Ұлы даланың КӨне қаласы сығанақ Орындаған


Сығанақ қаласында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері



бет5/8
Дата08.02.2022
өлшемі5,14 Mb.
#120815
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мақсат А ғылыми жұмыс Cығанақ
африка
2.2. Сығанақ қаласында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері

Археологиялық ескерткіштердің бүгінгі таңда ешбір хабар - ошарсыз жоқ болып, азайып бара жатқаны халқымыздың өткен дәуірлердегі тарихы іспетті жер астында жатқан деректердің мүлде жоқ болып бара жатқандығын көрсетеді. Әсіресе, жерді жеке меншікке сату мәселесінің жолға қойылуы ондағы ескерткіштердің мүлде жойылуына әкеліп соғады.


Ал біз сөз етіп отырған атақты Сығанақ қаласы да мүлдем жойылудың аз-ақ алдында тұр. Өйткені, қала маңындағы елді мекендердің тұрғындары қаза болған адамдарын қаланың үстіне жерлеп, оны қорымға айналдырған. Егер қала өзінен – өзі ұзақ жылдардың әсерінен бұзыла бастаса, оны археологиялық зерттеу жағынан ғылыми жолмен қалпына келтіруге болады. Ал егер оның үстіне адам жерленіп қала зират орнына айналса, оны зерттеп, қалпына келтіру мүмкін емес. Біз қалаға зерттеу жұмысын бастаған кезімізде осындай қиындықтарға тап болдық. Қаланың солтүстік-шығыс жағы сондай зиратқа айнала бастаған.
Жазба деректерге көңіл бөлетін болсақ, қала тұрған аймақта біздің дәуірімізден бұрынғы VІІ-ІV ғасырларда, яғни антикалық дәуірде массагет сақтар өмір сүрген. Ал олардың орның басқан қаңлы тайпалары мемлекеттік дәрежеде ғұмыр кешті. [9] Қытай деркетерінде қаңлылардың мемлекеті бес олбыстан тұрған. Ал Сығанақ қаласы тұрған ел Сусе облысының жері болған. Бұл облыс Сырдың орта ағысы болып есептелінген. Ал бұл кезде қаланың орнында алдынғы дәуірден қалған қоныс болды ма?
Ол жағы белгісіз. Ол тек қалаға қазаба жұмысы жүргізілгеннен кейін астынғы мәдени қабатқа жеткеннен кейін ғана анықталады.
Бір айы бойы қазба жұмысы қаланың 3 жеріне жүргізілді. Бірінші қазба қаланың шығыс жағындағы зиратқа айналып бара жатқан жердің шетінен сыртқы қорғаныс дуалына тақап алынды. Қазба жұмысын шетінен басталудың бірінші себебі, қазба кезіндегі үйлердің құланды топырақтарын қорғанның сыртына шығаруға қолайлы болуы. Ал, екіншіден, адам жерлеуді тоқтату. Қалаға зерттеу, қазаба жұмысының басталғандығын көрген жұрт мұнда адамдарын жерлеуін тоқтатар деген үмін бар. Қазба жұмысының кезінде аумағы 25 шаршы метр жерден тереңдігі 80 см жерден ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар арасында қалада өмір сүрген тұрғындардың екі үй – жайының орны ашылды. Екі тандыр ошақ, олардың алдындағы шайынды, жуынды су төгетін орындары белгілі болды. Күнделікті тұрмысқа қажетті сырланған, сырланбаған көзе сынықтары табылды.
Олардың ішінде ас ішуге, ас дайындауға, астық сақтауға т.б. жұмысқа қажетті күбі көзелер алынды.




Сурет 7-10. Ежелгі Сығанақ қалашығынан табылған қыш құмыралар

Бұлардың ішіндегі бағалысы тандыр ошақтың алдынан табылған ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда жасалған теңгелер. Ас бөлмедегі ошақ төңірегін тазалағанда өртенген бидай, асбұршақтың қалдықтары және ошақтың алдынан қолдирменнің тасы табылды. Оның үстінгі тасының бетіне өрнек салынған. Өрттің қатерлі болғандығы соншалықты қажетті бұйымдарды тұрғындар әкетіп үлгермеген. Біздің шамалауымызға қарағанда, бұл өрт «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның» кезінде болған. Бұл кезде 1723-1726 жылдары Жоңғар шапқыншылығы бүкіл Оңтүстік Қазақстанды басып өткен [10].


Үшінші қазба қаланың Солтүстік-Батыс жағалауы жағындағы қалаға кіретін екінші қақпаға қарама-қарсы 100 метр жерде, Рабадтың шетіндегі төртбұрышты қызыл кірпіштен жасалған бір ғимараттың төбе болып бұзылып жатқан кірпіштерін тазалағаннан кейін ғимаратың төрт бұрышты 12х14 метр аумағы белгілі болды. Батыс жағындағы қабырғаны Құландыдан тазалағанда, сыртқы жағынан қабырғаға тақап осы ғимараттың кірпішіне ұқсас табыт жасап жерленген ересек адамдар мен бабалардың мүрделері кездесті. Бас жақтары солтүстікке бағытталған. 
ХV ғасырда Ұрыс ханның ұрпағы Барақ хан мен Әмір-Темірдің ұрпағы Ұлықбек арасындағы талас-тартыс толастамаған. Сонда Барақ хан өзінің Ұлықбекке жолдаған хатында «Менің атам Ұрыс хан Сығанақта тұрып, онда құрылыс орындарын салғандықтан Сығанақ жайылымдықтары заң бойынша да, әдеттік құқық бойынша да маған тиісті» дейді.
Екінші қазба жұмысы қаланың шығыс жағындағы Рабатқа кіре беріс жердегі кішкене бір төбешікке жүргізілді. Бұл жерден 3 бөлмелі үйдің орны тазаланды. Бөлмелердің еденің тазалау кезінде өрттің әсерінен үйдің төбесі құлап еденге түскендігі бірден байқалады [11].

Сурет 11-12. Ежелгі Сығанақ қалашығынан табылған күйдірілген қыш, өрнектелген қыш жапсырмалары

Үшінші қазба кезінде бұзылып жатқан кірпіштерін тазалағаннан кейін ғимараттың төртбұрышты 12х14 метр аумағы белгілі болды. Батыс жағындағы қабырғаны құландыдан тазалағнда, сыртқы жағынан қабырғаға тақап осы ғимараттың кірпішіне ұқсас кірпіштан табыт жасап жерленген ересек адамдар мен бабалардың мүрделері кездесті.


Бас жақтары солтүстікке бағытталған. Жерленген адамдардың жандарында ешбір бұйымдар қойылмаған. Мәйіттер шалқасынан жатқызылып, екі қолдары жамбастарының жанына қойылған. Ал ғимараттың ішін тазалағанда, батыс жағынан екі бөлме ашылды, ауыз бөлмеде ешбір құрылыс жүйелері байқалмайды. Ал түпкі бөлмеден қызыл кірпіштен жасалған екі табыт табылды. Бөлменің түпкі жағындағы табыт еденнен 25 см ғана биіктеу болса, бөлменің кіреберіс жағыдағы табыт еденнен 67см биік. Табыттардың бірі биік бірі аласа болуы әзірше түсініксіз. Табыттың құрылысы Түркістан ғимаратындағы Қ.А.Яссауидің табытындай. Бірақ бұл табыт кірпіштен жасалған. Алайда, бұлардағы айырмашылық-Яссауидің табытының бас жағы батысқа, құбылаға қаратылған. Ал Сығанақта ашып зерттеп отырған екеуі де солтүстікке бағытталған. Екі бөлменің арасыындағы қабырғаның ауызғы бөлме жағындағы бөлме бойында түпкі бөлмеге кіретін есігіне жақын жерде еденнен 30см биіктікке шырақ қоятын ойық бар. Ойықтың үстіңгі жағы май шырақтың ысынан ыстанғаны көрініп тұр. Шамасы мұнда жерленген адамдардың жақындары аруақтарға арнап,шырақ жағып,құран оқып жүрген тәрізді [12].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет