Мазмұны М. Тынышбаев: №2370 тергеу ісі бойынша жауапқа тартылған Мұхамеджан Тынышбаевтан



бет10/10
Дата25.01.2017
өлшемі1,73 Mb.
#7935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Москвада Әзиз Мурзиннің жақын араласқан адамы Кәрменов Қайролла. Ол бұлардың барлық қылмысын білетін. Мурзиннің, Мұңайтпасовтың, Бекентаевтің тобына Кәрменов қамқорлық жасайтын. Кәрменов шетелден келгенде, олардың бәрінің үй-ішіне өз есебінен сыйлықтар әкелді. 1929 жылы Алматыға келген соң ғана Кәрменовтің, Бекентаевтің, Досмұхамедов Жаһаншаның тобымен қоштасты. Жаһанша Досмұхамедовпен көбінесе саясатқа қатысты әңгімелесетін. Қызып алған кезде ол компартия мен кеңес өкіметін балағаттайтын, мазақтайтын. Әзиз Мурзин қарқылдап күліп, оны қоштап қоятын. Қазақтар Мұхтар Мурзиннің үйінде де бас қосатын. Әдетте ағайынды Мурзиндер, Қадырбаев Сейідазым, Нұрымов, Ғаббасов, Сұлтанбеков жиналатын. Олар тек қана саяси тақырыпта сөйлесетін. Әңгімелерінің мазмұнын мен білмеймін. Алайда бір рет олардың үрейін ұшырып: Сендердің сөздеріңді өкіметке жеткізіп, әшкерелеу ғана қалды – дедім. Бұдан кейін Мурзин менен сақтанып жүретін болды.

Тынышбаев, Ермеков және басқалары тұтқындалғаннан кейін Әзиз Мурзин өте сақтық жасап Мұхтар Мурзинмен, Кәрменовпен, Бекентаевпен, Мұңайтпасовпен, Мұратбековпен жазысқан хаттарын өртеді. Хаттарды мен жақтым. Ал ол іші қағазға толған үлкен папканы өртеді. Сөйтіп ол тінту кезінде айғақ қалтырмауға тырысты. Сақтық шарасын қолданған себебі: менің артымнан тыңшы еріп жүр, үйді күдікті адамдар аңдып жүр деп жиі айтатын. Әзиз Мурзин Мұхтар Мурзин мен Қадырбаевтің әйелдерімен сөйлескеннен кейін: Ғаббасовқа, Нұрымовқа, Тынышпаевқа сенуге болмайды, олар ГПУ-дің шпиондары дейтін. Халком кеңесінің төрағасы Исаевпен жақсы болатын. Онымен төрт рет кездесіп Мұхтар Мурзиннің неге сотталғанын білгісі келді. Алайда ол әрекетінен ештеңе шыққан жоқ. Сондай мәліметті білмек боп Масановқа да барды. Исаев пен Масанов Мұхтар Мурзинмен байланысы бар деген сөзге қалмас үшін мұның тілегін орындаудан бас тартты.

Мурзинмен ажырасқаннан кейін мен Төреқожиннің пәтеріне ауыстым. Сонда байқағаным Төреқожиннің үйіне Сұлтанбеков жиі келеді екен. 1931 жылы 19 немесе 20 тамызда Сұлтанбеков пен Төреқожин арасында таңғы сағат 4-ке дейін созылған әңгіме болды. Олардың сөзіне құлақ салған тыңшы болмаса да, ешкім естімейтіндей оңаша жерде сөйлесті. Олардың қазақша сөздерінің арасынан Голощекин мен Криштоның фамилиясын естіп қалдым. Ермеков біздің үйде болған емес. Алайда Әзиз Мурзин: Ермековті қонақ ету керек еді деп жүретін. Менің оған мұршам жетпеді.

Қолымды қоямын... (Власова).Тергеудің жауабын алған Попов».

ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

УӘЛИ(Т)ХАН ОМАРОВ

Уәлихан Омаровтың көрсетіндісі: «Берілген сұраққа жауабым мынау: Қазақ ұлтшылдарының ешқандай ұйымына, оның ішінде Орынбордағы бөлімшесіне де мүше болған емеспін. 20-жылдары қандай да бір ұйымға мүше болды деген сөз шындыққа жатпайды. Ешқандай да ұйымды білмеймін. Валидов пен Байтұрсыновтың арасындағы хат туралы да мағлұматым жоқ. Байтұрсыновты естуім бар, бірақ таныс емеспін. Әділев пен Садуақасовтың кеңес құрылысына қатысты блоктары жөнінде де хабарым жоқ. Садуақасовпен бірге қожановшыларға (колчаковшыларға да болуы мүмкін, нақты танылмады – Т.Ж.) қарсы күреске қатысқаным рас. Оның өзінде де азаматтық блок емес, кейбір мәселелер жөнінде келіспегеніміз шындық. Кеңес өкіметіне қарсы ешқендай іс-әрекетке қатысым жоқ. Бөкейханов Уәлиханмен Жер жөніндегі комиссариятта бірге істедім, білімді, іскер, коммунисшіл. Әрине ешқандай ұйымның құрылғанынан бейхабармын. Ташкентте құрылған ұйымды естіген емеспін. Кулаков пен Ермековтің арасындағы байланыстан хабарсызбын. Олардың әр нәрсені менімен ақылдасты дегені шындыққа жатпайды, тек шарушылық мәселелері ғана тапсырылды.

22- 24- жылдар арасында жазылған «Табалдырық» платформасын білмеймін және «Алқа» үйірмесіне менің қатысым жоқ. Мен ол кезде Ташкентте емес, Петропвловскіде болатынмын. Садуақасовпен, Бөкейхановпен, Мұрзинмен, Омаровпен және Байтұрсыновпен қосылып қандай қағазға қол қойғаным есімде жоқ. Егерде қазақ әліппесі туралы болса, онда менің бұған тікелей қатысым шамалы, өйткені мен әріп түзумен айналыспаймын, оған икемім де жоқ. Бұл қол менің қолтаңбама ұқсамайды (қазақ әліпбиі туралы халыққа жолданған үндеу хат –Т.Ж.).

Сіз айтып отырған 21-22-жылдары Ташкентте өткен Тынышбаев, Досмұхамедов және басқалар қатысқан жиналыс туралы тіпті естісем бұйырмасын. Заки Валидовтің кім екенін де білмеймін, өмірімде ол туралы естіп көрмеппін. Әділевті естуім бар, бірақ өзін көрмеппін».

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

1931 жылдың 15 қыркүйегі «Мен қазір бұрын жасырып келген жайлардың бәрін де сізге айтып беремін, жолдас милиционер. Шындығында да 22-жылы Ташкенттен Бөкейхановқа беруге арналған хатты алдым. Онда ешқандай адрес көрсетілмеген және ол ауылда жоқ дегенді естідім. Хатты тапсырғым келмей жыртып тастадым. Онда Ташкенттегі ұйымның жай-жапсары айтылған сияқты. Хат жөнінде мен Әбікей Сәтбаевқа, Хасен Ақаевқа және ...(аты толық танылмады – Т.Ж.) айттым. Кейіннен білдім, Бөкейхановқа арналған хаттың мазұны туралы жергілікті адамдардың барлығы естіп алыпты» – деп жұмсарта баяндаған.

ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ

І том. 429 бет:



«Алматы. 1930 жылғы 7 желтоқсан. Мен, ОО ПП ОГПУ-дің КССР-дегі І бөлімінің бастығы Попов айыпталушы Досмұхамедовтен сұрақ алғанда, мыналар анықталды: Жаһанша Досмұхамедов 43 жаста, тұратын жері – Москва қаласы, Шаблово –Ховский пер., 11үй, 25 пәтер. Туған жері – Орал округі Жымпиты ауданы, партияда жоқ. Ақпан төңкерісіне дейін сот мекемелерінде қызмет еткен. Қазан төңкерісіне дейін әр түрлі қоғамдар мен мекемелерде істеді. Қазір Москвадағы «Скотовод» басқармасында қызмет етеді. Білімі – жоғары, Москва университетін бітірген. Үйленген. Күн көрісі – қызмет табысына байланысты. Әке-шешесі жоқ, диқан болған» – деген өмірбаяндық анықтама бар.

Жаһанша Досмұхамедовтің 1930 жылғы 5 қараша күнгі көрсетіндісі3 томның 430-бетіне тіркеліпті:



«Мен Москвадан Ташкентке 1920-жылдың қазан айында келдім, қазақтардың сол жылғы да, келесі 1921-жылғы да бас қосқан ешқандай отырысын білмеймін.

1922- жылы көктемде кешке жақын «Ақ жол» газетінде істейтін біреу: бүгін кешке «арқалықтар» (солтүстіктің қазақтары) бас қосып, бір мәселе жөнінде ақылдасатынын айтты. Не туралы екенін сұрағанымда: келген соң білесің – деді. Сол күні кешке жақын менің үйіме 7-8 қазақ келді. Қазір есімде сақталғаны Халел Досмұхамедов, Дулатов және Бірімжанов, қалғандары есімде жоқ. Олар: қазақ қайраткерлерінің бұрынғы «Алаш» бағдарламасы ресми бекітілген жоқ, кезінде дұрыстап ойдағыдай етіп жетілдірілмеді. Бұрынғы «Алашорда» қайраткерлерінің саяси мәселелер жөніндегі толысқан саяси тұжырымдары тиянақталуы үшін соны жетілдіру керек – десті. Мен: біз, алашордашылар, қазір әр түрлі саяси ұстанымда жүрміз, саясаттың кейбір мәселелері жөніндегі көзқарастарымыз сай келмейді. Бұрын бізді тек ұлттық белгіміз ғана біріктіріп келген. Қазір біз саясаттан мақұрымбыз. Сондықтан да аталған мақсатсыз бағдарламаны қайта жаңғырту бізге төтенше мекемелер тарапынан тек қана зиян әкелуі мүмкін – деп, мұндай түзетуге мүлдем қарсы болдым.

Алайда, қызу пікір таласынан кейін, саяси бет-беделімізді сақтап қалу үшін қалайда бағдарламның керектігі мақұлданып, сол арада оның жобасы жасалды. Бағдарламаны Орынборға жіберіп, ондағы бұрынғы «Алашорда» қайраткерлерінің келісімін алу мақсатымен жобаны «Ақ жол» газетінің бір адамы алып кетті. Содан кейін мен Түркпромсюздың және Ашаршылыққа көмек комитетінің тапсырмасымен Прежевальскіге (Қарақолға) кеттім, ол жақтан 3 айдан соң ғана Ташкентке қайтып келдім. Сол екі аралықта менің балдызым Надежда Константиновна Рысқұлов жолдасқа күйеуге шығып алыпты. Сол кезде Рысқұлов Ташкентке Түркістан республикасының халкомының төрағасы қызметіне ауысып келіпті. Сөйтіп, мен оның үйінде, ол менің үйімде жиі болып тұрдық. Содан бері жоғарыда аталған адамдардың не істеп, не қойғанынан, жобаны не істегенінен хабарсызбын.

Қызылордаға барғанда мен олармен аталған бағдарлама жөнінде бір ауыз сөз алысқамын жоқ, оны мүлдем ұмытып кеттім, өз ісіммен ғана айналыстым, партия мүшелері мен еуропалықтардың ортасында жүрдім. Мен бұл мәселені бірінші тергеуде айтпаған себебім, біріншіден, менің көзқарасым бойынша жоғарыдағы іскерсінген әрекет қазақтың «Еріккен сарт енегін уқалайды» дегенінің кері деп есептедім, екіншіден, маған өзге адамдардың аттарын атау сондай қиынға соқты. Мен бұрын да, қазір де: кеңес өкіметін құлата алатындай күш СССР-де бұрын да болған емес, қазір де жоқ – деп есептеймін. Сондықтан да ешқашанда кеңес өкіметіне қарсы шыққан емеспін. Қазір де, міне,10 жылдан бері адал қызмет етіп келемін, өз мамандығымды ғана білемін.

Сіз маған: қазақтың әлдекімі әлде қайда Ташкенттен сырт қалаға барды ма? – деп сұрақ қойып отырсыз, ол туралы мен ештеңе білмеймін. Өз басым ондай жолдыбайшылыққа жүргемін жоқ».

ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Ж.Досмұхамедовке шығарылған айыптау қорытындысы



«№2370 іс. І том. 435-а бет. Мен, ОО ПП ОГПУ-дің КССР-дегі І бөлімінің бастығы Попов тергеуге алынып, №2370 іс бойынша жауапқа тартылған Жаһанша Досмұхамедовтің қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымына қатысы және соған байланысты кеңес өкіметіне қарсы әрекеттері толық дәлелденгенін ескере отырып ҰІК-нің 128-бабына сәйкес ҚАУЛЫ етемін:

Осы іс бойынша Досмұхамедов Жаһаншаны мына қылмыстық әрекеттері үшін айыпкер ретінде тергеу астына алынсын, ол: 1). 1921жылы айыпкерлер М.Тынышбаевпен, Х.Досмұхамедовпен бірге Ташкент қаласында қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымын құрған, ол ұйымның бағдарламасын жасауға қатысқан, ұйымды кеңейтіп, оның бағдарламаларын тарату үшін ұйымға жаңа адамдар тартқан, мысалы 1922 жылы Алматы қаласында айыпкер Біләл Сүлеевті ұйымға тартқан.

2) Ұйымның жетекші мүшелерінің бірі ретінде Бұқарадағы басмашылардың құрбашы Заки Валидовпен байланыс орнатқан, сондай-ақ 1927 жылы Сарысу ауданындағы Әділевтің бандысымен астасып, Ақмола млициясының бастығы мен тағы бір милиционерді 1923-жылы атып өлтіргені үшін ұсталған бандының бастығы Әділев Байсейітті Қызылордадағы түрмеден босатып жіберуге қатысқан.

3) Астыртын ұйымның жетекші мүшесі ретінде партия мен кеңес өкіметінің жер саясатын бұрмалауға бағытталған науқанға белсене қатысты, сондай-ақ 5 партконфернция мен Қазақстандағы кеңестің 5-сьезінде жерге орналастыру мәселесінің шешілуіне қысым жасады, астыртын ұйымның бағдарламасының талабы бойынша «Алқа» астыртын үйірмесінің әдеби бағдарламасын жасауға қатысты, яғни: ҚК-нің 58-7, 48-10, 58-11 және 57-3 баптары мен тармақтары бойынша жауапқа тартылсын.

Төтенше өкіл – Попов. «Келісемін»: ОО бастығы үшін – Волохов».

Осы қаулының үстін бастыра: «Осы қаулы маған оқылды, бірақ та қаулыда негізделген материалдар маған толық көрсетілген жоқ. Ж.Досмұхамедов. 25/Х -31» – деп қол қойған.



Хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
1 том. 990 бет.

ҚОРЫТЫНДЫ

17 тамыз 1935 жыл. Воронеж.

Мен,УВД УНКВД-нің 1 бөлімінің Воронеж облысы бойынша бастығы Булатов жер аударылып келген 1887 жылы туған, бай семьядан шыққан, Досмұхамедов Жаһаншаның үстінен қозғалған №3400 жеке істі еп. шықтым. Ол:

1) 21-жылғы дейін астыртын контрреволюциялық ұйымға қатысқан және ұйым бағдарламасын жасап, оған жаңа еп. тартқаны үшін;

2) Ұлтшыл ұйымның жетекшісі ретінде басмашылардың бастығымен байланыс жасағаны жән 27-жылы Әділев басқарған бандыларға қолдау көрсеткені үшін;

3) 28 жылы Қазақстандағы жер саясатын бұрмалауға белсенді түрде қатысып, шарушылығы тәргіге ұшыраған байларды қолдағаны үшін

яғни, ПП ОГПУ-дің қаулысымен РСФСР-дің ҚК-нің 58-10-11, 53 баптары бойынша Қазақстанда 20.ІҮ.-32 жылы түрмеге қамалған.

Көрсетілген қылмыстары бойынша 5 жылға концлагерге жер аударылған, 30-жылдың 31 қазанынан еп. есептелетін концлагердегі кесімді мерзімі аяқталды, бірақта Қазақстанға қайтқысы келмейді. Мәскеуде жұмыс істейтін бауыры Макешевтің қасына орналасқысы еп.а. Жаһанша Досмұхамедовтің жер аударылуға кесілген мерзімінің 35-жылы 31 қазанда аяқталатынын және осы уақыттың ішінде ешқандай қылмыстық әрекетінің байқалмағанын ескере отырып, мерзімі біткеннен кейін Жаһанша Досмұхамедовтің ссылкадан басатылатынын хабарлаймын”.
Каталог: repository -> history -> 24%20том.%20Алаш%20туралы%20мақалалар
24%20том.%20Алаш%20туралы%20мақалалар -> Құнанбайдың тірі кезінде болған уақиғалар болатын
24%20том.%20Алаш%20туралы%20мақалалар -> Батыс Алашорда Тарихы орал 2011 Пікір жазғандар: М.Қ.Қойгелдиев
24%20том.%20Алаш%20туралы%20мақалалар -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
24%20том.%20Алаш%20туралы%20мақалалар -> Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!
24%20том.%20Алаш%20туралы%20мақалалар -> Мағжанға Сәбиттен
24%20том.%20Алаш%20туралы%20мақалалар -> Абай мектетебі
24%20том.%20Алаш%20туралы%20мақалалар -> 2 том: тез үшін. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет