Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет468/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

Кітап 20 тараудан тұрады. Мұндай көлемді кітапты кейбір авторлар бірнеше 

бөлімге  бөледі.  Әр  бөлімді  жеке-жеке  тараулайды.  Мен  өйтпедім.  Кітап 

ұнаса, оқырман бас алмастан оқыр, ұнамаса үш бөлімге бөліп, отыз тарауға 

тартып  ескектетсең  де  оқымайды  деп  ойладым  да,  бұл  жағының 

«техникасына» мән бермедім. Осылай ойласам да жұрт наразылық білдірмес 

пе  екен  деп  іштей  сезіктеніп  жүрдім.  Бақсам,  бұған  оқырмандар  да  мән 

бермепті.  Сондықтан  кітаптың  бұл  басылымында  оны  бөлімдерге  бөлмей, 

бұрынғыша қалдырдым. 

Қайта  басылымында  кітабым  кемшіліктен  жүз  процент  арылды  демеймін. 

Кем-кетіктері әлі де болар. Оларды жаңа оқырмандар көрсетер, сөйтіп тағы 

да түзетермін деп ойлаймын. 

Сұрақ: Бұл кітапты Меңтай өлімімен бітіру жөн емес пе еді? Одан соң қалған 

кейіпкерлердің кейіннен кім болғанының керегі не? 

Жауап:  Өзі  де  солай,  кітап  Меңтайдың  өлімімен  бітіп  тұр.  Содан  кейін  бір 

беттей ғана эпилог ретінде басқа кейіпкерлердің бүгінгі тағдырынан мәлімет 

беріледі.  Өйткені,  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  осымен  бітеді.  Олай 

болса,  оқырмандардың  өзге  кейіпкерлердің  кейіннен  кім  болғанын  білгісі 

келер,  ендеше  біреуге  қажет  болмағанымен,  біреуге  керек  болар  деп 

ойладым. 

Оның  үстіне  кейбір  оқырмандар  бұл  кітаптың  жалғасы  қашан  шығады  деп 

сұрайды.  Енді  біреулер:  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  үш  кітаптан  тұруы 

керек.  Қазіргісін  екінші  кітап  деп  есептеп,  Ерболдың  соғысқа  дейінгі  және 

университет  бітіргеннен  кейінгі  өміріне  арнап  бірінші,  үшінші  кітаптарды 

жазу  жөн  деп  кеңес  береді.  Әрине,  ондай  кітаптар  болмайды.  Ендеше 

кітаптың соңындағы эпилог орнындағы кішкентай тарауы оқушыға автордың 

осы ойын жеткізу жөніндегі жүкті арқалап тұр деп білген жөн. 



473 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет