Мазмұны Кіріспе 1 Өндіріс құрылымы 1Өндіріс функциялары 2



бет8/9
Дата27.07.2022
өлшемі34,89 Kb.
#147802
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
онеркасип

Қорытынды

Кез-келген мемлекеттің өндіріс саласы экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады, қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейін, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мерзімдері мен масштабтарын анықтайды. Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының т.с.с. арнайы салалардың экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктері болады: шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтерге, өндірілетін шикізаттардың түрлеріне, қолданылатын материалдарға, шикізатты өңдеу әдістеріне, өндірістің техникасы мен технологиясының әр түрлілігіне, жұмысшы кадрларының арнайы кәсіби құрамына, еңбек жағдайына т.с.с. байланысты. Сондықтан, салалардағы жалпы экономикалық заңдардың нақты формалары мен іске асырылу механизмі ерекшеленгендіктен, олардың экономикасын да арнайы зерттеу қажеттілігі туындайды.
Өндірісті ұйымдастыру түрі дегеніміз – өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктері мен техникалық жағдайының жалпы сипаттамасын беру. Өндірісті ұйымдастырудың үш негізгі әдісі болады: ағындық (тасқындық), партиялық (топтық) және бірлік. Олардың ішіндегі ең тиімдісі – қазіргі талаптарға сай келетін ағындық әдіс. Бұл әдістің мәні технологиялық үрдістің барлық элементтерінің уақыт бойынша қатаң сәйкестігімен және еңбек заттарының жұмыс орындары бойынша өнім өндірудің белгіленген тактісі бойынша анықталады.
Өндіріс деп нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісін айтады. Өндірістің мазмұны еңбек қатынастарымен анықталатын негізгі үш элементтен тұрады:
- ұтымды жұмыс немесе еңбектің орындалуы;
- адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы;
- еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы.
Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі тәртіппен жүргізіледі:
а) кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді қамтамасыз ететін қуатын анықтау;
ә) әрбір цехтың және қоймалардың орналасатын өндірістік алаңдарын есептеу;
б) кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы орталық жолдармен өзара байланысын жоспарлау;
в) өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар арасындағы ең қысқа маршрутын белгілеу және с.с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет