Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi


заңды қатынастар пəрмендiлiгiмен



бет5/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз
Маметулла Әлішер 401, Калий Оксикбаева, хим слайд, хим слайд, Презентация1, БУЛАНУ, анатомия руб, 1 лек, 1-2 практ сабак

заңды қатынастар пəрмендiлiгiмен байланыстыру қажет.

Тəрбиелеу пəрмендiлiгi мыналарға байланысты:

1) қалыптасқан тəрбиелiк қатынастарға;

2) əрекеттердi ұйымдастыру мен оған қойылған мақсат-тардың бiр-бiрiне үйлесуiне;

3) тəрбиелiк əсердiң əлеуметтiк тəжiрибесi мен сипатының (бағыттылығы, мазмұны)

тəрбиеленушiлерге ықпал етуiне;

4) объективтi жəне субъективтi факторлар əрекетiнiң байланысына;

5) тəрбиелеудiң жəне өзiндiк тəрбиенiң қарқындылығына;

6) педагогикалық өзара əрекеттегi тəрбие процесiне қатысушылардың белсендiлiгiне;

7) тəрбиемен ұштасушы дамыту жəне оқыту процестерiнiң пəрмендiлiгiне;

8) тəрбиелiк ықпалдың сапасына;

9) тəрбиеленушiнiң ''iшкi жан дүниесiне'' əсер ету қарқындылығына;

10) тəрбиеленушiлердегi сөздiк жəне сезiмдiк процестердiң даму деңгейi мен педагогикалық əсер

етудiң үйлесуiне;

11) тəрбиеленушiлердiң өзара бiр-бiрiмен қарым-қатынасының қарқындылығы мен санасына

байланысты болады.



7. Тəрбие процесiнiң мазмұны

Тəрбие мазмұнын түсiнерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының бiлiмi,

нанымы___________, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгiлерi тұрақты əдеттер жүйесi деп қабылданған.

Тұлғаның жан-жақты жəне үйлесiмдi дамуы – бұл ақыл-ой, дене, адамгершiлiк, еңбек пен

политехникалық, эстетикалық тəрбиелердiң бiртұтас педагогикалық процесте тоғысуы.

Қазiргi тəрбие бағыттарының негiзiне мына идеялар жатады:



1. Тəрбие мақсаттарының шынайы болуы. Бүгiнгi нақты мақсат - бұл адамның

ептiлiктерi мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жетудiң

құралы - əр адамның мəдениет қоры негiздерiн игеруi. Осыдан тəрбие мазмұнының орталық

түсiнiгi, яғни тұлғаның ''базалық мəдениетi'' келiп шығады. Бұл өмiрлiк өзiн-өзi анықтау мəдениетi

болып табылады, яғни, экономикалық мəдениет пен еңбек мəдениетi, саяси, демократиялық жəне

құқықтық мəдениет, адамгершiлiк пен экологиялық мəдениет, көркемөнер жəне дене мəдениетi,

отбасы қатынастар мəдениетi.

2. Үлкендер мен балалардың бiрiккен iс-əрекетi. Тəрбиешi жұмысының мазмұны

балалармен бiрге рухани мəдениеттiң жақсы үлгiлерiн, адамгершiлiктiк өнеге, iс-əрекет

мəдениетiн iздестiру арқылы өмiр нормалары мен заңдылықтарын өңдеуден құралады. ТП-де

оқушының өзiндiк белсендiлiгi көрiнедi.



3. өзiн-өзi тану. Адамның сенiмi, демократиялық көзқарасы, өмiрлiк позициясы арқылы

тұлғаның толық қалыптасуы нақты тəрбиеде жобаланады.

Тəрбие мазмұнындағы маңызды элемент – адамның өмiрлiк өзiн-өзi тану мəдениетi.

өмiрлiк өзiндiк таным – бұл кəсiптiк, азаматтық түсiнiктердi қамты-майтын өте кең ұғым. өмiрлiк

өзiн-өзi анықтау мəдениетi адамды өз бақытының жəне өз өмiрiнiң субъектiсi ретiнде сипатталады.

Адамның өзiне-өзi үйлесiмдi болуы арқылы оның кəсiптiк, азаматтық жəне адамгершiлiк өзiндiк

танымы қалыптасады.

4. Тəрбиенiң тұлғалық бағыты. Мектептегi тəрбие жұмысының өзегiн тек бағдарлама,

iс-шаралар, əдiстерi мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткiншек,

жасөспiрiм арқылы сипатталатын педагогика-лық iстiң жоғары мақсаты мен мəнiне тəуелдi.

Олардың жеке қызығушылығы, ыңғайы, өзiндiк мiнез-сипаты мен бiрге өз қадiрiн сезiнуiн дамыту

керек. Тəрбиеленушiлердiң қызығушылығынан жоғары рухани қажеттiлiктерiне қарай өтуi тəрбие

ережесiне айналуы қажет.



5. өз еркiндiгi. Тəрбиеленушiнiң өз еркi болмай, тəрбие жұмыстарын дамыту, бiрлесе

жұмыс iстеу идея-ларын iске асыру мүмкiн емес. ТП-i ерiксiз ұйымдас-тырылса, ол балаға да,

мұғалiмге де керi əсерiн тигiзедi. Балаларды ''тəрбиелеуге'' мiндеттеме керек. Егер тəрбие-

леушiлер тəрбиеленушiлердiң қызығушылығына, асқақ арманына, азаматтық жəне жолдастық

мiндеттерiне, өзбеттiлiгi мен шығармашылығына сүйенсе, сонда тəрбиеленушiлердiң тəрбиеге

деген ықылас-ынтасы оянады.



6. Ұжымдық бағыты. Тəрбие жұмысының мазмұны ұжымда тəртiп құралы ретiнде

қолданылатын тұлғаны мəжбүрлеу əдiсiне емес, оның рухани, адамгер-шiлiк күштерiнiң ырықты

артуына бағытталады.

Мектептiң нақты тұрмыс, өмiрге қарай бағыт-талуы тəрбие мазмұны мен тəсiлдерiн

жаңартудың тiрегi. Ол келесi мүмкiндiктерге жол ашады:

- тұлғаны тоқыраудан құтқарып, оның жан-жақты дамуына қуат бередi;

- ескi догмаларды жаттай беруден гөрi, əлемдi танып, өзгертуге бағыттайды;

- əмiршiлдiк пен жатсынудан гуманистiк жəне бiрлескен iс-əрекетке жол көрсетедi.

Бүгiнгi күнде тəрбиеленушiге ақпарат жеткiзiп, оны ақыл-ой, адамгершiлiк, эстетикалық

т.б. тəрбие əрекетiне қосу басты мəселе. Осыдан, бұл не үшiн керек, ол не бередi? – деген

сұрақтар туады. Шетел тəрбие жүйе-сiнде нақты осы тұрмыс-тəжiрибелiк сұраныс бiрiншi орында,

сонымен тапсырыс осы қоғамдық тəрбие маз-мұнына дұрыс ықпал жасап, оның iске асуында

табысты қызмет ететiндiгi алға тартылуда.

өз дəрежесiнде жəне жақсы ұйымдастырылған тəрбие адамды өмiрдегi үш негiзгi

қызметке, яғни азамат-тыққа, iскер жұмысшы болуға жəне үлгiлi жанұялық адам болуға

дайындайды.



Бақылау сұрақтары

1. Тəрбие процесiнiң ерекшелiктерiн айтып берiңiз?

2. Тəрбие процесiнiң диалектикасы дегендi қалай түсiнесiз?

3. Тəрбие процесiнiң жалпы заңдылықтары жəне мазмұны қандай?



Тəрбие принциптерi

1. Тəрбие принциптерiнiң ерекшелiктерi

Тəрбие процесiнiң принциптерi (тəрбие принцип-терi) – бұл тəрбие процесiнiң мазмұнына,

əдiстерiне оны ұйымдастыруға қойылатын негiзгi талаптарды анықтайтын бастау ережелерi. Олар

тəрбие процесiнiң өзiндiк ерекше-лiгiн танытады. Педагогикалық процестiң жалпы прин-циптерiнен

нақты тəрбие принциптерiнiң өзгешелiгi – тəрбие мiндеттерiн шешудегi педагогтар ұсынатын ортақ

ережелер екендiгiнде жатыр. Осы принциптерге қойылатын талаптарды сипаттайық.



1. Мiндеттiлiк. Тəрбие принциптерi - бұл кеңес, нұсқау емес, олар толық жəне мiндеттi

түрде тəжiрибеге ұласуды талап етедi. Принциптердi дөрекi түрде əркез бұзу жəне ондағы

мiндеттердi орындамау тəрбиелеу процесiнiң пəрмендiлiгiн кемiтiп қана қоймай, сонымен бiрге ол

принциптердiң негiзiн, түп-тамырын ыдыратады. Егер тəрбиешi принцип мiндеттерiн бұзса, онда

ол тəрбие процесi жетекшiлiгiнен аластатылады. Тiптi, мысалы, егер педагог гуманистiк

принциптердi, жеке басты қадiрлеу принциптерiн қасақана əрi дөрекi бұзса, онда ол заңды

жауапкершiлiкке тартылуы қажет.

2. Комплекстiлiк. Принциптер комплекс, бөлiн-беген талаптар түрiнде тəрбие процесiнiң

барлық кезеңдерiнде бiрiгiмдi қолданылуы тиiс. Принциптер тармақталмай, фронтальды əрi

барлығы бiрдей iске асып отырады.

3. Бiрмəндiлiк. Тəрбие принциптерi жалпыға бiрдей ортақ ережелер ретiнде бiрмəндi

болып келедi, олардың арасында бiреуiн бiрiншi кезекте орындау керектi немесе ертеңге қалдыра

салуға болатын сияқты негiзгi немесе қосалқы принциптерi болмайды. Барлық принциптердi

теңдей мəндi деп бағалау тəрбиелеу процесiнiң жемiстi болуының кепiлi.

Сонымен бiрге тəрбие принциптерi - дайын нұсқау емес, тiптi олар ұстану арқылы жоғары

нəтижеге автоматты түрде жеткiзе салатын əмбебап (универсал) ережелер де емес. Олар

тəрбиеге қажет арнайы бiлiмдердi, тұлға тəжiрибесiн, шеберлiгiн алмастыра алмайды. Тəрбие

принциптерiнiң талаптары баршаға бiрдей болса да, олардың практика жүзiнде iске асырылуы

тұлғалық шарттарға байланысты болады.

Тəрбие процесi сүйенетiн принциптер белгiлi жүйенi құрайды. Тəрбие жүйелерiнiң түрлерi

бұрын да, қазiр де көптеп саналады. Əлбетте, олардағы принциптердiң сипаты, жекелей

мiндеттерi, тiптi кейбiр принциптердiң өздерi өзгерiске түседi. Қазiргi тəрбиелеу жүйесi мынадай

принциптердi ұстанады:

- тəрбиенiң қоғамдық бағытта болуы;

- тəрбиенiң өмiрмен, еңбекпен байланысы;

- тəрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу;

- тəрбие гуманизациясы;

- тəрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;

- тəрбиелiк ықпалдардың бiрлiгi.

2. Тəрбиенiң қоғамдық бағытта болуы

Тəрбие мемлекеттiк, құрылыстың, ондағы өкiмет билiгi мен мекемелерiнiң қуатына арқа

сүйеп, сонымен бiрге мемлекетте қабылданған жəне жүргiзiлiп жатқан саясат. Ата заң мен заңдар

негiздегi азаматтық жəне əлеуметтiк сапалардың қалыптасуына бағытталады. Бұл принцип

педагог iс-əрекетiн мемлекеттiк тəрбие стратегиясына сəйкес өскелең ұрпақ тəрбиелеу

мiндеттерiне бағындыруды көздейдi жəне тəрбиешi iс-əрекетiн қажеттi тұлға типiн қалыптастыруға

бағдарлайды. Мемлекеттiк қызметте жұмыс iстегендiктен тəрбиешi тəрбие саласы бойынша

мемлекеттiк тапсырысты орындайды. Егер мемлекеттiк жəне қоғамдық мүдделер бiр-бiрiне сай

келiп, азамат-тардың жеке мүдделерiмен келiсiмдi болса, онда жоғары-дағы принцип талаптары,

əлбетте, тəрбие мақсаттары мен мiндеттерi құрылымына сəйкестеледi. Ал мемлекет, қоғам жəне

тұлға мақсаттары үйлеспесе, ол принциптiң орындалуы қиындайды.

Тəрбиешiде толыққанды тəрбие үшiн нақты деректi материалдар жетiсе бермейдi. Мектеп

– бұл мемлекеттiң, қоғамның жəне тұлғаның бiлiмдiлiк сұраныстарын қанағаттандыруға

бағытталған əлеуметтiк мекеме жəне қоғамдық-мемлекеттiк жүйе. Мектеп қоғамдық-мемлекеттiк

мекеме ретiнде тек мемлекет демеуiмен ғана өмiр сүре алмайды. Ерте ме, кеш пе оған қоғам

көмекке келуi қажет. Қоғамның мектептен, мектептiң қоғамнан бөлiнiп қалуын, қоғамдық өмiрдегi

болып жатқан процестерден мектептiң ажырауын, кəсiби педагогтардың тар жəне бiржақты жұмыс

iстеуiн болдырмау шаралары қарастырылуы қажет. Педагогтар өздерiн тəрбие билiгiнiң жалғыз

иегерi деп ұғынбай, тəрбие iстерiндегi халық өкiлiмiз деп түсiнуi керек.

Қоғамдық бағытты iске асыра отырып, тəрбие-ленушiлермен тəжiрибелiк себеп-түрткiлi

өзара əркетке жетудiң маңызы зор. Бұл жерде ұрандаған педагогикадан аулақ болған жөн, өйткенi

тиiмдi тəрбие құлық пен қатынас тəжiрибесi негiз болар тəрбие мен тəрбиелену-шiлер арасындағы

байланыс орнайтын пайдалы iс-əрекетте iске асады. Дегенмен де, iс-əрекет (еңбектiк, қоғамдық,

ойындық, спорттық) тəрбиелiк мəнге ие болуы үшiн, тəрбиеленушi iс-əрекетiнiң қоғамдық құнды

мотивтерiн қалыптастыру қажет. Осы мотивтер жоғары парасатты, қоғамдық мəндi болса, онда

ұнамды қылықтарға бастау беретiн iс-əрекеттiң де тəрбиелiк сапасы жоғары болады.

Əлеуметтiк сапаларды жасау процесiнде мақсат-бағдарлы тiлдестiк пен адамгершiлiк

танымы арқылы гуманистiк түсiнiк қалыптастырып, оны саналуан қоғам-дық пайдалы iс-əрекеттi

ұйымдастырумен байланыстыру керек. Сөздiк ықпал мiндеттi түрде пайдалы тəжiрибелiк iстермен

бекiтiлуi қажет, сонымен бiрге ол қарым-қатынастағы жəне басқа адамдармен бiрiгiп орындалатын

iс-əрекеттегi дұрыс əлеуметтiк тəжiрибелер көрсету арқылы тұжырымдалуы керек.

Қоғамдық процестерге əр адам ерте балалық шақтан араласады. Сондықтан адамзаттық

тəрбие де жас кезеңде басталады. Əлеуметтiк жауапкершiлiк сезiмi балада сəл кешiрек, яғни

мектептiң екiншi сатысында ояна бастайды. Əлеуметтiк саналарды қалыптастыру кезең-дерiнде

берiлетiн бiлiмдердiң оқушылар жасы мен даму деңгейiне сəйкестiгiне жете көңiл бөлiнуi тиiс.

Балаларға мектептiң бiрiншi сатысында ''өкiмет'', ''президент'', ''үкiмет'', ''бедел'' т.б. ұғымдарды

түсiндiруге нақты мысалдар пайдаланылса, тəжiрибе жүзiнде дер кезiнде дəйектелiп, бекiтiлсе,

онда олар бұл ұғымдарды тез меңгередi. Екiншi, үшiншi сатыдағы мектеп осы секiлдi қажеттi

ұғымдарды бекiтiп, дамытады, нанымдарды қалыптастырады, тəрбиеленушiлер əлеуметтiк

шынайы процестерге қызыға отырып, азаматтық сапаларын орнықтырады.

Адамның тұлға болып қалыптасуы оның қоғам-дық жəне еңбектiк қатынастарға жекелей

түсуi, əрекетке араласуына тiкелей тəуелдi. Еңбек адамдағы жағымды сапаларды дамытады, яғни

еңбек қарқынды болған сайын тұлғаның əлеуметтену жəне даму деңгейi жоғарылай түседi.

Сондықтан тəрбиеленушiлердi қоғамдық өмiрге, əртүрлi пайдалы iстерге араластырып, оларға

деген жағымды қатынасын қалыптастыру қажет. Еңбекке араласа отырып, адамгершiлiк құлық

тəрбиесiн алған тəрбиеленушiлер рухани жəне дене жағынан қатайып, еңбектiң қоғамдық

маңызды мотивтерiн ұғынады, өзiндiк ар-ұят сапаларын бекiтiп, жетiлдiредi.

Тəрбие ''Мектеп үшiн емес - өмiр үшiн'' деген ұранмен ежелгi римдiк мектеп өз

оқушыларын күтiп алады екен. Сол кездегi ежелгi педагогтардың өздерi өмiрден, тəжiрибеден

ажыраған тəрбиенiң ешқандай мəнi болмайтынын сезген.

өмiр мектебi – ең күштi тəрбие мектебi. Сондық-тан тəрбиенiң өмiрмен байланысты

болуы принципi көптеген тəрбие жүйелерiнiң негiзгi принципi болып табылады. Ол

тəрбиешiлердiң мынадай екi бағыттағы белсендi iс-əрекетiн талап етедi: 1) əртүрлi өзгерiстерi мол

қоғамдық жəне еңбектiк өмiрмен тəрбиеленушiлердi кең жəне нақтылай таныстыру; 2)

тəрбиеленушiлердi шынайы өмiрлiк қатынастарға, əртүрлi қоғамдық пайдалы еңбектерге

араластыру.

И. П. Павлов адам ағзасының өмiрлiк iс-əрекетi қоршаған орта əсерiнен, өмiр сүру

жағдайына байланысты екендiгiн атап көрсеткен. Бұл əсердi ол ''өмiрлiк тəрбие'' деп атаған. Бұл

тəрбиенi, яғни ''өмiр мектебiн'' барлық өскелең ұрпақ өз басынан өткiзедi. Нəтижеде оларда

əрекет-қылық тəжiрибесi жинақталады, қоғамдық өмiрге кiрiсуге қажеттi дағдылар қалыптасады.

Тəрбиенiң өмiрмен байланысты болу принципiн дұрыс iске асыру педагогтан төмендегi

бiрлiктердi қамтамасыз етуiн талап етедi:

- оқушылардың қоғам өмiрi мен əрбiр адам үшiн еңбектiң рөлiн, азаматтардың үздiксiз толастаған

сұраныстарын қанағаттандыру үшiн қоғамның экономикалық базасы-ның мəнiн түсiндiру;

- материалды жəне рухани байлықтар мен құндылықтарды жасайтын еңбек адамдарына сый-

құрмет жасау;

- көп жəне табысты еңбек ету ептiлiктерiн дамыту, өзi үшiн жəне қоғам пайдасына орай

жауапкершiлiк жəне шығармашылықпен еңбектенуге ниеттендiру;

- қазiргi өндiрiстiң жалпы негiздерiн түсiну, политех-никалық бiлiмдерiн кеңейтуге талпыну, еңбектi

ғылыми ұйымдастыру негiздерiн жəне жалпы мəдениеттi меңгеруге бағыт беру;

- еңбек iс-əрекетiнде жеке жəне қоғамдық нанымдарды үйлестiру мен мiндеттерiн жəне

шаруашылық қажеттi-лiгiне сəйкес мамандық таңдай бiлуге баулу;

- қоғамдық мүлiк пен табиғат байлықтарына күтiмдi қарау, өз еңбегi арқылы қоғамдық меншiктi

көбейтуге талпыну ниетiн қалыптастыру;

- жауапсыздыққа, шаруасыздыққа, еңбек тəртiбiн бұзу-шылыққа, жайбарақаттыққа, енжарлық пен

iссiздiкке, сергелдеңдiкке төтеп берiп, қоғамдық меншiктi жəне табиғат байлығын талан-таражға

түсiруге ымырасыз болуға тəрбиелеу.

Еңбекпен, өмiрмен байланысқан тəрбие келесi ережелердi ұстану арқылы iске асады:

1. Оқушылардың əлеуметтiк жəне еңбектiк тəрбиесiндегi абстрактiлiк пен догматизмдi шегерiп,

оларды нақты жəне ерен iс-əрекетке кiрiстiру. Сабақта жəне сыныптан тыс тəрбие жұмыстарында

көзделген талаптарды орындау принципiнiң бағдарламасы болуы шарт. Оларды бiртiндеп iске

асырып бару қажет.

2. Тəрбиешi өз əрекеттерiн отбасы мүддесiмен келiстiре отырып, əрбiр тəрбиеленушiге қоғамдық

өндiрiске негiзгi тигiзер пайдасы оның оқу еңбегi, отбасы мен мектептегi көмегi екендiгiн

түсiндiредi. Жасөспiрiмдердiң өндiрiстiк ұжымға, шаруашылық есептегi бригадаларға бiрiгiп,

демалыс кездерiнде еңбек етулерiн қолдап, қуаттау керек.

3. Балалар əдетте iс-əрекет жасауға құлшыныс бiлдiрiп тұрады. Енжарлық, iссiздiк

дегендер бала табиғатына жат нəрселер. Осыны ескермеген тəрбиешi тұлғаның əлеуметтену

процесiн бұзып, оның дамуын бəсеңдетедi.

4. Бұл принциптi iске асыру сабақтар мен сынып-тан тыс тəрбие жұмыстарда жергiлiктi

өлкелiк материал-дарды кеңiнен пайдалануды талап етедi.

5. Оқушылар үлкендермен бiрдей маңызды өмiрлiк мəселелердi шешуге қатыса отырып,

өз шешiмдерiне жауапкершiлiкпен қарауға үйренедi, сонымен бiрге оларда азаматтық сапалар

шапшаң əрi табысты қалыптаса бастайды.

6. Елдiң əлеуметтiк өмiрi мен шаруашылығындағы өзгерiстерге сəйкес тəрбиенiң өмiрмен

байланысы прин-ципiнiң табысты iске асырылуы тəрбие мазмұнын, ұйым-дастырылуы жəне

əдiстемесiн үнемi қайта қарап, жаңартып отыру мiндеттi iс.

7. Тəрбие процесiнде балалар өз еңбегiнiң қоғамға, адамдарға қажет екендiгiн сезiнiп,

одан қанағат лəззатын алуы қажет.



3. Ұнамды өнеге-үлгiге арқа сүйеу

өнеге-үлгiге арқа сүйеу принципiнiң талаптары-ның бəрi қарапайым болып келедi. Олар

мыналар: педагогтар адамдағы жақсы қасиеттердi анықтауға мiндеттi, соларға сүйене отырып, əлi

толық қалыптаспаған немесе керi бағыттағы қасиеттердi үнемi дамытып, оларды қажеттi деңгей

мен жан-жақты үйлесiмге жеткiзуi қажет.

Бұл принциптiң философиялық негiзi - адам табиғатының ''қарама-қайшылықтығы'' туралы

белгiлi философиялық ереже бойынша. Адамдағы жақсы қасиеттер (жан-жануарды жақсы көру,

табиғи кiшiпейiлдiлiк т.б.) оған керi қасиеттермен (өз сөзiнде тұра алмау, өтiрiк айту, ерiншектiк

т.б.) бiрге жүредi. Тек ''керi'', сол сияқты жүз-пайыздық ''жақсы'' адам болмайды. Тұлғаны

жақсылыққа қарай бағыттайтын тəрбиенiң мiндетi, адамда өнегелi қасиеттердi молайтып, керi

қаситтердiң азаюына қол жеткiзу.

Тəрбиешi iс-əрекетiнiң табысты болып, жылдам əрi нəтижелi болуы үшiн принциптердi iске

асыру ережелерiн басшылыққа алу керек.

Һ Тəрбие процесiндегi келiспеушiлiк (конфрон-тация), тəрбиешi мен тəрбиеленушiлердiң өзара

ой-пiкiр тайталасы мен көзқарастарының үйлесiмсiздiгiнен туындайды. Тек бiрлесiп жұмыс iстеу,

шыдамдылық, тəрбиешiнiң тəрбиеленушi тағдырына қызығушылықпен қатысуы жақсы нəтижелер

бередi.


Һ Оқушының қателiктерi мен қылығындағы кемшiлiктерiне ғана мəн беру де дұрыс емес.

Тəрбиенiң басты парызы, керiсiнше, жақсы қасиеттердi анықтап, оларды қолдау. Əрине, керi

қасиеттi айыптау жəне түзету керек. Бiрақ, ең негiзгiсi – алдымен қажеттi оң қасиеттердi дұрыс

танып жəне олардың дамуына жол ашу.

Һ Тəрбиеленушiлердiң қызығушылықтарына (танымдық, эстетикалық, табиғатқа, жан-

жануарға деген сүйiспеншiлiк жəне т.б.) сүйену педагогикалық жағынан əрқашан ұтымды нəтижеге

жетудiң кепiлi. Осылардың көмегi арқылы еңбек, адамгершiлiк жəне эстетикалық тəрбиенiң

көптеген мiндеттерiн шешуге болады. Жақсы нəрсеге сүйену принципi тəрбие процесiнде жетекшi

əрекеттi таңдап алумен де байланысты. Осы əрекеттi əрбiр нақты жағдайға үйлестiре бiлу -

тəрбиешiнiң мiндетi.

Һ өнеге-үлгiге сүйенудiң тағы бiр жағы бар, оны ұнамды тəрбиелiк жағдай жасау құралы

ретiнде пайдалануға болады. Бұл тəрбиеленушiлердiң өмiрлiк iс-əрекетi жəне тəрбиелiк қатынас

жасау стилi, тiптi оқу-тəрбие мекемелерiнiң ''рухы''. Əрқайсысы өз iсiмен шұғылданып, бiр-бiрiне

ешкiм кедергi жасамайтын тыныш, iскерлiк жағдайында да, сенiмдi əрi ерiктi iлгерi жылжуға ықпал

ететiн еңбек пен демалысты жоғары дəрежеде ұйымдастырумен əрбiр ұсақ бөлшегiне дейiн

ойластырылған оқу орнының тəрбиелiк мəнiнде, бiрлес-кен əрекет сезiлген жерде өнiмдi табыс

мотивацияларының болмауы мүмкiн емес.

Һ Кемшiлiктерiн бетiне баса бергенде тəрбиеленушi-лердiң өз-өзiне, күшi мен

мүмкiндiктерiне деген сенiмi азаяды. Тəжiрибелi тəрбиешiлер осыны сезiп, баланы мақтап-

мадақтауды, оның алдағы болатын жақсы қасиет-терiне күнi бұрын қолдау бередi. Келешек

əрекет-қылық-тардың жобасын жасап, тəрбиеленушiлердiң табысты нəтижелерiн орнықтырады,

оларға сенiп, сəтсiздiктерде олардың тiрегi болып, көмек көрсетедi.



4. Тəрбие гуманизациясы

Жақсы (жағымды) өнегеге сүйену принципiне тағы бiр маңызды принцип жанасады – ол



гуманизация. Бұл принциптiң талаптары: 1) тəрбиеленушi тұлғасына адамилық тұрғысынан

қарау; 2) оның құқықтары мен тəуелсiздiгiн сыйлау; 3) тəрбиеленушiге саналы ойлас-тырылған

талаптар қою; 4) қойылған талапты орындаудан бас тартқан кезде де оның ұстанымын (позиция)

құрмет-теу; 5) адамның өзiмен-өзi болу құқығын қолдау; 6) тəрбиеленушiнiң санасына тəрбиенiң

нақты мақсатын жеткiзу; 7) қажеттi сапалардың қиналыссыз, зорлықсыз қалыптасуы; 8) тұлғаның

қадiр-қасиетiн төмендететiн дене жəне басқа да жазалаудан бас тарту; 9) тұлғаның наным-дарына

қандай да бiр себептермен қайшы келетiн қасиеттердi қалыптастырудан аулақ болу құқығын

мойындау (гуманитарлық, дiни сенiмдер жəне т.б.).

ЮНЕСКО қабылдаған ''Адам құқығы деклара-циясының'' бiрiншi бабында былай деп

жазылған: ''Барлық адамдар өз қадiрi мен құқығы бойынша ерiктi жəне тең. Олардың өзiндiк

санасы мен намысы бар жəне олар бiр-бiрiмен қарым-қатынаста болуы керек. Тəрбиеленушiлердi

құлдық бас июшi емес, тəуелсiз адамдар санатында танып, тəрбиешi күш билiгiн пайдаланбай,

шəкiрттер төбесiне тұрмай, олардың болашағы үшiн жас əулетпен бiрлiкте күресуi қажет''.

5. Тəрбиеге тұлғалық бағыт беру

Тəрбиелеу процесiнде тəрбиеленушiлердiң жеке мiндеттемесi мен мүмкiншiлiктерiн есепке

алу маңызды жұмыс болып табылады. Тұлғалық сапаларға сүйену тəрбиенiң өте маңызды

сипаттамаларының бiрi, яғни тұлғаның бағыттылығы мен оның құндылықтар таңдауын ескере бiлу.

Тұлға бағыты оның өмiрлiк жоспарларын, қалыптасқан өмiр жолдарын, iс-əрекетiн жəне қылығын

басқарушы мотивтерiн бiлдiредi.

Тəрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау принципi тəрбиешiден мына мiндеттердi орындауды

талап етедi: 1) өз тəрбиеленушiлерiнiң жеке темперамент ерекшелiк-терiн, мiнез бiтiстерiн,

көзқарастарын, талғамдарын, əдеттерiн қырағы танып, жақсы бiлу; 2) ойлау бейiмi, тұлғаның

бағыттылық мотивтерi, қызығушылықтары, өмiрге, еңбек етуге көзқарасы, құндылықтар пайымы,

өмiрлiк жоспарлары т.б. сияқты аса маңызды сапалардың қалыптасу деңгейiнiң қаншалықты

болғанын жəне болатынын анықтай бiлу; 3) тұлға дамытудың əсерлi түрiн бiртiндеп күрделендiре

отырып тəрбиелiк iс-əрекеттерге əрбiр тəрбиеленушiнi тарту; 4) дер кезiнде мақсатқа жетуге

кедергi болатын себептердi анықтап, олардан арылу, ал егер дер кезiнде сезiп, жою мүмкiндiгi

болмаса, онда жаңа туындаған жағдайларға байланысты тəрбие тактикасын ауыстыра бiлу; 5)

тұлғаның өз белсендiлiгiне көбiрек сүйену; 6) тəрбиенi тұлғаның ___________өзiндiк тəрбиесiмен

байланыстырып, өзiндiк тəрбиенiң мақсат, əдiс, форма-ларын таңдауға көмектесу; 7)

тəрбиеленушiнiң өзiндiк iс-əрекетiн, белсендiлiгiн, дербестiгiн дамытып, оған жетекшiлiк етiп,

ұйымдастыра табысқа жетуге бағыттау.

Бұл талаптардың бiрлiктi түрде iске асырылуы жас жəне жеке ерекшелiктерiне үстiрт

қарамай, процестердiң тереңнен дамуына, себеп-салдарлы қатынас заңдылық-тарына сүйенуге

тəрбиешiнi мiндеттейдi.

Тəрбиенi тұлғалық тұрғыдан жүргiзген кезде жас жəне жеке ерекшелiктердi есепке алу

жаңа бағыт алады. Адамгершiлiк, əлеуметтiк сапаларды қалыптастырудың ең ыңғайлы

мүмкiндiктерi бастауыш мектеп жасында болады. Неғұрлым жасы кiшi болса, соғұрлым тəрбие

ықпалдарын нақты қабылдап, бала өз тəрбиешiсiне көбiрек сенедi, оның беделiне сөзсiз

бағынады. Сондықтан кiшi мектеп жасында жəне ерте жеткiншек жаста жағымды əдеттердi

тəрбиелеуге, балаларды еңбекке, тəртiпке, қоғамдық iс-əрекеттерге үйрету жеңiл болады. Ересек

жеткiншектер болса, пайдалы еңбектiң тура, ашық мiндеттерiн қалайды, оларды орындауда

белсендiлiк танытуға құмар келедi. Дегенмен де, бұл белсендiлiк, талпыныстар педагогтар

тарапынан өте жақсы ұйымдастырылуы қажет.

Тəрбиенiң болашақ нəтижелерiн жобалағанда тəрбиеленушiлердiң мүмкiншiлiк

пəрмендiлiгiнiң кейбiр сапаларды қалыптастыруда азаятынын, жасына байланысты жүйке

жүйесiнiң нəзiктiгiн, сыртқы əсерлерге психологиялық қарсылықтың көбейетiнiн, сензитивтi кезең

қажеттерiнiң өзгеруiн естен шығармаған жөн.

Тəрбиешi сүйенетiн оқушының жеке ерекшелiктерiнiң қатарында олардың қабылдау, ойлау,

есте сақтау, сөйлеу, мiнез, темперамент, ерiк бiтiстерiн атауға болады. Бұл жəне басқа да

ерекшелiктердi айыра тану тəрбиелеуде қиынға соқса да, тəрбиешi табысқа жетудi ниет қылса,

қосымша уақытын, күш-жiгерiн, құралдарын пайдаланып, тұлғалық сапаларды толық жəне нақты

танып-бiлуге ынта-ықыласты болуы шарт.

Тəрбиешi қазiргi заманғы оқушылардың бiлiм деңгейiнiң жоғарылығын ескере отырып, өзi

де жан-жақты дамып отыруы керек, яғни өз мамандығы төңiрегiндегiнi ғана бiлiп қоймай, сонымен

қоса саясат, өнер, мəдениет саласындағы бiлiмдердi жинақтап, өз тəрбиеленушiлерiне өзiн

адамгершiлiктiң жоғары үлгiсi ретiнде, адамдық қадiр-қасиеттiң, құндылықтың таратушысы ретiнде

танылуы тиiс.

Балалық жəне жеткiншек жастағы тұлғалық сапалар-дың жылдам қарқынмен қалыптасуы

озық əрекет етудi, тəрбиеленушiден даму желiсiндегi тəрбие мазмұны мен оның

ұйымдастырылуы, əдiстерi жəне формалары арасында қайшылық туындамай тұрғанда, жағымсыз

əдеттер баланың жан дүниесiне орнығып қалмай тұрып, алдын-ала қимылдауды қаурыт талап

етедi. Əйтсе де, талаптарды күшейте отырып, тəрбие ықпалдары бағытталған

тəрбиеленушiлердiң шама-шарқын ескерген абзал. Қиын талаптар баланың өз күшiне сенiмiн

азайтып, көңiлдерiн қалдырады, тiптi ең қауiптiсi, сол талаптарды үстiрт орындауға итермелейдi.

Əдетте, мұндай жағдайда жартылай iстелiнген iске қанағат тұту əдетi қалыптасып қалуы мүмкiн.

Тəрбиешiлер əсiресе, тұлғаның негiзгi сапаларына, яғни, олардың құндылықтарды таңдау

бағытына, iс-əрекет жасаудың жəне қылық қалыптастырудың өмiрлiк жоспарларына мəн берiп,

тəрбие процесiн түзейдi, əрi бұл процестi тұлғалық жəне қоғамдық қажеттердi қанағат-тандыруға

бағдарлайды.

Кейбiр тəрбиешiлер нақты тəрбиенi тек ''қиын'' оқушылар мен тəртiп бұзушыларға қатысты

деп ойлайды. Сөз жоқ, мұндай тəрбиелеушiлер көбiрек бақылауды керек етедi. Бiрақ ''жағдайы

жақсы'' оқушыларға да мойын бұру керек. Сырттай жақсы көрiнiстiң көлеңкесiнде жаман пиғылды

ойлар, мотивтер, əрекеттер де жасырынып жатуы мүмкiн. Бұған ешкiмдi ешуақытта кiнəлауға

болмайды, бiрақ барлық оқушыларға теңдей көңiл бөлу керек.

Тұлғаның сыртқы көрiнiс, əрекеттерiнен оның iшкi мiнез-құлқын түсiну өте қиын, осыдан

тəрбие мақсаты əрқашан iске аса бермейдi. Тəрбиешiге тəрбиеленушiнiң өзi көмектесуi қажет.

Тəрбиеленушiнi дос, көмекшi, одақтас етiңiз. Бұл түпкiлiктi сапаларды түсiнiп, болжаудың ең қысқа,

анық жолы болып табылады.



6. Тəрбиелiк ықпалдар бiрлiгi

Бұл принцип келешек ұрпақ тəрбиесiндегi мектеп, отбасы жəне қоғамдық орындар

талпыныстарын реттеу принципi деп те аталады. Бұл принцип тəрбиеге қатысы бар барлық

адамдардың педагогикалық əрекеттердi өзара хабарласа, бiрлесе толықтырып жəне дамытып

баруын талап етедi. Егер тəрбие ықпалдарын iске асыру бiрлiгi келiсiлмей, керiсiнше, қайшы

келсе, онда табысқа жету қиынға соғады.

Ықпалдар келiсiмi болмаған жағдайда тəрбиеленушi үлкен психикалық ауыртпашылық

тартады, өйткенi кiмге сенерiн бiлмей, кiмнiң соңынан ерерiн түсiнбей, ықпалдар iшiнен дұрысын

анықтай алмай, ол дал болады. Баланы əрқилы деңгейдегi тəрбие ықпалдарының қайшылығынан

құтқарып, тұлғаға болған педагогикалық əсерлердi арт-тырып бару – осы тəрбиелiк ықпалдар

бiрлiгi принципiнiң талабы.

Бұл принциптi негiзге алудан тəрбиешi барлық ықпал етушi талаптар жұмыстарын қамтып,

басқаруға мүмкiндiк алады.

1. Тəрбиеленушi тұлғасы жанұя, жолдас-жоралары, ересектер, қоғамдық ұйымдар,

оқушылар ұжымдары əсерлерiнен қалыптасады. Осы ықпалдар iшiнде сынып ұжымы мен

тəрбиешi беделi ерекше рөлге ие. Тəрбиешi мен тəрбиеленушiлер тарапынан қойылған талаптар

бiрлiкте болып, бiр-бiрiне қайшы келмеуi аса маңызды.

2. Тұлға қалыптастыруда отбасы өте ауқымды қызмет атқарады. Ата-ананың өз

баласындағы жекелiк қасиеттердi бiлуi, отбасы ықпалдарының көптүрлiлiгi мен қайталанбауы

басқа педагогикалық əсерлерден ерекше келедi. Шынына келсек, адамның отбасындағы тəрбиесi

түбегейлi болады. Осыдан ___________отбасымен байланыс құру жəне оны дамыту барлық тəрбие

мiндеттерiн шешуде басты рөл атқарады.

Отбасы мен мектеп арасын байланыстыруда өзiн ақтаған құрал – оқушының күнделiгi.

Сондықтан күнделiк рөлiн арттырып, оны оқушы өмiрiнiң айнасы – негiзгi құжат деп тану қажет.

3. Тəрбиешiнiң өзi жоғары инабаттылық тəрбие өнегесiн көрсете бiлуi шарт. Педагогтар мен

ата-аналар балаларға қандай қажет сана бергiсi келсе, соларды алдымен өз бойында

қалыптастыруы тиiс.

4. Тəрбиеде тəрбиешi мен ата-ана арасындағы келiспеу-шiлiктер де аз емес. Кейде ата-ана

педагог талаптарын жоққа шығарып, балаларын шектен тыс еркелетедi. Мұндай келiспеушiлiктi

жою үшiн екi тараптың да тəрбие талпыныс-тары өзара үйлесiмге келгенi жөн.

5. Кейде тəрбиешiнiң ұжым, қоғамдық орындардың пiкiрлерiмен келiспей, басқа

тəрбиешiлердiң əрекеттерiн сынайтын кездерi де кездеседi. Осының бəрi тəрбиеленушi тұлғаның

көзқарасы мен нанымын қалыптастыруда өзiнiң керi əсерiн тигiзбей қоймайды. Сондықтан,

тəрбиешiлер бiр-бiрiне саналы талаптар қойып, ұжымның абырой беделiн сақтауға талпынуы

педагогикалық процесс тиiмдiлiгiнiң кепiлi.

6. Ықпалдар бiрлiгi принципiнiң практика жүзiнде iске асырылуы сабақта жəне одан тыс

кезде де тəрбиенiң бiртұтас жүйесiне байланысты. Тəрбие процесiнiң жүйелiлiгi тұлғалық

белгiлердi қалыптастырудағы бiрiздiлiктi сақтаумен қамтамасыз етiледi. Тəрбие жұмыстарында

алдыңғы қалыптасқан сапалар мен қылық нормаларына сүйену қажет. Педагогикалық ықпал

нормалары мен құралдары бiртiндеп күрделенiп баруы тиiс. Тəрбиешiлер ата-ананы хабардар ете

отырып, осы талаптың отбасында сақталып, орындалуын қадағалауы қажет.

7. Тəрбие ықпалдарының бiрлiгiне жету тəсiлi – бұл тəрбие процесiне қатысты

ересектердiң, əлеуметтiк мекемелер талпыныстарын реттеп бару қызметi. Мiне, сондықтан да

тəрбиешiлер, сынып жетекшiлерi тəрбиеге ___________қатынасы бар барлық адамдармен қарым-қатынас

жасауға күш-жiгерiн аямауы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет