Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет465/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

Маған  СССР  Жазушылар  одағына  мүше  болып  өту  үшін  бірінші 

рекомендацияны да Мұқан Иманжанов берді (Серік Қирабаев екеуі). Мұқан 

Иманжанов жалғыз менің ғана емес, ол кездегі көптеген жас жазушылардың 

(осы  күнде  олардың  бірсыпырасы  атақты  жазушы  болып  кетті)  шынайы 

қамқоршысы, адал ұстазы болды. 

Міне,  сол  1954  жылдың  қарлы  күзінде,  түнде,  ауатком  председателінің 

кабинетінде  қонып  жатып  Мұқанға  айтқан  кішкентай  әңгіме  келе-келе 

кеудемді  кернеп,  оны  өзім  жазбасыма  болмайтын  күйге  жеттім.  Мұқан 

жазған ол әңгіме ақыры осындай үлкен романға айналды. 

Романның бір линиясындағы ұқсастық осыдан шықты. 

Сұрақ:  Сіз  бұл  кітапты  қайда:  курортта,  теңіз  жағасында  ма,  әлде  үйде,  тек 

кабинетте  отырып  қана  жаздыңыз  ба?  Қалай  жаздыңыз,  басынан  бастап 

аяғынан бір-ақ шықтыңыз ба? 

Жауап: Бізде кабинет деген болмайды. Бір бөлмеде төрт бұрыш болса, оның 

бір  бұрышын  «кітапхана»,  екіншісін  –  «ас  ішетін  орын»,  үшіншісін  –  «қонақ 

бөлме»,  төртіншісін  «кабинет»  деп  атаймыз.  Кітаптың  көпшілік  беттерін  со 

«кабинетте»  жаздым.  Жеке  тарауларын  ауруханада  жатып  жалғастыруыма 

тура  келді.  Мысалы,  Меңтай  өлетін  тарауды  ауруханада,  «Мәдениет  және 

тұрмыс»  журналының  редакторы  Мұса  Дінішевпен  бір  палатада  жатып 

бітірдім  (Мұсекең  соқыр  ішегін  алдырған-ды).  Ал  қалай  жаздың  дегенге 

келсек,  басынан  бастап,  сыдыртып  аяғынан  бір-ақ  шыққаным  жоқ  – 

творчестволық  процесс  кейде  қазанның  қайнағанына  ұқсаңқырайды. 

Қазанға  суды  толтырып,  астына  от  жағып,  бетіне  қарап  отырсаң,  оның  беті 

бірден бұрқ-сарқ деп қайнап шыға келмейді. Әне жерден бір бүлк етіп, мына 

жерден  бір  бүлк  етіп,  бірте-бірте  су  беті  тұтас  сарқылдай  бастайды.  Сол 

сияқты  мен  романның  басын  жазып  жатқанда  оның  орта  тұсында,  не  аяқ 



470 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет