Маңғыстау облысының білім басқармасының



бет9/23
Дата06.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#30749
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
ТӘРБИЕ бөлімі
Білім беру ұйымдарында оқушылардың азаматтық, интеллектуалдық дамудың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуір №227 «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» бұйрығымен бекітілген бағдарламаның Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;Рухани-адамгершілік тәрбие ;Ұлттық тәрбие; Отбасы тәрбиесі; Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі; Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыттары негізінде тәрбие жұмыстары жүзеге асырылады.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2014-2016 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өңірлік бағдарлама;
Білім басқармасының 28.01.2015 жылғы №22 нқ «Тәртіпсіздік пен құқық бқзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі 2015 жылға арналған облыстық іс-шаралар жоспары;
Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылытардың алдын алу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;
Білім басқармасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2013-2016 жылдарға арналған бағдарламасы;
ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2014-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
Балалардың жолда жүру қауіпсіздігін және олардың жарақат алуын болдырмау мақсатында 2011-2020 жылдарға аралығында он жылдың іс-қимыл ұлттық іс-шаралар жоспары;
Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2015-216 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспары;
Маңғыстау облысы бойынша ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім жүйесінде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары;
Сонымен қатар Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай, Елбасының «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының негізгі бағыты - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының іс шаралары.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Көкейімдегі бар әлем »атты республикалық сырттай шығармашылық фестиваліне «Бірлігіміз жарасқан ел» қолөнер бұйымы, «Каспиім-қазынам», «Қазақ хандығына -550 жыл» атты графикалық дизайн жұмыстары, «Қысқа метражды кино» номинациялары жұмыстары жіберіліп, «үздік» деп танылды.
ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған облыстық «Бұл біздің Қазақстан!» атты оқушылар арасында сурет байқауы, «Әлем мәдениетінің үздік туындылары-балалардың көзімен» балалар шығармашылық байқауы, «Отаным-мақтанышым» фотоколлаж, «Менің құқығым» тақырыбында эссе, «Жас суретшілер» номинациялары бойынша жұмыстар жасалды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, Қазақстан композиторларының патриоттық әндерін келер ұрпаққа насихаттау, жергілікті сазгерлер мен орындаушылардың шығармашылығын қолдау мақсатында мектеп оқушылары мен мұғалімдері арасында дәстүрлі «Патриоттық әндер – 2015» байқауы өткізілді.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған көпұлтты Қазақстан халқының ҰОС Жеңісіндегі ерлігінің маңызы мен рөлін көрсету, оқушылардың бойындағы патриотизм мен мақтаныш сезімін арттыру, фашизммен күресте өлшеусіз үлес қосқан ардагерлеріміздің ерен ерлігінің рухани астарын тереңнен, әрі кеңінен түсінуге шақыру мақсатында «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» шығармалар байқауы, Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін көрсететін «Ер есімі – ел есінде» атты байқау номинациясына сәйкес оқушылар Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін көрсететін театрландырылған қойылымдар көрсетті.Ұлы Отан соғыс ардагерлерін құрметтұту мақсатында «Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге» фотобайқауы, «Жеңіс жолдарымен» шығармашылық фестивалі, жергілікті жердегі ардагерлер туралы мағлұмат алу, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік, патриоттық сезім ұялату мақсатында «Жойылсын сұмдық сөз «соғыс» деген!» тақырыбында мәнерлеп оқу, «Бабалар ерлігі – ұрпаққа аманат» атты шығармашылық ізденіс жобалар байқауы, «Маңғыстау тарихы: Не? Қайда? Қашан?» атты топтық танымдық сайыс, «Виват, Победа!» патриоттық әндер, «Тарихтан-тағылым, өткенге-тағзым» атты байқау өткізілді. Маңғыстау облысындағы Түркменстан делегациясы күндеріне арналған «Біз бейбітшілікті қолдаймыз!» атты облыстық көрме өткізілді. Көрмеде барлығы аудан, қаладан 40 жұмыс қаралды. Оқушылар Халықтар достығы туралы қолөнер бұйымдар, майлы бояумен және графикамен бейнеленген түрлі бейбітшілік тақырыбындағы жұмыстарды ұсынылды. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің «Мен Отанымды қорғаймын» атты мерекелік шарасы өткізілді. Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған көпұлтты Қазақстан мәдениетін және өзге ұлт дәстүрін сақтау, дамыту, ұлттар достастығы, ынтымақ, бірлікті насихаттау, ұстаздардың шығармашылық жетістіктерін көрсету, талант иелерін халыққа таныту мақсатында ұстаздар арасында «Достығымыз жарасқан» атты байқау өткізіліп, ұстаздар вокал және хореография номинациялары бойынша қатысты.Ұстаздар арасында «Ер есімі – ел есінде» атты байқауға Маңғыстау жазушыларының Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған шығармалары бойынша үздік сценарийлер сайысы ұйымдастырылды, қоғам қайраткері, саясаткер Сайын Шапағатовтың 75 жылдық мерейтойына орай «Маңғыстаунама» танымдық сайысы өткізілді.Білім беру ұйымдарында сенім телефондары бар және азаматтардың жүгінулеріне арналған жәшіктер жұмыс жасайды. Мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласының 5 мектебінде ( №№10,11,12,17,21) және 2 облыстық мектептерде турникет орналастырылған.Білім басқармасының 2014-2016 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарына» сәйкес төмендегідей шаралар атқарылды.
ІІД қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында облыстың 5 ауданында 744 оқушыны қамтыған жүрмелі лекциялар мен 4 рет тақырыптық семинар ұйымдастырылды.
Облыстық Дін істері басқармасы жанынан құрылған ақпараттық-насихаттау тобы мектептердің 800-дей жоғарғы сынып оқушыларын қамтыған ақпараттық-түсінік жұмыстарын жүргізіп, «Қазақстан Республикасының шет елдерге оқуға кететін азаматтарға арналған дін мәселелері жөніндегі» жадынамалартаратылып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Отбасы тәрбиесін нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің байланысын орнықтыру мақсатында көптеген игі іс қолға алынуда.
Облыста алғаш рет ата-аналардың облыстық жүрмелі конференциясы ұйымдастырылып, 800-ге жуық адам қамтылды. Ата-аналардың ұсынысымен Жаңаөзен қаласында «Көше мәдениеті», Қарақия ауданы мектептерінде «Ар ілімі», Түпқараған ауданында «Аналар мектебі» жобалары жасақталып, 2016 жылдан бастап жоспарлы жұмыс жүргізілтен болады.
Конференция материалдары «Отбасы, оқушы және мектеп» тақырыбымен жинақ болып шығарылып, облыс мектептеріне таратылды.
Аудандық, қалалық мектептерде ата-аналар қауымдастығының қоғамдық тыңдаулары ұйымдастырылуда.
Қазан айында Жаңаөзен қалалық білім бөлімі 246 адамды қамтыған «Жанұядағы әке тәрбиесі» тақырыбында әкелер конференциясы өткізіліп, конференцияға қатысушы ер азаматтар мұндай шараның өте актуальды екендігін және қаладағы кәсіпорындар мен мекемелерде бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтары тақырыптарында жүрмелі шаралар ұйымдастыруды ұсынды.
Желтоқсан айының 23-інде Маңғыстау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала тұлғасын қалыптастырудағы отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығының жетістіктері» тақырыбында конференциясын өткелі отыр. Конференцияда аудан азаматы, құрылыс саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек еткен зейнеткер Шаймұрза Байпақовтың«Отбасы.Бала тәрбиесі» атты танымдық-тәлімдік тақырыптағы кітапшасының тұсаукесері ұйымдастырылады.
Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесiн қалыптастыру, мектептегі тәртіптi нығайтуда мектеп басшысының ІІБ, ата-аналармен байланыс деңгейін саралау мақсаттарында облыс көлемінде алғаш рет «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» тақырыбында байқау ұйымдастырылды. Байқау номинациялары бойынша соңғы 3 жыл ішінде құқықбұзушылық болмаған білім ұйымы, құқықбұзушылықтан сақтандыру туралы оқушылардың бейнероликтері мен үндеу парақшалары бойынша қатысушылардың жұмыстары зерделеніп, бағаланды.
Білім басқармасы осы бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында 2014 жылы «Луара» қоғамдық қоры мен 2015жылы «Қайсар» қоғамдық бірлестіктерімен «Балалар және жасөспірімдер арасындағы суицидттік мінез-құлықтың алдын-алу» және «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қоғамдағы кездесетін келеңсіз жағдайлардан сақтандыру жолдары» тақырыбында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беріп, облыс көлемінде арнайы жоспарлы шаралар жүзеге асырылды.
Білім беру ұйымдарына 115 мектеп инспекторлары бекітілген. Олардың 32-сінде жеке кабинет бар, 13-іне компьютер, берілсе, 26 инспектордың кабинетіне телефон орнатылған.
Оқушылардың әлеуметтендіру факторларының бірі балалар-жасөспірімдер ортасында өзін-өзі басқаруды дамыту болып табылады. Осы мақсатта құрылған «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына 45310 оқушы қабылданған.






Каталог: uploads -> docfiles
docfiles -> Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу ережесі
docfiles -> Байпақов Шаймұрза Жаңайұлы
docfiles -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
docfiles -> Маңғыстау облысының білім басқармасының 26. 12. 2015ж. №4 алқа шешімімен бекітілді
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет