МАҢҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2017 жыл мазмұНЫ



бет3/19
Дата04.07.2018
өлшемі1,34 Mb.
#46321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Өңдеу өнеркәсібін дамыту

2015 жылдың қорытындысында өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 14 есе, оның өнеркәсіп құрамындағы үлесі 3,3%-дан 7,4%-ға дейін өсті (3-кесте).

Өңірдің өңдеу өнеркәсібінің негізін химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі және өзге де өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі құрайды (4-кесте).

Алайда, 2015 жылы өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемінің 2014 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға төмендеуі байқалады.

«Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың НКИ» индикаторы бойынша жоспарға (101%) қол жеткізілмеді. Нақтыланған статистикалық деректер бойынша нақтысы 87,6% құрады. Сондай-ақ, « Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі» көрсеткішіне де қол жеткізілмеді: жоспар 20,3% болғанда, нақтысы 16,9% құрады.

Негізгі себеп – мұнайға арналған әлемдік бағалардың 2015 жылы күрт құлдырауы облыстың залал шеккен мұнай-газ өндіруші компанияларының қызметіне теріс әсер етіп, олар өз бюджеттерін оңтайландыруға мәжбүр болды. Ол сервистік қызметтерді, жұмыстарды және тауарларды сатып алуды төмендетуге әкелді. Өңірдің өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары негізінен мұнай-газ секторының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланғандықтан, бұл өз кезегінде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемінің азаюына алып келді.

2015 жылда өндіру көлемінің төмендеуі өңдеу өнеркәсібінің мына салаларында: резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (НКИ – 98,8%), жеңіл өнеркәсіпте (НКИ – 78,8%), мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде (НКИ – 94,5%), машина жасауда (НКИ – 98,6%), металлургия өнеркәсібінде (НКИ – 60,1), машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіруде (ИФО – 89,4%) байқалады.
3-кесте. Өңірдің өңдеу өнеркәсібінің 2012-2015 жылдардағы көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Өнім өндіру көлемі

млн.

теңге


70 968

89 121

105 676

116 154

Өткен жылға НКИ

%

84,9

110,1

118,5

87,6

Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі

%

3,3

4,1

4,5

7,4

Өңдеу өнеркәсібінің мейлінше жоғары көлемі Ақтау қаласына келеді, мұнда саланың ірі және орташа кәсіпорындары шоғырланған.


4-кесте. 2012-2015 жылдардағы өндіру көлемі мен салалардың өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы үлес салмағы

Саланың атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Өндіру көлемі,

млрд. теңге/НКИ



Үлес салмақ,

%


Өндіру көлемі,

млрд. теңге/НКИ



Үлес салмақ,

%


Өндіру көлемі,

млрд. теңге/НКИ



Үлес салмақ,

%


Өндіру көлемі,

млрд. теңге/НКИ



Үлес салмақ,

%


Машина жасау

17,7 /77,9

25

17,0/116,7

19,1

23,0/108,3

21,8

21,1/98,6

18,2

Химия өнеркәсібі

13,1/73,5

18,5

15,7/114,7

17,6

21,8/154

14,2

16,3/109,2

14,0

Металл емес өзге де минералды өнімдер өндірісі

8,2/89,3

11,5

12,4/132,2

13,9

16,3/173,3

17,4

35,2/112,6

30,3

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

6,2/104

8,7

10,7/146,6

12,0

20,8/242,1

19,7

11,3/94,5

9,7

Металлургия өнеркәсібі

5,2/77,2

7,4

4,9/49,7

5,5

3,5/87,2

3,7

4,7/60,1

4,0

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі

7,2/69

10,1

15,8/220

17,7

0,9/66,5

9,7

9,9/89,4

8,5

Жеңіл өнеркәсіп

1,3/126,3

1,9

2,2/93,4

2,4

2,5/94,9

2,4

1,8/78,8

1,6

Фармацевтика

0,2/173

0,1

0,1/98,5

0,2

0,06/148

0,2

0,1/87,8

0,09


Машина жасау

Машина жасау өңір өнеркәсібінің тез өсіп келе жатқан салаларының бірі болып табылады: 2012-2015 жылдарда өндіріс көлемі 1,3 есе өсті. Өңірде мұнай-газ машинасын жасау дамыған, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеруге байланысты кеме жасау дамып келеді. Саланың бәсекелестік артықшылықтары жер қойнауын пайдаланушылардың жобаларына жақындық, біліктіліігі жоғары мамандардың олуы, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің жеткілікті желісі бар болып табылады.

Саланың негігі кәсіпорындары: «Ақтау машинас жасау зауыты» ЖШС (бұрынғы «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС-нің негізінде құрылды), «Каскор-Машзавод» АҚ, «АктауОйлМаш» ЖШС, «Сага-Аташ» ЖШС3 және басқалар. 2015 жылы бұрандалы сорғылар шығаратын зауыт пайдалануға берілді, жобаның бастамашысы – «КУДУ Индастриз Қазақстан» ЖШС (Индустриялық парк, Ақтау қаласы).

Өнім мен қызметтердің негізгі түрлері: бұрғылау соғрылары мен оларға арналған қосалқы бөлшектерді қоса алғанда, жоғары технологиялық мұнай-газ жабдығы, кемелер мен мұнай-газ жабдығын жөндеу.



Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі (металл өңдеу саласы)

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС (бұрынғы «Keppel Kazahstan» ЖШС), «Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС, «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС, «Sewon-Vertex Heavy Industry» АҚ, «GММОS Казахстан» ЖШС4. Саланың негізгі кәсіпорындары КТҚС-да теңіз мұнай операцияларын жүргізуге арналған металл конструкцияларды шығаруға бағдарланған.

Сала НКИ-нің 2015 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 1,3 есе өсті, бұл – «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС консорциумы – «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС-нің «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-нан өздігінен көтеретін жүзбелі бұрғылау қондырғы (ӨЖБҚ) салуға тапсырыс алуына байланысты болды.

Өңірлік Индустрияландыру картасының аясында (екінші бесжылдық) «Қазақстан Пайп Трэдэрс» ЖШС-нің (Тенарис) «Премиум сыныпты газ-герметикалық бұрама қосылыстары бар құбыр кесетін зауыт құрылысы» жобасы іске асырылуда.



Металлургия өнеркәсібі

2013-2015 жылдардағы кезеңде саланың өнім өндіру көлемінің және нақты көлем индексінің бәсеңдеуі байқалады (4-кесте). Саланың негізгі кәсіпорындары: Ақтау құйма зауыты» ЖШС – «АҚЗ» ЖШС (негізгі қызмет түрі – металл сынықтарын қайта өңдеу негізінде болат дайындамалар өндіру мен жаймалау өндірісі); «АrcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ (үлкен диаметрлі болат спиралды-жікті құбырлар өндірісі).

2013 жылы Иранға қарсы экономикалық санкциялардың күшейді, бұл болат дайындамалар экспортының қысқаруына әсер етті. Ішкі рыногта ресейлік өндірушілердің тарапынан болған бәсекелестік арматура сатуды қысқартуға алып келді. 2014 жылы әлемдік рыногта меалл бағалары төмендеді. Нәтижесінде, «АҚЗ» ЖШС Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының Оңалту жоспары бойынша міндеттерді орындамады5 және ҚР Қаржы министрінің төрағалығымен өткен Сауықтыру жөніндегі кеңес отырысының 30.12.2015 жылғы №10 хаттамасының негізінде «АҚЗ» ЖШС Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасынан алынып тасталды және 18.11.2013 жылғы №181 субсидиялау шарты бұзылды. Қазіргі кезде ол кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және банкрот болуына жол бермеу мақсатымен тартылған стратегиялық әріптес – «Batt Holding» ЖШС-мен ынтымақтастықты жалғастыруда.

Мұнай-химия (мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі)

Саланың негізгі кәсіпорындары: «CASPI BITUM» БК» ЖШС, «Қазақ газ өңдеу зауыты» АҚ («ҚазГӨЗ» ЖШС). Негізгі өнім түрлері: тотықтырылған жол битумы, сұйытылған көмірсутегі газдары.

2013 жылы қазақстандық-қытайлық кәсіпорын – жол битумдарын өндіретін зауыттың («CASPI BITUM» БК» ЖШС) пайдалануға берілгенінің нәтижесінде, 2012 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғандағы кезеңде өңдеу саласының құрамындағы кіші саланың үлесі 8,7%-дан 19,3%-ға дейін өсіп, 2015 жылы осы көрсеткіш 9,7% құрады (4-кесте). Өндіру көлемі 2012-2015 жылдарда 3,3 есе өсті.

Қазақ мұнай жəне газ ғылыми-зерттеу жəне жобалау институты, тиімді химиялық реагенттердің өндіруге және игеруге, технологияларды бейімдеуге және оларды нақты мұнай-газ кен орындарында пайдалануға назар аудара отырып, Өңірде кәсіпшілік мұнай-химияның ғылыми-өнеркәсіптік кластерін құру тұжырымдамасын әзірледі. «ҚазГӨЗ» ЖШС-ін («ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) терең жаңғырту жоспарлары әзірленді.



Химия өнеркәсібі

2012-2015 жылдардағы өнім өндіру көлемі және нақты көлем индексі өсу беталысын көрсетеді (4-кесте). 2015 жылдың қорытындысы бойынша өсім 2012 жылмен салыстырғанда 1,9 есені құрады.

Негізгі кәсіпорын – Қазақстан Республикасындағы азоттық минералды тыңайтқыштарды шығаратын ірі кәсіпорын «ҚазАзот» ЖШС (ҚР-дағы азоттық минералды тыңайтқыштар шығарудың жалпы көлемінің 93%-дан астамы). Негізгі өнім түрлері: аммиак селитрасы, сұйық аммиак, азот қышқылы. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясында 2012-2015 жылдардағы кезеңде кәсіпорында зауыттың негізгі жабдығы жаңғыртылды және реконструкцияланды, озық технологиялар енгізілді. Кәсіпорын ескірген жабдықты мейлінше өнімді, энергияның жұмсалуы мейлінше төмен, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология талаптарына сай келетін жабдыққа ауыстырумен байланысты бірқатар іс-шаралар өткізді. Өндірісті қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шараны орындау кезінде Данияның, Германияның, Чехияның және Ресейдің химиялық машина жасау өнеркәсібінің әлемдік лидерлері шақырылды. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибеде алғаш рет жылдамдықты гранулятор барабандарында аммиак селитрасын грануляциялаудың технологиялық желісі енгізілді.

Өндірісті жаңғырту нәтижесінде өнім өндіру көлемі, кәсіпорындағы еңбек өнімділігі артты. 2015 жылы 2012 жылмен салыстырғанда минералды тыңайтқыштар өндіру 2 есеге дерлік артып, сұйық аммиак өндірісі 1,8 есе өсті. Кәсіпорын 2015 жылы аралас азотты-фосфорлы тыңайтқыш (ААФТ) шығаруды игерді. Кәсіпорында өндірісті жаңғырту және кеңейту үдерісі жалғасуда, қазіргі кезде өңірлік индустрияландыру картасының аясында кәсіпорын «Дайын өнімді шығару бойынша өндірістік қуаттылықты арттырумен минералды тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту» жобасын іске асыруда. Ол мына жобаларды қамтиды: «Газ-поршеньді электр станциясының құрылысы» (ГПЭС), «Танк және үрлеу газдарынан шыққан аммиакты кәдеге жарататын қондырғының құрылысы» (ТҮГҚ), «Түйіршіктеу мұнарасының құрылысы» және «ҚазАзот» ЖШС-ін меншікті бастапқы шикізатпен қамтамасыз ету (табиғи газ кен орны) – кен орнын өнеркәсіптік пайдалануды бастау, газ жинау пункттерін (ГЖП-1, ГЖП-2, ГЖП-3 және басқаларын) салу.

«ҚазАзот» ЖШС-ін дамытудың келесі кезеңі өршіл мақсатты жоба – Аммиак-карбамид немесе газды тереңдетіп қайта өңдеудің басқа да өнімдерін шығаратын жаңа кешеннің құрылысын іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын осы мақсаттар үшін 2011 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының аумағында орналасқан «Шағырлы-Шөмішті» газ кен орнының жер үстіндегі құрылыстар кешенін сатып алды. Кәсіпорын 2014 жылы жер қойнауын пайдалануға және аталған кен орнын іске қосуға келісімшарт алып, 2015 жылы табиғи газды өндіру басталды.



Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру

«Өзге де металл емес минералдық өнiм өндiру» саласы бойынша 2012-2015 жылдардағы өнім өндіру көлемі және нақты көлем индексі өсу беталысын көрсетеді (4-кесте), 2015 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсу байқалады.

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Каспий Цемент» ЖШС, «Маңғыстау жол құрылысы материалдары комбинаты» АҚ, «Теміртас-1» ЖШС, «Өндірістік кәсіпорындар басқармасы» ЖШС, «Карьертау» ЖШС, «Строй – Деталь» ЖШС.

Негізгі өнім түрлері: цемент, әк, бетон, темір-бетон бұйымдары, тротуар тақтасы.

Индустрияландыру картасының аясында 2014 жылы іске қосылған: Үй құрылысы комбинатын (Ақтау қаласы), Индустриялық құрылыс комбинатын (Ақтау қаласы), Темір-бетон бұйымдары зауытын, құрылыстық жарық селдірлі конструкциялар өндіретін шағын зауытты («Ақтау теңіз порты» АЭА) жобалық қуаттылыққа шағыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдарын өндіру үшін алғышарттар бар. Ұлутас пен қиыршық тас игерілуде, темір-бетон бұйымдарды өндіру басталды.

Өңірлік индустрияландыру картасының аясында (екінші бесжылдық) «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында «Керамзит тасын өндіретін зауыт салу» жобасы іске асырылуда.

Жеңіл өнеркәсіп

Сала өнімінің нақты көлем индексі 2012 жылғы 126,3%-дан 2015 жылы 78,8%-ға дейін төмендеді (2014 жылы – 94,9%) (4-кесте):

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Жамал-ай» АҚ; «Жанарыс» ЖШС; «Қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС.

Негізгі өнім түрлері: күштік құрылымдарға арналған арнайы қорғау аяқ киімі, арнайы қорғау киімі, тоқыма бұйымдар, мұнай-газ саласына арналған арнайы киім, халық тұтынатын тауарлар. Мұнайға арналған әлемдік бағалардың 2015 жылы күрт құлдырауы облыстың залал шеккен мұнай-газ өндіруші компанияларының қызметіне теріс әсер етіп, олар өз бюджеттерін оңтайландыруға мәжбүр болды. Ол сервистік қызметтерді, жұмыстарды және тауарларды сатып алуды төмендетуге әкелді. Өңірдің жеңіл өнеркәсібінің кәсіпорындары негізінен мұнай-газ секторының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланғандықтан, бұл өз кезегінде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемінің азаюына алып келді.



Фармацевтика өнеркәсібі

2012-2015 жылдардағы өнім өндіру көлемі және нақты көлем индексі орнықсыз динамиканы көрсетеді (4-кесте).

Өңірдің фармацевтика өнеркәсібі халық үшін рецепттер бойынша және облыс ауруханалары үшін облыстық ауруханааралық дәріхананың дәрілік заттарын өндіруден тұрады.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында «Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС-нің өндірістік қуаттылығы жылына 20 млн. дана инфузиялық дәрілік формалар болатын «Сұйық дәрілік формаларды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару бойынша фармацевтикалық кешен» инвестициялық жобасы іске асырылуда. Құрылатын жұмыс орындарының саны – 300 адам. Аяқтау мерзімі – 2017 жыл.



Жергілікті қамтымды дамыту

Бүгінгі күнге облыстың өңдеу өнеркәсібінің өндіріс номенклатурасы импортқа бағдарланған, осыған байланысты импортталатын тауарлардың тізбесімен салыстырғанда отандық тауарларды сатып алу үлесі болмашы ғана. Облыс бойынша сатып алудағы жергілікті қамтым үлесі 5-кестеде келтіріліген.


5-кесте. Маңғыстау облысының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі

Кезең__Мемлекеттік_сатып_алу__Жүйе_құраушы_кәсіпорындар'>Кезең

Мемлекеттік сатып алу

Жүйе құраушы кәсіпорындар

Барлығы, %

оның ішінде:

Барлығы, %

оның ішінде:

тауар лар

жұмыс тар

көрсетілетін қызметтер




тауар лар

жұмыс тар

көрсетілетін қызметтер

2012 жыл

78,3

51,69

79,13

92,38

24,7

4,7

82,9

29,8

2013 жыл

89,9

62,93

92,29

97,05

52,8

6,7

95,2

99,9

2014 жыл

88,9

64,90

92,61

95,75

21,3

1,0

32,9

33,2

2015 жыл

84,4

64,2

88,2

86,4

11,8

0,3

100

14,7

Кезең

Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар

Барлығы, %

оның ішінде:

тауар лар

жұмыс тар

көрсетілетін қызметтер

2012 жыл

65,2

28,1

59,0

84,7

2013 жыл

61,9

27,9

56,8

84,8

2014 жыл

48,5

13,7

68,8

41,2

2015 жыл

80,0

15,4

87,5

89,6

Облыстың жүйе құраушы кәсіпорындарының («ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС) сатып алуындағы жергілікті қамтымның төменгі үлесінің себебі қазақстандық өнімнің қойылатын талаптарға сәйкес келмеуімен байланысты.

Отандық тауар өндірушілерді қолдаудың және жергілікті қамтымды дамытудың пәрменді шараларының бірі меморандумдар мен шарттар жасасу арқылы форумдар өткізу болып табылады. Форумдардың шеңберінде 2015 жылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету бойынша 306 млрд. теңгеден асатын жалпы сомаға 121 меморандумға қол қойылды. Осы Меморандумдардың шеңберінде 302,5 млрд. теңге жалпы сомасына барлығы 484 шарт жасасылды (меморандумдар 98,5%-ға орындалды).
Өнеркәсіп бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 2012-2014 жылдарда айтарлықтай артуы, бұл – онымен аралас салалардың (металлургияның, машина жасаудың, мұнай-химияның) дамуына жағдай жасайды;

ИИДМБ, «Өнімділік-2020», «Экспорттаушы-2020» бағдарламаларының аясында мемлекеттік қолдау шараларының іске асуы;

өнеркәсіпті дамыту институттары: «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ны, «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның бар болуы;

жұмысшы мамандықтар бойынша кадрларды сапалы даярлау үшін ТжКБ ұйымдары желісінің бар болуы;

«Жаңаөзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» темір жолын пайдалануға беру есебінен көлік-логистикалық инфрақұрылымның дамуы


көмірсутегі шикізаты мен металлға арналған бағалардың әлемдік конъюктурасына өңір экономикасы дамуының аса тәуелділігі;

өнеркәсіптің құрамындағы кен өндіру өнеркәсібінің үлкен үлесі (93%) (экономиканың осылдығының өсуі, басқа секторларға инвестициялар тартудың төмендігі, жұмыспен қамтуға әлсіз әсері);

дайын металл бұйымдарын өндіретін кәсіпорындардың теңіз мұнай кен орындарын, оның ішінде ірі Қашаған кен орнын игеруді іске асыру мерзімдеріне тәуелділігі;

мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтымның аз үлесі (3-8%)



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

геоэкономикалық жағдай, өндіру және мұнай химиясын дамыту үшін көмірсутегі шикізатының бай қорларының болуы;

металлургияны, құрылыс материалдарының өндірісін дамыту үшін бай минералдық-шикізат негізінің болуы;

отандық тауарлар өндірушілерді сыртқы экономикалық тұрғыдан қолдау (кедендік жеңілдіктер);

экономиканың дамуының кластерлік моделі (мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу, мұнай химия, мұнай-газ машинасын жасау бойынша кластер және Маңғыстау облысын қоса алғанда үш облыстың аумағында сервис құру жоспарлануда)



әлемдік экономикаға кірігу байланысты өңірлік экономиканың бәсекеге қабілеттігінің төмендеуі;

облыстың мұнай-газ ресурстарының түгесілуі;

өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салалалрын дамыту үшін шикізат базасының жеткіліксіздігі



Өнеркәсіп бойынша негізгі проблемалар:

Мұнай-газ саласы: жұмыс істеп тұрған мұнай кен орындары қорларының табиғи түгесілуі, мұнайға арналған бағалардың, тиісінше мұнай компаниялары кірістерінің төмендеуі;

Машина жасау: мұнай-газ компанияларынан түсетін тапсырыстарға жоғары тәуелділік, бұл өз кезегінде мұнайға арналған әлемдік бағалардың конъюнктурасына; Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы (КТҚС) Қашаған кен орнын игерудің 2-кезеңін бастауға байланысты; «Өнімділік – 2020» бағдарламасының аясында лизингтің қаржыландырумен байланысты проблемалар;

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі: Қашаған кен орнын игерудің 2-кезеңін іске асыру мерзімдерінің шегерілуіне байланысты компаниялардың төмен жүктелуі.

Металлургия өнеркәсібі: ұлттық мұнай-газ тасымалдаушы компаниялардың, сондай-ақ жылу транзиттік ұйымдардың тарапынан сұраныстың болмауына байланысты, «Аrcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ-ның қуаттылықтары тек 25%-ға жүктелген; «АҚЗ» ЖШС-нің айналым қаражатының жоқтығы.

Мұнай-химия (мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру): «Caspi Bitum» БК» ЖШС – Ресейлік рубльдік құнсыздануына байланысты ресейлік битумның тарапынан бәсекелестік; «ҚазГӨЗ» ЖШС-дегін жабдықтың жоғары тозуы (газ өңдеу зауыты 1973 жылы іске қосылды),

Химия өнеркәсібі: ҚР ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің тарапынан тиеліп қойған аммиак селитрасына уақытылы ақы төлемеуі; энергия ресурстарына, табиғи газға және темір жол тасымалдарына арналған тарифтердің өсуі; амииак селитрасы импортының жыл сайынғы өсуі; амииак селитрасын Өзбекстан аумағынан өткізу кезінде, ол қолданатын бөгеу шаралары Тәжікстан мен Қырғызстандағы өткізу рыногын шектейді; салада білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру: жоғары бағалық бәсекелестік және сертификатталмаған құрылыс материалдарының, оның ішінде арзан ирандық цементтің жеткізілуі.

Жеңіл өнеркәсіп: шикізатты импорттауға жоғары тәуелділік, салықтардың жоғары деңгейі, жосықсыз бәсеклестік.

Фармацевтика өнеркәсібі: зауытты жинақтауды аяқтау үшін қытайлық мамандар мен жұмысшыларға жаңа визалар ресімдеу қажеттілігіне байланысты, «ФармЧакур» ЖШС-нің фармацевтикалық кешенін пайдалануға беру кейінге шегерілді.

Жергілікті қамтым: кейбір отандық тауарларды жеткізушілерде тауардың қазақстандық шығу тегін растайтын сертификаттар жоқ; қазақстандық кәсіпорындардың көпшлігінің өндірістің әлемдік стандартатрына сай болмауы, ірі жобалардың қажеттіліктері үшін қажет етілетін өндірістердің жоқтығы.
2.1.1.3. Агроөнеркәсіптік кешен

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығының жалпы көлемі 2015 жылы 11734,3 млн. теңгені, НКИ – 105,1% құрады (1-кесте). Облыс ЖӨӨ-дегі ауыл шаруашылықтың үлесі 0,34% құрап, есепті кезеңде іс жүзінде өзгерген жоқ (2012 жылы – 0,3%). Тұщы судың жер үстіндегі көздерінің, шалғынды жайылымдарының жоқтығы, күрт континенталды, құрғақ климат, табиғи жайылымдар шығымдылығының ауа райы жағдайларына тікелей тәуелділігі, қатаң гидрологиялық жағдайлар,  жерасты су көздерінің жоғары минералдануы аграрлық секторды дамытуды шектейді.


1-кесте. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің динамикасы




2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

7 822,5

8 036,6

8 724,7

11734,3


Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ

99,6

96,6

95,7

105,1

Алайда, ауыл шаруашылығының болмашы үлесіне және жұмыспен қамтудың төмендігіне (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында барлығы 1,3%) қарамастан, өңір үшін осы саланың маңызы айтарлықтай жоғары. Ауылдық жерде облыс халқының жартысы тұрады және тиімді аграрлық секторды дамыту ауылдағы әлеуметтік тұрақтылықтың гаранты болып табылады.

Маңғыстау облысының жалпы ауданы 16,6 млн. гектарды, оның ішінде аукыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 5,99 млн. гектарды (36,0%), негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс ауданы – 1,087 мың гектарды (0,016%), оның ішінде озық ылғал үнемдеу технологиясы (тамшылатып суару) пайдаланылатын егіс алқабы – 0,893 мың гектарды (2012 жылға қарағанда 3,15 есе өсті) құрайды.

Пайдалы жерлер кесінінде облыс аумағы негізінен жалпы ауданы 12,7 млн. гектарды құрайтын жайылымдық жерлерден тұрады.



Мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының құрылымында шахталық және түтікті құдықтардың тұзы аз жер асты суларын пайдаланумен жануарларды (түйелерді, қойларды және жылқыларды) жыл бойы жайылымда ұстауға негізделген мал шаруашылығы (86%) басым.

Елдегі түйелердің үштен бірге жуығы Маңғыстау облысында шоғырланған. Түйе шаруашылығы өңірдің мал шаруашылығының дәстүрлі саласы болып табылады. Облыста қазақтың айыр өркешті (бактриан) түйелерін өсіретін 2 асыл тұқымды шаруашылық пен бір өркешті түйе (дромедар) өсіретін 6 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді.

Өңірде қой басының шамамен 80%-ын қаракөл қойлар мен олардың елтірілі-етті бағыттағы құйрықты қойлармен жан-жақты будандастырылған қоспалары құрайды. Қалған бөлікті жергілікті қазақы құйрықты, еділбай тұқымдас және олардың будандары құрайды. Қазіргі кезде жакеттік елтірі бағытындағы қара қаракөл және еділбай тұқымдас етті-майлы қойлар өсіретін 2 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді.

Өңірдің жылқы шаруашылығы тек адай үлгісіндегі қазақ жылқыларынан тұрады (95%). Жануарлар жергілікті табиғи-климаттық және жем-шөп жағдайларына жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Асыл тұқымды жылқы шаруашылығының барлық 19 субъектісі, оның ішінде 2 асыл тұқымды шаруашылық тек адай үлгісіндегі қазақ жылқыларын өсіреді.

2016 жылғы 1 қаңтарға облыс бойынша 1198 субъект ауыл шаруашлығымен, оның ішінде 1067 субъект мал шаруашылығымен (89%) айналысады. Ірі қара мал басының 63,6%-ы – тұрғындардың үй шаруашылықтарына; 36,3%-ы – шаруа немесе фермерлік қожалықтарға; 0,1%-ы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына тиесілі.

Негізгі өнім өндірушілер тұрғындардың шаруашылықтары болып табылады. Мысалға, 2015 жылда ет өндіруде тұрғындар шаруашылықтарының үлесі – 75%, ал шаруа қожалықтарының үлесі – 21,6%, ауыл шаруашылығы құрылымдарының үлесі – 3,4% құрады.

Мал шаруашылығын дамытудағы негізгі жұмыс мал басын арттыруға, өндірілетін өнімнің шығымдылығы мен сапасын көтеруге және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Қазіргі кезде облыста 36 асыл тұқымды субъект, оның шінде: асыл тұқымды қой өсіру бойынша – 4 субъект, адай жылқысын өсіру бойынша – 21 субъект, түйе өсіру бойынша – 10 субъект, ірі қара мал бойынша – 1 субъект жұмыс істейді.

Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы қой шаруашылығында – 4,1%, жылқы шаруашылығында – 7,7%, түйе шаруашылығында – 4,27% құрайды. Мал басының ең көп бөлігі Бейнеу және Маңғыстау аудандарында шоғырланған.


2-кесте. Мал мен құстың 2012-2015 жылдардағы саны

Көрсеткіштердің атауы

Өл. бірл.

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015/2012

%

2014 жылдағы республикадағы үлес, %

Ірі қара мал

бас

16077

15180

17124

15978

99,4

0,27%

Қой мен ешкі

бас

572917

434863

353937

342343

59,8

1,9%

Түйе

бас

56146

47735

47209

48122

85,7

29,8%

Жылқы

бас

61637

59723

57629

57779

93,7

3,2%

Құстар

бас

8643

7688

16566

15078

174,5

0,05%

Мал басының қысқаруының негізгі себебі өңірде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, нақты санды анықтау бойынша жұмыстардың басталуы болып табылады. Сондай-ақ, мал басының азаюының негізгі факторларының бірі 2012-2014 жылдардағы құрғақшылық болды.


1-сурет. 2012-2015 жылдардағы мал шаруашылығының негізгі өнім түрлерін өндіру


Мал басының өсуіне әсер ететін негізгі факторлар өңірдің табиғи-климаттық жағдайлары мен жайылымдарды суландыру болып табылады. 2014 жылғы қарашадан бастап 2016 жылдың бірінші жартыжылдығын қоса алғанда шаруа қожалықтары үшін 73 ұңғыма бұрғыланып, пайдалануға берілді.

Жыл өткен сайын мал шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығаюда. Мәселен, 2014-2015 жылдары «Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы 1 трактор, 3 шөп машинасы, 3 тырнауыш, 6 пішен пресі лизингке сатып алынды. Қазіргі кезде облыста 102 дөңгелекті трактор, 68 трактор тіркемесі, 77 шөп машинасы, 66 тырнауыш және 46 пішен пресі бар.



Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет