Ұлттық экономиканың БӘсекеге қабілеттігі


Бекітуге арналған сұрақтар



бет5/21
Дата12.09.2023
өлшемі202,53 Kb.
#180868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ұлттық экономика гму
Дизайн ПО перечень 2 сем, 1111, Философия, Жүрек қантамыр аурулары, 20-21 1-1 Мұханова Ж.Ә, Деректер базасы жүйесі. ИС-18 гр., HTML практикалық жұмыс, 19-20 1-2 Аймбетова М.Т. Бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық технологиямен жұмыс жүргізудің әдістемесі, ПМНО-16гр., 19-20 1-2 Аймбетова М.Т. Бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық технологиямен жұмыс жүргізудің әдістемесі, ПМНО-16гр.
Бекітуге арналған сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасының экспорты мен импортының басты бағыттары;


2. Экономикадағы тікелей инвестициялар.
Тақырып 3.
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін бағалау критериилері: артықшылықтары мен кемшіліктері

1.Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі (ҒБИ) және оның негізгі құрамдас бөлімдері


2.Технологиялар және макроэкономикалық орта, қоғамдық институттар индекстерін анықтау жолдары
Дәріс мақсаты: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі (ҒБИ) туралы түсінік беру
Негізгі сөздер:

  • Дүниежүзілік Экономикалық Форум

  • Бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексі

  • Бизнес

  • Инновация


1. Дүниежүзілік Экономикалық Форум арқылы жыл сайын есептелетін «бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексі» (Growth Competitiveness Index) елдердің бәсекеге қабілеттілігін анықтаушы маңызды көрсеткіш болып саналады.
Бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексі (БҚӨИ) 3 бөлімнен тұрады: технология индексі, қоғамдық институттар және макроэкономикалық орта. Сонымен бірге, зерттелінуші елдер екі топқа бөлінеді: «негізгі инноваторлар» (НИ) және «негізгі инноваторлар емес» (НИЕ). Бұл екі топ үшін БҚӨИ-терін есептеу әдістері әртүрлі. Негізгі инноваторлар үшін БҚӨИ төмендегідей есептеледі:
БҚӨИ = ½ технология индексі + j қоғамдық институттар индексі + j макроэкономикалық орта индексі (1)
НЕИ елдері үшін БҚӨИ-нің үш компоненттерінің салмақтары бірдей тең.
НИ елдерінде технология индексі (ТИ) келесідей есептелінеді:
ТИ = инновациялық индекстің ½ + ақпарат және коммуникация технологияларының индексінің ½ (2)
НЕИ елдеріндегі ТИ:
ТИ = инновациялық индекстің ⅛ + трансферттік технология индексінің ⅜ + ақы және коммуникация технологияларының индексінің ½ (3)
Қоғамдық институттар индексі заңдық және келісім-шарттық индекстің ½ + жемқорлық индексінің ½ (4)
Макроэкономикалық орта индексі = макроэкономикалық тұрақтылық индексінің ½+ j елдің несиелік рейтингісінің индексі + j мемлекеттік шығындар индексі (5)
2016 жылы БҚӨИ (Growth Competitiveness) орнына Жаһандық Бәсекеге Қабілеттілік индексі - ЖБҚИ (Тһе Global Competitiness Іndex) енгізілді. ЖБҚИ есептеу әдісінде 9 параметр 3 топқа бөлінген:
- «бастапқы қажеттіліктер» тобы 3 параметрден: институттар мен инфрақұрылымдар, макроэкономика, денсаулық сақтау және бастауыш білім;
- «тиімділікті нығайту» тобы 3 параметрден: жоғары білім және білім беру, рыноктық тиіімділік, технологиялық дайындық;
- «инновациялық факторлар» тобы 2 параметрден: бизнестің дамуы және инновация параметрлерінен құралады. Бұл 9 параметрді қарастырғанда жалпы саны 89 көрсеткіш есептелінеді. Олардың қатарында:
- «Денсаулық және бастауыш білім» параметрі 9 көрсеткіштен, оның 8-і денсаулық сферасына және соңғысы білімге қатысты. Денсаулыққа қатысты 8 көрсеткіш қатарында: малярия, туберкулез, ВИЧ/СПИД ауруларына орташа жылдамды әсер; баланың шетінеуі; өмір сүру ұзақтығы және т.б. бар.
- Бастауыш біліміне: «бастапқы іріктеу» (мектепке баратын балалар саны) кіреді, ол статистикалық негізде жүзеге асады.
- «Институттар» параметріне 15 көрсеткіш енеді және екі топқа «қоғамдық институттар» және «жеке институттар» бөлінген. Қоғамдық институттар арқылы келесілер бағаланады: меншік құқығы; қоғамдық қорларға қарсы болу; саясаткерлерге қоғамдық сенім; соттар тәуелсіздігі; терроризмге байланысты; полиция қызметінің сенімділігі; аудит және бухгалтерлік есеп стандарттарының күші және т.б.. Бұл көрсеткіштердің барлығы сауалнама негізінде анықталады.
- «Бизнестің дамуы» параметрі: жергілікті жеткізушілердің саны; жергілікті жеткізушілердің сапасы; өндірістік процес қиындығы; маркетингтің таралуы; табиғи бәсеке деңгейі; баға жағдайы.
- «Инновация» параметрі 8 көрсеткіштен тұрады: ғылыми-зерттеу институттарының саны; зерттеу мен дамытуға компаниялар шығыны; ғалымдар мен инженерлердің жеткіліктілігі; патенттер (стат. мәлімет); интеллектуалдық меншікті қорғау;
Инновациялық икемділік.
2. ЖБҚИ-дегі (Жаһандық Бәсекеге Қабілеттілік индексі) көп көрсеткіштер статистикалық мәліметтерде емес, сауалнама негізінде есептелінеді. Мұндағы «инфрақұрылым» параметрі 6 көрсеткішпен бағаланады, оның біреуі (телефон желісімен) ғана статистикалық мәліметпен ұсынылады. Қалған бесеуі: инфрақұрылымның жалпы сапасы, темір жол инфрақұрылымының дамуы, порттық инфрақұрылымның сапасы, электр ұсынысының сапасы.
«Жоғары білім және білім беру» параметрлерінде статистикалық мәлімет екі рет қана есептелінеді, яғни «білім санын» есептеу индексінде, ол 2 коэффиценттер негізінде (орта және ЖОО-на түсушілерді санау) болады.
Бұл параметрлерге сонымен қатар тағы екі индекс: - «білім сапасы» және «қызметтегі біліктілік» енеді. Бұл индекстер: білім жүйесінің сапасы, математикалық және ғылыми оқыту сапасы, менеджмент мектебі сапасы, арнаулы зерттеу және біліктілік, қызмет орындарының жеткіліктілігі, персоналдың оқуға тартылуы бойынша есептеледі.
ЖБҚИ-не қатысты 9 жинақтық параметрлердің ең негізгісі «рыноктық тиімділік» параметрі. Оны есептеуде жалпы 23 көрсеткіш және топтастырылған 3 индекс: А) тауарлы рынок: бұрмалау, бәсеке және мөлшер (заңнамалық базаның қолайлылығы, ауылшаруашылығы саясаты шығындары, салық салу және әсері, антимонополиялық саясат тиімділігі, импорт-экспорт көлемі);
Б) еңбек рыногы: икемділік және тиімділік (жалдау және жұмыстан босату тәжірибесі, нақты жалақының икемділігі, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынас және т.б);
В) қаржы рыногы: даму және ашықтық (банктер қызметінің сапасы, қаржы рыногының дамуы және т.б).
ЖБҚИ терминологиясындағы соңғы параметр - «технологиялық дайындық». Бұл 7 көрсеткішпен бағаланады, оның 4-уі сауалнамамен, қалғаны статистика бойынша анықталады. Олар: технологиялық дайындық, технологияның фирма деңгейіне сәйкестігі, ақпаратты және коммуникациялық технологияға байланысты заңдар, технологияға тікелей шет ел инвестициялары мен трансферттері, ұялы телефондарды қолдану, Интернетті қолданушылар үлесі, персоналды компьютерлерді қолданушылар үлесі.
Сонымен ЖБҚИ методологиясының жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталсақ.
ЖБҚИ жетістігі - маңызды макроэкономикалық жағдайды жинақы параметрлерді қарастыру жағынан басым. Кемшіліктерін келесі топтар бойынша бөлеміз: нысанды көрсеткіштерге байланысты кемшіліктер, бәсекеге қабілеттілікті анықтаудағы обьективтіліктің жетіспеушілігі, индекстегі түрлі жағдайлардың толық, нақты көрсетілмеуі және т.б.
Кесте 3. 2016 жылғы ДЭФ бойынша Жаһандық бәскеге қабілеттілік индексі

Елдер

2016 ж рейтингтегі орны

Индекс мәні, 2006жыл

2015ж. рейтингтегі орны

1

2

3

4

Швейцария

1

5,81

4

Финляндия

2

5,76

2

Швеция

3

5,74

7

Дания

4

5,70

3

Сингапур

5

5,63

5

АҚШ

6

5,61

1

Жапония

7

5,60

10

Германия

8

5,58

6

Нидерланды

9

5,56

11

Ұлыбритания

10

5,54

9

Гонконг

11

5,46

14

Норвегия

12

5,42

17

Тайванъ

13

5,41

8

Исландия

14

5,40

16

Израйль

15

5,38

23

Қазақстан

56

4,19

51

Ресей

62

4,08

53

Қырғызстан

107

3,31

104




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет