Ұлы даланың КӨне қаласы сығанақ Орындаған


Сығанақ қаласындағы Сунақ ата мешіті



бет6/8
Дата08.02.2022
өлшемі5,14 Mb.
#120815
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мақсат А ғылыми жұмыс Cығанақ
африка
2.3. Сығанақ қаласындағы Сунақ ата мешіті

Сунақтың жері жұмақ дала бағы


Перзенті періштедей дара бәрі
Жаны мен тәні таза мұндай ұрпақ
Тек қана құштарлықтан жаралады
Сейіліп көңілдегі көп күдігім
Менің де шаттанатын жетті күнім
Осында көргендеймін даламыздың
Ертегі, сұлулығын, тектілігін.
(Ф.Оңғарсынова)
1132 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Бүгінде әңгімеміз Сыр бойының сырға толы Сығанақ қаласында туып өскен, өмірін сол жерде дін жолына арнап өткен. Сығанақ – Сунақ қаласынан шыққан һиссамиддин жайында болмақ. Сунақ ата мұсылман ілімін жетік біліп, өзінің «Нихая» құнды еңбегін жазады. Алыс – жақын мұсылман елдеріндегі университет қабырғаларында бабамыздың осы кітабы бойынша дәріс оқылады екен. Сунақ ата Сығанақ қаласында медресе ұстап, мешіт салдырады. Халықты исламға баулиды. Мұсылманшылыққа шақырып дінге кіргізеді [13].
Сығанақ қаласы ертеректе еліміздің үлкен мәдени ошағының бірі болды. 1219 жылы Жошы хан әскері Сығанақты жаулап, оның қорғанаң қиратады.100 жылдан соң Сығанақ қайта қалпына келіп, гүлденеді. Онда талай қазақ хандықтары өткен. Һиссамиддин (Сунақ ата) Арабтың құрайыш тайпасының Тайм руынан. Пайғамбарымыз Мұхамедтің қайын атасы, төрт халифтің алғашқысы, Әбу Бәкір Сыдықтың он алтыншы ұрпағы. Ол – қазақ даласына хақ дін Ислам дінін насихаттаушы. Кезінде Қожа Ахмет Яссауидің имамы болып, қызмет атқарған. Һиссамеддин құлдар қорғаушысы. Дінге берілген муфти, сол заманның имамы болған. Қожа Ахмет Яссауидің жиналыстарына, бас қосуларына қатысып отырған. Баба өзінің кемеңгерлік ісімен қазақ халқының және еліміздің түкпір-түкпіріндегі басқа да ұрпақтарына шындығы мен аңызы араласа жеткен Ұлы бабамыздың бірі. Өзінің 67 жылдық ғұмырын исламға арнап Сунақ ата Ұлық халифтің ұрпағы болатын. Исламды рухани енем етіп, Құранды көтере келген төрт халифтің біреуі Әбу Бәкір Сыдықтың ұрпағы Сейхундария жағалауына осылайша жетті. Олар мешіт – медресе салып, кітапханалар ұйымдастырып отырып, өнер мен білімнің де нұрын шырақ етіп ала келді. Сол замандағы ғылымның барлық саласы үлкен «Отырар» кітапханасынан бастау алып, жол тауып сусындап жатты. Сунақ ата осы кітапхананы басқарған соңғы ғұлама. Ол өлген соң 20 жылдан кейін Қайыр ханның тұсында Отырар қаласы жер мен жексен болып, ең бай кітапхана өртеніп кетеді [14].



Сурет 13-14. Қазіргі Сунақ ата кесенесі

Заманында Александрия кітапханасымен дәрежесі қатар саналатын осы бір ғажайып білім ордасының байлығына таң қалмасқа болмайды. Бұл екі кітапханада араб мәдениетінің діндес, тілдес, ұрандас өркениетінің жемісі еді.


Сунақ ата ұрпақтары нәрдің сонау тарих қойнауынан, тереңнен алған жапырақ жайған бәйтерек іспеттес. Сунна ілімі Мұхаммед пайғамбарымыздың айтқан сөздерін өнеге етіп, діни тәрбиеге ұстанса, ұлы ғұлама ақын Қожа Ахмет Яссауидің есімін ұранға айналдырған. Сунақтар бұрын Жаңақорған, Түркістан, Ташкент жерлерін жайлаған болса, бүгінде елдің әр шартараптарында өркендеуде. Өздерін «қазақпыз, оның ішінде қазақтың сунағымыз», - дейді. Көзі тірісінде Сунна жолын насихаттаушы, Сунна масхабын қуушылардың атасы атанған. Сунақ ата Сыр бойында білім шамшырағын жаққан Ұлы ғұламалардың бірі. Сығанақ монғол шапқыншылығына дейін үлкен Жібек жолы бойында жатады. Үлкен сауда әрі мәдени орталықтардың бірі болады. Қала Х –ХІІІ ғасырда Сунақ деп аталған, кейін Сығанақ деп өзгерген.
Сығанақта бірінші рет һиссамидин Сығанақиға арналған үлкен ғылыми жиын болып өтті. Халықтан жиналған қайырымдылық қор есебінен үлкен Сағана (кесене) тұрғызылған. Бұл іске сол жердің өкілі Шазында Қарақожаев басшылық етті. Ұлы Жібек жолы бойындағы кесененің мен мұндалап тұрғаны бәрімізге мақтаныш, әрі құрмет, әрі тірек. Қазақта «ел боламын десең бесігінді түзе» демей ме. Істелген тірек осы ұлағатты сөзден туындаса керек. 1992 жылдың 31 қаңтарында бабаның 870 жыл толуына орай баба рухына бағышталып, ас берілді. Сунақ ата Орта Азияда Таштанидтен кейін ғұлама атағын алған, әйгілі дін өкілі. Баба қазақ даласының айлығы атанған Ақ Орда астанасы – Сығанақ 1199 жылы өмірден озды. Ол кейінгі ұрпаққа өшпес мұра, даңқ қалдырды [15].
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында есепке алынған республикалық маңызы бар тізімге алынған ескерткіш төртеу. Олар: Сығанақ қаласы, Айқожа кесенесі, Ақтас мешіті, Қарасопы кесенесі. 
Сунақ атаның тарихи кесенесі сақталмаған, бұл ескерткіш қазіргі уақытта салынған. Жаңа кесене жоспары тікбұрышты, көлемі 8х9 м. Кесененің биіктігі 7 м. Бір камералы, бетшелі-күмбезді құрылыс. Бетшесі оңтүстікке бағытталған, кейбір кірпіш қаландылары сәнделіп салынған. Кіретін аузы арка етіп жасалынған және ерекшелігі есігінің кесене құрылыстарына тән еместігі, яғни көлемі үлкен. Кішкене барабанға орнатылған күмбез конус тәрізді пішінде. Сыртқы қабырғасын төрт қатардан тұратын карнизі бар. Кесенеге іргетасқа отырған тас плиткалардан төселген баспалдақ апарады. Негізі блоктарға бөлінген, ол кезегінде техникалық салмақты көтеріп қана қоймай, этикалық сұлулықты да беріп тұр.
2.4 Сығанақ қаласына өзіндік ғылыми зерттеу жұмыстары

1465 жылы құрылған тәуелсіз Қазақ хандығының 120 жыл бойы елордасы Сығанақ болғаны белгілі. Қазақ хандығының жауһары, Ұлы Жібек жолының негізгі саяси әрі сауда орталығы болған – Сығанақтың сырлары бүгінгі таңда толық ашылған жоқ. 555 жыл бұрын тігілген Тудың тұғырын биіктетіп, қазақ халқының ұлы мұрасы – Сығанақты тарихтағы өз орнына қондыру сала ғалымдарының міндеті әрі парызы екені анық. Бұл тұрғыда, бабалар мирасын жас ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің археолог ғалымдары Сығанақты зерттеуде елеулі еңбек атқарып келеді.


Зерттеу жұмысыма жеке ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу мақсатында, ежелгі Сығанақ қаласының орнына барып қайттым.


Сурет 15. Сығанақ қаласына ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің PHD докторы Сыздықов Бақдаулет Сапарбайұлымен


Осы Сығанақ қаласына ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің PHD докторы, доцент кандидатын атқарушы Сыздықов Бақдаулет Сапарбайұлымен кездесіп, сұхбат алу мүмкіндігі туды, қазақ хандығының екі рет астанасы болған Сығанақ қаласының тарихы және ХҚТУ-дың Сығанақ қаласында 17 жылдан бері жүргізіп келе жатқан зерттеу және архелогиялық қазба жұмыстары жөнінде сұрап білдім.
Сұхбатты Бақдаулет Сапарбайұлы Сығанақ қаласының тарихынан бастады: «Сығанақ қаласының тарихына келетін болсақ, Ұлы жібек жолының бойында орналасқан Қазақ хандығының маңызды қалаларының бірі болған. Бұл қала сонау қыпшақтардың кезінде, одан ерте кезде қаңлылардың кезінде бой көтерген қалалар деп ғалымдар айтып кетті. Қазақ хандығының алғашқы астанасы – Сығанақ қаласының зерттелу тарихына келетін болсақ, кешегі күннен бастап зерттелініп келе жатыр. Сонау, XIX ғасырдың басынан, 1800 жылдар тұсында патшалық Ресей саяхатшылары бұл қалаға келіп өздерінің барлау жұмыстарын жүргізген. 1867 жылы археолог П.И.Лерх Сығанақтың орналасқан жері ту­ра­лы ақпарат жинақтаған, ал 1895 жылы Таш­кент қаласында құрылған әуесқой археологтардың Түркістан үйірмесінің мүшелері Сығанақ қаласының тарихи топографиясына кеңінен тоқталды. Үйірме мүшесі Е.А.Смирнов 1897 жылы Сырдарияның орта және төменгі ағысында орналасқан ескерткіштерді зерттеп, Сунаққорғанды (Сунақ атаны) ортағасырлық Сығанақ қаласы деп белгіледі. 1899 жылы В.А.Кал­лаур оның топографиясын сипаттап, жобасын түсірді.
Кеңес заманында Сығанақ қаласын зерттеу жұмысы қарқынды болмаса да, жүргізіліп отырды. 1927 жылы А.Ю.Яку­бовский мен Б.П.Тризна, Шымкент облыс­тық музейінің меңгерушісі И.К.Шпота Сығанақ қалашығында болып, оның топографиясын зерттеп, қала туралы көлемді ғылыми мақала жазады. 1947 жылы профессор А.Бернштам бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы Сығанақ қаласында зерттеу жүргізіп, оның жобасын қайта түсірген және қала б.з.б. қаңлы дәуірінен бері өмір сүріп келе жатқандығы туралы жазған – деп айтты.
«Ортағасырлық Сығанақ қаласының шығыс қақпасы өзіндік архитектуралық ерекшелігі бар құрылыс. Осы құрылысқа жасалған қазба жұмыстары 2011-2013 жылдар аралығында жүргізілді. Қазба барысында аспалы көпірді көтеріп түсіретін тастан жасалған механизмі ашылды. 2015 жылы зерттеу жұмыстары негізінен қалаға кіреберіс, яғни көшенің табанын анықтау мақсатында шығыстан батысқа қарай үш бағытта қазылды. Зерттеу жұмыстары ба­рысында солтүстік-шығыс бөлігінде қа­рауылхана қалдықтары ашылды. 2016-2018 жылдары аралығында негізгі қазба жұмыстар қаланың солтүстік-шығыс қақ­па кешенінде жүргізілді.






Сурет 16-18. Сығанақ қаласы жайлы мәліметтер алу барысы, қаланың құрылысымен танысу

Университет археологтарының бұл жетістіктері Қызылорда облысының сол кездегі әкімі Қ.Көшербаевтың тікелей қолдауы және бастамасымен аяқтанған жұмыстың нәтижесі екенін айтқан жөн. Сол ізгі бастама арқылы шағын гранттар бөлініп, қазба жұмыстары жүргізілді. Олар Қызылорда облысының қазіргі басшысының қолдауымен бүгінгі таңда да жалғасын тауып келеді. Жалпы алған­да, Сығанақтың жаһандық өркениет ақтаң­дақтарын толтыруға орасан үлес қо­сары сөзсіз. Сондықтан да, әлемдік архео­логиялық ғылым қауымдастығының Сығанаққа деген қызығушылығы өте жоғары. Мұның дәлелі – 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік уни­вер­ситеті мен Халықаралық Орта Азия­лық зерттеулер институтының (ЮНЕСКО) Д.Воякин бастаған ғалым­дарымен бірлесе археологиялық экспедицияға шығып, ортағасырлық Сығанақ қаласының көне қорымында зерттеу жұмыстарын жүргізді және төрт кесене орнын ашып зерттеді.


Қазба жұмыстары барысында сәу­лет өнері құрылыстары, алынған антропо­логиялық материалдар барынша мұқият зерттелуде. Бұл кесенелер ХІІІ-XV ға­сырға тән деп мерзімделеді.
Еліміз егемендік алғаннан бергі 29 жыл ішінде өткен тарихымызды зерт­теу, ауқымды жұмыстар жүргізу мәсе­лесі біршама жолға қойылды деуге болады. Әйтсе де, қазақ халқының ұлы мұ­расы – Сығанақты ел тарихындағы лайықты орнына қою үшін әлі ауқымды жұмыстар жасалуы қажет. Бұлардың қата­рында, Сығанақ қаласын да тарихи-ескерткіштер орталығы ретінде жанда­нуына және аспан асты мұражайға айналдыру мәселесі бар. Сығанақ қаласының ашық аспан астындағы мұражайға айналуы халқымыздың тарихындағы мәңгі өшпес ұлттық құндылығымыз, мәдени мұрамыз болып қалатындығы сөзсіз. Со­нымен қатар Сығанақтың барлық айма­ғын әрі қабатын егжей-тегжейлі зерттеу Қазақ хандығы туралы толық әрі ашыл­маған мәліметтерді табуға мүмкіндік береді – деп Бақдаулет Сапарбайұлы Сығанақ қаласы туралы көптеген мәліметтерді айтып, маған Сығанақ қаласының құрылысын көрсетті, ондағы шығыс қақпасының екі мұнаралы болғанын айтып, қосымша мұнараларды көрсетті.
Өкінішке қарай, бұл бағыттағы жұмыстарға мемлекеттік қолдау мөлшері аз. Қазіргі таңда, ортағасырлық Сығанақ қаласында жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеулер Қызылорда облысының қолдауы және ХҚТУ күшімен атқарылып отырғанын атап өткен жөн. Аз қаржымен ауқымды жұмыс атқару мүмкіндігі жоқ екендігі мәлім. Сондықтан да Сығанақтың сырларын әзиз халқымызға ашу және қазақ тарихындағы маңызды орнына жеткізу үшін жүйелі әрі қомақты мемлекеттік қолдау керек деп ойлаймын. Одан да дұрысы, Сығанақтағы археологиялық зерттеулерге бағытталған және Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, Халықаралық Орта Азиялық зерттеулер институты (ЮНЕСКО) және Қожа Ахмет Ясауи университетінің, сонымен қатар Қызылорда облысы мен шетелдік жетекші археологтардың қатысуымен іске асырылатын мемлекеттік ғылыми мақсатты бағдарлама қажет деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет