Ұлттық экономиканың БӘсекеге қабілеттігі



бет1/21
Дата12.09.2023
өлшемі202,53 Kb.
#180868
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ұлттық экономика гму
Дизайн ПО перечень 2 сем, 1111, Философия, Жүрек қантамыр аурулары, 20-21 1-1 Мұханова Ж.Ә, Деректер базасы жүйесі. ИС-18 гр., HTML практикалық жұмыс, 19-20 1-2 Аймбетова М.Т. Бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық технологиямен жұмыс жүргізудің әдістемесі, ПМНО-16гр., 19-20 1-2 Аймбетова М.Т. Бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық технологиямен жұмыс жүргізудің әдістемесі, ПМНО-16гр.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ИНСТИТУТЫ


«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ» КАФЕДРАСЫ


ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІ

Пәнінің оқу - әдістемелік кешені

Күндізгі оқу нысаны

ҚЫЗЫЛОРДА 2019

Силлабус Экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасының мәжілісінде қаралды

Хаттама № __ «__»___________ 2019 ж.

Кафедра меңгерушісі ____________ Абдимомынова А.Ш.

Силлабус «Экономика,туризм және бизнес» бағыты бойынша Академиялық кеңестің мәжілісінде қаралып, бекітілді.

Хаттама № «__»___________ 2019 ж.

Академиялық кеңестің төрайымы __________ Умирзакова М.А.


Тақырып 1.
Жаһандану жағдайында бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері

1.Экономиканың абсолютті және салыстырмалы артықшылықтарын пайдалану теориялары


2. Бәсекелестіктің үш экономикалық моделі
3. М.Портердің «Халықаралық бәсекелестік» теориясының мазмұны
Дәріс мақсаты: Бәсеке мәселесіне қатысты фундаментальды зерттеулері туралы ақпарат беру
Негізгі сөздер:

  • Бәсекелестік

  • Ресурс

  • Өнеркәсіп

  • Капитал

  • Инфрақұрылым


1. Бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамалары халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың салыстырмалы артықшылықтарды қолдану теориясына негізделген (арзан жұмыс күші, бай табиғи ресурстар және т.б.).
Бәсеке индустриалды қоғамның қарқынды дамуының негізін құрайды. Жалпы, бәсеке деген не? М.Вебердің анықтамасы бойынша: «Бәсеке – бұл басқалар да қажет ететін артықшылықтар мен мүмкіндіктерге бақылау орнатудың бейбіт әдістері» [1].
Бәсекенің пайда болуының басты алғышарты – бір мезетте бірнеше агенттердің белгілі бір күштер арқылы иелік етуге ұмтылатын шектеулі ресурстың болуы. Аталған элементтер, яғни ресурстың шектеулігі, оның тартымдылығы және рыноктың бірнеше қатысушысы үшін қол жеткізу мүмкіндігі - бәсекенің пайда болуы үшін міндетті шарттар болып табылады. Егер ресурс шексіз және тартымсыз болса, онда бәсеке немесе бәсекелестік мәселесі туындамайды. Осылайша, біз «бәсеке» деген ұғымға өзіндік түсініктеме беруге тырысамыз, яғни: «Бәсеке дегеніміз – бұл екі немесе онан да көп агенттер тарапынан арнайы күш-қайратын жұмсау арқылы белгілі бір шектеулі ресурсқа қол жеткізуге бағытталған іс-әрекет».
Өнеркәсіптің дамуы нәтижесінде рыноктық экономикада жаңа бәсекелестік шарттар қалыптасады, олар: салыстырмалы артықшылықтар және бәсекелестік артықшылықтар. Салыстырмалы артықшылықтар елге табиғат арқылы беріледі, олар мәңгі емес және орны толмайды. Бәсекелестік артықшылықтар қарқынды, инновациямен, адами капиталдың және интелекттің (парасаттың) дамуымен байланысты және шексіз. Сондықтан да, салыстырмалы және бәсекелестік артықшылықтарды бір-бірінен нақты айыра білу керек. Бір елде бәсекелестіктің осы екі түрінің де болуы елдің жаһандық кеңістіктегі бәсекелестік артықшылығын күшейтеді.
Жалпы ішкі өнімді өндірудің және тұтынудың жоғарғы деңгейі дамыған елдерде еларалық және фирмааралық бәсекенің сапалы шарттарының қалыптасуына жағдай жасайды. Индустриалды даму кезінде жаңа бәсекелестік шарттар жетіледі. Бұл шарттар – ұлттық экономиканың салыстырмалы артықшылықтарын өзгермелі, бәсекелестік ғылыми-техникалық жетістіктерге, инновацияға негізделген артықшылықтарды қолдануға бағыттайды.
2. Бәсекелестіктің үш экономикалық моделі. Дж.Стиглер жетілген бәсекелестік ұғымын келесі мазмұнда түсіндіреді:

  1. бір өнім түрін шығарушы фирманың саны жеткілікті, сондықтан ешбір фирма өнімнің бағасына елеулі әерін тигізе алмайды.

  2. өндіретін тауарлар біртекті және тұтынушылар қандай да болмасын фирманың тауарына ерекше ықылас танытпайды.

  3. фирмалар бір-бірінен тәуелсіз қызмет жасайды және өзара автономды агенттерді құрайды.

  4. фирма өкілдерінің рыноктың маңызды факторлары туралы толық білімі бар.

Сондай-ақ, Дж.Робинсон жетілмеген бәсеке және Э.Чемберлин монополиялық бәсеке теорияларын ұсынған. Бұл теориялар жетілген бәсекелестік теориясын сынайды, яғни олардың айтуынша:

  1. тауарлар бірдей болмайды;

  2. тұтынушылардың талғамы да бірдей болмайды;

  3. бәсекеге бағаның әсері мол.

Ф.Хайек жетілген бәсекелестіктің болу мүмкіндігін жоққа шығара отырып, бәсекелестіктің қарқынды моделін ұсынады. Бұл модельге сәйкес: рыноктың қатысушылары әртүрлі және толық емес, түрлі мазмұндағы ақпаратқа иелік етеді. Бәсекелестік жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, жетіспейтін білімді толықтырады. Ақпаратты жинақтау белгілі бір деңгейде ғана тәжірибелік іске әсер ете алады, агенттер тәжірибеге араласа отырып, ақпараттарды игереді.
Ф.Хайек рынокта қалыптасатын монополияның екі түрін бөліп көрсетеді. Біріншісі, басымды тиімділікке негізделеді. Мұнда басымдылық өзгеріп отырады, себебі қатысушылар арасындағы тиімділік олардың біреуі арқылы жойылуы мүмкін. Екіншісі, ресурстарға қол жеткізуде жеңілдіктерге негізделген монополия, мұнда ешқандай бәсеке болмайды.
3. Шетелдік ғылымның бәсеке мәселесіне қатысты фундаментальды зерттеулері қатарында М.Портердің «Елдің бәсекелестік артықшылықтары» атты еңбегін атап өтуге болады. Портер елдің бәсекеге қабілеттілігін халықаралық бәсекелестік тұрғысында кластерлердің ішкі ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндігіне байланысты деп санайды. Ол елдің артықшылықтарын анықтайтын «бәсекелестік ромб (алмаз)» деп аталатын негізгі топтарын бөліп көрсетеді:
- факторлық шарттар: адам және табиғи ресурстар, ғылыми-техникалық әлеует, капитал, инфрақұрылым, оның ішінде өмір сүру сапасы;
- ішкі сұраныс шарттары: сұраныс сапасы, әлемдік рыноктағы сұраныс қарқынының дамуына сәйкестігі, сұраныс көлемінің дамуы;
- қызмет көрсетуші салалар (салалар кластерлері): шикізат пен жартылай фабрикаттың түсу салалары, құрал-жабдықтардың түсу салалары, шикізатты, құрал-жабдықтарды, техникаларды қолдану салалары;
- фирманың құрылымы мен стратегиясы, салаішілік бәсекелестік: мақсаттары, стратегиялары, ұйымдастыру әдістері, фирмалар менеджменті, салаішілік бәсекелестік.
Сонымен бірге елдің жағдайына маңызды дәрежеде әсер ететін қосымша екі өзгермелі бар. Олар: кездейсоқ жағдайлар (фирма басшылығы бақылай алмайтын) және мемлекеттік саясат.
М.Портердің жасаған басты қорытындысы: бәсекеге қабілеттілік сыртта емес, ішкі рыноктарда қалыптасады.
Өз зерттеулерінде М.Портер ондаған елдегі жүз саланың бәсекеге қабілеттігін талдады. Бәсекеге қабілеттілігі жоғары болып саналатын трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) бөлімшелері әдетте, әр елде жүйесіз түрде шашыраңқы орналаспаған; оларда бір елде тұрақтану үрдісі бар. Бұл былай түсіндіріледі: бір немесе бірнеше фирмалар әледік рыноктағы бәсекелестікте жеңе отырып, өзінің оң әсерін жанындағыларға, яғни жеткізушілерге, тұтынушыларға және бәсекелестеріне таратады. Ал осы жанындағылардың жетістіктері осы компанияның әрі қарай өсуіне тікелей әсер етеді.
Нәтижесінде біріккен фирмалар – кластер қалыптасады. Мемлекеттің жалпы экономикасында кластерлер ішкі рыноктың өсім нүктесі ролін атқарады. Бірінен соң бірі жаңа кластерлер қалыптасып, елдің жалпы халықаралық бәсекелестігі өседі. Олар жекелеген кластерлердің ең мықты позициялары арқылы дамиды. сақталады.
Л.Доунстың пікірі бойынша, қазіргі кезде Портер моделінің өмірлік маңызы жойылды. Сондықтан да ол, Л.Доунс жаңа стратегиялық құрылым мен сараптамалық бизнес-құралдарды жасақтаушы үш күшті атап көрсетеді: цифрлану (digitalization), жаһандану (globalization), реттемеушілік (deregulation)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет