленген аумақты мекендейтін халықтың тарихы мен сол кездегі жай-күйіне деген ынта-ықылас қазақтар туралы жалпы еңбектердің пайда болғанын көрсетеді. С. Броневский, В. Вельяминов-Зернов, А. Гейне, В. Григорьев, И. Завалишин,Л. Мейер, И. Казанцев, Н. Зеланд, Р. Игнатьев, Н. Гродеков, П. Румянцев және тағы басқалардын еңбектері солардың қатарына жатады.
Қазақтар туралы олардың тарихынан, әлеуметтік құрылымынан, тұрмысынан, рухани өмірінен, салық төлеуі мен әдет-ғұрпынан бастап алуан түрлі мәліметтер бар жалпы еңбектермен қатар қазақ қоғамының саяси, экономикалық, құқықтық жақтары мен мәдениеттің түрлі тақырыптарының жекелеген мәселелерін арнайы және тереңдетіп көрсететін еңбектер де аз емес. Олардың бір бөлігі мерзімді басылымда жарияланған, ал басылымдар ауқымы қазақ халқына деген ынта-ықыласты және ол жөнінде көбірек те кеңірек білуге құштарлықты көрсетеді. XIX ғасырдағы тарихнаманың тағы бір айтулы ерекшелігі Қазақстан туралы басылымдарға қазақ қоғамы өмірінің әр түрлі жақтары туралы назар аударарлық материал жариялаған қазақ зиялылары өкілдерінің тартылуы болды.
Кітаптар мен мақалалардың едәуір көп бөлігінде қазақтардың шаруашылық қызметінің негізі - көшпелі мал шаруашылығымен айналысуы туралы айтылады. Қазақтардың шаруашылығын Мұхамед-Ғалий Тәукиннің жан-жақты суреттеуі ерекше ынта-ықылас туғызады. Н. Васильев Түркістан жағдайындағы көшпелі шаруашылықтың ерекшеліктері мен оның егінші қоныстанушылармен байланысын суреттеген. Ә. Бөкейхановтан, М. Шормановтан, А. Алекторовтан, В. Герннен қазақтардың тұрмысы мен мінез-құлқы, жаңа жағдайларда шаруашылықтың дәстүрлі әдістерін жүргізу қиыншылықтары және оған бейімделуге тырысушылық жөнінде қызықты сипаттамалар табамыз. А. Добросмыслов пен Диваевтың еңбектерінде Торғай облысының мал шаруашылығы туралы бірегей материал бар.
XIX ғасырдың басында қазақтар Қазақстанның оңтүстігінде, бұрын да егіншілік, оның үстіне суармалы егіншілік болған Сырдария, Талас, Сарысу, Іле бойында ғана айналысып қойған жоқ, негізінен Орал, Торғай, Елек, Ор, Ертіс өзендері бойында егіншіліктің жаңа ошақтары пайда болды. М. Венюков Қазақстанда болған соң «Орта және Ұлы орда» қазақтары - номадтар, бірақ көбісі Алтай, Тарбағатай, Қалба жотасы, Жоңғар және Іле Алатауы өзендерінің бойында егіншілікпен айналысады деп жазды. Егер XIX ғасырдың бірінші ширегінде егіншілікпен негізінен жатақтар, кедей егіншілер айналысса, ғасырдың ортасына қарай егіншілік, соның ішінде шөп шабу қазақ ауылының неғұрлым ауқатты топтарының да ісіне айналады, егіншіліктің ұсақ мал шаруашылығынан артықшылығы айқын бола түседі. Егіншілік пен соған байланысты проблемаларды бейнелейтін осы және басқа факторларды Т. Сейдалин, А. Алекторов, Л. Чермак және басқалар ашып көрсетеді.
XVIII ғасырдың соңғы ширегінен бастап патша өкіметі Қазақстанда хан билігін жойып, әкімшілік реформа жүргізуге ниеттенді. Бұл үрдіс әсіресе 1822— 24 жылдары, «Сібір қазақтары туралы жарғы» мен «Орынбор қазақтары туралы жарғы» бекітілген кезде ерекше белсенді жүргізілді, олар арқылы хан билігі жойылып, Орта жүз және Ұлы жүздің бір бөлігі сыртқы округтерге бөлінді, ал Кіші жүзде дистанциялық жүйе енгізілді. Қазақстан аумағының ішкі отарға айналдырылуына қарай Ресей 1867—68 жылдардағы Уақытша ережелер арқылы қазақтарды басқару және бағындыру жүйесін бір ізге келтірді (Қазақстанның оңтүстігін жаулап алғаннан кейін). Әкімшілік өзгерістермен бірге қазақтардың құқықтық және сот жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Қазақтардың дағдылы құқығының қолданылу аясы күрт қысқарды, Ресей құқығы басым мәнге ие болып, ол 1886, 1891жылдардағы Ережелермен түпкілікті баянды етілді. Өлкенің бүкіл жер қоры үстемдік етіп келген Шыңғыс ұрпақтары хан-сұлтан тегінің қолынан алынып, Ресей империясының меншігіне көшті.
Замандастары құқықтық нормаларға Ресей отарлауының барлық кезеңдерінде тұрақты назар аударып отырды. М. Шорманов, Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, И. Ибрагимов, Д. Самоквасов, Г. Загряжский, А. Крахалев, П. Маковецкий, Н. Максимов, И. Крафт,А. Добросмыслов, А. Мякутин және тағы басқалардың еңбектері деректі материалдың молдығымен ерекшеленеді.
Жарияланымдардың едәуір көпшілігінде қазақтардың тұрмысы, қоғамдық әлеуметтік құрылымы, сауда және қазақтардың негізінен алғанда, мал шаруашылығының шикізаты негізінде кәсіпшілікпен айналысуы көрсетілді.
XIX ғасырдың 2-жартысынан бастап шаруалардың әуелі бей-берекет түрде болып, сонан соң өкімет орындары бақылауға алған қоныс аудару үрдісі XX ғасырдың басындағы жарияланымдардан жеке көрініс тапты. Өлкені отарлаудың құрамдас бөлігі - орыс шаруаларың Қазақстанға қоныс аудару саясаты кең ауқым алды. Аграрлық қатынастарды, егіншіліктің дамуы мен қоныс аудару ісін неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеуді кеңестік кезең тарихшылары, негізінен алғанда 50-жылдарда бастады. Бұл мәселелермен Ә. Тұрсынбаев (Қазақстандағы қоныс аударушы-шаруалар тарихынан. А., 1950), П. Верещагин (Патша өкіметінің Түркістан өлкесінің Сырдария облысындағы қоныстандыру саясаты. М., 1950) айналысты, П. Шарова, О. Ваганова, А. Геллер және басқалар мақалалар жазды. Зерттеушілер қоныс аударушылардың шыққан аудандарын, олардың әлеуметтік-экономикалық тұрпатын анықтады, байырғы халықтан жердің жаппай тартып алынуы зерттеліп, қоныстандырудың салдары айқындалды. Самодержавиенің мақсаттарын жүзеге асыру жолында 1907 жылғы қазақтарды жерге орналастыру жөніндегі кеңес манызды шара болды, ол Ф.А. Щербинаның 1896-1902 жылдар ішіндегі экспедициясының деректерімен келіспей, егістік жердің отарлық қорын анықтау үшін жаңа тексеріс жүргізуді талап етті. Столыпин саясаты егжей-тегжейлі зерттеліп, бүкіл Қазақстан аумағындағы тартып алынған жер көлемі анықталды.
Тарихнаманың қарастырылып отырған кезеңі мен тарихшылардың кейінгі жылдардағы еңбектері үшін Орта Азия мен Қазақстанның қазанға дейінгі кезеңдегі тарихына арналған Біріккен ғылыми сессияның (Материалдары..., Ташкент, 1955) айқындаушы маңызы болды. Сессияда әзірленген ұсыныстар «Қазақ ССРтарихының» (1-т., А., 1957) және Е. Бекмаханов (Империализм кезеңіндегі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар. А., 1957), С. Зиманов (XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы. А., 1958), С. Толыбеков (XVII—XIX ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық-экономикалық құрылысы. А., 1959) жазған әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы монографиялардың негізіне алынды.
Е.Б. Бекмаханов сұлтандар, билер, қожалар мен молдалар, байлар, тархандар, батырлар санаттары жөніндегі әлеуметтік өзгерістердің серпінін зерттеді. Бұл орайда, автордың анықтағанындай, соңғы екі санат (тархандар мен батырлар) XIX ғасырдың орта шеніне қарай өзінің экономикалық ықпалын жоғалтып, іс жүзінде өздерінің жеке әлеуметтік топ ретінде өмір сүруін тоқтатқан. Бай шаруашылығының мәніне өз көзқарастарын қорғай келіп, автор ғалымдармен екі бағыт бойынша айтысты: бір жағынан, С. Толыбековтің, С. Зимановтың байлардың XIX ғасырдан көп бұрын болғаны туралы пайымдауларына қарсы шығып, бұл көзқарасты сынаржақ деп санады; екінші жағынан, Е. Федоров пен А. Якуниннің Қазақстан экономикасындағы капиталистік қатынастарды асыра бағалап, бай шаруашылығында кедейленген ауылдастарының тегін еңбегін «туыстық көмек» түрімен пайдалану фактілерін елемеген қағидаларына қарсы шықты. Е. Бекмаханов қазақ ауылында патриархаттық-рулық тұрмыс сарқыншақтары сақталып, феодалдық өндіріс әдісі үстемдік еткенін дәлелдеді.
С. Толыбеков пен С. Зимановтың монографиялары Қазақстанда дәстүрлі қатынастар үстем болған кезеңдегі қазақ халқының әлеуметтік құрылымы мен шаруашылық қызметін зерттеуге үлкен үлес қосты. Олар қазақтың мал шаруашылығы жағдайындағы өндіргіш күштерді зерттеп, негізгі өндіріс құрал-жабдықтарын иелену ерекшелігін анықтады, тәуелдік нысандарын және старшындардың рулық институттарды өз мүдделеріне пайдалану принциптерін ашып көрсетті.
Ғалымдар Ресейде капитализмнің дамуы кезеңінде, әсіресе реформадан кейінгі кезеңде Қазақстандағы қанаушылар тобының құрылымы алуан түрлі әлеуметтік топтар жүйесі болғанын, отарлаушы өкімет қызметке тартқан сұлтандардың, мал мен құнарлы жайылымдарды немесе ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды иеленуші байлардың, ауылдағы сот билігін өз қолында сақтап қалған билердің, міндетіне қарамағындағы ауылдардан салық жинау кіріп, жергілікті шенеуніктік аппаратқа айналған старшындардың мүдделері тығыз ұштасып кеткенін көрсетті. Қанаушылардың әлеуметтік топтарын негізгі өндіруші қазақ шаруаларына көзқарас біріктірді. Оның үстіне мұнда қанаудың ескі нысандары жаңаларымен ұштасып жатты. Бір ерекшелігі, қоғамның үстем таптарының аты аталған әлеуметтік топтарының ешқайсысы материалдық өндіріске қатыспады.
Қазақ старшындарының билігінде жайылымдар сақталып қалды; олар көп мөлшерде мал жинады; көшпелі қауым мүшелерін өз дегеніне көндіріп отырды. Сондықтан көшпелі және жартылай көшпелі ұжымдарға капитализмнің ену реформадан кейінгі кезеңде заңды құбылыс болып, 1917 жылға дейін Қазақстанда капитализм дамуының жалпы үрдісінің аяқталмағанын анықтап берді. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда, Қазақстандағы аграрлық тарих ең көкейкесті және күрделі проблема қатарында қалып келді. Онымен Л. Әуезова, С. Сүндетов, В. Черников, А. Гинсбург және басқалар айналысты. Ресейдегі капитализм кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық тарихының түйінді проблемалары Б. Сүлейменов (XIX ғасырдың соңғы үштен бірі - XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе. А., 1963) пен П. Г. Галузоның (1867—1914 жылдардағы Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастар. А., 1965)еңбектерінде зерттелді.
Б. Сүлейменов монографиясының хронологиялық шеңбері 40 жылды (1867—1907) қамтиды. Онда самодержавиенің аграрлық саясатының мәні және помещиктер мен буржуазияның айқындамалары ашып көрсетіліп, қазақ ауылының отырықшылану тарихы мен әлеуметтік-шаруашылық құрылысына талдау жасалған. Автор ауылда тұрақты тұрғын үйлер және мал ұстайтын қора-қопсы салу күшейе түскенін атап айтты, 1867—68 жылдардағы реформалар нәтижесінде құрылған әкімшілік ауыл мен шаруашылық ауыл арасындағы айырманы көрсетіп, олардағы қанаудың нысандары мен әдістерін қарастырған. Қазақ ауылындағы капитализмнің таралу және халықтың жіктелу дәрежесін анықтау кезінде Б. Сүлейменов екі санатты: шаруашылықтағы мал саны мен жалдама жұмысшылар санын басшылыққа алады. Ол патриархаттық-феодалдыққатынастардың өміршеңдігі себепті ауыл кедейлері едәуір дәрежеде «рулық көмек» түрінде қаналып отырғанын атап өтті.
П.Г. Галузода Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастар неғұрлым кең көлемді хронологиялық шеңберде, статистикалық үлкен материал негізінде берілген. Қоныс аударушылардың рөлін және соның салдарынан жер алаптарының қайта бөлінуін бағалағанда автор бұл үрдіс қазақ егіншілігінің дамуына, қазақтардың отырықшы шаруашылыққа көшуіне тежеу болғанын негізге алған. Автор өлкені әскери-феодалдық басқару аппаратының рөлін мықтап көрсетіп, патша өкіметінің аграрлық заңдарына егжей-тегжейлі сипаттама берген. Ауылдағы мүліктік теңсіздік пен жіктелісті қарастыра келіп, автор «қазақтарда егіншіліктің кен дамығаны сонша, олардың шаруашылығы сол кездің өзінде-ақ малшы-егінші бағыттағы үлгіге жақындады, ал ерекшелігі ауылдағы ірі байлық иелері жалдама еңбекті пайдаланатын кулактар тұрпаттас байлардан сараланбады десе де болады» деген тұжырым жасайды.
Монографияда өлкені қазақтардың отарлауына, Жетісу қазақ әскерінің тарихына едәуір орын берілген. Патша өкіметініңқоныстандыру саясатын автор екі кезеңге бөледі: XIX ғасырда Жетісуға және Сырдария облысына шаруалар стратегиялық және әскери-саяси мақсат-мүддемен қоныс аударылса, XX ғасырда кедей және орта шаруалардың жер үшін күресін әлсірету мақсатында олар Ресейден көп мөлшерде көшірілді. Самодержавиеніңқоныстандыру саясатының салдарынан, - деп санайды автор, - көшпелі (мал өсіруші) және отырықшы (егінші) шаруашылық тереңдағдарыс кезеңіне ұшырады. Ол «өндіргіш күштердің орасан көп күйзелгенін, шаруалардың ерекше қатты қайыршыланғанын» жазады. Алайда біздің ойымызша, ең бастысы - қазақтар шаруашылығының қайта құрылуы тездетілді ме, ол мал шаруашылығынан малшы-егінші шаруашылыққа ұласты ма - осыларды анықтау керек болатын. Осы сұраққа объективті жауап алғаннан кейін ғана біз бүкіл қоныстандыру саясаты мен жалпы алғанда оның нәтижелеріне неғұрлым дәл баға бере аламыз.
П. Г. Галузо Ресейден қоныс аударушы — шаруалардың Қазақстанның оңтүстігіне орналастырылғанға дейінгі мүліктік жағдайын, олардың жайғасқаннан кейінгі саралануын, шаруашылығының түр-сипаты мен қоныс аударушылар поселкелеріндегі қанаушылық қатынастарды зерттеді. Автор мынадай үзілді-кесілді тұжырым жасайды: «Егіншілік техникасы жөнінен, — деп жазады ол, — қоныс аударушылар жергілікті шаруалардан, атап айтқанда, қазақтардан озып кеткен жоқ. Олар ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуы, капиталдың индустриялық нысандарының тууы жөнінен де олардан озып кеткен жоқ» (269-6.). Бұдан әрі «...ауыл шаруашылығында капитализм орыс поселкелеріне қарағанда, қазақ ауылдарында неғұрлым дамыған еді» деген пікірге келеді. Автор өз пікірінің көпшілік зерттеушілердің тұжырымдарына қайшы келетінін білді, алайда өз көзқарастарын қортады.
Тұжырымдарындағы елеулі айырмашылықтарға қарамастан, Б. Сүлейменов пен П. Г. Галузо қоныстандыру мәселесін XIX—XX ғасырдың басындағы Ресей экономикасына тән өзгерістермен өзара тығыз байланыста алып қарады; қоныс аудару мәселесін Еуропалық Ресейдегі аграрлық төңкеріс жағдайында ғана шешуге болады деген қорытындының куатталуы сондықтан. 1970 жылдардың аяғында Қазақстан дамуының аграрлық проблемаларына ден кою әлсіреп кетті және тарихнамадағы бұл жағдай бүгінгі таңға да тән болып отыр.
Е. Ділмұхамедов пен Ф. Маликовтің, Е. Бекмұхамедовтын, М. Тұрсынованың, Г. Есенғалиеваның, М. Асылбековтің, Ц. Фридманның еңбектері өнеркәсіп пен көлікті, сауданы және қаржы саясатын Қазақстанда пролетариаттыңқалыптасу проблемасымен тығыз байланыста алып зерттеудегі елеулі жетістіктерді дәлелдейді. Өлкені отарлау жағдайының мәні тау-кен өнеркәсібінде мейлінше толық көрінді. Е. Ділмұхамедов пен Ф. Маликов бұл саланың реформадан кейінгі уақыттағы даму ерекшелігін, оның өсу қиыншылықтарын қарастырған. Авторлар мұрағат материалдары негізінде XX ғасырдың басында кен-зауыт және мұнай өнеркәсібіне монополистік шетел капиталының енуін, Спасск мыс рудалары акционерлік қоғамының, Атбасар мыс кеніштері акционерлік қоғамының, Риддер және Қазақ кен-өнеркәсіп қоғамы мен басқаларының тарихын зерделей білді.
Авторлар кен өндіру өнеркәсібінде жұмысшы кадрлардың қалыптасу ерекшеліктерін және олардың революциялық күресін көрсетуді өздерінің басты міндеті деп білді. Алайда авторлар Қазақстанда жұмысшы санының өсуі деректемелеріне көбірек қатысты материалды баяндаған. Олар мұны қазақ шаруаларының жіктелуі, табыс іздеп кетушілердің көбеюі нәтижесінде, майдагерлердің жұмысшылар қатарына ауысуынан, Орал мен Сібір зауыттарынан жұмысшылардың келуінен, кедейленген мещандар есебінен болды деп біледі. Авторлар 1838, 1870, 1895 жылдардағы жұмысшылар жалдау туралы алғашқы заңдарды атаған; өкініштісі, олар фабрика заңдарының мазмұнын ашып көрсетпеген. Олардың шамамен есептеп шығарған деректері бойынша, бұл өнеркәсіптегі жұмысшылар саны 1860-1880 жылдармен салыстырғанда, XX ғасырдың басында 2-3 есе өскен. Бірақ бұл цифрлар сенімді емес, өйткені олар әр түрлі жылдардағы әр түрлі деректерден құрастырылған. Ауыл шаруашылық шикізатын ұқсатумен айналысатын барлық жұмысшыларды өнеркәсіп пролетариатына қосып есептеу мүмкіндігі де күдік келтіреді. Егер, мысалы, Сырдария облысының деректеріне қарағанда, онда 1906 жылы 900 кәсіпорында небәрі 2000-дай адам жұмыс істеген, мұндай кәсіпорындарды фабрикалар, ал олардың жұмыскерлерін пролетарлар деп атауға бола қоймас. Авторлардың еңбегіндегі өнеркәсіп пролетариатына әлеуметтік-экономикалық сипаттаманың айқын болмауы, сондай-ақ өнеркәсіп жұмысшыларының жалпы санын да (6,5 мың), салалар бойынша да есептеулердің негізіне алынған әр түрлі мұрағат материалдары мұқият тексеруді қажет етеді.
Е. Ділмұхамедов небәрі жүз жылдан аспайтын уақыт мөлшерінде (1814— 1917) Қазақстанда руда және көмір кен орындарының ашылу, түсті металлургия мен кен ісінің даму тарихын зерттеді. Онда экспедициялардың ұйымдастырылуы мен кен-зауыт кәсіпорындарының ашылуы туралы мәліметтер, кәсіпкерлердің белгілі бір кен орындарын сатып алуын ресімдеу кезінде жасалған құжаттар, руда мен көмір өндіру, металл балқыту технологиясы туралы мәліметтер, рудниктер мен кеніштердің техникалық-экономикалық көрсеткіштері, зауыттар мен рудниктердегі еңбек өнімділігі туралы деректер бар, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібіндегі жұмысшылардың саны мен ұлттық құрамы қарастырылған. Қазақстанның 1917 жылға дейін тарихы аз зерттелген аудандарының бірі — Маңғыстау, сондықтан М. Тұрсынованың монографиясы белгілі бір дәрежеде өзіне назар аударуды қажет етеді. Автор XIX ғасырдың бірінші жартысында көшіп жүруге мүмкіндігі болмаған қазақ отбасыларының қалайша отырықшылыққа көшіп, балық аулаумен айналысуға мәжбүр болғанын, артельдерге біріккенін және XIX ғасырдың екінші жартысында балық аулауды ғана емес, сонымен қатар оны өңдеу мен сатуды да өздерінің қолына шоғырландырған балық өнеркәсіпшілерінің оларды біртіндеп қалайша қаратып алғанын көрсеткен. Автор артельдердің саны мен ұлттық құрамы туралы мәліметтер беріп, қазақтар мен орыстарды ауыр жағдайдың езгіге салушыларға қарсы бірлескен күреске қалай біріктіргенін көрсетеді. Қазақ өлкесін экономикалық игерудің маңызды жағы көлік байланысын дамыту, ең алдымен темір жолдар салу болды.
М. Асылбеков зерттеген мәселелер кешенінде революцияға дейінгі Қазақстанның экономикасына темір жолдардың жасаған ықпалы мен оны Ресей империализмнің шикізаттық шылауына айналдыру және сонымен бірге коммуникациялар жасаудың объективті оң нәтижелері көрсетілген. Автор темір жолдар салу кезінде қазақтардың жер алқаптарының тартып алынуын және сонымен бірге жолдардағы жүк айналымының ұлғаюы, олардың бойында егіншіліктің дамуын, ауыл шаруашылық өнімдерінің өлке шегінен әкетілуін дәлелдейтін фактілер келтіреді. Ауылдағы патриархаттық-феодалдық қатынастардың ыдырауына және қазақтар шаруашылығына тауар-ақша қатынастарының енуіне себепші бола отырып, — деп жазады автор, — темір жол желілері табыс іздеп кетушілік пен жалдама еңбектің өрістеуіне әкеп соқты.
Олар Қазақстандағы қоныс аударушылық қозғалысты, қала халқының өсуін, өлкеде біршама ірі елді мекендердің, темір жол станцияларының пайда болуын тездетті, олар экономикалық, саяси және мәдени өмірдің ошақтарына айналды, ақырында, негізгі жол тораптары бойында өңдеуші өнеркәсіптің дамуына және соның нәтижесінде жұмысшы кадрлардың қалыптасуына себепші болды. М. Асылбеков жергілікті өндірістік маңызы бар Троицк, Екібастұз, Спасск Қарағанды, Риддер темір жолдарының құрылысы туралы құнды ғылыми материал жинаған.
Зерттеулерден Дала өлкесінің бүкіл экономикасы сияқты, революцияға дейінгі Қазақстанның аумағында қатынас жолдарының да нашар дамып, оның біркелкі болмағаны, кең-байтақ кеңістіктің бір-бірімен байланыс жасалмағаны көрінеді. Мұны мына цифрлардан көруге болады: 1917 жылы өлкенің 1000 шаршы шақырымына — небәрі бір шақырымдай, бұл ретте Сырдария облысында - 1127 шақырым, Торғайда — 932, Оралда - 310, Семейде — 236, Ақмолада - 178 шақырымнан келген, Жетісу облысында бірде-бір шақырым темір жол болмаған. М. Асылбеков XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастап, 1913 жылға дейінгі теміржолшылар кадрларының қалыптасу тарихын зерттеді. Қатынас жолдары министрлігінің деректері сияқты бағалы да аз зерттелген деректерге жүгіне отырып, автор Қазақстандағы темір жол жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы санын тұңғыш рет 21700 адамнан астам етіп шығарды. Соғыс жылдарында Семей және Жетісу темір жолдарының салынуына байланысты теміржолшылардың жалпы саны 23 мың адамнан астам болды.
Сонымен қатар М. Асылбеков жұмысшылар мен қызметшілер санының арақатынасын да қарастырып, темір жол жұмысшыларының өнеркәсіп орындарында жұмыс істеуінің ұзақтығы мен ұлттық құрамын ашып көрсетті. Ол келтірген кестеден Қазан революциясының қарсаңында Қазақстанның темір жолдарында 19,5 мың жұмысшы, 3,5 мың қызметші еңбек еткені көрінеді. Өз кезегінде, жұмысшылар тұрақты, уақытша жұмыс істеушілер мен күндік жұмыскерлер санатына бөлінген. Паровоз машинистері, олардың көмекшілері, кочегарлар, кондукторлар, жолсеріктер, стрелочниктер, жол күзетшілері, қолөнер жұмысшыларының бір бөлігі тұрақты жұмыс істеушілер санатында болды, олар шамамен 55 пайыз болатын. Орынбор—Ташкент темір жолындағы қазақ жұмысшылар — 70 пайызға дейін жетті, басқа жолдарда 20% болды, олардың жалпы саны1917 жылы 5000 адамға жетті.
Революцияға дейінгі Қазақстанның өнеркәсіп жұмысшылары туралы соңғы монографиялық еңбектердің бірі - С. Игібаевтың кітабы (Игібаев С. 1861—1917 жылдардағы революцияға дейінгі Қазақстанның өнеркәсіп жұмысшылары. А., 1991). Онда өнеркәсіптің құрылымы: пайда болуы, басқарылуы, кәсіпкерлер құрамы, өнеркәсіптің егіншілікпен байланысы, өнеркәсіптің өңдеуші, алтын, көмір өндіруші және басқа салалары бойынша жұмысшылардың саны, құрамы және орналастырылуы; жұмысшылардың жағдайы және тап күресінің нысандары қарастырылған. Бірқатар мәселелер жаңа тұрғыдан қойылып, түсіндіріледі. Мысалы, автор мыналарды: XIX ғасырдың 80-жылдарынан бастап жұмысшылардың рудниктерден қашуын, ұжымдасып шағым беруді; іздестіру басқармасының келісімшарт талаптарын орындамауы себепті жұмыс істеуден көрінеу бас тартуын, Зайсан уезіндегі, Өскемен, Семей облыстарындағы, Күршімдегі және Алтайдағы ереуілдер мен толқуларды және XX ғасырдың басынан — наразылық білдіру нысаны ретінде кеңінен таралған стачкаларды атап көрсетеді. С. Игібаевтың еңбегі деректемелерді кең көлемде келтіріп жазылған және мазмұны жағынан Қазақстандағы жұмысшы табының тарихына ғылыми-зерттеу кезеңін таптық тұрғыдан қараумен аяқтайды. Кеңестік тарихнамада жаңа туып келе жатқан жұмысшы табының әлеуметтік-экономикалық тарихы, әдетте, оның саяси тарихымен етене бірлікте қарастырылды. Осы проблема бойынша 1960-70-жылдарда жарияланған еңбектерде социал-демократиялық, ең алдымен, марксистік идеяларды таратуға зор көңіл бөлінді. Жұмысшы қозғалысы жаңа ғана пайда болған ұлттық аудандарда, соның ішінде Қазақстанда зерттеушілер өздігінен білім алу үйірмелерін немесе ең тәуір дегенде, студент жастардың социал-демократиялық бағыттағы топтары мен үйірмелерін көбінесе марксистік ұйымдар деп көрсетті. Өлкедегі революциялық қозғалыста большевизм пайда болған кезден бастап-ақ пролетариаттың авангардтық рөлін, большевиктер партиясының, оның ұйымының басшылық рөлін ашып көрсетуге күш салынды (қараңыз: Лениндік пролетарлық интернационализм идеяларының салтанат құруы. А., 1974; Қазақстан Компартиясы тарихы очерктері. А., 1963 және басқа еңбектер). Отар елдерде шетел капиталын өзі үшін ғана тиімді салаға салып, оның жергілікті өндірісті дамытуды тежегені, сол үшін дәстүрлі қатынастарды тоқтатып тастағаны мәлім. XIX—XX ғасырдың басы шебінде ол Қазақстан аумағына, негізінен алғанда кен өндіру және мұнай өнеркәсібіне белсенді түрде ене бастады. Ц.Л. Фридманның еңбектерінде Қазақстандағы шетел капиталының тарихын зерттеу нысанасы етіп алынды. Автор өлкеге шетел капиталының енуін зерделей келіп, оның үлес салмағы жалпы Ресеймен салыстырғанда Қазақстанда жоғары болғанын анықтады. 1917 жылғы қазан айының қарсаңында Қазақстан өнеркәсібінде құрылған акционерлік қоғамдардың нақты капиталының жалпы сомасы 100 млн сомға жуық болды. Автордың деректері бойынша, орыс капиталы сол соманың ширегіндей ғана болып, төрттен үшінен астамы шетелдіктер үлесіне тиген, оның үстіне ағылшын капиталы үстем жағдайда болған. Ол аса бай кен орындарын сатып алуға капиталистердің болмашы шығын жұмсағаны туралы және шетелдік синдикаттардың алыпсатарлық сипаты туралы мәліметтер келтірген. Негізгі капитал өсуіне талдау жасау автордың Орыс—Азия корпорациясы, Риддер кен-өнеркәсіп қоғамы және басқа да бірлестіктер сияқты ірі концессиялардың тойымсыздық мақсаттары мен барынша тонаушылық мәнін көрсетуге, ал ірі акционерлік қоғамдардың құжаттарын зерттеу оның қомақты кредит алу мақсатымен капиталистер жасаған бірқатар айла-шарғыларды ашып көрсетуіне мүмкіндік берді. Патша самодержавиесі бастапқы байлық жинаудың айуандық әдістерін байқамаған сынай көрсетіп, ол әдістер Қазан революциясына дейін шетел капиталына да өзгеріссіз қалдырылып келді. Орал—Жем ауданының мұнай байлығын пайдалану кезінде де нақ осындай жағдай байқалды. Халықаралық қаржы топтары мен биржаларға өлкенің мұнай байлығы төңірегінде даңғаза жасалғанымен, мәселе оларды ендіруге келіп тірелген кезде қаржы капиталы тым мардымсыз болып шықты, қаржыгерлер қаржы шығаруға асықпай, дұрысын айтқанда, өте сақтық білдірді, - деп жазады автор. Бұл орайда 20-дан астам кен орны барланғанымен, мұнай негізінен Доссор мен Макатта өндірілді. Артта қалған және нашар дамыған елдерге әкелінген ағылшын, француз және басқа да шетел капиталының «өркениеттендіру міндеті» сонымен тынды. Ц.Л. Фридманның еңбектерінде Қазақстанда шаруашылық дамуының табиғи барысының салдарынан, бұл профестің етене туындауынан пайда болмай, сырттан келген капитал жасаған кең және кен-зауыт өнеркәсібінің тұтас алғанда Қазақстанның бүкіл экономикасымен байланысы өте нашар жекелеген өнеркәсіп ошақтары, жан-жағынан капитализмге дейінгі қатынастар үстем болған мешеу шаруашылықтар қоршаған жекелеген өнеркәсіп «аралшықтары» түрінде болғаны атап көрсетілді. Ал егер солай болса, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және өзге де қоғамдық даму факторларына бұл «аралшықтардың» ықпалы болды ма? Ц.Л. Фридман мынадай бір факторды ғана атап өткен: капиталистердің дегеніне қарамастан, олар құрған кәсіпорындар жергілікті фабрика-зауыт пролетариатының өсуіне себепші болды.
Ц.Л. Фридман назар аударған экономикалық тарихтың тағы бір тақырыбы Қазақстандағы банк капиталының кредит жүйесі мен жұмыс істеу механизмі болды. Бұл орайда ол Қазақстандағы банк капиталының сауда-өсімқорлықпен ұштасуы және өзара астасып жатуы, біріншісінің ұсақ ауыл шаруашылық шикізатын өндірушілерді қанаудың жергілікті қарапайым және капитализмге дейінгі нысандарына сіңісуі сияқты ерекшелігін де ескерді. Ол Мемлекеттік банктің Оралдағы (1876),Петропавлдағы (1881), Семейдегі (1887), Омбыдағы (1895), Верныйдағы (1912), Семей облысының Қоянды кентіндегі (1894) бөлімшелерінің қызметіне сипаттама беріп, бірқатар акционерлік және коммерциялық банктердің, әсіресе Сібір сауда банкінің жұмыс істеу фактісін атап өткен. Өлкенің сауда-өнеркәсіптік дамуына талдау жасау оның Қазақстанда өнеркәсіп буржуазиясы сауда буржуазиясынан бөлінбеген және негізінен алғанда мұнда саудаға малмен, мал өнімдерімен және астықпен несие беру басым болды деп бұрын айтылған қағиданы растауына мүмкіндік берді. Сонымен бірге, — деп көрсетеді автор, — мұнда биржалық ұйымдар құрыла бастады, солар арқылы жаппай өндірілетін өнімдерді белгілі үлгі, стандарттар немесе техникалық сипаттамалар бойынша жаппай өткізу жүзеге асырылған (Омбы және Петропавл биржалары). Алайда өлкенің экономикалық өмірінде өсімқорлық әлі де оте маңызды фактор болып қала берді. Қазақстанның тарихнамасында Ц.Л. Фридман жергілікті коммерциялық банктердің (өзара кредит қоғамының және қалалық қоғамдық банктердің) қызметіне, ұсақ кредит пен оның түрлеріне, кредит кооперативтеріне, жинақ кассаларына және т.б. тұңғыш рет талдау жасады. Ол келтірген материалдар мен есептеулер банктер арқылы әкелінген капиталдар Қазақстанда, негізінен алғанда, қызмет көрсету саласында қолданылған деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Банк кредиті өсімқорлық несиенің алуан түрлі нысандарын ығыстырып шығаратын деңгейге әлі де жете қоймаған-ды. Соғыс алдындағы жылдарда ғана банктердің салымшылары арасында қазақтардан шыққан сауда буржуазиясының өкілдері пайда бола бастады. Кредит-банк жүйесі патша өкіметінің отаршылдық саясатының мүдделеріне қызмет етті, ал Қазақстанның еңбекші бұқарасы бұрынғы әскери-феодалдық қанаудың бай-феодалдар мен сауда-өсімқорлық қанаумен ұштасқан әдістерін ғана емес, сонымен қатар монополистік капитализмге тән отаршылдық қанаудың «жаңа» әдістерін де бастан кешірді. Солай бола тұрса да, жинақталған материал нарықтық қатынастарға көшу жағдайларында кәсіпкерлік дамуының заңдылықтарын, капиталдың бастапқы қорлану үрдісін зерделеуге мүмкіндік береді. Сауда — қазақтардың көрші халықтармен өзара қатынасының ең ежелгі жолы. Ол XVIII-XIX ғасырлар кезінде барынша етек алды. Сауда — экономикам жаңа қатынастар көрінісінің едәуір күшті болып, тауар-ақша қатынастарының Қазақстан аумағында да үстемдік алған саласы.
Еңбектердің көбісі проблемалардың жекелеген жақтарын көрсетуге арналған мақалалар болғанымен, қазақтардың сауда жасауын зерттеу едәуір көп проблемаларды көтерді. Бұлар - В. Шахматов, Б. Сүлейменов, Т. Шойынбаев, Ж. Касымбаев, П. Галузо, Т. Литвинова, С. Сүндетов, Ц. Фридмандар- Дыненбектері. Н. Г. Аполлованың монографиясында (Қазақстанның XVIII- XIX ғасырдың басындағы Ресеймен экономикалық және саяси байланыстары. М., 1960) экономикалық байланыстар шаруашылық сипатымен етене қарастырылды. Мысалы, кеден ведомостарын зерттеу негізінде автор XIX ғасырдың басында-ақ қазақ байларының тауар-ақша қатынастарына кіріп, делдалдық әрекеттермен ғана айналыспай, Орынбор, Петропавд, Троицк және басқа да бекіністер арқылы өз бетімен мал сатумен айналысқанын атап көрсетеді.
Автордың айтуынша, Ресейдің Дала жұртымен сауда жасауға мүдделі болғанын қаруланған керуендер ұйымдастыру, сондай-ақ қазақ сұлтандарының «азиялық» көпестерден баж алуына тыйым салу туралы ережелер шығаруы дәлелдеді. Орыс көпестері әкелетін тауарлардың түр-түрін көрсететін құжаттар да сауданың қаншалықты серпін алғанын байқатады. Рыноктық байланыстар қазақ аулына еніп, байлардың ықпал жасауының басымдығы сақталған жағдайда шаруашылықтардың көпшілігін барған сайын озаясынатарға берді. Н.Г. Аполлова XIX ғасырдың екінші ширегінде-ақ қазақ тауарларының едәуір мөлшері ақшамен сатып алынды және ақша қатынастарының дамуында дала өңірінде орыс астығымен сауда жасау көп рөл атқарды деп пайымдаған. Автордың Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандары үшін бүкіл Дала өлкесі бойынша астық әкелінетін Петропавл, Омбы, Семей орталық болған астық саудасына ден қоюы сондықтан. Сөйтіп Н. Г. Аполлованың мұрағат материалдарына негізделген зерттеуі Ресей мен Қазақстанның экономикалық байланыстары көрінісін жасап берді. Тарихнаманың қазіргі кезеңінде тарихшылар өз ізденістерін Қазақстанның өз ішіндегі сауданы және шектес мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық қатынастарды неғұрлым терең зерттеуге бағыт алып отыр. Бұған В.З. Ғалиевтің (Керуендер ізімен.А., 1994) және Ж. Қасымбаевтың (Қазақстан—Қытай: XIX—XX ғасырдың басындағы керуен саудасы. А., 1996) дәлел болады. В.З. Ғалиев керуендер мен экспедицияларға қызмет жасаған адамдарға: қазақтар арасынан шыққан тілмаштарға, аудармашыларға, жолбасшыларға көп көңіл бөледі. Бұл делдалдар тілді, іс қағаздарын жасауды, жер бағдарын, қоғамның әдет-ғұрпы мен дәстүрін білуге тиіс болды, яғни істің түпкі нәтижесі көп жағынан солардың орнына сай және даярлығы мол болуына байланысты еді. Автор қазақ тілмаштары мен жолбасшыларының орыс-қазақ, орыс-орта азиялық, орыс-қырғыз қатынастарын орнатуда зор рөл атқарғанын көрсеткен.
Ж. Қасымбаев Қазақстанның Орта Азиямен, Шыңжаңмен және Монғолиямен ішкі керуен саудасы мәселелерін жазған. Сауда жолдары мен оның шекаралық аумақтары көрсетіліп, мал, тұз, астық саудасының ерекшеліктері айтылған. «Баж алымын ұйымдастыру, кеден бекеттері мен заставаларын, сондай-ақ редуттарды нығайту үкімет ойлаған басты мәселелердің бірі болды». Орыс-қытай сауда-экономикалық (Құлжа, Айғын, Пекин, Петербург) келісімдерінің нәтижесіндегі жандану фактілерін ерекше атап көрсете отырып, Ресейдің көршілес мемлекеттермен өзара байланысының экономикалық міндеттерін атқарған негізгі сауда орталықтары туралы мәліметтер келтіріледі. Монғолиямен сауда Зайсан, Семей, Өскемен арқылы жасалған. Өзара сауда байланыстарын баяндаған кезде автор саяси тұрғыдан да елеулі пайда болғанын ашып көрсетуге үнемі ұмтылып отырады. Экономикалық байланыстар, —деп жазады ол, — «кең-байтақ өлкеде Ресей империясының отарлау саясаты тереңдей түскен күрделі кездерде сенім және тату көршілік жағдайын жасауға оң ықпал» жасады.
Қазақстанның Батыс Қытаймен тарихи байланыстарына қазақ, өзбек және ұйғыр халықтарының түркі тілдес болуы да, олардың ортақ мәдени түп-тамырлары мен дәстүрлері себепші болды. Сөйтіп Ж. Қасымбаев экономикалық және саяси қатынастардың бұрын аз зерттелген тарихи қырларын айқындады, олар қазіргі уақытта мейлінше тез дамытылып келеді және болашағы зор болып отыр. 1950 жылдардың аяғында тарихшылар қалалардың Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымындағы атқарған рөлі мен алған орнын зерделеуге ынта-ықылас аударды. К. Туманшин мен Н.Г. Аполлова — Солтүстік Қазақстан мен Орынбор өлкесі: Петропавл, Троицк, Орынбор қалаларының; А. Горячева, Э. Герасимова, Ө. Есмұрзин — Батыс және Оңтүстік Қазақстан қалаларының тарихын; Ж. Қасымбаев пен Н. Алексеенко Семей мен Өскемен тарихын зерттеді. Кейініректе Қостанай және басқа қалалар туралы еңбектер жазылды. Оларда бекініс-қалалардың пайда болу мәселелері, қала тірлігіндегі сауданың атқарған рөлі, халықтың 1905-1907 жылдар мен 1916 жылғы көтеріліс кезеңіндегі әлеуметтік құрылымы мен революциялыққызметі қарастырылған. 1980жылдар қарсаңында Н. Бекмаханова (Қазақстан мен Солтүстік Қырғызстанның көп ұлтты халқының қалыптасуы. XVIII ғасырдың соңғы ширегі - XIX ғасырдың 60-жылдары. М., 1980) мен Н. Алексеенконың (Революцияғадейінгі Қазақстан халқы. А., 1981)алғашқы монографиялары дүниеге келді. Бұл еңбектер, М. Асылбековтің, В. Галиевтің зерттеулері, Ж. Қасымбаев, И. Орлянский, Г. Кронгардт және басқаларының мақалалары әлеуметтік, экономикалық және этнодемографиялық проблемаларды шешуде статистиканың кең мүмкіндіктеріне жол ашатын жаңа ғылыми тұрғыдан көптеген проблемаларды одан әрі арнайы зерттеудің негізін қалады. Бұрын қоғамда болып жатқан үрдістерді талдау үшін демографияның кең мүмкіндіктері пайдаланылмайтын. Бұған ішінара ресми статистикалық деректердің, соның ішінде кеңестік кезең санақтарының да толық болмауы және бұрмалануы, ішінара олардың өкімет орындарының идеология саласындағы нұсқауларына сәйкес келмеуі себеп болды.
XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихының тарихнамасы көрнекті этнограф М. Мұқановтың «XVIII—XX ғасырдың басындағы қазақтардың этникалық аумағы» деген еңбегімен байытылды, онда Қазақстанның кейбір облыстарынан сепаратистік дәмеленудің негізсіздігі көрсетіліп, қазақтардың тарихи қалыптасқан этникалық аумақ шегіндегі жерді иелену құқығы дәлелденді.
1995 жылы М. Сыдықовтың «Батыс Қазақстанның халқы (1897—1989)» деген кітабы шықты. Автордың пікірінше, қарастырылған кезең Батыс Қазақстан тарихында маңызды рөл атқарады. Бұл қазақтың «артық» жатқан жерлеріне қоныс аудару үшін жер қорларын құру жөніндегі экспедиция жұмысы мен қазақтарды бұл аумақтан ығыстырып шығару басталған кез еді. Отаршылдық өкімет орындарының нақ осы әрекеті қазақ халқының демографиялық дамуында күрт өзгерістер туғызып, ол туу мен табиғи ержетіп өсудің арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуынан көрініс тапты. Негізгі себеп патша өкіметінің қазақтардың өмірлік мүдделерін ескермей, жаңа жерлерді орыстандыру шеңберінде жүргізілген отаршылдық саясаты болды. Соның салдарынан 100 мыңға жуық адам туған жерінен қуылып, тіршіліктің ауыр жағдайына ұшыратылды. Автор бастапқы саны мен табиғи өсу қарқынын тек 81 жылдан кейін ғана қалпына келтіре алған халықтың этникалық қасіретін бір аймақтың мысалымен көрсеткен. Еңбекте проблеманың тарихнамасы едәуір толық берілген. Батыс Қазақстанның көп ұлтты өлкеге айналдырылуының өз ерекшеліктері болды, автор оларды ашып көрсетіп, негізделген тұжырымдарға келеді.
Сонымен патшалық империяның отарлық шет аймағына айналдыру кезеңінде Қазақстанда болған кейбір әлеуметтік-экономикалық және демографиялық өзгерістердің тарихнамада көрсетілуіне талдау жасалды.
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы (қой өсіру, негізінен қылшық жүнді және құйрықты тұқымдар, ірі қара мал), соның ішінде жылқы өсіру және түйе өсіру. Қазақтардың қоныстанған аумағының басым бөлігінің аридты сипатына байланысты егін шаруашылығы негізінен қосалқы болған, ал су ресурстары мол жерлерде тіпті жарыспалы шаруашылық болып табылған. Қазақтар малды қорада бағу үшін жем-шөп дайындамаған. Мал жазда да, қыста да ашық жайылымда жайылған. Бұл көшпелі жүйенің бірегейлігі қазақтар күн мен көк шөптің артынан көшкендігінде: жазды олар солтүстік ендіктерде өткізген (шұрайлы жайылымдары көп, салқын климатты жерлерде), ал қысты – тау етектері мен жартылай шөлейтті оңтүстік аймақтарда (жер бедері аңызақ желден қорғайтын және жайылымдардағы қар қабаты қалың емес жерлерде) өткізетін болған. Ресейдің қол астына кірген соң және жайылымдық жерлер мен су қоймаларының біртіндеп қысқаруы халықтың әлеуметтік межеленуіне және олардың біртіндеп отырықшылануына алып келді.
Кеңес кезеңінде, большевиктер қолдан тудырған жаппай ашаршылық пен ауқымды қуғын-сүргіннің нәтижесіндегі үлкен құрбандықтарға (шамамен 50% байырғы тұрғындар қаза болды), сонымен қатар Ұлы Отан соғысындағы еңбекке қабілетті ерлердің көптеп қаза болуына қарамастан Қазақстан Ресей империясының артта қалған елінен дамыған өндірістік республикаға айналды. Қолданбалы өнердің ежелгі түрлерінің біріне металдарды көркем өңдеу: ұсталық іс, сүйекпен, күміс және алтындармен әшекейленген ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар, қару-жарақ, ер-тұрман, сонымен қатар ат әбзелдерін, киім-кешек әзірлеу жатады. Көшпелі дәстүрлі үй – киіз үй, атқа арналған ер-тұрман, салт атты шайқас өнері, ұлттық кілем өрнектері, күміс және алтын әшекейлер өрнектері – көшпелі мәдениеттің теңдессіз туындылары екендігі белгілі. Киіз үй киізбен қапталған ағаш қаңқаға (кереге) негізделеді.
Шаңырақ — киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі, ол ошақтан шыққан түтіннің шығуына және киіз үйдің ішкі бөлігіне жарық түсіруге арналған. Температураны сақтап тұру және желдету қайырмалы шымылдықпен қамтамасыз етіледі, оның өлшемін шаңырақтың киізден жасалған жабынымен реттеуге болады, ол екі немесе одан да көп қабаттан тұруы мүмкін. Дұрыс құрылған киіз үйде жазда салқын, қыста жылы болады. Оны бұзуға және құруға бір сағаттан кем уақыт кетеді. Киіз үйдің ортасында қазан-ошақ орналасады. Киіз үйдің басты әшекейі киіз кілемдер (текемет) мен жүн кілем бұйымдар болып табылады. Сонымен қатар киіз үйдің іші әр түрлі ою-өрнекті, құрақты, кестелі, өрілген таспалармен байытылған. Қарапайымдылығы мен тиімділігі, құрудың жеңілдігі мен жылдамдығы, құрылысының мінсіздігі мен жоғары тасымалданғыштығы киіз үйді көшпенділердің аса қажетті үй-жайына айналдырды. Қазіргі уақытта киіз үйлер музейлердегі, театрлар мен басқа да көпшілік орындарында сәндік бұйым ретінде жиі қолданылады. Ұлттық мейрамдардың кезінде алаңдарға тігіледі.
Қазақтардың дәстүрлі киімі толығымен көшпелі өмір салтына бейімделген болған. Ерлердің киімі көйлек немесе жейдеден және шалбардан тұрған. Бейбіт уақытта жеңіл шыт және тоқыма маталар қолданылған. Ал жаугершілік заманда киім-кешек негізінен былғары мен болат сауыттардан құралған. Қыста қысқа күпілер киген. Өңделген қой немесе қасқыр мен түлкі терісінен, кейде бағалы аң терілерінен (кәмшаттың, бұлғынның) әр түрлі тондар киген. Жазда бастарына тақия немесе киіз қалпақ, қыста – тері мен елтіріден жасалған әр түрі бас киімдер (бөрік, тымақ, малақай, телпек) киген. Аяқ киімдері былғары етік (етік, мәсі), былғары аяқ киім (шарық, қалыш, кебіс). Қыста киіз байпақ және сыртынан биік саптама етік киетін болған. Әйелдердің киімі жасы мен мәртебесіне қарай әр түрлілігімен ерекшеленеді. Көйлектері ұзын, кең етекті болған, олардың астынан сол матадан тігілген шалбарлар (дамбал) киген. Көйлектің сыртынан жүн, сондай-ақ барқыт, қамқа, ши барқыт, жібекжеңсіз камзол мен бешпенттер киетін болған. Сыртқы киімдері кең шапан, ал қыста жеңіл күпі болған. Әйелдердің де, еркектердің де былғары белбеу тағу дәстүрі болған, олар атақты және бай адамдарда алтын және күміс түйіндіктермен және асыл тастармен әшекейленген. Аяқ киімдері биік өкшелі нәзік сахтияннан пішілетін болған. Бас киімдері тақиялар, елтірі жиекті әр түрлі пішімді бас киімдер (бөрік, орамал) болған. Тұрмыстағы әйелдер кимешек киген – ол бетке арналған қимасы бар, басты, кеуде мен арқаны жауып тұратын ақ матадан тігілген жаулық. Кимешектің сыртынан әйелдер (әсіресе егде жастағы) орамалдың бір түрі – жаулық байлайтын болған. Кейде кимешектің орнына арқа мен иықты жауып тұратын үлкен орамал – сұлама орамал пайдаланылған. Көйлектің сыртынан немесе шалбармен бірге жас әйелдер оюмен өрнектеліп кестеленген кең етекті белдемше киген. Жылдың суық кездерінде жылы, барқытпен қапталған шапандар мен қымбат аң терісінен тігілген тондар – ішік киілетін болған. Жалпы ерлердің де, әйелдердің де киімдері алтын және күміс бөлшектерміндетті элементтермен өрнектеліп тігілген, бағалы теріден елтірі компоненттер көптеп қолданылған. Қыздар мен жас әйелдердің киімі бай ұлттық ою-өрнектермен әшекейленген. Әдемі сырттан әкелінген маталар үлкен сұранысқа ие болған. Қазақ қалыңдығының киімі ұзын ақ жібек кестелі көйлектен тұрады. Көйлектің сыртынан қою қызыл барқыттан тігілген бешпент тігіледі, сонымен қатар күміс және алтын әшекейлер: алқа, білезік, жүзік пен сақина және т.б. тағатын болған. Көйлек пен бешпент біртұтас ансамбльді құрап, оны үйлену тойына киетін көне бас киім – сәукеле аяқтайды. Биік, конус тәрізді пішінді, барқытпен қапталған ол асыл тастармен, күміс түйіндіктермен, салпыншақ маржан жіптермен және жақтау, шолпылармен безендіріледі. Салпыншақтардың саны бойынша қалыңдықтың мүліктік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесі анықталған. Еркектер де шекпен – жүннен тоқылған жадағай киім киетін болған, олар қажет болған жағдайда сырт киім ретінде де қолданылған. Ашық ою-өрнекті кестемен кестеленген сәнді ұзын шапан өнер туындысы болып табылады. Кейде композицияның негізін Күнді бейнелейтін шеңбер түріндегі ірі өрнектер құрайтын болған. Тақия немесе кепеш (кішкене бас киім, тақия) – барлық қазақ ерлері киген киім-екшектің маңызды бөлігі болып табылады. Бас киімнің енді басқа түрі – қасқыр, түлкі немесе қой терісінен тігілетін қатаң қысқы жағдайларда теңдессіз тымақ болып табылады. Тымақ малшылардың ортасында әлі де пайдаланылады және құлақшындардың қалдығы болып табылады. Қазіргі уақытта сәнгерлер дәстүрлі киімдерді немесе олардың жекелеген бөлшектерін күнделікті тұрмысқа енгізу үшін белгілі күш жұмсайды.
Қазақтардың дәстүрлі тағамдары негізінен етті және сүтті тағамдардан тұрады. Ет жыл бойғы азық-түлік өнімі болған, оны пайдалану жазда біраз бәсеңдеп, қыста айтарлықтай ұлғайып отырған. Сүт өнімдері де соншалықты кең қолданыста болған: биенің сүтінен – қымыз, түйенің сүтінен – шұбат; қой мен ешкінің сүтінен – құрт (кептірілген ірімшік) дайындалған. Сиырдың сүтінен сондай-ақ айран, қатық, – бидай, тары немесе күріш қосылған ашыған сүт көже дайындаған. Астық және өсімдік өнімдері көбінесе жартылай отырықшы аудандарда пайдаланылған. Қазақтардың ерекше құрметтейтін тағамы бесбармақ болып табылады. Құрметті қонақты ерекше әдіспен дайындалған қойдың басымен сыйлайтын болған. Ол басты бөліп, қонақтарға, үлкендерге, балаларға, жақын және алыс туыстарға деген қарым-қатынастың ежелгі қазақ дәстүрлеріне негізделген ерекше салтын ұстана отырып, оны басқа қонақтарға таратып беретін болған. Етті сорпаға пісірілген жайылған нан бөліктерімен бірге береді. Бұл тағамға қосымша ретінде еттің сорпасы беріледі, ол ағаш немесе шыны тостағандарда ұсынылады. Дастарханға міндетті түрде бауырсақ салынады. Тағамға дәмдеуіштер, әдетте қара бұрыш пен қалампыр қосылады. Шай ет тағамдарының алдында ішіледі. Еуропалық көріністердегіден ерекше сусын барлық ас-шаймен және тәтті-дәмділермен бірге ұсынылады. Әдетте сүтпен немесе кілегеймен бірге құйылады. Тамақтың соңынан қымыз беріледі. Қазіргі қазақ тағамдары тек қана дәстүрлі қазақ тағамдарынан ғана емес, сонымен қатар өзбек, ұйғыр, татар, орыс, украин, корей және т.б. тағамдарынан тұрады. Көкөністен, жемістерден, балықтан, теңіз өнімдерінен көптеген тағамдар, әр түрлі кондитерлік өнімдер дайындайды. Қазақ халқының фольклоры бай және алуан түрлі. Ол батырлық жырлармен, жыраулар (дала ақындары) мен суырып салма ақындардың мұраларымен, сонымен қатар басқа да жанрлардың: ертегілердің, аңыздардың, мақал-мәтелдердің көптеген санымен ұсынылған. Осы рухани мұраның көбісі біздің күнімізге дейін дәстүрлі ауызша поэтикалық үлгіде жеткендігі есте қаларлық. Ежелден бері халықтың рухани байлығын жеткізушілер және өздерінің шеберліктерін ән-поэзиялық жарыстар – айтыста көрсетіп келе жатқан халық ақындары ерекше құрметке ие болған. Бір де бір ірі іс-шара олардың қатысынсыз өтпейтін болған, себебі оларға маңызды оқиғаны бағалаудағы құрметті де жауапты роль жүктелетін болған. Айтыстардың кезінде ақындар әлеуметтік, саяси және мәдени салалардағы халықтың өмірлік мәселелерін көтереді. Орындаушылар өз әндерін ежелгі музыкалық аспаптар – домбырада немесе қобызда ойнаумен сүйемелдеп отырған. Халық арасында «Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қамбар батыр», «Едіге батыр», «Қыз Жібек» және т.б. сияқты ежелгі эпикалық дастандар кеңінен танымал. Жаугерші жыраулар Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберділердің; ежелгі жыршылар – Кетбұғы, Асан қайғы, күйшілер – Қорқыт ата, Құрманғазылардың жекелеген туындылары біздің күнімізге дейін жеткен. Халықтың рухани қалыптасуында оның ұлы өкілдері Әл-Фарабидің, М. Қашғаридың, Ж. Баласағұнның, М.-Х. Дулатидың, Ахмет Яссауидың, Абайдың, М. Өтемісовтың, М. Әуезовтың және т.б. мұралары бүгінгі күні үлкен роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет