Мазмұны Кіріспе 1 Өндіріс құрылымы 1Өндіріс функциялары 2



бет5/9
Дата27.07.2022
өлшемі34,89 Kb.
#147802
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
онеркасип

2 Өндірісті басқару

Өндірісті басқару- бұл өз кезегінде еңбек құралдарын басқаратын жұмыскерлерді басқару.
Кез-келген жерде біріккен немесе қоғамдық еңбек орын алса, міндетті түрде басқаруға деген қажеттілік туындайды. Яғни, еңбек әрекетінің арнайы түрі ретінде өндіріс пен өндірістік қатынастардың пайда болуының алғышарты болып есептелінеді. Басқарудың негізгі мәселесі қоғамдық өндірістің шарттары мен нақты экономикалық заңдардың іс-әрекетімен айқындалады.
Өндіріс біртұтас жүйе ретінде еңбек құралдарын және адамдарды басқару болып 2 түрге бөлінеді. Еңбек құралдарын басқару дегеніміз еңбек құралдарына адамдардың ықпалының арқасында материалдық игіліктер мен қызмет көрсетулерді өндіру. Бұл жағдайда адам басқарудың субъектісі ретінде, ал еңбек құралдары объект ретінде қарастырылады.
Жұмысшылар, еңбек құралдарын басқаратындар, біріккен топтар басқа адамдардың басқаруын қажет етеді. Осы адамдардың басқаруы басқару аппаратын құрайды. Ол адам тәжірибесіндегі басқарудың ең күрделісі болып табылады.
Өндірісті басқарудың қатынастары ұжымдағы және бөлімшелердегі жеке жұмысшылар арасындағы туындайтын күрделі байланыстар жиынтығы. Басқару қатынастары өндірістік және экономикалық болып бөлінеді. Себебі, басқару өндірістің ықпалымен дамиды, ал басқарудың іс-әрекеті адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бағытталған. Басқару қатынастарының субъектілері ретінде жеке адамдар(басқарушы-бағынушы) және ұжымдар қарастырылады.
Өндірісті басқару процесінде адамдардың мақсатты қызметінің формалары мен әдістерін, міндетті істерін, принциптерін әзірлеу, заңдар мен заңдылықтарды анықтау басқару ғылымының мазмұны болып табылады.
Кәсіпорындағы өндірісті басқару процесі басқару аппаратына ұйымдастырылған жұмысшылар ұжымымен жүзеге асырылады. Басқару аппаратының маңызды сипаттамасы оның құрылымы болып табылады.
Әрбір кәсіпорын үшін басқару аппаратының құрылымы мен саны былайша топтастыруға болатын көптеген факторларға тәуелді болады:
• техникалық (өндіріс масштабы, технологиялық процестер мен жабдықтардың күрделілігі, өндіріс пен басқаруды автоматтандыру деңгейі);

• ұйымдық - әкономикалық (функцияларды орталықтандыру дәрежесі, басқарушы жүйенің әртүрлі сатылары мен звенолары арасындағы байланыстарсипаты);
• сыртқы байланыстар мен жағдайлар (жабдықтау және өткізу жүйесі, климаттық және табиғи жағдайлар);
• ұйымдық–құқықтық қатынастар (ЖШС,АҚ).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет