Мазмұны Кіріспе 1 Өндіріс құрылымы 1Өндіріс функциялары 2



бет7/9
Дата27.07.2022
өлшемі34,89 Kb.
#147802
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
онеркасип

2.1 Өндіріс Рентабельділігі

Кәсіпорын үлкен пайдаға шығындар құнымен жетеді. Сондықтан да өндірістік кәсіпорынның қызметін бағалаудың үшін тек қана пайда көрсеткішін қолдану жеткіліксіз. Мысалы, екі кәсіпорынның табатын пайдасы да бірдей, бірақ олардың өндірістік қорларыны, сонымен қатар негізгі капиталының және айналым құралдарының құндары әртүрлі. Бұл жерде өндірістік қорларының құны төмен болған кәсіпорын тиімді қызмет етеді. Солай, кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауын бағалау үшін, пайда мен өндірістік қорларды. Міне, осы рентабельділік.


Рентабельділік – бұл шығындардың өтелу деңгейін және ресурстарды қолдану дәрежесін сипаттайтын өндірістің тиімділігіне қатысты көрсеткіш. Рентабельділіктің коэффициенттерін құру негізінде табыстың (көбінесе таза пайда) жұмсалған қаражаттарға немесе сатудан түскен пайдаға, я болмаса кәсіпорынның активтеріне деген қатынасы жатыр. Рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның экономикалық қызметін және меншік жинақтары есебінен өндірісті жаңарту мен кеңейту мүмкіндіктерін береді.
Көбінесе жиі қолданылатын көрсеткіш, ол активтердің (капитал), таза активтердің, меншік капиталының және өткізу (сату) рентабельділігі.
Рентабельділік көрсеткіштері өзара байданысты, егер активтердің айналымдылығына келетін өткізу (сату) рентабельділігін көбейтсе, активтердің рентабельділігін аламыз.
Пайданы жоспарлаудың мақсаты болып: оның көлемінің өсуін қамтамсыз ету және оның айналымының жоғарылауы негізінде рентабельділікті арттырумен қатар оның құрылымын жақсарту, халықтың қажеттілігіне сай материалдық, еңбек және қаржылық нәтижелерді тиімді қолдану табылады. Пайда жоспарын жасақтаудың экономикалық негізі болып мыналар табылады:
- жоспарланған көлем және айналым құрылымы;
- жүйенің өсімі бойынша жоспарлы кезең есебі;
- ұйымдық құрылымда, ставкада, тарифте, саудалық баға үстемелеуде және басқада есептесу жағдайында болатын өзгерістер.
Пайданы жоспарлауда мыналарды қолдануға болады:
- рентабельділікті болжау;
- баланстың жойылуын талдау;
- жойылудың жасырылуын бағалау;
- минималды айналымды регресті анықтау.
Өнім өткізуден (жұмыс, қызмет) түскен пайданы жоспарлауда келесі жоспарланатын кезең бойынша ортажылдық 3-5 жыл рентабельділік өзгеру қарқыны қолданылады. Кәсіпорынның шығындары мен пайдасының құрылуының өзгеру жағдайында бұл қарқындар шоғырланады. Пайда сомасын ағымдағы жылдағы сатудан түскен пайданы жоспарлы кезеңдегі қарқынның өзгерісіне бөлу арқылы анықталады.
Мүмкін болатын рентабельділік деңгейін бағалауда пайда көлемін шығындармен салыстыруға болады. Ол үшін пайданың нүктесін және шығындарды анықтайды. Бұл нүкте пайда және шығын жоқ кезде айналымның көлемімен сипатталады. Кризистік нүкте есептік немесе графикалық әдістермен анықталады.
Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттыру үшін ең маңыздысы, салық саясаты нақты жасақталу қажет, ал салықтар болса дәл және тұрақты болуы керек. Дәлірек айтқанда осы тұрақтылық кәсіпорынның табысының (пайда) өсуіне алып келеді. Егер де мемлекет кәсіпорындарға жоғары мөлшерде салық салатын болса, онда бұл өндірістің дамуын, қаражаттардың бюджетке келіп түсуін жүзеге асырмайды. Соған орай, салық саясатын жетілдіру керек. Ол тұрақсыз және өте қиын.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруда заказ берушілерді іздестіру аса маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Ең бастысы айналым құралдарының қозғалысының жылдамдығын арттыруға, қорлардың барлық түрлерін қысқартуға, жұмыстың максималды орындалуына қол жеткізуге көп көңіл бөлу керек.
Белгілі жұмыс пен қызметтің тұрақты жақсарту әдісін жүзеге асыра отырып, нарықтағы өз үлесінің артуын, көрсетілетін жұмыс пен табыстың көлемін қамтамасыз етуге болады.
Кәсіпорынның қызметіне байланысты пайданың өсірудің маңызды факторлары болып: келісім-шарттық жағдайға сәйкес көрсетілетін қызметтің көлемінің артуы, оның өзіндік құнының төмендеуі сапасының артуы, негізгі қорларды тиімді пайдаланудың жоғарылауы, еңбек өнімділігінің өсу табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет