Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


§ 13. Адвокаттың апелляциялық және қадағалау сатысына қатысуы…..............89



Pdf көрінісі
бет3/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция


§ 13. Адвокаттың апелляциялық және қадағалау сатысына қатысуы…..............89 
Тақырып №8. Адвокаттың азаматтық іске қатысуы. 
§ 1. Азаматтық істер бойынша адвокаттардың өкілдік етуі………………..........93 
§ 2. Азаматтық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы адвокаттың қызметі..93 
§ 3. Адвокаттың азаматтық істерді сотта қарау сатысында қатысуы………...…96 
Тақырып №9.Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша адвокаттың 
қызметі. 
ТІРКЕЛДІ 
1. Адвокатура пәні бойынша студенттерге арналған Оқу Бағдарламасы 
(Силлабус) 
2. Сызбалар 
3. Қылмыстық істер бойынша өндіріс жүргізу үшін адвокаттарға көрсетілетін
методикалық нұсқау
4. Адвокаттық қызметті зерттеу үшін ұсынылатын нормативтік актілер мен 
арнайы әдебиеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 



К І Р І С П Е
Демократияның аса маңызды сипатты белгісі мынада, азаматтардың 
құқықтары мен бостандықтары жарияланып қана қоймай, оларға әртүрлі 
кепілдіктерде беріледі. олар экономикалық, әлеуметтік, саяси және заңдық 
кепілдіктер болып бөлінеді. Осылардың ішінен заң кепілдігіне тоқталатын 
болсақ, алдымен кепілдік дегеніміз – қамтамасыз ету деген мағынаны 
білдіретінін білеміз. Ал заң кепілдігі дегеніміз қолданылып жүрген заңдар 
арқылы мемлекеттің субъективтік құқықтардың жүзеге асырылуын 
қамтамасыздандыру құралдары мен тәсілдері. Бұл ең алдымен әркімнің өз 
құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, білікті заң көмегін алу 
құқықтары т.б. 
Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына 
өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы 
талап қойып сотқа жолдануға кедергі жасалмайды. Ол үшін әрбір адам заң 
тұжырымдарын біліп қана қоймай, оны қолдана алатын болуы қажет. өкінішке 
орай әзірше азаматтардың құқық сауаттылығы жоққа тән.
Сондықтан 
адвокаттардың 
(қорғаушылардың,өкілдердің) 
көмегіне 
жүгінуге әкеп соқтырады. 
Конституциясының 13-бабында: «Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға 
құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi» - деп 
жазылуы кепiлдiктiң тағы да бiр көрiнiсi. 
Көмектiң түрi әртүрлi. Ол – конституция (заңдарды түсiндiру) ретiнде, не 
адвокаттардың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік iстерге байланысты сот 
iстерiне қатысып, заң көмегiн беруi ретiнде болуы мүмкiн. Ұсталған, 
тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған
тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының ) 
көмегiн пайдалануға құқылы. 
Адвокатураның қызметi көмек сұраған азаматтар мен ұйымдарды бiлiктi 
заң көмегiн көрсету жолымен құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге тиiс, ондай 
көмек, мысалы, сотта қылмыстық, азаматтық және өзге де iстер бойынша 
олардың мүдделерiн бiлдiру, негiзсiз қылмыстық қудалаудан қорғау және т.б. 
арқылы көрiнуi мүмкiн. 
Қазақстан Республикасындағы адвокат дегеніміз - заңгерлік жоғары білімі 
бар, заңгерлік мамандық бойынша жұмыс стажы 2 жылдан кем емес, 
адвокаттық қызметті іске асыруға құқық беретін лицензиясы бар және 
адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын Қазақстан республикасының 
азаматтарын айтамыз. 
Оқу құралының мақсаты - заң қызметінің бір түрі ретінде адвокатура 
адвокаттық қызмет және адвокат ұғымдары нені білдіреді және Қазақстан 
Республикасындағы адвокаттардың ұйымдық және құқықтық негізі ретінде 
Адвокаттар алқасының құрылу тәртібі, оның жоғарғы органдары, заң 
консультациялары мен адвокаттардың қызметтері қандай, осыларды жете 
зерттеуге ден қойылады. Болашақ заң мамандарына адвокаттар көрсететін заң 
көмегінің түрлерін, олардың өзін-өзі қаржыландыратын коммерциялық емес 



ұйымға яғни адвокаттар алқасына бірігетінін және жекеше адвокаттардың да 
болатынын көрсету. 
Ал Адвокатура және адвокаттық қызмет пәнiн оқыту мақсаты- iс жүзiндегi 
осы қатынастарды реттейтiн заңнамаға және адвокатура органдарының 
адвокаттық қызметтi қолдану практикасына талдам жасау, сонымен қатар осы 
негiзде туындалған мәселелерді анықтау мен оларға баға беру және адвокаттық 
қызмет туралы заңнаманы жетiлдiру жолдарын айқындау болып табылады. 
Болашақта адвокаттық қызметпен айналысу үшін заң мамандарының өзіне 
тән нәтижесі, адвокаттық қызметтің алдағы құрылып жатқан құқықтық 
мемлекетте алар орны да, мәртебесі де жоғары болатынына сеніміміз мол. 
Бiр сөзбен қорыта айтқанда, адвокаттардың әділ шешім шығаруда 
қылмыстық және азаматтық істерде, сотта мәні бойынша қарап талдауының 
құқық қорғау үшін азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін, 
бостандықтарын, құқықтарын қалпына келтіруiнiң негiзгi көзi, қызметi, кәсiби 
қорғаушылық iсi болып табылады. Сондықтан оқу құралында адвокаттардың 
азаматтық,қылмыстық және әкімшілік iстерге басынан қалай қатысатынын, 
құқық қорғау тактикасы ретiнде ненi қолданатынын өзiмiздiң қазақстандық 
авторлармен қоса шетелдiк авторлардың да еңбектерiн пайдалана отырып, 
кеңiнен зерттеуге ден қойылды. Адвокатура және адвокаттық қызмет бойынша 
қазақ тiлiнде шыққан заң әдебиеттерi жоқтың қасы,сондықтан, оқу құралын 
өзiміздiң ана тiлiмізде жазуға бiраз қиындықтар болды. Бiрақ ол қиындықтарды 
жеңген сияқтымыз деп ойлаймын, өйткенi алда баяндалар еңбегiміз соның 
жемiсi. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет