Мазмұны Кіріспе 1 Өндіріс құрылымы 1Өндіріс функциялары 2


Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымы



бет6/9
Дата27.07.2022
өлшемі34,89 Kb.
#147802
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
онеркасип

Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымы – бұл басқару функциялары мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ететін басқару звеноларының жиынтығы. Басқару құрылымы сатылар мен звенолардан тұрады.
Басқару звеносы – бұл белгілі бір басқару функциясын (жоспарлау, есепке алу, реттеу және т.б.), оның бір бөлігін немесе бірнеше функциялардың жиынтығын орындайтын дербес құрылымдық бөлімше.
Басқару сатысы – бұл басқару деңгейі, белгілі бір деңгей звеноларының біртұтастығы, басқару иерархиясы (кәсіпорынды басқару, цехты басқару, өндірістік учаскелерді басқару және т.б.). Басқарудың ұйымдық құрылымын құру негізінде бағынудың сызықтық құрылымы мен басқару функцияларынан тұратын өндірістік – аумақтық принцип жатыр.
Өндірістік – аумақтық принцип басқару органдарын кәсіпорынның өндірістік құрылымына қатысты құруды білдіреді, яғни өндірістік құрылымда қанша болса, сонша басқару сатысы бөлінеді. Бағынудың сызықтық құрылымы әрбір өндірістік бөлімше (басқарма, цех, қондырғы, учаске) басында осы бөлімшенің барлық жұмысшылары бағынатын басшы тұратынын білдіреді. Әрбір жұмысшы тек бір басшыға бағынады.
Басқарудың мұндай құрылымында дара басшылық принципі сақталып, басқарудың екі жақтылығы болмайды. Басқарудың жекелеген функцияларын орындау үшін әрбір басқару сатысы бірнеше звенолардан құралады. Олардың саны басқару деңгейіне, қандай да бір функцияны орындау бойынша жұмыстар көлемі мен сипатына тәуелді болады.
Тәртіп бойынша, кәсіпорында үш звенолы өндірістік құрылым болады, оған сәйкес үш звенолы басқару құрылымы құрылады.
Басқарудың төменгі деңгейі өндірістік процесті жүзеге асырады. Оған объектінің жағдайы туралы барлық ақпараттар келіп түседі, ол ақпараттарды өңдеуді және тікелей сызықтық басқаруды жүзеге асырады.
Ортаңғы деңгей жұмыстар ағымын бағыттайды және қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Мұнда өндіріс пен оған қызмет көрсетуді жедел басқару үлкен мәнге ие, бірақ бұл жерде аз көлемде болса да сызықтық басқару функциялары сақталады. Цех бастығына ақпарат барынша кеңейтілген түрде, көбінесе берілген параметрлерден ауытқулар түрінде келіп түседі. Цех басшысының аппараты бастапқы құжаттамаларды өңдейді және оны аса кеңейтілген түрде жоғарғы деңгейге ұсынады (тәуләктәк өнім өндірісі, өндірістік қуаттар, материалдық – техникалық құралдардың шығындары, шикізат пен өнімнің сапасы және т.б. туралы рапорттар).
Жоғарғы деңгей техникалық – әкономикалық жоспарлауды, жедел басқаруды, бухгалтерлік есепті, еңбекті ұйымдастыруды, техниканы жетілдіруді және т.б. жүзеге асырады. Ол барлық жұмысқа басшылық етеді, өндірістің барлық әлементтерінің алдын – ала дайындығын қамтамасыз етеді және бақылайды. Директорлар Кеңесімен және басқармамен ұсынылған кәсіпорынның жоғарғы басшылығы функциялардың былайша бөлінуінен тұрады: директорлар кеңесі жалпы саясатты өңдейді, ал басқарма оны жүзеге асырады. Директорлар кеңесі ұйымдастырушы және бағыттаушы звено ретінде орын алады, ал қабылданатын шешімдер жедел қызметтің негізі болып саналады. Директорлар кеңесі әртүрлі деңгейлердегі әртектес басқару қызметтерінің қызметін өзара үйлестіреді және кәсіпорынға басшылық етуде біртұтас сызықты жүргізуді қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет