Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз



бет3/4
Дата25.04.2022
өлшемі66,5 Kb.
#140776
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-12421
титул олкылык, 3 тоқсан 7 а,ә сынып бжб (1), Утебекова А.Ж., ашық тәрбие сағаты
Мәди:
Көңілдің құлпыларын ашайық та,
Қиялмен қияларға асайық та.
Қасиетті наурыз тойы елдігіңнің,
Ерке бір қуанышы десе айып па?
Мұғалім: Балалар 22 – наурыз – аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.
Мәди:
Күндіз бар да түнде жоқ
Түнде бар да күндіз жоқ
Бұл екеуі болмаса
Тіршілігің мүлде жоқ.
КҮН: Перизат:
Самарқанның көк тасы,
Ериді мен келгенде.
Тоң боп қатқан топырақ,
Жібиді мен келгенде.
Енесіне баласын,
Телиді мен келгенде.
Тар көңілдер түнерген,
Кеңиді мен келгенде.
Ақ жүзіңді бері бұр,
Тұсыңа бір келгенде.


АЙ: Камшат:
Неткен ыстық күн көзі,
Неткен ғажап күн көзі.
Ағаш біткен көгерсін,
Жасыл шалғын көктесін.
Адамдарға нұр сеуіп,
Шарлайық біз көктесін,
Наурыз күні келген бақ
Қалың елдің ырысы,
Босағаңнан тепкілесе кетпесін.
Мәди:
Қос жанары аспанның,
Қос арқауы дастанның.
Домбыраның қос ішегі,
Мына тұрған Ай мен Күн.
Арта берсін халайық,
Берекелі байлығың.
Наурыз тойы құтты боп


Мұғалім:
Наурыз күні атқа мінген жігіттер елді аралап жарапазан айтқан. Игі тілекпен әндете келген жарапазаншыларға адамдар бауырсақ, құрт, ірімшік, ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек ормал таққан.
Азамат:
Айтамыз жарапазан отбасына,
Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.
Тілесек денсаулықты бас – басыңа,
Амандық келер әр күн отбасыңа.
Айтамыз жарапазан ауылыңа,
Береке, бірлік берсін қауымыңа.
Береке, бірлік берсе қауымыңа,
Бас имес кімдер келіп ауылыңа
Нұржігіт:
Айтамыз жарапазан еліңізге,
Байлаңыз жақсы орамал белімізге.
Байласаң жақсы орамал белімізге,
Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.
Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,
Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?
Әділжан:
Кел, Наурыз келешекті жарқын шолып,
Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.
Қазақстан олғанда – Ғажапстан,
Қол соғып қуаналық халқым болып.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет