Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз



бет2/4
Дата25.04.2022
өлшемі66,5 Kb.
#140776
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-12421
титул олкылык, 3 тоқсан 7 а,ә сынып бжб (1), Утебекова А.Ж., ашық тәрбие сағаты
Жаршы:
Аида: Жігіттер мен сұлулар!
Той болады, Көктем келді,
Жаңа жылды ерте келді!
Ойын күлкі думанымен
Көптен күткен Наурыз келді?
/Барлығы көрпелерге шуласа жайғасады/
Мұғалім: Балалар көктем келді, Көктем келсе айнала төңірекке жан кіреді, Алыс жақтан құстар ұшып келеді, қысқы ұйқысынан аңдар оянады. Табиғат жаңарып гүлденеді, бұған адамдар қуанады. Әр халықта Көктем мерекесі әртүрлі тойланады: Балалар бұл мереке қалай аталады?
/Оқушылар бірге «»Наурыз»/
Аида:
Бұл әлемде мереке көп,
Қуанышты, әдемі!
Ал біз үшін ең жақсысы
Қымбатты Наурыз мейрамы! /хормен/


ӘН: / хормен/ «Қазақы дастархан»
Мұғалім: Балалар Наурыз мейрамы – жыл басы. Бұл ежелден келе жатқан мереке. Біздің ата – бабамыз үшін жыл басы көктемнен бесталады.
Жаршы:
Аида: Құлағыңды сал, халайық!
Естімедің демеңдер!
Қырықбаева мектебінде Наурыз тойын бастаймыз.
Ойын – сауық қабақ бар,
Тіл үйірген тамақ бар,
Күш сынсар жігіттер
Ән салатын қыздар бар.


Нұржігіт:
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі.
Әділжан:
Той дегенде қазақтың жаны кірер,
Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.
Наурызың құтты болсын, нар ағалар,
Наурызың құтты болсын, бар інілер.


Амир: Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.
Азамат:
Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурық тойы пәктігіңнің,
Тойы деп айтуға да болатындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет