Лекция топтамасы «5В011400 Тарих»


Лекция№10. Қазақстанды мекендеген ежелгі және ортағасырдағы көшпелі халықтардың әскери өнері мен қаруы



бет12/18
Дата08.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#98812
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК, ҚМЖ Бернулли формуласы, American journalism, About my dream Тolegenova.B docx (копия), Қaтaң дaуыccыз дыбыстap сессия, Тарих Экзамен жауаптары по билетам
Лекция№10. Қазақстанды мекендеген ежелгі және ортағасырдағы көшпелі халықтардың әскери өнері мен қаруы.
Жоспар:

  1. Сақтардың әскери өнері және қаруы.

  2. Хұн империясындағы әскери өнері, қаруы.

  3. Түрік империясының әскери құрылымы, соғыс өнері және қару- жарағы


Қазақтың дәстүрлі қару-жарақ жасау өнері – қазақтың ұлттық қол өнерінің бір саласы. Бұл өнер саласында ғасырлар бойы көптеген технологиялық әдістер мен тәсілдер дамып, мол тәжірибе жинақталып, сапалы қару-жарақ заттарын жасауда қойылатын талаптарға сәйкес қажетті материалдар түрлері сұрыпталған. Қазақ шеберлерінің қару-жарақ жасауға қолданған материалдары – мал ш-нан алынатын өнімдер және Қазақстан аумағында өндірілетін шикізаттар мен табиғи материалдар болған. Олар – терісүйекмүйізтарамысқара және түсті металдар – теміршойынболаталтынкүмісқорғасынмыс және оның қорытпалары, асыл тастар. Жауынгерлік қару-жарақтарға қойылатын талаптарға байланысты бұл табиғи және өндіріс материалдары физикалық қасиеттері мен оларды өңдеу технологиясына сәйкес қарулардың бөліктерін жасауға пайдаланылды. Материалдың физикалық қасиеттерін жетік білу арқылы оларды өңдеудің көптеген тәсілдерін тауып, оларды жетік игеру қазақ қарушыларына әскери тәжірибе талаптарын толық қанағаттандыратын, жақсы деңгейде жасалған жауынгерлік қару-жарақ заттарын жасауға мүмкіндік берді. Дәстүрлі қару-жарақ жасау технологиясының негізгі үш кезеңі бар: 1) қару-жарақ бөліктерін дайындау; 2) дайын болған қару-жарақ бөліктерін өңдеу; 3) қару-жарақтың бөліктерін беріктеу; 4) қару-жарақты әшекейлеу. Бұл әр технологиялық кезеңнің өзіндік бірнеше әдіс-тәсілдері болды. Қару-жарақ бөліктерін дайындау әдістеріне соғу, құю, қалыптау сияқты технологиялық әдістер жатады. Құйылып, соғылып жасалған қару-жарақтың негізгі бөліктері суару, шыңдау, таптау, қайрау, егеу тәсілдерімен өңделді. Қарудың кейбір бөліктері берік болуы үшін әр түрлі материалдармен қынау, буу, орау, қаптау тәсілдерімен беріктеліп, дымқылдан, кебуден сақтау үшін сырлау, бояу, майға суару тәсілдері арқылы қорғау жабындарымен қапталады. Қару-жарақ заттары қолданылуына, оны қолданатын адамның әлеуметтік дәрежесіне, эстетикалық талғамына сәйкес әр түрлі әдістермен көркемделіп, әшекейленді. Қару-жарақты көркемдеудің негізгі әдістері: алтынменкүміспен қақтаубулау (жалату) әдістері, баспалау тәсілі, сірке салуқарала жүргізу,көгілдір тыныке жүргізу, асыл тастан көз салу. Кейде маржан, меруерттерден де көздер салынды. Теріден жасалған қару-жарақ заттары бедерлі ою-өрнекпен әшекейленді. Қару-жарақ, негізінен, ою-өрнек арқылы әшекейлендірілді. Дәстүрлі қару-жарақта қолданылатын ою-өрнектер бірнеше қызмет атқарды. Бірінші – магиялық қызметі, қарудың сес арттырып, иесін қарсыласының қаруынан қорғау. Екінші – коммуникациялық қызметі, жауынгердің әлеуметтік статусының айыру белгісі, жалпы этноайыру белгісі болу. Үшінші – эстетикалық қызметі, әсемдік қару-жараққа көркемдік сипат беру. Әскери қарулардың соғыс сипатының өзгеруіне байланысты дәстүрлі қару-жарақ қолданыстан шықты да, оған сұраныстың жоғалуымен бірге, қазақтың бұл дәстүрлі өнері дамымай қалды, оның бүгінге тек жұрнағы ғана жетіп отыр.
Қазақ әскери өнері түгелдей көне түркілердің әскери өнеріне негізделген.
Көне қазақ тайпалары әскери соғыста оң қанат, сол қанат, орта (қол) болып шеп құрған. Көшпелілердің әскери құрылымы мынадай: кезілуші — бұл алдыңғы шеп, әскердің алдында жүреді; тосқауылшы — орта буындағы шеп, бұл шеп ханды ортаға алып жүреді; әскердің енді бір бөлігі салықшы деп аталып, әскердің азық-түлік, шаруашылық бөлігін құрайды. Қазіргі тілмен айтқанда тыл әскері.
Әскердің сан жағынан ең кіші бөлігі «ондық» аталады да, ондықтардың тағы да оны қосылым «жүздік», он жүздіктен «мыңдық», олардың оны «түмен» (он мың әскер) құрайды.
Хандардың, әскербасыларының жеке байрақтары болған. Соғыста байрақты алып жүретін адамдарды «байрақшы» дейтін. Байрақшы, әдетте, қолбасшының маңайында жүретін. Қолбасшы не хан, бұл байрақтармен әскерге түрлі белгілер беріп басқарған. Белгілі қазақ батырларының байрақтары кейінгі ұрпақтарына дейін жеткен.
Байрақ көне қазақ әскери түсінігі бойынша хандықтың, әскери лауазым, дәрежелік белгісі. Көне замандағы байрақтардан бізге сарматтардың айдаһар басты байрағы белгілі. Негізінде, байрақ аттың құйрық қылынан, мата баудан (лентадан) жасалады.
Көне түркілерде, кейін қазақтарда тy да болған. Ту — жауынгерлік рухты, күшті білдіретін рәміз. Ту үлкен матадан түсті желек түрінде жасалып, найза сабының бас жағына тағылатын. Дегенмен кейінгі қазақтарда байрақ пен ту ұштасып, ұласып, бір ұғым болып кеткен. Үмбетей жыраудың «Бөрілі байрақ ұраным» деуі қазақта бөрілі байрақтың ту етіп көтерілгендігін көрсетеді.
Қару түріне қарай әскер садақшылар, найзагерлер, айбалташылар, қылышкерлер болып бөлінген. Ал шоқпар, күрзімен айқасатындарды балуандар деп атаған. Осындай топтың болғанын Абылай хан әскерінің тарихынан көреміз. Мұндай бөлінісКенесары әскерінде де болған.
Көшпелілердің әскер бөліктерін құру әдістері осымен шектелмейді. Сонымен қатар ханның ордасын, жеке басын қорғауға арналған жақсы қаруланған, соғыс ісін жақсы меңгерген, құрамында атақты батырлары бар ханның жеке гвардиялық әскер бөліктері де болды. Айқас кезінде әскерді басқару үшін, оған дыбыстық белгілер беру үшін әскер құрамында керней, сырнай, дабыл, дауылпаз ойнайтыи музыканттар тобы да болған.
Қазақта «ер қаруы — бес қару» деген сөз бар. Ол бес қаруға aтy қарулары (садақ, жақ, жай), түйрегіш қарулар (найза, сүңгі, жыда), кесу қаруы (қылыш, семсер, сапы), шабу қаруы — айбалта, соғу қаруы (шоқпар, гурзі) жатады.
Қосымша қару-жарақтарға қанжар, кездік, арқан жатады. Қанжар (кездік) ертедегі сақ, түрік тайпаларында кездеседі. Олар көбіне семсер, сапылардың кішірейтілген түрі. Айқас кезінде жау әскеріне арқан тастап, аттан құлатып сүйретіп те әкететін әдіс болған.
Қару атадан балаға мұра болып беріледі. Ер жетіп алғаш рет ел қорғауға шыққан жас батыр әкесінің, не атасының қаруынсандықтан алып беліне таққан.
Қорғаныс құралдарына сауыт, дулыға, қалқан жатады. Сауыттың көбе сауыт, кіреуке сауыт, берен сауыт, қаттама сауыт, жалаңқат сауыт, торғауыт сауыт деген түрлері бар. Көбе сауыт тырнақтың көбесі сияқты металл тіліктерден бір-бірін бастыра бекіткен сауытты айтады. Кіреуке сауытқа темір торлы сауыт жатады. Ол темір шығыршықтардан тоқу, өру арқылы жасалады.Берен сауыт болат темірден жасалатын өте мықты сауыт. Қаттама сауыт матадан бірнеше қабатталып, сырылып тігілетін сауыт. Бұл әрі жылы киім. Торғауыт сауыт бірнеше қабат қалың теріден тігілетін сауыт. Ол бірнеше бөліктен тұрады. Бір бөлігі саннан мойынға дейін жапса, екінші бөлігі арқаны, үшінші, төртінші бөліктері екі қолдың үстіңгі жағын жабады. Әр бөлік денеге қайыс баулармен бекітіледі. Мысалы, жырда айтылатын «тоғыз қабат торғауыт» деген сөз бірнеше қабат теріден жасалған сауыт дегенді білдіреді.
Сауыттармен қатар кеудеге, арқаға, иыққа дөңгелек болат тақталар байланатын. Осындай қорғаныс құралын шарайна деп атаған.
Дулыға — басты қорғайтын бас киім. Олардың бөрік пішіндісі, қалпақ пішіндісі, телпек (тақия) тәріздес және күләпара пішіндес түрі болады.
Қалқан да ертеден келе жатқан құрал. Ол сақтардан бері белгілі. Ат үстінде соғысуға арналған көшпелілер қалқаны кішкене, жеңіл болып келеді.
Бұлардан басқа адамның ашық қол-аяғын қорғайтын сауыт, атты қорғайтын ат сауыты да аса жиі болмаса да ерте қазақтарда кездесіп тұрған. Сонымен қатар сонау сақтардан бастау алып, кейінгі қазақтарға дейін жеткен ат томағасы да бар. Бұл ат басының маңдай алдын, екі шекесін, төбесін жауып тұратын қалқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет