Математика қазіргі кезде ғылым саласында ерекше орын алады. Математиканың ғылыми теориялық ізденістерімен бірге тәжірибелік қолданыстарының да ауқымының кең екені белгілі


ТАМАША ТЕҢСІЗДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТҮРЛІ ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ ДӘЛЕЛДЕУДЕ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет9/34
Дата13.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#162541
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ ТЕҢСІЗДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ (1)
МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ ТЕҢСІЗДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ, 748-Article Text-2497-1-10-20220324, 7 бжб2 , 748-Article Text-2497-1-10-20220324, 1651209968268, 11 алгебра БЖБ №1
. ТАМАША ТЕҢСІЗДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТҮРЛІ ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ ДӘЛЕЛДЕУДЕ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Математиканы тереңдетіп оқыту, мектеп оқушының жасына байланысты мүмкіншіліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес мақсаттары бойынша да ерекшелінетін, екі кезеңнен тұрады (VII—IX сыныптар және X—XI сыныптар). Бірінші кезеңі негізінен бағдарлау кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде оқушы пәнге деген қызығушылығын, ӛзінің осы пәнді игеру мүмкінш/н бағалай алатындай және IX сыныптың соңында әрі қарай математиканы тереңдетіп оқуды немесе жалпы білім беретін бағдарламаны саналы түрде таңдауға мүмкіндік беріледі. Математикаға деген оқушының қызығушылығы мен қабілеті жан-жақты дамытылуы тиісті. Егер қызығушылығы төмендеп кетсе немесе басқа бағытқа ауысса оған тереңдету бағдарламасынан жай бағдарламаға ауысуға мүмкіндік берілу керек. Екінші кезеңде оқушының математикаға қызығушылығың тұрақтылығы және осы пәнмен байланысты мамандықты таңдауы анықтаушы факторлар болады. Бұл кезеңдегі оқыту жоғары оқу орынына түсе алатындай, онда оқуды жалғастыруға және мамандықты игеруге мейілінше жеткілікті болатындай сапалы математикалық білімді қамтамасыз ететіндей болуы керек. Математиканы тереңдетіп оқытудың маңызын сәтті шешу көп жағдайда оқу үрдісіне байланысты. Мұғалімдерге әдістемелік нұсқау мен оқытудың ұйымдастырушылық формасын еркін таңдауына мүмкіндік жасалынады. Осы орайда теңсізідктерді шешу мен оларды дәлелдей білуге үйретудің маңызы зор. Оқушылар бағдарламаның негізгі материалдарын әлдеқайда жоғары деңгейде меңгерулері қажет. Оқу-тәрбие процесі оқушылардың талаптары мен олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылуы қажет. Мектеп бағдарламасында толық қарастырылмайтын тақырыптарға теңсідіктерді дәлелдеу тақырыбын жатқызуға болады. Теңсіздіктерді дәлелдеудің көптеген тәсілдерін есептерді шығару кезінде пайдалануға болады. Солардың негізгілерін атап өтейік:


1) Дәлелдеудің негізгі әдісі анықтаманы пайдалану тәсілі болып табылады. Бұл әдістің негізі ретінде қарастырылатын теңсіздіктің сол және оң бөліктері арасындағы айырмашылық бағаланады және оны ноль санымен салыстырылады.
2) Теңсіздіктерді дәлелдеудің келесі қолданылатын әдісі «қарсы жору» әдісі. Бұл тәсілді пайдалану барысында дәлелденетін теңсіздік жалған деп болжанады, түрлендірулер жасалады да, нәтижесінде қарама-қайшылыққа келтіріледі.
3) Теңсіздіктерді геометриялық салулар мен түсіндірулер жүргізулердің көмегімен теңсіздіктерді дәлелдеу.
4) Айқын теңсіздіктерді пайдалана отырып, теңсіздіктерді дәлелдеу.
5) Алдын ала дәлелденген теңсіздіктерді пайдалану арқылы теңсіздіктерді дәлелдеу.
Жоғарыда аталған төрт әдіс дипломдық жұмыстың бірінші тарауында келтірілді. Ал бесінші әдісті пайдалануды осы тарауда толықтай қарастыратын боламыз. Алдын ала дәлелденген теңсіздіктер ретінде Коши теңсіздігі, Бернулли теңсіздігі, Коши-Буняковский теңсіздігі, Чебышев теңсіздігі т.б. жатады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет