Мазмұны Кіріспе 1 Өндіріс құрылымы 1Өндіріс функциялары 2


Өндірісті ұйымдастыру түрі



бет4/9
Дата27.07.2022
өлшемі34,89 Kb.
#147802
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
онеркасип

1.2 Өндірісті ұйымдастыру түрі


Өндірісті ұйымдастыру түрі дегеніміз – өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктері мен техникалық жағдайының жалпы сипаттамасын беру. Өндірісті ұйымдастырудың түріне көптеген факторлар әсер етеді:

  • мамандандыру деңгейі;

  • өндіріс көлемі;

  • шығарылатын өнім номенклатурасының күрделілігі және төзімділігі т.б.

Өндірісті ұйымдастырудың үш негізгі әдісі болады: ағындық (тасқындық), партиялық (топтық) және бірлік. Олардың ішіндегі ең тиімдісі – қазіргі талаптарға сай келетін ағындық әдіс. Бұл әдістің мәні технологиялық үрдістің барлық элементтерінің уақыт бойынша қатаң сәйкестігімен және еңбек заттарының жұмыс орындары бойынша өнім өндірудің белгіленген тактісі бойынша анықталады.
Өндірістің негізгі үш түрі болады:

  • жеке – дара өндіріс;

  • сериялық өндіріс;

  • жаппай өндіріс.

Жеке – дара өндіріс – алуан түрлі және тұрақты емес номенклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы: ірі турбиналар, кемелер, металлургиялық, кен жабдығы және т.б. Сондай – ақ, жеке тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар, кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.
Ерекшеліктері:

  • әртүрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;

  • жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;

  • әмбебап құрал – жабдықтар мен технологияларды қолдану;

  • қолмен жинау жұмыстарының үлкен көлемі;

  • жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылардың санының көп болуы;

  • өндіріс циклының ұзақтығы;

  • аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.

Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады.
Негізгі ерекшеліктері:

  • біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шығарылып тұруы;

  • жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауға мамандануы;

  • бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;

  • мамандандырылған құралдар мен технологиялық жабдықтардың көп қолданылуы;

  • қолмен жинау еңбегінің аз мөлшері;

  • орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;

  • өндіріс циклының ұзақ еместігі;

  • өнім сапасын бақылау процесінің автоматтандырылуы.

Түрлері – ұсақ сериалы, орташа сериялы, жаппай сериялы өндірістер. Мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.
Жаппай өндіріс – өндірісті мамандандырудың ең жоғарғы сатысы. Мысалы: автомобиль, трактор заводтары. Бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырады.
Ерекшеліктері:

  • тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;

  • жұмыс орнының тек қана бір операцияны орындауға мамандандырылуы;

  • жұмыс орнындарының операциялардың ретіне қарай орналасуы;

  • арнайы және мамандандырылған технологиялық құрал – жабдықтардың үлкен көлемі;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет