Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет466/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

кезінде  айтылар  ойлар,  оқиғалар  қаумалап  келе  береді.  Ондай  кезде  мен 

жазып  отырған  жерімді  қоя  қойып,  жанадан  келген  ойларды  дереу  бір-бір 

жапырақ қағазға түсіріп отырдым. Оның үстіне шырт ұйқыда жатқан шағын – 

түнде  төсектен  түртіп  оятатын  ойлар  тағы  болады.  Кейін  сол  тұстарға 

жеткенімде,  осыдан  бірнеше  күн  бұрын  қағазға  түсіріп  алған  оқиғаларды 

өрбітіп, жеке ойларды сол күйінше романға көшіріп отырдым. 

Кітап тек үйде ғана жазылған жоқ. Сонымен бірге оның көптеген жолдарын 

көшеде  тұрып  та  жаздым  деуіме  болады.  Өйткені  таңертең  жұмысқа  бара 

жатқанында  неше  алуан  адамдарды  көресің,  олардың  әртүрлі  қимылдарын 

аңғарасың.  Содан  өзіңе  ой  түсіп,  кітабыңа  керекті  жаңа  детальдарға 

кездесесің,  жаңа  нақылдар  табасын.  Жолда  кездескен  үркек  ойдан 

айырылып  қалмау  үшін  бір  үйдің  бұрышына  тұра  қалып,  жалма-жан 

қалтаңнан  қойын  дәптерің  мен  қарындашыңды  шығарып,  жаңағы  сөзді 

жазып алуың қажет. Өз-өзіңнен тоқтай қалып, жанталасып қағазға бірнәрсені 

түрте  бастауың  жүріп  жатқан  жұрттан  ұят  та.  Ұят  болса  да  үйтпеске  амалын 

жоқ.  Өйткені,  басқа  келген  ой,  бұтаққа  қонған  бір  топ  торғаймен  тең.  Сол 

сәтінде суретке түсіріп алмасаң, топ торғай пыр етіп ұшады да кетеді. Содан 

ұмытқан  ойды  іздеуден  ауыр  азап  жоқ.  Іздегенмен  оны  таба  алмайсың. 

Мысалы,  кітаптағы  мынадай  жолдар  ең  алдымен  көшеде  қойын  дәптерге 

түскен еді: 

«Баласы  арақ  ішсе  шешесі  у  ішеді.  Маскүнем,  жаман  бала  жақсы  ананы 

ажалынан бұрын көрге кіргізеді. 

Жақсы дос жаман әкеден артық. 

Көшеде көлденең тұра қалып, бірінің ернін бірі жұлып жердей боп жалмап, 

жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ұят та болмайды. 




471 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет