МАҢҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2017 жыл мазмұНЫ



бет6/19
Дата04.07.2018
өлшемі1,34 Mb.
#46321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Мұнай-газ секторының басым рөлі өңірдің инновациялық инфрақұрылымының дамуын алдын ала белгілеп берді. Облыстың ғылыми-зерттеу институттарының («ҚазҒЗЖИмұнайгаз», «Мұнай-газ ҒЗЖИ» АҚ, Ксапий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті) барлық әзірлемелері дәл осы салада іске асырылуда. Сонымен бірге, мұнда әлемдік және отандық жетекші компаниялардың озық инновациялық технологиялары енгізілуде.

Облыстың шикізаттық емес секторының кәсіпорындарының ешқайсысында конструкторлық бюро немесе ҒЗТКЖ жоқ. Университеттер, өнеркәсіптік сектор және мемлекеттік агенттіктер арасындағы байланыс әлсіз.

Өңірдің өңдеу секторындағы инновациялық жүйесін дамытудың жалғыз арнасы тікелей шетелдік инвестициялар қатысатын жобалар болып табылады (Индустрияландыру картасы).

Мәселен, жол битумдарын өндіретін зауттың іске қосылуы («Caspi Bitum» БК) өңірде тиісті технологиялық инновациялар енгізілген мұнай-химияны құруға ықпал етті. «ҚазАзот» зауытын жаңғырту аммиак селитрасын грануляциялаудың бірегей технологиясын енгізуге ықпал етті. Бұл технология «ҚазАзот» ЖШС-де ғана пайдаланылады және оның аналогы жоқ. Шетпе ауылында «Каспий Цемент» ЖШС-нің Цемент зауытын іске қосу, қоршаған ортаға барынша төмен әсер ететін құрғақ тәсілмен цемент өндірудың «таза» технологиясын енгізуге ықпал етті. Сондай-ақ, «Қазақстан Пайп Трэдэрс» ЖШС-нің «Премиум сыныпты газ-герметикалық бұрама қосылыстары бар құбыр кесетін зауытын іске қосу» жобасы да инновациялық жоба болып табылады.
Инвестициялар мен инновациялар бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Қазақстанның барлық теңіз операцияларына сервистік қызмет көрсету үшін базалық инфрақұрылым құрылды, бұл – инвестициялық салымдар үшін тартымды болып табылады;

«Ақтау теңіз порты» АЭА-ын қарқынды дамыту халықаралық маңызы бар транзиттік, көлік-логистикалық әлеуетті іске асыру үшін инвестициялар тарту факторы болып табылады




дәстүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық технологияларды енгізудегі белсенділігінің төменігі;

облыс ШОБ-нің инновациялық белсенділігінің төмендігі және төмен әртараптандырылуы;

агроөнеркәсіптік жобалардың төмен өтелімділігі және су ресурстарының жетіспеушілігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, АӨК-тің әлсіз экономикалық жағдайы АӨК инфрақұрылымын және тұтастай алғанда өңірдің агробизнесін дамытуға инвестициялар тартуға негізгі кедергі болып табылады


МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

трансұлттық компаниялардың инвестицияларын теңіз операцияларына тарту; инфрақұрылымдық жобаларға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту


«Қошқар ата» қалдықтар қоймасының экологиялық жағдайының Ақтау қалалық инфрақұрылмын және инвестициялық жобаларды солтүстік бағытта дамытуға әсері;

Каспий бассейнінің қазақстандық бөлігін зерттеу және игеру жөніндегі ғылыми экологиялық орталықтың жоқтығы;

Каспий теңізіне мұнай төгілу жағдайларына арналған халықаралық келісімнің жоқтығы, теңіз және теңізбен байланысты инвестициялық жобаларды дамытуда тежеуші фактор болып табылады;

өмір сурудің жоғары деңгейінің және баға саясатының экспортқа бағдарланған жобаларға әсері




Инвестициялар мен инновациялар саласындағы негізгі проблемалар:

мұнай-газ секторының шегінен тыс өңірлік инновациялық жүйе құру үшін стимулдардың жоқтығы;

теңіз мұнай жобаларының технологиялық қиындығы және үлкен экологиялық тәуекелдер инвестициялар тартуды тежеуші фактор болып табылады;

дәстүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық технологияларды енгізудегі белсенділігінің төмендігі;

облыс ШОБ-нің инновациялық белсенділігінің төмендігі және төмен әртараптандырылуы;

АӨК-тің әлсіз экономикалық жағдайы АӨК инфрақұрылымын және тұтастай алғанда өңірдің агробизнесін дамытуға инвестициялар тартуға негізгі кедергі болып табылады.


2.1.1.7. Экономикалық өсу орталықтарын дамыту
Моноқалаларды дамыту

Жаңаөзен қаласы халық саны бойынша облыс орталығынан кейінгі екінші қала болып табылады. Қала халқы 2016 жылғы 1 мамырға 142,6 мың адамды құрады (облыс бойынша жалпы санның 22,4%-ы). Облыс орталығы Ақтау қаласынан 150 км жерде орналасқан. Қаланың жалпы ауданы – 0,5 мың шаршы метр. Халықтың тығыздығы – 1 щаршы километрге 0,3 адам (облыс бойынша орташа – 3,7). Қала құрамына 3 ауыл – Теңге, Қызылсай және Рахат кіреді.



Жаңаөзен қаласы даму әлеуеті орташа моноқала болып айқындалды.

Жаңаөзен қаласындағы негізгі сала кен өндіру өнеркәсібі (мұнай-газ өндіруші) өнеркәсіп болып табылады (2015 жылы – қала өнеркәсібінің жалпы көлемінің 85%-ы). Қала құраушы кәсіпорын – мұнай және газ өндірумен айналысатын «Өзенмұнайгаз» АҚ. Қазіргі кезде 7 мұнай кен орны игерілуде (қорлары бойынша ең ірілері – «Өзен» және «Қарамандыбас»).

Жаңаөзен қаласы бойынша өнеркәсіптік өнімнің нақты көлемінің индексі 2015 жылда 94,9% құрады (2012 жылы – 182,3%). Облыс бойынша өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде Жаңаөзен қаласының үлесіне шамамен 7,8% келеді (2012 жылы – 5,3%).

Мұнай өндіру 2015 жылда 475,3 мың тоннаны (2014 жылдың деңгейіне 101,5%), табиғи газ өндіру - 361,4 млн. текше метрді (2014 жылға 84,3%) құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.11.2011 жылғы №1521 қаулысымен Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілді. Қаланы дамытуға барлық қаражат көздерінен барлығы 48 млрд. теңге бағытттау көздестірілген.

Кешенді жоспар бірінші кезекте Жаңаөзен қаласының халқын жұмыспен қамту мәселелерін жүйелі шешуге, қала тұрғындары үшін жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталған.



Кешенді жоспарды іске асыруға 2015 жылы – 6 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 2,4 млрд. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатының есебінен – 0,5 млрд. теңге бағытталды.

Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында «Астана», «Мерей», «Арай» шағын аудандарында және Қызылсай ауылында әрқайсысы 320 орындық төрт балабақшаның; қорғаныс істері жөніндегі ғимараттың; «Мамыр» және «Мерей» шағын аудандары автомобиль жолдарының құрылысы; 5 спорт құрылысын; 5 аулалық алаңқай; Жаңаөзен қаласындағы сауда және ойын-сауық орталығын, Жаңаөзен қаласындағы сауда-ойын сауық орталығын салу; Маңғыстау көшесі бойынша жарықтандыру желілерін реконструкциялау аяқталып; 50 төсек-орындық стационары бар медициналық емдеу орталығының (емхананың); шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты (4-кезең), қаланың бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялау және кеңейту жалғасуда.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында Жаңаөзен моноқаласы үшін 2015 жылы 1 130,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 762 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 251,5 млн. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатынан – 117,0 млн. теңге бөлінді. 01.01.2016 жылғы жағдай бойынша қаражат толық көлемде игерілді.

Жаңаөзен қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жаңа өндірістер құруға 21 млн. теңге сомасында 7 грант бөлініп, 659,3 млн. теңге жалпы сомасына 17 жоба субсидияланды және 11,2 млн. теңге жалпы сомасына 7 жоба кепілдендірілді, 40,5 млн. теңге сомасына 13 микрокредит берілді.

Жаңаөзен қаласындағы өндірістік алаңға дейінгі кіреберіс автожолдың, қалашілік автомобиль жолдарының құрылысы және «Шаңырақ» шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру аяқталды.

Кешенді жоспарды іске асыруға 2016 жылы – 3,3 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,8 млрд. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатының есебінен – 200 млн. теңге бөлінді.

Инфрақұрылымды дамыту бойынша Қызылсай ауылының автомобиль жолдарының құрылысы және Құланды ауылындағы автомобиль жолдарын кеңейту аяқталды; «Арай» шағын ауданындағы 320 орындық балабақшаның, «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерінің құрылысы; Еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу; шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау және кеңейту жүргізілуде.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша Жаңаөзен қаласы үшін жергілікті бюджеттен 2016 жылы 105,3 млн. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатынан 295 млн. теңге бөлінді. «Мұнайлы» шағын ауданының автомобиль жолының құрылысы аяқталды; «Бостандық» және «Жұлдыз» шағын аудандарының автомобиль жолдарының құрылысы; Қызылсай ауылында 4 пәтерлік муниципалдық (коммуналдық) тұрғын үйдің құрылысы; Жаңаөзен қаласының 3 «А» шағын ауданындағы аулаішілік көшелерді және вокзал маңындағы көшелерді абаттандыру жүргізілуде.



«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында Жаңаөзен қаласы бойынша 883,0 млн. теңге жалпы сомасына кредиттердің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау жөніндегі 33 жоба, 12,0 млн. теңге жалпы сомасына грант алуға 4 жоба мақұлданды.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Жаңаөзен қаласындағы жалпы жұмыссыздық деңгейі жоғары болып қалуда, ол 2015 жылдың қорытындысында облыс бойынша орташа 5,1% болғанда, 6,1% (2012 жыл – 5%) құрады (оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі орташа облыстық деңгей 4,2% болғанда, 6,3%). Себеп – күрделі қаржылық ахуалға байланысты мұнай-газ секторының кәсіпорындарында, сервистік кәсіпорындарда жұмыстар көлемінің қысқаруы, жұмыссыздардың жалақысы төмен жұмысқа орналасуды қаламауы.



Қала экономикасын әртараптандыру мақсатында шикізат емес салаларды, дәлірек айтқанда туризмді дамыту бойынша шаралар қабылануда. Жаңаөзен қаласы үшін «зәкірлі» жоба – «Кендірлі» курортты демалыс аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, іске асырылуда. Сыртқы инфрақұрылымның құрылысы басталды. Курортты аймақты дамытуға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінге CESA Investment және Analoga GmbH неміс инвестициялық әріптестік компанияларының тарапынан Кендірлідегі теңіз курорты жобасын іске асыруға қызығушылық бар екені анықталды.

«Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты есебінен Кендірліде су тұщыту зауытын салу жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Екінші «зәкірлі» жоба – Құрық теңіз портының жағалаулық инфрақұрылымын дамыту: «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «Боржақты-Ерсай» темір жолының құрылысы аяқталды, Құрық портында паром кешенінің құрылысы жүргізілуде.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Құрық ауылы маңындағы кеме жөндеу/кеме жасау зауыты» жобасын іске асыруда. ЖСҚ-ға арналған мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Халықаралық Операторды таңдау бойынша тендер өткізілуде.



Қосалқы және қызмет көрсетуші кәсіпорындар орналастыру тұрғысында «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай-газ жабдығын күрделі жөндеу және оларға қызмет көрсету бойынша сервистік өндірістер құру жөніндегі үш жоба көздестіріп, олардың ішінде жерасты жабдығын диагностикалау және жөндеу цехының құрылысы және ұңғымаларды тұншықтыруға арналған сұйықтар даярлау торабының құрылысы аяқталды.

1000 бірлік арнайы техника мен автокөлікке қызмет көрсететін автосервистік орталықтың құрылысы 2014 жылы басталды. 2015 жылы объектінің құрылысы тоқтатылды. Қазіргі кезде «Өзенмұнайгаз» АҚ құрылысты жалғастыру үшін 2017 жылға қаражат бөлу мәселесін қарап жатыр.


Шағын қалаларды дамыту

Облыс аумағында 1 шағын қала – Каспий теңізінің жағасында (Түпқараған мүйісінде) орналасқан Форт-Шевченко қаласы бар. Ол 1846 жылы Форт-Александровск бекінісі ретінде құрылды. Қала мәртебесін 1928 жылы Форт-Шевченко қаласы ретінде алды, 1972 жылдан бастап Түпқараған ауданының орталығы болып табылады.

Аумағы – 26,8 тыс. га. Облыс орталығына (Ақтау қаласы) дейінгі арақашықтық – 132 км. Ақтау қаласымен байланыс «Ақтау – Форт-Шевченко» автомобиль жолы бойынша жүзеге асырылады. Қала халқының саны 1.01.2016  жылға 6,4 мың адамды құрайды. Қалаға жақын маңда халық саны 4,5 мың адам болатын Баутин ауылы бар.

Қала экономикасын дамытудың негізгі бағыттары мұнай-газ өндіру өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру болып табылады.

Каспий қайраңын игеруге байланысты Баутин портының маңында АДЖИП ККО компаниясы мен басқа да сервистік кәсіпорындар қызметінің жандануы қаланың өндірістік әлеуетінің дамуына себепші болды. Ақтау АТСП РМК-ның Баутин жүк ауданы, Аджип ККО қолдау базасы, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ-ның құрғақ жүк таситын кеме айлағы дамып жатыр.

Қосалқы және қызмет көрсетуші кәсіпорындар орналастыру тұрғысында Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүзетін флотты жөндеу жұмыстарымен (кемелерді, жүзбелі және жағалаулық қызмет көрсету құралдарын жөндеу, жасау және жаңғырту, барлық түрдегі металл конструкцияларды дайындау жөне жөндеу) қамтамасыз ететін кәсіпорын – «Сага-Аташ» ЖШС жұмыс істейді. «САГА Аташ» ЖШС «Кеме жөндеу өндірісін дамыту және жаңғырту» жобасын іске асыруда, инвестициялар көлемі – 2640,0 млн. теңге, аяқтау мерзімі – 2019 жыл. Қаржыландыру көздері: меншікті қаражат және шетелдік стратегиялық әріптестің қаражаты.

«Сага-Аташ» ЖШС жобаны іске асыру үшін 2013 жылы «Паллада» Херсон мемлекеттік зауытымен (Украина) жүк көтерімділігі 8500 тонналық жүзбелі док жасауға және жеткізуге келісімшарт жасасты. Бүгінге «Сага-Аташ» ЖШС стратегиялық әріптеспен жобаны қоса қаржыландыру жөнінде келіссөздер жүргізуде. Жобаны іске асыру 2017 жылдың басында басталады, іске асыру мерзімі – 2 жыл. Кәсіпорын бұрыннан бар бағдарламалар, оның ішінде «Өнімділік 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алуды жоспарлап отыр.

Индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында мыналар: «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС-нің «Баутин кентіндегі кеме жөндеу зауыты», «Балықшы» ЖШС-нің «Теңіз операцияларын қолдау базасы», «Эм-Ай Дриллинг Флюидз Интернэшнл, Б.В.» филиалының «Қуаттылығы жылына 84 мың тонна бұрғылау ерітінділер өндірісі», «Теңіз Сервис» ЖШС-нің «Металл конструкциялары зауытының өндірістік алаңы», «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС-нің «Теңіз металл конструкцияларын өндіретін өнеркәсіптік кешен салу» жобалары іске асырылды.

Қашаған кен орнын игерудің 2-фазасы мерзімдерінің ауыстырылуына байланысты, көрсетілген кәсіпорындар өндірістік қуаттылықтарды жүктеумен байланысты проблемалар тартып отыр.

Экономиканы әртараптандыру мақсатында Форт-Шевченко қаласында құрылыс саласы дамуда, негізгі кәсіпорын – әр түрлi мақсаттағы объектілерді салумен және күрделі жөндеумен, бетон бұйымдар, тауарлық бетон дайындаумен және өткізумен айналысатын «Түпқараған» ЖШС. Ұлутас өндіретін карьерлер жұмыс істейді.

Қалада теңіздегі балық кәсіпшілігін, тауарлық балық өсіруді дамыту перспективалары бар. Ауқымды табиғи-рекреациялық және минералды ресурстар: шомылу және демалу үшін жарамды жылы климат, тамаша жағажайлары бар қолайлы айлақ, тарихи ресурс (Т.Г. Шевченконың мемориалдық мұражайы, өлкетану және этнографиялық мұражай, Новопетровск бекінісінің қалдықтары) туристік индустрияны дамыту үшін алғышарттар құрады.



«Зәкірлі» жобаларды іске асыру мақсатында Форт-Шевченко қаласында алдағы жылдары «Балық аулайтын және қайта өңдейтін кәсіпорын ұйымдастыру», «Ұлутас пен құрылыс тасын, олардан құрылыс материалдарын өндіру» сияқты жобаларды іске асыру мәселелері пысықталуда. «Форт-Шевченко қаласында туристік индустрияны дамыту жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шебер-жоспар» әзірлеу жоспарланды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Форт-Шевченко қаласында шағын кәсіпкерліктің 405 субьектісі тіркелген, 2012 жылмен салыстырғанда өсімі –28,2% (316 бірлік). Тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санында 27% – құрылыс саласында (тұрғын және тұрғын емес ғимараттар, жолдар мен автомагистралдар, өзге де инженерлік құрылыстар), 17,8% – көтерме және бөлшек сауда саласында, 13,3% – құрылыс жұмыстары саласында, 6,7% – теңізде балық аулау саласында, 35,2% – өзге көрсетілетін қызметтер саласында жұмыспен қамтылған.

«БЖК-2020» бағдарламасының аясында 2012 жылы ДК «Чалак Бехзад Айчарекулына» «Жылыжай шаруашылығының қазандығын газбен жабдықтау» жобасы бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (жобаның жалпы құны –5,12 млн. теңге) кредиттерді ішінара кепілдендіру (кепілдіктің жалпы сомасы – 2,56 млн. теңге) бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілді. 2015 жылы ДК «Е.Ж. Сарбасовтың» «Арнайы техника сатып алу» жобасына пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша қолдау көрсетілді (жалпы құны – 9,5 млн. теңге).

Қала электрмен жабдықтаумен, газбен жабдықтаумен, телефон және ұялы байланыспен, Интернетпен, ішінара орталықтандырылған сумен жабдықтаумен (екі қабатты 22 және 634 жеке үй), қалған 566 үй орталықтандырылмаған сумен жабдықтаумен (су Кетік кен орнынан су тарату пункті арқылы су тасушылармен жеткізіледі) қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде жоғары дәрежеде тозған және жаңғыртуды қажет ететін «Баута» су тұщыту зауытының су ішінара пайдаланылады.

«Ақбұлақ» бағдарламаның аясында Форт-Шевченко қаласында ауыз су құбырын және тұрмыстық канализация желілерін салу жобасы іске асырылуда. Үйлердің бір бөлігі қамтамасыз етілді. Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен толық қамтамасыз ету үшін Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылында су құбыры мен канализация салуға ЖСҚ әзірленді (ұзындығы – 61,8 км). Жоба құны – 1450 млн. теңге. Жобаға 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыруға өтінім беріліп, қолданды.

Форт-Шевченко қаласында баламалы энергия көздерін (дәлірек айтқанда, эел энергиясын) дамытуға мүмкіндіктер бар. Жел электр станцияларын салу жобаларын іске асыру үшін инвесторлар іздеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі кезде Форт-Шевченко қаласындағы білім беру саласында «Дарын» қосымша білім беру орталығы, Е. Өмірбаев атындағы орта мектеп, «Балбөбек» балабақшасы, «Құлыншақ» балабақшасы, «Айгөлек» балабақшасы, «Алпамыс» балабақшасы, өнер және кәсіпке бағдарлау мектебі, Маңғыстау политехникалық колледжінің филиалы жұмыс істейді.

Үш ауысыммен оқытуды жою мақсатында, 2016 жылы Форт-Шевченко қаласындағы 550 орындық мектеп-интернаттың құрылысы аяқталды (инвесторлар қаражатының есебінен).

Форт-Шевченко қаласындағы Дарын орталығының 60 орындық жатақханасы бар әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталды. Форт-Шевченко қаласында 100 орындық жатақхана салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласында Орталық аудандық аурухана, оның ішінде диспансерлік (туберкулез) бөлімше, балалар бөлімшесі жұмыс істейді.

Мәдениет саласында 1 мұражай кешені (этнографиялық мұражайды, Тарас Шевченко мұражайын, Мұрын жырау мұражайын қамтитын), Мәдениет үйі, орталық аудандық кітапхана жұмыс істейді.

Көлік инфрақұрылымын дамыту тұрғысында «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км) автожолын күрделі жөндеу жалғасуда, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) автомобиль жолын орташа жөндеу аяқталды. Осы жобаларды іске асыру Форт-Шевченко қаласының облыс орталығы Ақтау қаласымен автомобиль байланысын жақсартады.

Форт-Шевченко қаласының транзиттік әлеуетін арттыру, өткізу рыногтарына қолжетімділікті қысқарту мақсатында «Маңғышлақ-Баутин» темір жол тармағын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолданумен салу мәселесі пысықталуда.

Ауылдық, оның ішінде шекара маңындағы елді мекендер

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Маңғыстау облысында 352 мың адам тұратын 61 ауылдық елді мекен (бұдан әрі – АЕМ) бар. Бұл ретте, халқы 500 адамнан асатын ауылдардың көпшілігінде (АЕМ-нің жалпы санының 72%-ы) облыстағы ауыл халқының 99%-ы тұрады. Соңғы үш жылда (2013-2015) ауыл халқының саны 13%-ға өсті.



АЕМ-дің жалпы санында даму әлеуеті жоғары 5 ауыл, даму әлеуеті орташа 48 ауыл, даму әлеуеті төмен 8 ауыл бар. Даму әлеуеті төмен АЕМ Қарақия және Маңғыстау аудандарында орналасқан. 2014 жылы Жаңаөзен қаласында Рахат ауылы құрылды.

Тұтастай алғанда, ауылдық елді мекендер қолданыстағы нормативтерге сәйкес білім беру және денсаулық сақтау обьектілерімен қамтамасыз етілген.

Мәселен, ауылдардың жалпы санында 50 АЕМ білім беру объектілерімен қамтамасыз етілген, оның ішінде 2 АЕМ-дегі мектептер мемлекеттік нормативтерге сәйкес келмейді. Сонымен бірге, облыста мемлекеттік нормативке сәйкес білім беру объектісі бар болуы қажет 1 АЕМ бар.

54 АЕМ денсаулық сақтау объектілерімен қамтамасыз етілген, оның 3-еуі мемлекеттік нормативтерге сәйкес келмейді. Бұдан басқа, мемлекеттік нормативтерге сәйкес 2 АЕМ-де денсаулық сақтау объектілері болуы қажет.

Облыстың АЕМ-дерінің жалпы санында мәдениет объектілерімен қамтамасыз етілу – 69%, объектілерімен қамтамасыз етілу – 69%, туризм объектілерімен қамтамасыз етілу – 10% құрайды.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 30 АЕМ немесе АЕМ-дің жалпы санында 50%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген. Қарақия және Маңғыстау аудандарындағы 4 АЕМ-де тұрғындар тасымалданатын суды пайдаланады.

2015 жылмен салыстырғанда аудан орталығына дейінгі жолы қанағаттанғысыз жай-күйдегі ауылдардың саны 21 АЕМ-ге дейін қысқарды. Сонымен бірге, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 15%-ы күрделі жөндеуді қажет етеді, бұл –көлік инфрақұрылымының тозғанын көрсетеді.

АЕМ-дің электрлендірумен және телефон байланысымен толық қамтамасыз етілуі оң көрсеткіш болып табылады. Стационарлық пошта байланысымен қамтамасыз етілу АЕМ-дің жалпы санында 69% құрайды. Төменгі қамтамасыз етілу Қарақия және Маңғыстау аудандарында байқалады.

АЕМ-дің жалпы санында 84%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген, мұндай ауылдардың ең көп саны Маңғыстау және Бейнеу аудандарында бар.

Ауылдық аумақтарды дамыту қолданыстағы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, облыс аумағын дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда.

Мәселен, ауылдық жердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның 89 жобасын іске асыруға 2015 жылы 16,2 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 6,9 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 9,3 млрд. теңге бөлініп, олар білім беру, денсаулық сақтау объектілерін, тұрғын үй салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге, сумен жабдықтауға, электрмен жабдықтауға, газбен жабдықтауға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға және көлік инфрақұрылымының объектілеріне бағытталды.

Өңірлік саясаттың негізгі бағыттарының бірі тірек ауылдық елді мекендерді (ТАЕМ) дамыту болып табылады. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында 6 ТАЕМ-ді (Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Бейнеу ауданының Ақжігіт және Боранқұл, Маңғыстау ауданының Сайөтес және Жыңғылды, Қарақия ауданының Жетібай ауылдарын) дамыту жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған кешенді жоспарлар әзірленіп, қабылданды.

Кешенді жоспарлар аясында ТАЕМ-дің экономикалық қызметін, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға 2015 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 3,7 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2,0 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,5 млрд. теңге, басқа қаражат көздерінен – 0,2 млрд. теңге бағытталды. Көрсетілген қаражаты барлық тірек ауылдарды қамтумен 23 жобаны және 73 км. инженерлік инфрақұрылымды іске асыруға бағытталды.

ТАЕМ-ді дамыту жөніндегі көрсетілген іс-шараларды іске асыру олардағы халық санын 35,7 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» бөлігінің аясында облыстың ауылдарын жайластыру үшін жергілікті бюджет қаражатынан 2014 жылы 623 млн. теңге бөлініп, 17 ауылдық елді мекенде 40 жоба іске асырылды (2012 жылы – 34,4 млн. теңге сомасына 15 жоба, 2013 жылы – 211,3 млн. теңге сомасына 42 жоба).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағытының аясында 2210 млн. теңге бюджет қаражатының сомасына 2014 жылы облыстың даму әлеуеті орташа және жоғары 32 ауылдық елді мекенінде коммуналдық-инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 157 жоба іске асырылды (2012 жылы – 337,2 млн. теңгеге 15 жоба, 2013 жылы – 1702,2 млн. теңгеге 96 жоба). 2015 жылы 401,1 млн. теңге сомасына 45 жоба іске асырылды.

Ауылдағы бюджеттік саладағы білікті кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу және әлеуметтік сала мамандарын ауылдық жерге жұмыс істеуге тарту мақсатында, 2015 жылы 547 жас маманға 75,9 млн. теңге сомасына көтерме жәрдемақы, 247 маманға 725,8 млн. теңге сомасына тұрғын үйге арналған кредиттер берілді (2013 жылы – 462 жас маманға көтерме жәрдемақы, 127 маманға тұрғын үйге арналған кредит берілді).

Маңғыстау облысы бойынша шекара маңындағы ауылдар тізбесіне халық саны 4,1 мың адам болатын 4 АЕМ (Бейнеу ауданының Тәжен, Сам және Ақжігіт, Қарақия ауданының Болашақ ауылдары) енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы» қаулысын орындау үшін, Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп (облыс әкімдігінің 14.05.2014 жылғы №108 қаулысы), іске асырылуда.

Осы Жоспардың аясында 2015 жылы 1,3 млрд. теңге сомасына (оның ішінде, республикалық бюджеттен – 1,0 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,08 млрд. теңге, басқа қаражат көздерінен – 0,3 млрд. теңге) 10 жоба іске асырылды (2014 жылы – 1,1 млрд. теңге). Көрсетілген қаражат негізінен шекара маңындағы аудандардың экономикалық қызметін, шағын және орта бизнесін, инфрақұрылымын дамытуға бағытталды.

2014 жылдан бастап 1806 млн. теңге жалпы сомасына «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолын салу жобасын іске асыру жүргізілуде, республикалық және жергілікті бюджеттерден 2014-2015 жылдарда – 1510 млн. теңге, 2016 жылы – 112 млн. теңге бағытталды. Объект 2017 жылға өтеді..


Экономикалық өсу орталықтарын дамыту бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

облыстың елді мекендерінің 100% газдандырылуы мен электрлендірілуі;

ауылдағы оң көші-қон сальдосы, облыс бойынша жалпы сандағы ауыл халқы үлесінің артуы (2012 жылғы 49,3%-дан 2015 жылы 51,8%-ға дейін);

Кешенді жоспар аясында Жаңаөзен моноқаласында инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуы;

ұзақ мерзімді кезеңге (шамамен 30 жыл) мұнай мен газ қорының бар болуы;

моно және шағын қалаларда, ТАЕМ-де шағын кәсіпкерлік субъектілерінің артуы, «БЖК – 2020», ЖҚЖК – 2020» бағдарламаларының аясында кредит және микрокредит беру бағдарламаларының дамуы;

Форт-Шевченко қаласына жақын маңда (Баутин порты) мұнай операцияларын қолдау бойынша жағалаулық инфрақұрылымның дамуы.


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

6 АЕМ-де (10%) білім беру объектілері мектеп бейімделген орынжайларда орналасқан;

денсаулық сақтау объектілерімен қамтамасыз етілген АЕМ-дің жалпы санында 21%-ы бейімделген үй-жайларда орналасқан;

ауыз судың жетіспеушілігіне байланысты ауыл шаруашылығын дамытудың қиындықтары;

ауылдық аудандарда өнеркәсіптік өндірістің жеткіліксіз дамуы;

Жаңаөзен қаласының өңдеу өнеркәсібі салаларының көпшілігі үшін шикізат базасының әлсіздігі;

Жаңаөзен қаласының шамадан тыс қоныстануы, кеңейту үшін аумақтың жоқтығы;

жұмысқа қабілетті жас тұрғындардың Форт-Шевченко қаласынан облыс пен елдің басқа өңірлеріне кетуі.



МҮМКІНДІКТЕР:

басым мемлекеттік-және салалық бағдарламалар аясында облыстың ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жақсарту;

ауылдағы экономикалық қызметтің жаңа түрлерін, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

ауылдық жердегі әлеуметтік сала ұйымдарын кредиттер мен гранттар беру есебінен білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

Жаңаөзен қаласының («Кендірлі» демалыс аймағы), Форт-Шевченко қаласының (мұражай қала) айтарлықтай туристік әлеуеті;

Жаңаөзен қаласының айналасында ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуына байланысты инвестициялық әлеует;

Форт-Шевченко қаласында құрылыс индустриясын, балық аулауды және балық өсіруді дамыту перспективалары.


ҚАТЕРЛЕР:

өңірлік даму жөніндегі бағдарламалардың тиімсіз орындалуы;

қала және ауыл халқының өмір сүру деңгейлеріндегі айырмашылықтың күшеюі;

Жаңаөзен қаласының мұнай-газ өндіруші саласына экономикалық және әлеуметтік шоғырлану, мұнай-газ ресурстарының азаюы;

оралмандардың келуі есебінен халықтың тұрақты өсуі мен Жаңаөзен қаласының функционалдық мүмкіндіктерінің арасындағы тепе-теңсіздік;

меншікті өндірістің тамақ өнімдерімен халықты қамтамасыз етудің төмен деңгейіне байланысты азық-түлік қауіпсіздігінің қатері, бұл – ауыл шаруашылығы өніміне арналған бағалардың көтерілуіне ықпал етеді;

Форт-Шевченко қаласынан шығатын ластанған суды тазарту жүйесінің жоқтығы.



Экономикалық өсу орталықтарын дамыту бойынша негізгі проблемалар:

Жаңаөзен моноқаласын дамыту:

жалпы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі (ашық еңбек нарығында);

әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен жеткіліксіз қамтамасыз етілу, инфрақұрылым элементтерінің амортизациясы (тозуы);

тұрғын үй қорының тозуы, халықтың әлеуметтік әлсіз жігі үшін қолжетімді тұрғын үйдің жетіспеушілігі;

экономиканың шикізат емес салаларын, оның ішінде сервистік өндірістерді, туризм саласын («Кендірлі» демалыс аймағы) тез дамыту қажеттілігі.

Форт-Шевченко шағын қаласын дамыту:

темір жол қатынасының жоқтығы, Ақтау қаласына дейінгі жекелеген учаскелердің қанағаттанғысыз жай-күйі;

орталықтандырылған сумен жабдықтаумен және су бұрумен қамтудың төмендігі;

тұщы ауыз судың жетіспеушілігі: тұщы ауыз су шығару көлемі тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарын іске қосу үшін жеткіліксіз;

Баутин портының әлсіз жүктелуі (Баутин портын кеңейтуді және дамытуды тежейтін факторлардың бірі – Маңғышлақ станциясымен темір жол қатынасының жоқтығы);

туризмді дамыту үшін ресурстарды пайдаланудың әлсіздігі, қала тек қана мұнай-газ саласына бағдарланған.



ауылдық және шекара маңындағы аумақтарды дамыту:

білім берудің, денсаулық сақтаудың, мәдениеттің және спорттың бюджеттік ұйымдарында мамандардың жетіспеушілігі;

облыс ауылдарының орталықтандырылған сумен жабдықтаумен төмен қамтамасыз етілуі;

аудандық және ауылішілік автомобиль жолдарының қанағаттанғысыз жай-күйі, жаңа жолдар салу қажеттілігі;

ауылдағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін дамыту және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттілігі.


Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет