Мен, Құл Қожа Ахмет Яссауи – алпыс үште кірдім жерге «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»



бет2/4
Дата25.12.2016
өлшемі0,68 Mb.
#4778
1   2   3   4

4-ші хикметтен

Ахмет бабамыз:

Мен жиырма алты жаста сауда қылдым – дейді.

Мен жиырма жеті жаста пірді таптым – дейді.


Мен жиырма жаста сауда қылдым,

Мәнсүр сипат дидар үшін дауда қалдым,

Пірсіз жүріп дертті жағдай пайда қылдым,

Сол себептен Хаққа сиынып келдім, міне.

Адам пендесі қателеспеймін десе, басты қатесі осы болмақ.

Адам пендесі күнәм жоқ десе басты күнәсі осы болмақ.

Біздер түгілі Ахмет Яссауи бабамыз да қателесіпті. Ол өзі мойындап отырғандай, Мансүр Халлаж (858 – 922 жж.) атты сопы ілімін зерттеңкіреген болса керек, соның дауына ұшырадым дейді. Ал Мәнсүр Халлаж сопы Аллаға жету жолында зор жетістіктерге жетеді. Бірақ өз уағыздарында «Мен Хақпын» деп жариялап, оны осы күпірлігі үшін дарға асқан. Онда да өлмеген соң отқа өртеп, күлін дарияға шашқан дейді.

Пірсіз (ұстазсыз) біліктің кейде иесіне пайда бермейтіні бабамыздың басына да кездессе керек. Соны ұққаннан соң:

Мен жиырма жеті жаста пірді таптым,

Әр сыр көрдім, пердеменен бүркеп жаптым.

Босағағасын жастанып ізін өптім,

Сол себептен Хаққа сиынып келдім, міне... деп, жаны жай табады.

Бұл сөздер бізге Ахмет бабамыздың 27 жасқа дейінгі және содан кейінгі ғұмырын көз алдымызға елестетуге мүмкіндік береді. Ол Қах жолына жеткізер ғылыммен айналыса жүріп, жасы 27-ке толғанша (жеті жасында Арыстан бабасы пайғамбар аманатын тапсырса да) жай ғана, өзіміз секілді пенделікпен өмір сүрген көптің бірі секілді. Тіршілік етіп, бала-шағалы болып, саудасын жасап күнін көргенге ұқсайды. Содан кейін ұлы бабаның ұлылығы жалпы адам пендесінің рухани тірлігіне азық бола бастайды. Елім деп еңбек етудің үлгілері көрсетіледі. Өзіне пір (ұстаз) табады. Ұстазынан сыр (ақиқат) көреді. Оны жария етуге асықпайды. Пірінің басағасын жастанып, ізін өбеді. Толық адам, мұсылман дәрежесіне жетеді. Тек қана Абай айтатын толық адам ғана:

Құлды көрсем, қызмет қылып құлы болсам,

Топырақтай жол үстінде жолы болсам,

Ғашықтардың күйіп өшкен күлі болсам,

Досты болып, жер астына кірдім, міне – дей алар.

Ахмет Яссауи заманында «Пайғамбар жасы» атты сөз тіркесі, кейін халықтың кие тұтар осы саны (63 – пайғамбар жасы) қалыптаспаған болса керек. Бірақ олардың да «пайғамбар жасын», алпыс үш жасты қадір тұтқаны байқалады. Осы мысалдың өзі сол заман адамдары мен бүгінгі қазақтар арасындағы рухани тұтастықты байқатып жатқандай.

Жасым алпыс үшке жетті, бір күндей жоқ,

Уа, дариға, Хақты таппай көңілім сынық.

Жер үстінде сұлтанмын деп болдым ұлық,

Шүкірлікпен жер астына кірдім, міне.


7-ші Хикметтегі соңғы шумақ:

«Құл Қожа Ахмет, үгітші болсаң, өзіңе бол,

Ғашық болсаң, жаннан кешіп бір жола өл.

Надандарға сөзіңді айтсаң, қылмыс қабыл,

Мықты болып жер астына кірдім, міне», деп келетін, бабамыздың өзіне-өзі айтқан тәрбие сөзін, бұ заман адамдары әр таңда молданың азан шақыратындай қайталап тұрса ртық болмас еді.

Үгітші болсаң, бай болсаң, әкім болсаң, атақты болсаң – өзіңе бол. Бұл нағыз таза сүрілетін өмір талабы. Ешкімге бұлданба. Ал ғашық бола алсаң (бұл жерде бабамыз Алла тағалаға ғашықтықты айтып отыр) жаннан безіп, сол жолда өлуге даяр болу қажеттігін өзіне жүктеп отыр. Ал Алла тағала жолында өлуге даяр пенде ешқашан ешқандай жаман іс-әрекетке қадам баспасы ақиқат. Олар өзі туралы да ақиқат сөз айтады.

Ей, бейхабар, Хаққа көңіл жүгіртпедің,

Дүние арам, одан көңіл суытпадың.

Нәпсіден кешіп, Алла жаққа ұмтылмадың,

Бұл нәпсі үшін зар да хайран болдым, міне – деп, өзіне де, бейқам жүрер қандастарына да, Құдайды ескермес басқа жұртқа да қайран қалады.


«Залымдарды айыптама, залым өзің,

Мендігіңнен, әсер етпес жұртқа сөзің.

Дүние малын тола бердім, тоймас көзің,

Сараңдарды тозаққа салдым, міне» --

деп, барлығымызға да Алла атынан есерту жасайды.

Ұлы жаратқан саған (маған да) залымдарды айыптама, ол менмендіктен туындайтын қылық дейді. Оларды айыптасаң өзің залым. Оларды залымдыққа мүмкін жаратушының өзі итермелеп отырған болар.

Бұл сөз арқылы біреуді ғайбаттаудың өзі залымдық қасиет екенін, менмендікпен жұртқа сөзің өтпейтінін, малға пенденің көзі тоймайтынын, оларды ертең не күтетінін Алла атымен халық құлағына жеткізген. Бабамыз бұл хикметте надандарға қатты шүйлігеді.

Надандармен өткен өмір тозақ қатар,

Надан барса, тозақ одан болар азар.

Надандардан тозақ та қорқады екен. Данышпан бабамыздың осы сөзінен кейін-ақ бізге әлемді надандар басқарып отырған жоқ па екен деген ой келеді. Өлі надандардан тозақ қорықса, тірі надандардан торыққан Ахмет бабамыз жер астына түсіп кетеді.

Жер астына қашып кірдім надандардан,

Қолым жайып дұға тілейін мардандардан.

Ғұрып жаным жүз садақа даналардан,

Дана таппай жер астына кірдім, міне.


Надан аталатындар бұ заман адамдарына да оңай тимейтін болса керек. Олардан кезінде Абай да торыққан секілді. Ақыл – олар үшін арам деп тұжырымдайды.

Наданға арам – ақылды құлаққа ілмек,

Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек.

Рас сөздің кім білер қасиетін,

Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.
Біз бұл жерде Яссауи данышпанның надан деп отырғандары кім екен деп өзімізге сұрақ қойдық. Жауап біреу секілді. О кісінің сөзіндегі надандар – Құдай мен Жаратылыс заңдылығын қабылдамайтындар, Құдайдан да, табиғаттан да рахым күтпейтіндер, өзіне қажетті өз қолымен жасап алатындар болса керек. Оларға үгіт те жүрмейді, себебі олардың өз түсінігі бар. Оларға күш те көрсете алмайсың, өйткені күш те солардың қолында.

Біраз оқушылар бұл шумақты оқып отырып Қожа Ахмет надандарының қатарына жай сауаты аз адамдар мен оқуы аз пенделерді де қосып жіберуі мүмкін. Біз сол ойдан сақтандырғымыз келеді.

– Қымбатты Әнеке! Біз «өлмей тұрып өл» деген сөз тіркесін бұрын естімеген секілдіміз. Сіз осы Хикметтерді қазақ тіліне аудара жүріп осы сөзге мән берген боларсыз деп ойлаймын. Сонда «өлмей тұрып өлу» деген қандай әрекет?

– Сайын! Сен бабамыздың:

Ақылға ерсең, көрстаннан хабар алғын,

Менде солай болармын деп ғибрат алғын.

«Өлмей тұрып өл» хадисін ғамал қыл деп,

Бұл хадиске ғамал қылып өлдім, міне,

дейтін шумағын еске түсіріп отырсың ғой. Бұл сұраққа жауап Қожа Ахмет Яссауидің жер астына түскен қылығынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймын.

– Бұл сөз мағынасын бабаның әрекеті арқылы түсін дейсіз бе? Иә, солай екен-ау! Ахмет бабамыз өлмей тұрып өлген пенде еді ғой. Демек бұл сөз тіркесі өз қолыңмен өз тәніңнің сұранысын өлтіру, бұ дүниядан баз кешу. Сонда олардың, Алласына бет бұрған пенделердің, тәніндегі пендешілік сұранысы азаймақ. Ал жандарының Алласына деген шексіз махаббаты адам тірлігіне басшылық етпек.

Содан барып адам нағыз адам қалпына жақындайды. Содан барып рухани асылданады.

Рухани асылдану дегеніміз біздің ойымызша, ол – адамзатты өз бауырындай жақсы көре жүріп, өз ұлтының ұлы болып қала білу. Бұндай сезімге ие бола алғандар сол сезімдері арқылы Отанына деген, өз туған халқына деген ерекше сағыныш қа ие болмақ. Туған жер адамдарын, туған жерді ардақ тұтпақ.

Туған жерім – құтты жұрт Түркістаннан,

Бауырыма тасты ұрып келдім, міне.

Бұл Ахмет Яссауи бабамыздың сөзі, оның сағынышы.

Сол уақытта барып адам тәубесі еске түседі, нәпсі мен байлыққа масаттану атты сезімдерді шектей алар қасиеттерге ие болмақ. Бақ пен таққа масаттану сезімін шектей алатын болады.

Барлық күнәларымнан тәуба қылдым,

Мастанып жүріппін, енді одан айықтым.

Демеймін мені жаннан айырма,

Соңында иманымнан айырма.


Алпыс үште сүннет болды жерге кірмек,

Расул үшін, екі ғаламды жоқ деп білмек,

Ғашықтардың сүннеті ғой тірі өлмек,

Естіп, ұғып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.


Бұл жерде оқушыларымызға ескерте кететін бір нәрсе, «ғашықтық» сөзінің түсінігі. Қожа Ахмет Яссауи өзін Алла тағаланың құлымын деп мойындайды, мақтаныш тұтады және бар махаббатын, ғашықтық сезімін тек қана Аллаға бағыштайды.

Хикеметтегі жиі кездесетін және «ғишқ» деген бір сөз бар. Ол жай сөз емес адам сезімі, адамның тек қана Ұлы жаратушыға шын ғашық болған уақытындағы сезімі. «Ғишқ» – адамның Аллаға деген тойымсыз махаббат сезімі деп түсіндіреді, Әнуарбек мырза.

Жаннан кешпей, ғишқ сырын біліп болмас,

Малдан кешпей, менмендікті қойып болмас,

Ұятшыл болмай, жалғыз Өзін сүйіп болмас,

Ондай ғашық ел көзінен таса болар.


Демек, Жаратушы жолына жанды құрбан етпей (жанды құрбан ету дегенді өлу деп түсінбеңіз) ғишқ сырын біліп болмас дейді. Адамды менмен ететін – байлық пен билік. Демек дүние мен малды, астына басқан тағын өзінің кісілігі деп бағалайтындар олардан қол үзбей менмендігінен де құтыла алмайды екен.

Ғишқ бағын бейнеттеніп көгертпесең,

Қорлық көріп, сұм нәпсіңді өлтірмесең,

Алла деумен ішке нұрды толтырмасаң,

Олла-біллә, сенде ғишқ нышаны жоқ.

Аллаға деген тойымсыз махаббат (ғишқ) оңайлықпен жүрекке орнықпайтын сезім болса керек. Ол үшін ұзақ бейнеттену қажет екен. Нәпсіні өлтіру, немесе нәпсі сезімдеріндегі құштарлықтан құтылу үшін де біраз қорлықты бастан өткізу керек делінеді. Соларды орындағанда Алла деген нұр ішкі сарайыңды жарық етер, әйтпесе сенде махаббаттың да (Аллаға деген), ғишқының да (Аллаға деген тойымсыз махаббат) өзі түгіл нышаны да болуы мүмкін емес дейді.


Қияметтің бір күні елу мың жылша болар,

Бұл дүние есебімен біл, қанша болар.

Қияметте жетпіс мың жыл отта қалар,

Тәуба қылған құлдар күймес кездері бар.


Бұл дүние есебімен біл, қанша болар, депті ғой, бабамыз. Ертеңгі күн күнәһарлар санатына есептеліп тозақ отында жаза өтейтін күн туса дозақ отында қанша жыл азап шегетінімізді есептеп шығарып көрелік.
Күнәһар пенделердің тамұқ отында жазасын өтеу мерзімі:

О жақтың бір күні – бұ жақтың 50000 жыл болатын болса, қиямет жазасының ұзақтығы 70000 жыл болса:

375 күн х 50 000 х 70 000 = 1 312 000 000 000 күн.

Мәңгілік мағынасына ақыл жеткізе алатын, шексіздік шамасын түсіне алатын ғалымдарға 1трилион 312 млрд. күн (біздің күніміздің есебімен) мәңгілік пен шексіздікке салыстырғанда онша ұзақ уақыт емес болар. Бірақ тамұқ отында соншама күн азап шегу адам зәресін алатын сан емес пе?..

Сақтай көр, Алла тағала...

Қожа Ахмет Яссауи бабамызға сенуге бола ма?

Болмайды деп ешкім айта алмас...

Олай болса, бірден жұмаққа жол түспесе... 1 312 000 000 000 күн...

Сақтай гөр, біздерді Жаратқан...

Өзімізде сақ болалық пенделер...

1трилион 312 млрд. күн тамұқта отырғанша өзіміздің қамшы сабындай ғұмырымызды Ұлы Жаратушыға жалынына жүріп, адамгершілік пен, мұсылманшылық жолына еңбек ете өткізген дұрыс болар...
Бабамыз 30-шы Хикметте тозақ пен жұмақты айтыстырып қойыпты.

Тозақ айтар: – Мен артық, мұнафықтар менде бар,

Мұнафықтар мойнында оттан ескен кісен бар.
Пейіш айтар: -- Мен артық, дидар көрмек менде бар,

Көрсетуге дидарын Рахим атты Рахман бар.


Біз бұл айтыстың тек қана екі сөйлемін сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. Осы екі сөйлемнің өзі ойлы жанды бір қортынды шығаруға итермелер деп дәметуге болар.
35 – Хикметтен

Әулиелер айтқан уәде келді білем,

Қияметтің күні жуық болды, достар.

Есті құлдар болғанын білді білем,

Ел-жұрттан мейір-шапқат кетті, достар.
Үлкен-кіші жарандардан әдеп кетті,

Қыз-келіншек, нәзік жаннан ұят кетті.

«Ұят барда иман бар» -- деп Расул айтты,

Арсыз қауым, ғажайыптар болды, достар.


Мұсылман мұсылманды барды өлтіруге,

Теріс көріп Хақ жолын бұзды мүлде.

Мүрид пірдің қарамай бет-жүзіне,

Ғажап сұмдық заман болды, достар.


Дүниесі мол адамда жомарттық жоқ,

Патшаларда, уәзірлерде әділет жоқ.

Дәруіштердің дұғасында қабілет жоқ,

Түрлі бәле халық үстіне жауды, достар.


Ақыр заман ғалымдары залым болды,

Қошамет етушілер ғалым болды,

Хақты айтқан дәруішке қарсы болды,

Ғажап сұмдық заман болды, достар.


Қиямет күні жуық жетті, қалғаны жоқ,

Құл Ахметтің айтқанының жалғаны жоқ,

Ол өзіне бір насихат айтқаны жоқ,

Насихатты халыққа айтып кетті, достар.


– Әнеке! Бабамыз осы хикметінде адам мінездеріне қатты шүйліккен екен. Қазіргі заманды өзіңіз көріп кеттіңіз. Бұрын жылдамдық атты өлшемді «желден жүйрік жануар» деп бағалайтын болса, бұ заманда «дыбыстан жылдам», «сәуледен жылдам» деген түсініктер пайда болды. Өткен мың жылдық арасында адамзат қоғамының ғылымдағы табысы, ашқан жаңалықтары мақтанарлықтай. Ал жеке адамдардың кісілік қасиеті оншалықты өзгермеген секілді. Бұл қалай?

– Сайын! 35-ші Хикмет алты шумақ сөзден тұратын еді. Сен соны түгел көшіріпсің. Бұл баба ойы бұдан мың жыл бұрынғы айтылған сөз емес, дәл бүгін айтылған сөз секілді. Мүмкін келесі мың жылдықта да бұл хикмет сөздерін бүгінгідей түсінікпен қабылдайтын болар.

– Себебі?

– Себебі не дейсің бе? Жаңағы өзің айтқан «желден жүйрік» атты жылдамдық сағатына 50-60 шақырым жобасы болса, қазіргі зымырандарды есепке алмай ұшақ жылдамдығының жобасы сағатына 1000 шақырым екенін еске түсірелік. Шыңғыс хан заманында күндік жерге бекеттер орнатып, ат ауыстырып тынбай шабуыл салып хабар жеткізетін болған. Ойлап қарасақ солардың жылдамдығы сағатына орта есеппен 30-40 шақырымға жуық болар. Ал бүгінгі телефондар бір секундта әлемнің қай түкпірінен де хабар алып бере алады.

– Солай. Заман өзгерген. Техника заманы келген.

– Бірақ адам өзгермеген. Адамның білігі уақытқа байланысты өзгеріп тұратын болғанмен құлығы өзгермейтін секілді. Ахмет Яссауи бұл хикметінде негізінен адам құлқы туралы ой қозғап отыр. Мың жылдықтарды салыстырып қарасақ, адам құлқына мың жылдық түк болмай қалыпты. Яссауи өз заманында адамдардан әдеп кетті, қыз-келіншек ұятты жоғалтты, ұят бар жерде иман бар еді, қауым арсызданып барады деп уайым айтады. Мұсылман мұсылманды өлтіретін болды, шәкірт ұстазын менсінбейтін заманға кездестік деп таң қалады. Байларда жомарттық жоқ, әкімдерде әділет жоқ деп назырқайды. Дәруіштер мен молдалар дұғасы қабыл болмайтын болды, халыққа пәле жауды дейді. Ақыр заман ғалымдары залам болды, соларды жақтағандар ғалым болды дейді. Сондай сұмдық заман болды дейді.

– Бабамыз адамдар құлқынан қатты торыққан ба, қалай өзі?

– Ие, солай секілді. Ол кісі мен бұ насихатты өзіме емес, халқыма айтып отырмын депті.

– Ойланып қалдыңыз ғой. Сонымен?

– Шындығында да уақыт адамның білігін жетілдіре алғанмен құлығын өзгерте алмайтын секілді.

– Әнеке! Дәл тауып айттыңыз! Адамзат пендесінің басындағы барлық қайғы-қасірет содан болар. Алла тағала адам құлқын өзгермейтін етіп жаратқан ба екен, сонда?

– Жоқ олай емес. Бар пәлені Ұлы Жаратушыға аудара салып, залым ниетті адамдарыңды құтқарып алмақсың ғой, шамасы. Сүйікті Алламыз нәпсі мен құлықты жеңсін деп адамға сана берген. Сол сананы адам пендесі өз пайдасына қалай дұрыс асыруды ойланар емес. Мұхаммет пайғамбар мен Яссауи секілді ғұламалар жол көрсетеді. Адам қоғамы баршаға әділетті қоғам орнатса екен дейді. Бірақ олар ойына әзәзіл шайтандар мен адам шайтандары қарсы күреседі. Ұлы хадистер мен хикметтерді ел пайдасына асырмау үшін жанын салады. Олар көбіне жеңіске жетіп келеді.

Жай адамдар болса бұл мәселеде барлық уақытта енжарлық көрсетуде. Олар ақылдының емес айқайшының соңында.

– Енді не болады? Сонда бұны түзетуге тағы да мыңдаған жылдар қажет болғаны ма?

– Бұл мәселені іске асыруға уақыт емес, басқа нәрсе керек. Әуелі бар әлемді бағындырар адамгершілік заңы керек. Сол заңды іске асыру үшін бар әлем сөзін тыңдайтын ер керек. Шайтандар мен азғырушылар сөзіне ермейтін, әділ заңына бағынатын, ел үшін еңбек ететін ер соңына еретін ел керек.

– Бұл ойларды біздерден де бұрын талайлар айтқан болар...

– Айта берсін. Айту біздің міндетіміз, тағы да айтамыз...
38 - Хикметтен

Дүние малын жиғандарды көріп жүрдім,

Өлер кезде қалайсың деп халін білдім.

Шайтан айтты: – «Иманына шеңгел салдым»,

Жан шығарда жылай-жылай кетер, достар.

Ахмет бабамыздың ойынша біз аза тұтып тұрған бай-мырзаны әзәзіл шайтан «Оның иманына мен шеңгел салдым» деп, бізді келеке етеді екен.

Біздің ойымызша кедейлерден байлар бақытсыздау болатын секілді.

Байлық жинау үшін қалай болғанда да әуелі өз ары мен ел мойындаған әділдіктен аттап өту қажет болатын болар. Ол екеуін жеңерсің, бірақ мол байлыққа сүйенген нәпсі мен құлық атты қауіптер байлық тамырынан қуат алып, өз иесіне де бағынбай кетсе не істейді? Шайтан бай-мырзаның құлқы мен нәпсісіне шеңгелін салып, бұ дүниеде байлығын қимай бір қиналдырса, сол арқылы о жақтағы иманына да ауыз салатын болғаны ғой...

Құл Қожа Ахмет, ғашық болсаң жаның күйсін,

Адалдықпен Алла дегін тәңір білсін.

Дұға қылғын момын құлдар дүние қойсын,

Дүние қойған ақыретке жетер, достар.


Көпшілік оқушылар айтылған сөзді со күйінде қабылдап, сөз мағынасына нұсқан түсіріп жатады. Мысалы осы шумақта «ғашық болсаң жаның күйсін» деген сөз тіркесі бір қарағанда қарғыс секілді боп естілуі де мүмкін. Бірақ Ахмет бабамыз бұл жерде: «Аллаға ғашық бол. Ғашық болғанда да жаныңды күйдіре ғашық бол» деп отыр.

Шаһкәрім Құдайбердіұлынан

Құдайға пара бересің,

Лақ пен қотыр тайыңды.

Жоғалтқандай көресің

Ел жылатқан жайыңды.
Олай емес, шырағым,

Мұның түбі уайым-ды.

Параға берген лағың

Ар, иманнан айырды.


Елден кешу алмасаң,

Жалмауыздай жалмасаң,

Тәңіріні малмен алдасаң,

Алдыңда орның дайын-ды!


Тағы бір ұлы бабамыз Шаһкәрім Құдайбердіұлы біраз еңбегін Алланы тану жолына арнаған. Оның біз келтіріп отырған осы ойынан біреуге бірдеңе беру мәселесі жөнінде анық түсінік аламыз. Егер ниетің таза болмай, жұрт көзі үшін Алла жолына лағыңды сойып садақа етсең ол пара секілді қабылданады екен. Алла тағалаға берген ондай садақаңның өзіңе пайдасынан залалы көп секілді. Бар нәрсені мейірмен істе, әйтпесе «алдыңда орын дайын-ды» деп сескендіреді.

Алла тағала күнәһар жандарға бірден мейірімді бола қоймайтые секілді. Әйтпесе «жеті тамұқ» не үшін тұрғызылды дейсің?..

Алла тағала мейірімді дейді. «Сегіз жұмақ» тұрғызыпты. Алла мейірімін сыйпаттайтын бір хадисті Имам әл-Бұхари кітабынан алдық.
Имам әл-Бұхаридан 71(100):

Мен Расуллаһтың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанын естідім. «Аллаһ тағала мейірімділікті жүз бөлік етіп жаратқан. Оның тоқсан тоғыз бөлігін Өзінде қалдырып, жер бетіне бір ғана бөлігін түсірді. Жер бетіне түсірілген рахымдылықтың сол бір ғана бөлігі себебінен бүкіл жаратылыс бір-біріне мейірімділік етеді...».


39 - Хикметтен

Хақиқаттық ғашықтардың нәпсі өлік,

Үш жүз алпыс, төрт жүз қырық төрт бәрі сұлық.

Сөзі шырын, мінез құлқы жүз мың тірлік,

Бұл дүнияны көк тиынға сатар, достар.
Дидар үшін жанды құрбан қылмағанша,

Исмаиылдай дидар арман қылма, достар.

Жаннан кешіп тарихатқа кірмегенше,

Ғашықпын деп жалған дағуа қылма, достар.

Біз осы хикметті оқып алып 360, 444 сандарының мән-мағынасы туралы дерек іздедік. 100000 тірлік дегені тірлік шаруасының көптігін дәлелдейтін жай ғана сан болса керек деп ойладық. Ал 360 адам қан тамырлары, 444 адам сүйектері екен. Адам денесінде соншама сүйек жоқ екендігіне сенетін біз, бұл сұрақты Әнуарбек мырзаға қойып көрдік. Ол да: «Сәке, біз де өзіңдей оқушы емеспіз бе», – дегесін бұл сұрақты жаба салуды жөн көрдік.
42 - Хикметтен

Дүние теппей рақс-самағ ұрған – надан адам,

Хақтың жадын бір дем айтпай жүрер бейғам.

Дәруішпін дер, дүниеге көңіл бұрған,

Дүние үшін рақс-самағ ұрды, достар.

Рақс – сопылардың билеп жүріп зікірін айтуы.

Рақс-самағ – сопылардың билеп жүріп, әуендетіп зікірін айтуы.
Біздің заманымызда Сматулла соңына ерген зікіршілер атты ұйымдар пайда болып, елді біраз әлекке түсіргені бар. Олар жастарды жинап алып зікір салдырады екен. Оларға күш көрсетіп бағындырған кездері де болған. Сол қылықтарын олар Қожа Ахмет Яссауи жолы деп түсіндірген.

Зікір жөніндегі Яссауи түсінігі осы хикметте анық айтылған.

Яссауидың түсіндіруі бойынша зікір жолына түскендер, өздерін сопы деп жариялағандар «әуелі дүние теппей», (нағыз сопыларша дүние-малдан баз кешпей) рақс-самағ (сопылардың билеп жүріп зікір айтуы) ұрған адамдар надан адамдарға жатады екен. Бабамыз олар бұл зікірді Құдай жолына деп емес мал табу үшін істейді деп айып тағады. Шындығында да қазіргі барлық осындай діни ұйымдардың көпшілігінің ойы – дінді пайдаланып, өзіне мал табу екені халыққа аян болып келе жатыр.
Құл Қожа Ахмет, Рақс-самағ әркімге жоқ,

Еліктеумен үрса самағ кірер тұмақ.

Бұл жазылған сөз құпия еді, айтсам қамуқ,

Хақты тауып, рақс-самуғ ұрды, достар.

(Қамуқ – бәрі)

Қожа Ахмет бабамыз бұл зікірдің әркімге жоқ екенін, егер біреулер тек еліктеумен сол жолға түсіп ел алдаса барар жері дозақ екенін көзге шұқып көрсетеді және «бұл жазылған сөз құпия еді» деп өзінің бұл туралы ашық жазғанына өкінгендей болады.


43 – Хикметтен

Қожа Ахмет Яссауи айтады:

Уа дариға, өтті өмірім, білмей қалдым,

Бұ дүниенің аспабын қолға алдым.

Дүние іздеп діннің ісін артқа салдым,

Біле алмаспын халім нендей болар, достар.

Ертеңін Қожа Амет Яссауи осылайша уайым еткенде біздің ертеңіміз қандай болмақ? Әлде жоғарыда шығарылған есептің 1 трилион 312 млрд. күн тозақ отынан кейін барып, (түбі мұсылман біткен тамұқта қалмайды дейді) жұмақтан үміт етеміз бе?

Жоғарыдағылар есебімен адамдар жерде 0,002 күн жобасында тіршілік ететін секілді.


Қияметтің бір күні – жердің 50000 жылы.

О жақтың бір күні бізше 50000 х 375 = 18 750 000 күн.

100 жас өмір сүрсек 100 х 375 күн = 37 500 күн өмір.

37 500 күн : 18 750 000 күн = 0,002 күн (біздің 100 жылдық жердегі өміріміз, Көктегі 0,002 күнге тең екен).

Көктегі мәңгілік өмірдің бір күнінің мыңнан бір бөлігіндей өмір үшін сансыз күәға батып, «мәңгілік» атты ертеңіміз туралы қамсыз, уайымсыз өмір сүру – қандай ақылға сияр екен?

0,002 күндік жердегі өмір...

Соны Көктегі мәңгілік жұмақпен (тозақ) салыстырып көрелікші ...

Барлығымызға да ойланарлық есеп секілді...

Жер уақытына ауыстырсақ 50000 х 0,002 = 100 жыл. Есебіміз дұрыс секілді.
54 - Хикметтен

Молда, мүфти болғандар, бекер дағуа қылғандар,

Ақты қара қылғандар, тамуққа олар кіреді.

Мола, мүфти атана жүріп екіжүзді болу, біреудің пайдасына бұрып сөз айту, ақты қара қылу кешірілмейтін күнәлар қатарына жатпақ, оның орын тамұқ деп бабамыз кесіп айтыпты.


54 - Хикметтен

Арам жеген әкімдер, пара алып жегендер,

Өз бармағын тістелеп, қорқып тұрып қалады.

Тәтті-тәтті жегендер, түрлі-түрлі кигендер,

Алтын таққа мінгендер топырақ асты қалады.
Бұл хикметте бабамыз тамұқ алдында тұрған, бес күн тірлігінже жалғанды жалпағынан басқан, жетім-жесірді адам санатына қоспаған, әділдікті емес айла менен зорлықты қостаған, енді міне байлық та жоқ, бақ та жоқ, атақ та жоқ, тақ та жоқ жағдайға түсіп, жерде соларға сеніп тірлігін өткізген біреудің тозақ алдында бармағын тістеп тұрғанын суреттеп беріпті.

Құран мен хадистер дерегі негізінде Қожа Ахмет Яссауи әлгілерге осылай түсінік берсе, жер бетіндегі өмір тәжрибесінен Шортанбай Қанайұлы ақын былайша сақтандырады.


Шортанбай Қанайұлынан, 19 ғасыр

...Билер пара жемеңдер,

Жалғанды жолдас демеңдер.

Ақырет қамын іздеңдер,

Жалған бетті кезбеңдер.
Кісі хақын алмаңдар,

Аузыңа харам салмаңдар.

Дүние жиып өткен жоқ...

...Құдайдан қапы кетпеңдер...

Жалған – бұ дүние
57 - Хикметтен

Мұхаммед айтты: – «Кім жетім,

Біліңдер, ол менің нағыз үмбетім».
Имам әл-Бұхаридан 94(133):

Нәби (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Менімен жетімге қамқорлық етуші адам жәннатта мынау екі саусақ тәрізді жақын боламыз», – деп сұқ және ортаңғы саусағын көрсетті.


57 - Хикметтен

Жетімді көрсеңіз, азар бермеңіз,

Ғарыпті көрсеңіз, көңіліне дақ салмаңыз.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет