Мақта шротын алу үшін мақта дақылын өсіру технологиясы


МАҚТАНЫ ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ ӨСІП-ЖЕТІЛУ БАРЫСЫНДА КҮТІП-БАПТАУ



бет12/15
Дата07.02.2022
өлшемі68,28 Kb.
#82272
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
қоза баптау жүйесі кітабі (1)
қоза баптау жүйесі кітабі (1), Жаратылыстану
МАҚТАНЫ ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ ӨСІП-ЖЕТІЛУ БАРЫСЫНДА КҮТІП-БАПТАУ

Қозаны дұрыс және дер кезінде күтіп-баптау - оның ойдағыдай жақсы өсіп-жетілуі мен дамуының, мол және сапалы өнім беруінің кепілі. Оны күтіп-баптау әрбір ауыспалы егіс танабы мен жекелеген учаскелердегі өсімдіктің талап ететін қажеттігіне қарай жүргізілуі тиіс.


Қозаны күтіп-баптау мерзімін кешіктіру немесе оны қалай болса солай атүсті, сапасыз жүргізе салу өсімдіктің өсіп-жетілуін нашардатады, бойлап өсуін, гулдеуін және пісіп-жетілуін кешеуілдетеді, байланған өнімдік түйіндерінің түсіп қалуын арттырады, көсектердің саны мен салмағын кемітеді, жалпы өнімнің түсімін азайтып , сапасын төмендетеді.
Қазақстанның оңтүстңгңндегі суармалы мақта шаруашылығы жағдайында қозаны күтіп-баптау жұмыстары алғашқы өскіндердің жер бетінде көрінуіне дейін-ақ басталады.
Мысалы, шит себіліп жатқан кезде немесе бұл жұмыс аяқтала салысымен нөсерлеткен жаңбыр жауатын жағдайлар әдетте жиі кездеседі. Сөйтіп топырақтың үстіңгі қабаты езіледі де, кебе келе бірте-бірте қатты қабыршықтарға айналып, қатып қалады. Ондай қатты қабыршақтардың қалыңдығы 3-4 сантиметр, кейде тіпті одан қалың болады. Мұндай жағдайда енді өне бастаған шиттің әлі нәзік өскіндері әлігі қатты қабыршақтарды жоғары қарай тесіп өте алмайды, оның үстіне, әбден қиналып, зардап шегеді. Сондықтан да жаңбырдан кейін пайда болатын қатты қабыршақтардың зиянды әсерін болдырмайтын шараны шит өнбей жатып, жас өскіндер жер бетіне көтерілмей тұрып жүзеге асыру керек.
Топырақтың мұндай қатты қабыршақтарына қарсы дер кезінде тиімді күрес жүргізілмесе, шиттің өніп шығуына, өскіндердің еңсе көтеріп өсуіне қатер төнеді, олардың өліп қалуы, өсімдіктің жиілігіне зардап тигізіп, өте-мөте сиретіп жіберуі әбден мүмкін. Ал, мұның бәрі де қозаның қалыпты өсіп- жетілуіне, өнімдік элементтерді мол салуына, олардың пісіп-жетіліп, мол өнім беруіне келеңсіз әсерін көп тигізеді.
Олай болса, топырақтың бетінде пайда болатын ондай қатты қабыршақтың зардапты әсерін болдырмау үшін мүмкіндігінше тез қимылдап, топырақтың жаңбырдан кейінгі қатып қалуын күтпей, егіс танабына тырма салу керек, ротациялы мотыгамен (шотпен), сондай-ақ қол тырмамен не шапқы шотпен қатты қабыршақтарды жоюға тырысу керек.
Жүйекке жас өскіндер ішінара пайда бола бастаған кезде егіс танабына тырма салуға тіпті де болмайды. Мұндай жағдайда жұмысты ротациялық мотыгаға ротациялық жұлдызшаларды қосу арқылы немесе қол еңбегінің күшімен атқару қажет.
Жас өскіндер айқын көніне бастаған жүйектердегі топырақ қабыршақтарын жоюдың ең тиімді құралы культиватор тетігіне ілініп кигізілген ротациялық мотыгалар болып табылады. Ротациялық мотыгасы бар культиватор топырақта пайда болған қатты қабыршақтарды жаппай қопсытып үгіттеді: мұны жүйек сызығының бойында ротациялық жұлдызшалар, ал, жүйектердің қатараралықтарында оның жұмысшы органдары – наральниктер, қазьабан тетіктер және ұстара-пышақтар атқарады.
Топырақтың қатты қабыршақтарын жою кезінде топырақты қопсыту тереңдегңне ерекше назар аудару керек. Ротациялық мотыганың жұмысшы органдары өніп келе жатқан шитті топырақтың үстіңгі қабатына қопара шығарып тастамайтын болуы тиіс, сондай-ақ өніп шыққан өскіндер тамырмен қоса жойылып кетпейтін болуы қажет.
Топырақтың қатты қаабыршақтарын тырмалау кезінде топырақты қопсыту тереңдігі 5-6 сантиметрден аспау керек. Оның үстіне, тырмалау жүйекті бойлайтын сызыққа жүйекті бойлайтын кесе-ккөлденең немесе диоганал бойынша қиғаш жүргізілуі тиіс. Ротациялық жұлдызшалар арқылы қопсыту тереңдігі 4-5 сантиметрден, ал, қатараралықтардың топырағын культиватордың ұстара-пышағымен қосыту тереңдігі 6-8 сантиметрден аспағаны жөн.
Қозаның жас өскіндері түгел бой көтергеннен соң өсімдіктің бір-бірінен қаншалықты қашықтықтағы жиілігін тексеру керек. Қозаны жегенелеу, басы артық өсімдіктерді алып тастап, сирету жас өскіндерден алғашқы 2-3 жапырақ пайда болған кезден басталып, олар көсек түйіндерін сала бастаған кезде тоқтатылады. Жегенелеуді кешіктіруге болмайды. өйткені қатарынан қалың өскен қоза өсімдіктері біріне бірі бір сығылысып, өзара қатты қысым көреді, босқа бойлап өсуге, бірақ өнімдік элементтерді кем салуға бейімделеді. Сондай-ақ кеш жүргізілген жегенелеу жүйеке қалатын негізгі қоза түптеріне зардабын тигізеді.
Жеке алғандағы әрбір егіс танабындағы немесе егіс учаскесіндегі қозаның жиілігі ондағы топырақтың қаншалықты құнарлылығына және сумен қаншалықты дәрежеде қамтамасыз етілетіндігіне, жалпы мақта өсірілетін солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтардың, олардың топырағының ерекшеліктеріне қарай белгіленуі тиіс.
Жер асты суларының деңгейі жақын, ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген құнарлы қоза өседі, өзінің вегетациялық салмағын мейілінше арттырады. Ал, осындай жағдайда қозаның жиілігі тым қалың болса, олар жоғары қарай бойлап өсе береді және біріне-бірі көлеңкені мол түсіреді. Сондықтан да қозаның төменгі бұтақтарына жарық жетіспейді, өсімдік қоректік заттарды дұрыс, қалыпты түрде синтездеп жинай алмайды, сөйтіп оның төменгі және орта деңгейіндегі өнім беретін элементтер өзінен-өзі солып, түсіп қала береді. Ьоырағы құнарлы жерлердегі қоза тым жиі болса, ол жоғары бойлап, биік болып өседі, негізгі сабағы толыспайды, жіңішке болады, көсекті де кеш әрі аз салады, ол көсектердің пісіп-жетіліпп ашылуы тым ұзаққа созылады. Ондай қоза әлжуаз келеді, кө жағдайда жапырылып құлап қаладығ зиянкес жәндіктер мен түрлі ауру түрлерінен зардап шегуге бейім тұрады.
Қуаты аз, құнарлылығы төмен, табанын ұсақ жұмыр тастар мен құм басқан, ылғал кем жерлерде қоза тырбиып, аласа болып өседі, биіктігі 50-60 сантимет шамасында ғана болады. Ондай танаптағы қозаның жиі емес, сирек болғанда да топырақтағы қоректік заттарды толық пайдалана алмайтыны, сондықтан да өнім беріп жарытпайтыны белгілі.
Шитті пунктирлі тәсілмен сепкен жағдайда одан өсіп шыққан өскіндердің сирек болуы да мүмкін. Мұндайда бір өскіні бар ұя мен екі өскіні бар ұяны алмакезек етіп ауыстыра қою керек. Бір ұяда бірнеше өскіннің болуы олардың бірін-бірі сығылыстырып, қатты қысымға алуына дұшар етеді, өскіндер бір қалыпты өсіп-жетілмейді, әртүрлі дәрежеде өседі, көсектері майда болады, түйнектері кеш салынғандықтан да өте кеш пісіп-жетіледі, өнімді де барынша аз береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет