Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі


Өзін-өзі тексеруге сұрақтар



бет4/45
Дата25.12.2021
өлшемі1,03 Mb.
#105325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы
kenes-hattam-qis-nisan, Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы, Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1. Математиканың тарихи дамуындағы дәуірлерді атаңдар.

2. Математика пәніне мінездеме беріңдер.

3. Орта мектептегі математика пәніне сипаттама беріңдер.

4. Математиканың ғылымның басқа салаларымен байланысы қандай?
§ 2. ОРТА МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ

ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ

2.1. Математиканы оқытуда жалпы білім беру мақсаттары.

2.2. Математиканы оқытуда дамыту мақсаттары.

2.3. Математиканы оқытуда тәрбиелік мақсаттары.

2.4. Математиканы оқытуда практикалық мақсаттары.

Орта мектепте математиканы оқытудың негізгі мақсаттарына: жалпы білім беру, дамыту, тәрбиелік, практикалық мақсаттары жатады. Бұл мақсаттар бір - бірімен тығыз байланысты.



2.1. Математиканы оқутудың жалпы білім беру мақсаттары:

1) математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

2) нақты дәлелдерді, құбылыстарды, тәжрибелерді ұғындыру;

3) формулаларды дәлелдей білуді үйрету;

4) ұғымдардың анықтамасын, заңдардың оқылуын, теорияның негізін оқыту;

5) оқушыларды ғылым негізімен таныстыру;

6) оқушыларды нақты өмірді ұғынудың математикалық әдістерін меңгеруге үйрету;

7) оқушыларды математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне үйрету.



2.2. Дамыту мақсаттары.

1) оқушыларлың математикалық қабілеттерін дамыту:

- математикалық информацияны қабылдау;

- сандық және кеңістіктік қатынастар сферасында логикалық ойлау қабілеті;

- математикалық объекттерді, қатынастарды, амалдарды тез және кеңінен қорытындылай білу қабілеті;

- математикалық талдаулар үрдісін және оларға сәйкес амалдар жүйесін оралтып жүргізу және оралған құрылыммен ойлау қабілеті;

- математикамен айналысқанда ойлау үрдісінің икемділігі;

- ойлау үрдісінің бағытын тез және еркін өзгерте білу кабілеті;

- шешімнің айқындығына, қарапайымдылығына, үнем-ділігіне және тиімділігіне тырысу;

- математикалық есте сақтау қабілеті;

- ақыл – ойдың математикалық бағыты;

2) оқушылардың математикаға ықыласын дамыту;

3) өз бетімен нәтижелі ойлау интеллектісін дамыту;

4) ізденушілік қабілеттерін дамыту жатады.



2.3. Тарбиелік мақсаттар:

1) математиканың қоғамдағы алатын орны туралы және оның қоғамның, техниканың, ғылымның басқа салаларының дамуына байланысты дамитыны туралы мағлұматтарды қалыптастыру;

2) оқушылардың диалектико-материалистік көзқарас-тарын қалыптастыру;

3) оқушыларды қоғамдағы құбылыстарды дұрыс талдауға бағыттау;

4) оқушыларды төзімділікке, шыншылдыққа, еңбекке, жауапкершілікке, әсемдікке тәрбиелеу;

5) оқушылардың математика ғылымына, математик ғалымдарға сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу;



2.4. Практикалық мақсаттарға оқушыларды:

1) алған теориялық білімдерін есеп шығарғанда, басқа пәндерді оқып үйренгенде қолдануға;

2) алған білімдерін өз бетімен толықтыруға;

3) математикалық құрал-жабдықтарды қолдануға;

4) оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге;

5) ғылыми-зерттеу әдістерін математиканы оқып үйренгенде қолдануға;



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Математиканы оқытуда жалпы білім беру және дамыту мақсаттары.

2. Математиканы оқытуда практикалық және тәрбиелік мақсаттар.

II ТАРАУ

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет