Ұлттық экономиканың БӘсекеге қабілеттігі


Бекітуге арналған сұрақтар



бет6/21
Дата12.09.2023
өлшемі202,53 Kb.
#180868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ұлттық экономика гму
Дизайн ПО перечень 2 сем, 1111, Философия, Жүрек қантамыр аурулары, 20-21 1-1 Мұханова Ж.Ә, Деректер базасы жүйесі. ИС-18 гр., HTML практикалық жұмыс, 19-20 1-2 Аймбетова М.Т. Бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық технологиямен жұмыс жүргізудің әдістемесі, ПМНО-16гр., 19-20 1-2 Аймбетова М.Т. Бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық технологиямен жұмыс жүргізудің әдістемесі, ПМНО-16гр.
Бекітуге арналған сұрақтар:

1. Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі (ҒБИ) және оның негізгі құрамдас бөлімдері;


2.Технологиялар және макроэкономикалық орта, қоғамдық институттар индекстерін анықтау жолдары.

Тақырып 4.
Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі

1.Қазақстанның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша алатын орны мен негізгі көрсеткіштерін талдау


2.Қазақстандағы адами даму индексі көрсеткіштері. Әлем елдерінің адами даму индексі бойынша рейтингі
3.Әлем елдерінің жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің өсу көрсеткіштері

Дәріс мақсаты: Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі тақырыбының мән-мәтінін тусіндіру.
Негізгі сөздер:

  • Технология

  • Интернет жүйесі

  • Макроэкономикалық орта

  • Индекс


1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2016 жылғы жолдауында еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуы туралы мақсат қойды. Осы мақсатқа жету үшін ең алдымен, Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілік рейтингтік позициясын қысқаша қарастырып өтейік. Бәсекеге қабілетті ел ретінде жаңа Қазақстанды қалыптастыру абстрактілі түрде емес, нақты әдістемеге сәйкес жүргізілуі тиіс.
Қазақстан 2015 жылы бұрынғы БҚӨИ бойынша 117 елдің ішінде 61 орында, яғни 0,27 пункт (3,77-4,04) иемденді. БҚӨИ ішкі индекстерінде: технологиялық индекс бойынша 77-орын, макроэкономикалық орта бойынша 41-орын, қоғамдық институттар бойынша 76-орын. Салыстыру үшін, Ресей осы ішкі индекстер бойынша: 73, 56, 91-орындар, жалпы БҚӨИ бойынша 75-орында болды.
2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ЖБҚИ рейтингісінде 56- орынды иемденді. Сонда жаңа әдіснама бойынша, 2015 жылы Қазақстан 51-орынды (61-орын емес) иеленген. Қазақстанның 2016 жылғы рейтингісіндегі позициясы туралы Дүниежүзілік Экономикалық Форум сарапшыларының пікірін келтірейік:
«Қазақстан 5 орынды жоғалтып, 56-орынға түсті. Өзінің табиғи ресурстарының байлығы арқасында өскен Қазақстан макроэкономикалық ірі өзгерістерге қол жеткізді, осының негізінде бюджет тапшылығы, мемлекеттік қарыздың жалпы ішкі өнімге төменгі қатынасы, қор жинау нормасының жоғарылығы, несие тәуекелінің төмендеуіне қол жеткізілді. Сонымен бірге, ел еңбек рыногының икемділігінен де ұтуда» [3.,51].
Дегенмен, аталмыш Форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік жүйесінің басшысы және бас экономист, ЖБҚИ қалыптастырушыларының бірі Аугусто Лопес-Кларастың Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі туралы пікірі басқаша: «Көптеген салалардың қарқынды дамуына қарамастан, Қазақстанға қазіргі деңгейінен институционалдық қоғамды жақсарту қажеттілігі айқын көрініп тұр. Әсіресе, заңнамалық тәуелсіздік, меншік құқығының сақталуы, үкімет тиімділігі, саясат пен қауіпсіздікке, қоғамдық сенім институттарының сапасына көп көңіл бөлу керек. Сонымен қатар, инновация, бизнестің дамуы және технологиялық дайындық рейтингтерінің төмендеуі де байқалуда. Инновациялық рейтингтің төмендігін мыналардан көруге болады: басқа елдермен салыстырғанда ғылым мен инженерияға және НИОКР-ге компаниялардың аз қаржы жұмсаулары, R&D-research and desigh (зерттеу мен өңдеу) және университеттер мен компаниялар арасындағы зерттеу саласындағы әлсіз байланыстар және т.б.» [4]. Осы пікірлерде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі жолындағы басты мәселелері айқын көрсетілген. Енді Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басқа да параметрлерге тоқталсақ (3-кесте).
4-кестеден көріп отырғанымыздай, еліміздің макроэкономикалық және рыноктық тиімділік позициялары бойынша деңгейі жоғары 10 және 44-орын, ал денсаулық сақтау және бастауыш білім деңгейлері төмен 86-орын, институттар - 75, бизнестің дамуы - 72 және инновация - 70-орын. Жоғары білім, технологиялық дайындық және инфрақұрылым көрсеткіштері бойынша орташа деңгей, яғни 66 және 68-орындар. Алайда, бұл көрсеткіштердің өзі еліміздің қазіргі ахуалын толық бейнелейді деп айту қиын.
Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілік мәселелері тек Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісінде ғана емес, басқа да рейтингтерде де бағаланады. Мысалы, технология бойынша жүйелік дайындық индексі (The Networked Readiness Index Rankings) бойынша Қазақстан 60-орында, ТМД елдерінің алдында, 59-орындағы Сальвадордан 0,24 көрсеткішке төмен.
Кесте 4. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің жекелеген параметрлері бойынша Қазақстанның деңгейі



Параметр

Қазақстанның орны

Көрсеткіш мазмұны

1

2

3

Институттар

75

3,59

Инфрақұрылым

68

3,33

Макроэкономика

10

5,57

Денсаулық және бастауыш білім

86

6,08

Жоғары білім және оқыту

51

4,28

Рыноктық тиімділік

44

4,39

Технологиялық дайындық

66

3,23

Бизнестің дамуы

72

3,90

Инновация

70

3,13

* Ескертпе - www.wweforum.org

Осылайша, аталмыш индекстерді талдай отырып, біз төмендегідей қорытынды жасаймыз, яғни: Қазақстанның дамыған елдердің қатарына қосылуы үшін Дүниежүзілік Экономикалық Форумның (ДЭФ) анықтамасы бойынша, ең біріншіден, технологиялық дамуға және қоғамдық институттарды дамытуға ден қойылуы тиіс, себебі біздің ойымызша, макроэкономикалық орта көрсеткіштері жеткілікті деңгейде қолайлы. Ал қоғамдық институттар индексі екі тең индекстің қосындысынан құралған: келісім-шарт пен заңнамалық және жемқорлық. Бұл екі индекстер зерттеулер мен сауалнама жолдары арқылы есептелінеді. Олардың мазмұнына тоқталсақ:


- келісім-шарт пен заңнамалық индексі өзіне мына сұрақтарды кіріктіреді: елдің әділеттілігі саясаттан қаншалықты тәуелсіз; қаржы активтері заңмен қаншалықты қорғалған; үкімет мемлекеттік тапсырыстарды бөлуде объективті ма; бизнеске ұйымдасқан қылмыстың әсері қандай?
- жемқорлықты зерттеу индексі өзіне экономиканың әртүрлі салаларындағы: экспорт-импорттық операцияларда, қоғамдық секторда, салық салу жүйесінде параның таралу деңгейін анықтаушы сұрақтардан құралады.
Технология индексі көп жағдайда статистикалық мәліметтер негізінде есептеледі. Мысалы, статистикалық мәліметтер көлемі бойынша: елдің 100 тұрғынына шаққандағы ұялы телефонның саны; 10 000 тұрғынның қаншасы Интернет және Интернет-хост қызметін пайдаланады және т.б.
2. Бәсекеге қабілеттілік тек «технология-экономикалық» жағынан емес, адами дамуы позициясымен де байланысты.
Адами даму индексі үш өзге индекстің орташа арифметикалық шамасы ретінде есептеледі: туылған кездегі өмір ұзақтығы, білім деңгейі мен жан басы-
на шаққандағы табыс деңгейі. Білім деңгейінің индексі сауаттылық (үштен екі бөлік салмағында) жəне білім алу мүмкіндігі (үштен бір бөлік салмағында) индекстің негізінде есептеп шығарылады.
Индекстерді есептеу үшін шекті белгілерінің саласы мына межелерде жататын төрт көрсеткіш пайдаланылады:

- Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долларымен СҚП бойынша (100- 40000).
2016 жылғы жарияланған UNDP (Адами даму индексі) бойынша Қазақстан 79-орынды иемденді (5-кесте).

Кесте 5. Дүниежүзілік Адами даму индексі, 2016 жыл





Адам дамуының жоғары деңгейі

Адам дамуының орташа деңгейі

Адам дамуының төменгі деңгейі

1-63 арасындағы елдер

69-146 арасындағы елдер

147-162 арасындағы елдер

1.Норвегия
2. Исландия
3. Австралия
4. Ирландия
5. Швеция
6. Канада
7. Жапония
8. Ақш
9. Швейцария
10. Нидерланды
11. Финляндия
12. Люксембург
13. Бельгия
14. Австрия
15. Дания



64. Ливия
65. Ресей
66. Македония
67. Беллоруссия
28. Доминика
69. Бразилия
70. Колумбия
71. Сен-Лючия
72. Венесуэла
73. Албания
74. Таиланд
75. Батыс Самао
76. Сауд Арабиясы
77. Украина
78. Ливан
79. Қазақстан

147. Того
148. Джибути
149. Лесото
150. Иемен
151. Зимбабве
152. Кения
153. Мавритания
154. Гаити
155. Гамбия
156. Сенегал
157. Эритрея
158. Руанда
159. Нигерия
160. Гвинея
161. Ангола
162. Танзания



* Ескертпе - www.wweforum.org

4.Егер елдің бәсекеге қабілеттілігін жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткішімен есептейтін болса, онда Қазақстанға 50 елдің қатарына қосылуы үшін ЖІӨ-ді шамамен 3 есе өсіру қажет. Қазіргі таңда АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасының бағалауы (6-кесте) бойынша Қазақстан 92 орында (ЖІӨ-ді жан басына шаққанда 8700 долл.), 50 орындағы (Бахрейн) көрсеткіш 20,5 мың долл., яғни 2,35 есе көп.


Кесте 6. ЖІӨ-ді жан басына шаққандағы көрсеткіштің елдер бойынша деңгейі.



деңгейі

Ел/мемлекет

ЖІӨ жан басына шаққандағы, АҚШ долл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет