Мазмұны кіріспе I. ӘДебиеттерге шолу 1 Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәселелерін шешуші аспектілер


Спешиал Олимпикстің негізгі мақсаттары



Pdf көрінісі
бет10/34
Дата04.06.2022
өлшемі372,53 Kb.
#145935
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Байланысты:
stud.kz-98243
stud.kz-96024
Спешиал Олимпикстің негізгі мақсаттары
Спешиал Олимпикс ұйымы келесі қызметтерді жүзеге асыру мақсатымен құрылды:
1. Ақыл-ойы мешеу азаматтар арнайы оқу мен мадақтау нәтижесінде жеке және
командалы спорт түрлерінен, жарыстардан өзіне пайда, сонымен қатар қажетіне
сәйкес ортаға бейімдеуге дайындық ала алады;
2. жаттығу процесі жоғары дәрежелі жаттықтырушылар қатысушылардың спорттық
бітімін арттыруға байланысты мақсаттылы жоспар қою барысында жүзеге асады. Бұл
тең деңгейлі азаматтар арасында нәтижелілігін арттыруға, өзіндік өсуінің
ынталандырылуына көмектеседі;
3. спорттық жарыстар мен жаттығулар нәтижесінде ақыл-ой мешеу азаматтардың
физикалық, ақыл-ой жағынан, әлеуметтік және рухани жағынан өсе түсіп, отбасылық
қатынастардың нығайлуына көмектеседі. Ал, жалпы қоғам аталған іс-шараларға
тікелей қатысуымен ақыл-ой мешеу азаматтарды түсінуіне тең деңгейде қабылдауға
үйрене алады;
4. әр азамат аталған ережелерге байланысты Спешиал Олимпикс ұсынған жоспар
бойынша өткізілген іс-шаралардан өзіне пайда алуға мүмкіндігі болу керек;
5. Спешиал Олимпикс ұйымы жыныс, әлеуметтік деңгей, діни көз қарас аралық,
сонымен қатар ұлт және саясаттық философиясы аралық шектеулерді жеңе білу керек.


Осының салдарынан барлығына жалпы жаттығу және жарыстарды бейбіт өткізуді
қарастырады;
6. Спешиал Олимпикс спорттық ынта мен сүйіспеншілікті тек жарысқа қатысу
мақсатында дамытуды қолға алады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жаттығулар мен
жарыстарға қатысу үшін спортшының мүмкіндігіне байланыссыз деңгейін көрсетуге
жағдай жасайды. Сондықтан Спешиал Олимпикс ұйымы ойындар мен турнирлер
жоспарына спортшылардың спорттың барлық түрлеріне қатысуына мүмкіндік беруін
енгізген;
Мүгедектерге арналған дене шынықтыру және спорт
1. Дене шынықтыру мен спорт мүгедек жандар үшін әлеуметтік емдеу
сауықтыру болып табылады.
2. Жергілікті атқарушы мекемелер мүгедектерге арнайы дене шынықтыру - сауықтыру
спорттық құрал – жабдықтар мен қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар дене шынықтыру
сабақтары мен спорттың жалпыға бірдей пайдалану жағдайын жасау керек.
3. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын ұйымдастыру ақыл – есі кем және дене
қабілеті жеткіліксіз мүгедектердің үздіксіз емделуін, мамандарды дайындауда, методикалық
медициналық қамтамасыздандыру және дәрігерлік бақылау, дене шынықтыру және спорт
мәселелері, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік орналасу мекемелеріне жүктеледі.
4. Дене шынықтыру және спорт атқарушы мекемелері, мүгедектердің дене шынықтыру
– спорттық бірлестігімен бірге республикалық жарыстарды және мүгедектер арасында
спорттың барлық түрінен ұлттық құрама дайындап халықаралық жарыстарға қатысуды
ұйымдастыру. Облыстың жергілікті атқарушы мекемелері мүгедектердің дене шынықтыру –
спорттық бірлестігімен бірігіп облысттық деңгейдегі спорттық жарыстардың өткізілуін және
де олардың дайындығымен республикалық жарыстарға қатысуын ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет