Ұлттық экономиканың БӘсекеге қабілеттігі


Бекітуге арналған сұрақтар



бет3/21
Дата12.09.2023
өлшемі202,53 Kb.
#180868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ұлттық экономика гму
Дизайн ПО перечень 2 сем, 1111, Философия, Жүрек қантамыр аурулары, 20-21 1-1 Мұханова Ж.Ә, Деректер базасы жүйесі. ИС-18 гр., HTML практикалық жұмыс, 19-20 1-2 Аймбетова М.Т. Бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық технологиямен жұмыс жүргізудің әдістемесі, ПМНО-16гр., 19-20 1-2 Аймбетова М.Т. Бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық технологиямен жұмыс жүргізудің әдістемесі, ПМНО-16гр.
Бекітуге арналған сұрақтар:
1. Бәсекелестіктің үш экономикалық моделі;
2. М.Портердің «Халықаралық бәсекелестік» теориясының мазмұны


Тақырып 2.
Қазақстан ғаламдық экономикалық жүйеде
1. Қазақстан Республикасының дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері
2. ҚР-ның экспорты мен импортының басты бағыттары
3. Экономикадағы тікелей инвестициялар

Дәріс мақсаты: Қазақстанның әлем экономикасына қосатын үлесіне талдау беру
Негізгі сөздер:

  • Жалпы ішкі өнім

  • Экспорт

  • Импорт

  • Сыртқы экономикалық саясат


1. Бүгінгі күні Қазақстан әлемдік қауымдастықта өзіне лайық орын алды, әрі ғаламдық және аймақтық экономикалық тұтастықты қамтамасыз етіп қана қоймай экономикада да жоғары көрсеткіштерге қол жетті. Осыған байланысты жаһандық экономикадағы Қазақстанның орнын көрсету, сондай-ақ республика дамуының макроэкономикалық ауқымын көрсету қажеттігі туындайды.
Қазіргі әлемдік экономиканың шоғырлану мөлшерін төмендегі мәліметтерден байқауға болады: әлемдік ЖІӨ-нің негізгі бөлігі 29 ең қарқынды дамыған мемлекеттерге тиесілі – 52,3%, соның ішінде “үлкен жетіліктің” үлесі – 41,2%, АҚШ – 20,1%; Еуроаймаққа тиесілі үлес (оған 12 ел кіреді) – 14,8%, жаңадан қалыптасып келе жатқан рынок пен дамушы елдердің, оларға әлемнің 146 мемлекеті жатады, үлесі - 47,7%. Транзиттік экономика жағдайындағы 28 елге – 7,1% тиесілі, оның ішінде - 3,8%ы ТМД-ның 12 мемлекетіне тиесілі.

Қазақстанның әлем экономикасына қосатын үлесін талдауда: ЖІӨ, валютаның сатып алу қабілеті паритеті (СҚП) көрсеткіштерін халықаралық доллар күйінде есептейміз. 2005 жылғы Қазақстанның ЖІӨ-нің жалпы әлемдік өнімдегі үлесі мына көрсеткіштер бойынша: Халықаралық валюталық Қор (ХВҚ) мәліметі бойынша – 0,205%, Әлемдік Банк (ӘБ) мәліметтері бойынша – 0,211%, АҚШ-тағы орталық бақылаушы басқарма (ОББ) мәліметтері бойынша – 0,207%.


Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері 2-кестеде көрсетілген.
Кесте 2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016 жылғы негізгі көрсеткіштері

ЖІӨ-нің нақты өзгеруі өткен жылға %-бен

110,7

ЖІӨ дефляторы, %

113,7

ЖІӨ, ресми бағам бойынша млрд. АҚШ долл.

65,3

ЖІӨ, сатып алу қабілетінің шамасы (СҚШ) бойынша млрд. АҚШ долл.

173,0

Жан басына шаққандағы ЖІӨ, ресми бағам бойынша млрд. АҚШ долл.

4263

Жан басына шаққандағы ЖІӨ, СҚШ бойынша АҚШ долл.

11294

Тұтыну бағаларының индексі, бір жылға орта есеппен %-бен

7,3

Тауарлар экспорты, млн. АҚШ долл. (ФОБ)

38 250,3

Тауарлар импорты, млн. АҚШ долл. (ФОБ)

23 676,9

Сауда теңгерімі, млн. АҚШ долл.

14 573,4

Негізгі капиталға инвестициялар өткен жылға %-бен

110,6

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі өткен жылға %-бен

106,7

Өнеркәсіптік өнім көлемі өткен жылға %-бен

107,0

Құрылыс өткен жылға %-бен

134,1

Көлік қызметтері өткен жылға %-бен

104,8

Байланыс өткен жылға %-бен

127,7

Сауда өткен жылға %-бен

109,5

Еңбек өнімділігінің өзгерісі, өткен жылға %-бен

6,6

Әлеуметтік көрсеткіштер Ең төменгі жалақы мөлшері, теңге

9200,0

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері

3000,0

Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге

6700,0

Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге

7945,0

Орташа айлық номиналды жалақы, теңге

40 775

Нақты жалақы, өткен жылға %-бен (шағын кәсіпорындарды ескере отырып)

108,0

* Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнің деректері


2. Еліміздің сыртқы экономикалық саясатының қазіргі кезеңдегі хал-жайы төмендегідей мазмұндағы сипаттамалар беруге мүмкіндік береді:

  • экспорттық салалардың дамуының әлі де болса әлсіздігі;

  • импорттық тауарлармен бәсекеге түсе алмайтын салалардың қызметтерін жандандыру қажеттігін;

  • қаржылық және фискалдық ынталандыруды арттыру маңыздылығын;

  • кедендік қорғау мем сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мемлекеттік әдіс-тәсілдерін жетілдірудің қажеттігі.

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қатынастары жылдан-жылға кеңінен дамып келеді. Бүгінгі күні Қазақстан әлемнің 120 елімен сауда қатынастарын қалыптастырған.
2016 жылы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы көлемі – 51223,7 млн. АҚШ долларын құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға артық.
Талдау кезеңі ішінде экспорттың жалпы көлеміндегі ТМД елдерінің үлесі 16,5% -ды. 2015 жылдың қаңтар – маусымында ТМД мемлекеттерінен шығарылған тауарлардың жалпы көлеміндегі минералдық тауарлардың үлес салмағы 61%, азық-түлік тауарлары – 10%, химиялық тауарлар – 13%-ды құрады.
2016 жылы ТМД мемлекеттерінен әкелінетін тауарлардың көлеміндегі машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, приборлар мен аппараттар үлесі 27% (2004 жылдың қаңтар – маусымында – 29%), минералдық өнімдер – 28% (28%), металлургиялық өнімдер – 19% (15%), химиялық тауарлар 10% (12%) құрады.
ТМД мемлекеттері минералдық, химиялық және металлургиялық өнімдердің негізгі жеткізушісі болып табылады: 2016 жылы осы елдерден әкелетін минералдық ресурстардың көрсетілген тауарлардың жалпы әкеліміндегі үлесі 92%, металлургиялық өнімдер – 54%, азық-түлік тауарлары – 49%, химиялық тауарлар – 40% құрады.
Қазақстан өнімдерін негізгі сатып алушылары, яғни экспортының бағыты: Швейцария (17,6%); Италия (14,0%), Ресей Федерациясы (12,4%); Франция (10,0%); Қытай (9,7%), Нидерланды (3,2%), Израиль (2,6%), Иран (2,4%), Польша, Виргин аралдары және АҚШ (2,0-дан%), Кипр және Ирландия (1,7%-дан), Испания (1,6%), Германия (1,4%), Канада (1,2%).
2016 жылы барлық импорттық жеткізілімдердің 44,7% ТМД елдерінің еншісінде. Импорт өнімдерінің негізгі жеткізушілері: Ресей Федерациясы (импорттың жалпы көлемінен – 36,3%); Германия (10,0%); АҚШ (7,2%); Қытай (6,4%); Украина (4,6%); Италия мен Жапония (3,6%-дан); Ұлыбритания (2,9%), Түркия (2,1%), Корея Республикасы (1,7%), Франция (1,6%), Өзбекстан (1,4%), Беларусь және Финляндия (1,2%-дан).
Минералдық шикізаттың әлемнің басқа елдеріне шығарылған тауарлардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 77%, металлургия өнеркәсібінің өнімдері – 17% құрады. 2016 жылы әлемнің басқа елдерінен әкелінген тауарлар көлеміндегі машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, приборлар мен аппараттар үлесі 55% азық – тулік тауарлары – 6%, химиялық тауарлар - 12%, металлургиялық өнеркәсібі өнімдердің – 13 %. Аса маңызды тауарлармен ел қажеттілігін қамтамасыз етуде әлемнің басқа елдері үлкен роль атқарады: осы елдерден әкелінген машина жасау өнімдерінің көрсетілген тауарлардың жалпы әкеліміндегі үлесі - 72%, фармацевтикалық тауарлар – 84%, киім – 83% азық-түлік тауарлары – 51% құрады.

1-машина құрал-жабдықтар


2-металл өнімдері
3-азық-түлік
4-химия өнімдері, пластмасса, каучук
5-фармацевтикалық тауарлар
6-басқа да тауарлар

Сурет1 - Импорттық тауарлардың құрылымы, %



1-машина құрал-жабдықтар


2-металл өнімдері
3-азық-түлік
4-химия өнімдері, пластмасса, каучук
5-фармацевтикалық тауарлар
6-басқа да тауарлар

Сурет 2 - Импорттық тауарлардың құрылымы, %



3. Капиталдар қозғалысы мақсатына қарай 2-ге бөлінеді:
- тікелей инвестициялар;
- портфельді инвестициялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет