«Мәдениет және өнер» институтының директоры


ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



бет4/4
Дата10.04.2017
өлшемі0,68 Mb.
#13615
1   2   3   4



7. ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Бейнелеу өнері мамандығында оқитын студенттер практикалық жұмыстар арқылы Adobe Photoshop бағдарламасы бойынша білімін пысықтау тиімді. Оқытудың мұндай әдісін пайдалану студенттердің білімін практикамен байланыстырып шыңдауға игі әсерін тигізеді.

Adobe Photoshop бағдарламасындағы құрал-саймандардың мәнін, атқаратын қызметін және олармен жұмыс жасау әрекеттері практикалық жұмыстың мазмұнын құрайды.

Сонымен бірге практикалық жұмыста жұмыстың мақсаты, студенттің біліміне қойылатын талаптар, жұмыстың мазмұны және берілген материалды пысықтауға арналған тапсырмалар қарастырылады.

Суреттің түпкі мақсаты – студентті кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындау. Міндеті – студенттердің эстетикалық талғамдарын қалыптастыру теориялық, практикалық қабілеттерін дамыту, композициялық – шығармашылық қызметтерін арттыру. Осы мәселелерді тиімді шешу үшін төмендегі үш қызметке баса назар аудару қажет:

- аудиториялық жұмыс;

- оқытушылардың жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы;

- өздік жұмыс немесе үй жұмысы.

Бұл үш түрлі жұмыстар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыру принципін атқарады. Аудиториялық және өздік жұмыстары оқытушылардың қадағалауымен жүргізіледі.

Оқу жұмысын төменгідей топтарға бөлуге болады:

- нұсқадан сурет салу, нобай, жылдам салынатын долбарлар, ұзақ мерізімге арналған жұмыстар;

- ой арқылы, еске түсіру арқылы, қиял арқылы салынған, жазылған жұмыстар;

- композициялық түрдегі жұмыстар – сюжетті іздеу барысындағы ізденіс нобай – долбарлар. Бұған белгілі тақырыпты ашу барысындағы, идеялық – образдық шешімге келу жолындағы ізденістер, пластикалық құрылымды іздеу барысындағы жасалған жұмыстар жатады.

Бұл айтылған жұмыстар жанрдың қай түрі болмасын (натюрморт, портрет, пейзаж, т.б.), сурет техникасының қандайы болмасын арнайы аудиторияда немесе аудиториядан тыс жерлерде де қолданыла беріледі.

Студенттердің өздік жұмысы - әр-түрлі бағытта дамуы мүмкін, яғни, нұсқа арқылы әр-түрлі суреттемелер салу, композициялық ізденіс, әр-түрлі жастар көрмелеріне қатысу, әр-түрлі техникада өз күшін, ептілігін байқап көру, т.б. Бұлар жиналып сурет өнерінен студенттердің шеберлігін, икемділігін арттырады.

Ұзақ мерзімге арналған қойылымдардың орындалу жолын екі кезеңнен қарастырған дұрыс: оның алғашқысы – дайындық, екіншісі – орындалуы. Бірінші кезең мына қызметтерді қамтиды. Оқытушының студентке қойар талабы: нұсқаны көзбен талдау жасау, графикалық, түрлі нобайлар жасау, қағаз бетіне орналастыру, құрастыру, композициялық шешімін табу, формат көлемін анықтау, өңдік байланысын табу, нұсқаның күрделі тұстарын зерттеу, т.б. Сонымен қатар дайындық кезеңінде нұсқаның қағаз бетіндегі (графикалық бейнесі) бейнесіде жатады.



Оқытушының жетекшілігімен өткізілетін - дайындық кезеңіндегі жұмыстарға түсті қарамаған абзал, себебі жұмыстың жақсы шығуы осы қызметке де тығыз байланысты. Орындалу кезеңінде салынған графикалық бейне, көлем, материалдардың бір-бірімен байланысы, жарық мөлшері, тұтастық заңдылығын сақтау, материалдық образды, бейнені шығару жолдары рет-ретімен жүргізіледі.

Сурет салғанда неден бастау керек және де неден бастап штрихтау керек деген заңды сұрақ туады. Бұл жөнінде көптеген оқулықтарда түрлі әдістеме, әр-түрлі тәсілдер айтылады. Біреулері көлеңкелі жерлерден штрихтаған дұрыс десе, енді біреулері ашық, жарық жерден бастаған абзал деген пікірде, үшіншісі кереғар тұстарды көрсеткен дұрыс дейді. Мүмкін, әдістемелік тұрғылан бұл пікірлер дұрыс та болар. Дегенмен штрихтағанда алдымен жалпы рең, өңді ұстауға ұмтылу керек, денелердің гармониялық байланысынан бастаған жөн. Мейлі ол композициялық пластикалық ізденіс, мейлі жеке дене формасы болсын, нұсқадағы жалпы реңдік қатынасты бірден таппай, кіші бөлшектерге көшуге болмайды. Тіпті кейде кіші бөлшектерді салу процессідеде үлкен масса, үлкен ауқымға да жиі-жиі оралып отырған жөн. Бұл әрине, қиынға соғуы ықтимал, дегенмен тұтас көру, тұтас салу суреттің басты заңдылықтарының бірі. Сурет салғанда осыларды ескерген дұрыс.


8. ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС, КУРСТЫҚ ЖОБА ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР жоқ
9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

1. Сызықтық графикалық композиция

2. Коллаж жасау

3. Шақыру билетін безендіру

4. Бағдарламада фотодан векторлық суреттер жасау.

5. Жарнамалық плакаттар

6. Редактор фильтрларымен жұмыстар

7. Пейзаж орындау

8. Хабарландыру жасау (еркін тақырып).
10. ОҚУ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ САРАМАНДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР жоқ

11. СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
Әр семестрден кейін студенттердің білімдерін бағалау:

Оқыту негізінен практикалық жұмыс түрінде жүріп, оқу материалдарының мазмұны, үйренген, алған білімдері сол арқылы көрініс табатындықтан емтихан көрме түрінде (выставление) өтеді.

Студенттердің алған білімдері жекелеген семестрлік тапсырмалар, үй тапсырмалары, т.б. сол көрмеге қойылып, оны кафедра оқытушыларынан құралған комиссия бағалайды.

Емтихан көрмесіне қойылатын негізгі жұмыстарға, соңғы орындалған аудиториялық жұмыс талапқа сай безендіріліп , күнделікті долбар, нобайлар, нұсқадан, қиялы бойынша да салынған суреттер қойылады (үй тапсырмаларын қарындаш, ұштық, тушь, жұмсақ материалдар, фломастер, акварель бояуының қара түсімен орындауға болады).

Бұндағы қойылатын негізгі талаптарға:

- үйлестіру, орналастыру жағдайын – сәйкестік заңдылықтарын;

- қойылым кеңістігін көрсету, перспективасы мен ауа перспективасын;

- заттардың неден жасалғандықтарын, яғни материалдарын көрсету;

- жазықтыққа дұрыс орналасуын, орындау техникасы мен ұқыптылығын, т.б.

жатқызамыз.

Комиссия әр оқу семестрінде емтиханда үздік деп танылған, сәтті деген жұмыстарды таңдап алып, оқу ғимараты дәлізіне көрмеге іледі.
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

Білім бағалау мәліметінде білім бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары беріледі.

Әдетте силлабуста келесі мәліметтер көрсетіледі:


    • барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);

    • қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;

    • сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.

Бағалау саясаты

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференция.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау


  • Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Пән бойынша білімді бағалау кестесі
Бағалау саясаты:



«Компьютерлік графика» пәні бойынша білімді бағалау кестесі


Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Атпа

Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Үй тапсырмасы (долбар, нобайлар)

2

30

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Аралық бақылау жұмысы (Реферат, жеке тапсырма түрінде)

6/9

15






















+



















+

2

Практикалық сабақтардағы белсенділігі (Сабаққа қатысу, берілген жұмыстарды орындау)

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Р1 + Р2




60














































...

Емтихан

(Үй жұмысымен жеке және аудиториялық жұмыс көрмесі)





40















































Барлығы




100














































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқаулар бойынша өтеді. (Аралық бақылау max.60%, емтихан 40%, барлығы 100%.



Қорытынды емтихан үй жұмыстары мен жеке және аудиториялық жұмыстардың көрмесімен бағаланады

Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді. Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық графикалық жұмыстарды, тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады.
12. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЙЛІК ҚАМАТАМАСЫЗДАНДЫРУ жоқ
13. АРНАУЛЫ АУДИТОРИЯ, КАБИНЕТ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ТІЗІМІ
№ 214, 409 (арнаулы компьютер кабинеттері), №7 оқу ғимараты.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет