Ұлы даланың КӨне қаласы сығанақ Орындаған



бет3/8
Дата08.02.2022
өлшемі5,14 Mb.
#120815
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мақсат А ғылыми жұмыс Cығанақ
африка
I. Кіріспе
«Қазақ тарихында 3 бірдей астана Сыр бойында жатыр.
Оғыз дәуіріндегі Жанкент, Ақ Орда заманындағы Сығанақ,
Кеңестік кезеңдегі Қызылорда. Осылардың қай-қайсысы да
қазақтың мемлекеттігін нығайтуда өзіндік із қалдырған.
Н.Ә.Назарбаев


Зерттеудің өзектілігі.
Сыр өңірі ежелгі заманның өзінде бір жағы батыс екінші жағы шығыс елдерінде өзінің ұшан-теңіз кендігімен, шалқар байлығымен, сәулеті жағынан таң қалдырған қалалармен, саудасының өркеудеуімен, ғылымның дамуымен мәшһүр болып, табиғаты көз тоймас сұлулығы мен елден елге тарады. Ұлы Жібек жолынан өткен қаншама саудагерлер, жихангездер әрбір төбешігіне дейін қаншама ғибратты шежіре - сырға тұнып тұрған бұл өңір туралы тамсана айтып, көргендерін қағаз бетіне түсіреді. Шете де шегі де таусылмайтын көкжиекпен атасып, созылып жатқан бүгінгі қазақ даласының кең-байтақ сыр өңірі ежелгі ата-бабаларымыздың құтты тұрағы.
Сыр жері - сыры ашылмай жатқан қалалар, әруақты бабалар мекені. Бізге жеткен аңыздарды айтпағанда, сонау заманда жазылған, сирек кездесетін жазбаларды алсақта, бұл өңір тарихының мейлінше бай екенің көреміз.Бүгінгі қазақ тарихына байланысты айтылған жазба ескерткіштердің қай-қайсысы болсын Фараб, Шауғар, Сауран, Жаркент, Жент, Баршынкент, Сығанақ секілді Сыр бойындағы қалаларда мыңдаған халық тұрып экономикалық және мәдени дамуының жоғары болғандығын айтады [1].
Сырға толы Сыр бойында аты аңызға айналған қалалар мен қатар киелі жерлер де көптеп кездеседі. Атап айтқанда Ақтас мешіті, Қасым ата кесенесі, Көккесене күмбезі, Сығанақ қаласының тарихта алар орны ерекше.
Осы кезге дейін жұмбағы ашылмай келе жатқан көне шаһарлардың бірі – Сығанақ. Сондықтан да ол туралы айтылатын әңгімелердің аңыздық, болжамдық сипаты басым. Тарихта Сығанақ қаласы қазақтың алғашқы мемлекеті – Ақ орданың астанасы болған. Қазақстанның киелі жерлерінің картасына еліміз бойынша таңдалып алынған 100 қасиетті орындардың тізіміне облыстан 12 ескерткіш енгізілсе, соның бірі осы Сығанақ қаласы.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» екендігін ескере отырып, тарихи орынға бағыт алдық. Жаңақорған ауданына қарасты Сунақ ата елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 2 шақырымдай жерде орналасқан Сығанақтың адам бойына рухани азық сыйлайтын қасиетті мекен екені белгілі. Қыпшақ даласының қақпасы атанған бұл жер Қазақстанның киелі жерлері картасына да енгізілген [2].
Елдің өткен тарихын білу – әр ауданды туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтіні сөзсіз. Олай болса, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы туған елінің, туған өңірінің, шежіре сырға тұнып тұрған, әрбір төбесі мен өзінің өскен ауылының тарихын білу керек. Ауылдың, ауданның, облыстың өңірдің тарихын білмей еліміздің тарихын білу мүмкін емес.
Ежелгі түркі тайпаларының атажұрты болып табылатын Сыр өңірінде өткен уақыттың бедерлі іздері тайға таңба басқандай сайрап жатыр. Оған тарихи мәліметтер мен жазба деректер дәлел бола алады. Бойына сан мың жылдардың сырын бүккен қалашықтың құндылығын зерттеу, ұлы қазақ даласына кеңінен танымал, қазақ мемлекетінің қалыптасуында өзіндік тарихи орны бар көне Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан Сығанақ қаласын халыққа таныту, оны кейінгі ұрпаққа насихаттау зерттеу жұмысының негізгі алғышарттары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет