Ұлы даланың КӨне қаласы сығанақ Орындаған



бет7/8
Дата08.02.2022
өлшемі5,14 Mb.
#120815
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мақсат А ғылыми жұмыс Cығанақ
африка
III. Қорытынды

«Қасиетті Қазақстан» жобасы - туризмді көркейтудің қайнар көзі.


Әлемді таңдандырары анық ашық аспан астындағы мұражай ұйымдастыруға лайықты бұл бірегей қала Қазақстан халқы мен ғалымдарының қызығушылын тудыруда. Енді ежелгі Сығанақ қаласын Ұлы Жібек жолы бойындағы туризм инфрақұрылымына қосып, елімізге аса маңызды да керек тарихи - мәдени мұражайға айналдыру міндеті туып отыр.
Бәрімізге белгілі Сығанақ қаласы қазір Сунақ - Ата ауылы болып табылады. Бір кезде Шиелі, Жаңақорған бір болғанын ескерсек, оның Ұлы Жібек Жолында орналасқанын пайдалансақ бұл қасиетті қала, әлі талай тарих тұңғиығынан тіл қатары анық.
Сығанақ қаласы Қазақ хандығы үшін үлкен әскери-стратегиялық мәнге ие болды. Дешті Қыпшақ тайпалары үшін Сығанақтан айырылу жартылай тәуелсіздіктерінен айырылумен бірдей болатын. Оның екі себебі бар еді:
Біріншіден, Сыр бойындағы жақ­сы қыстаулардан айырылып, шап­қы­н­шылық қаупі жиі төніп отырар еді.
Екіншіден, бүкіл аймақтағы сауда айырбас Мәуеренахр билеушілерінің қолына көшкен болар еді.
Сыр бойындағы Түркістан, Сығанақ, Сауран сияқты қалаларда тұрған халықтың отырықшылыққа да бейім болғандығын зерттеу жұмыстары көрсетіп отыр. Сол себепті көшпелі салтты жалаулатып, бұл қалаларды қазаққа жат етіп көрсетуге жол берілмеуі керек. Сығанақ қаласы қазақ халқының көне қаласының бірі, төл мәдени мұрасы. Сондықтан да ғасырлар бойы ірі саяси орталық ретінде өшпес із қалдырған осынау көне шаһар әлі де тыңғылықты зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе көптеген әдебиеттер арқылы жұмыстың мазмұнына және Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің PHD докторы, доцент кандидатын атқарушы Сыздықов Бақдаулет Сапарбайұлының әңгімелері арқылы қазіргі жағдайына көз жеткіздім. Дәл қазіргі уақытта Сығанақ қаласы төмпек астында қайнаған сыр, сарғайған тарихымыздың құпиясын тығып сіресіп жатыр. Бір кездері гүлденіп тұрған Сығанақ қаласы дәл қазіргі уақытта, өзінің бұрынғы мұрагеріне бүтін жетпей, тек үйінділер ғана қалған.
Осы орайда, Сығанақ қаласына туристер келуге жағдай жасалса, интернет арқылы бүкіл дүние жүзіне насихаттауды ойластырып интернеттік жобалар дайындалса, сайын даласындағы мыңдаған асыл мұралардың жаңа ғасыры басталары хақ. Осы жәдігерлерімізді бар әлемге осылайша насихаттасақ, ұтылмаймыз деп ойлаймын. Сонымен қатар Сығанақ қаласына, аймақ қалаларына жүргізілетін археологиялық жұмыстар нәтижесінде осы қаланың маңызы мен рөлін одан әрі арттыра түседі деген ойдамын.
Ұсынысым:
1. Археолог ғалымдар жүргізген жұмыстары деректі фильм ретінде жиі түсіріліп отырса;
2. Сығанақ қаласына туристер келуге жағдай жасалса;
3. Интернет арқылы бүкіл дүние жүзіне насихаттауды ойластырып, интернеттік жобалар дайындалса;
4. Сығанақ қаласы қоршалып, тақтайлар қойылса, ондағы тұрған бейіттер түгелімен алынса деген ұсынысым бар.
Мені толғандырған мәселе: Орта ғасырдағы Сығанақ қаласының қазіргі жағдайы және орны. Себебі ондағы бейіттер әлі де толық алынбаған. Қорғанның жоғарғы бөлігі қоршауға алынбаған. Киелі орындарды ардақтау, әрбір адамзаттың, әрбір мұсылманның міндеті екенін есімізден шығармағанымыз жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет