Мәтін сұРАҚтар жауаптарымен жинақтаған: Аида Утепбергенова



бет21/21
Дата08.02.2022
өлшемі164,89 Kb.
#117981
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
ҚТАРИХAIDAUTEPBERGENOVA
Сканирование 20221028-2200, Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин, 3D принтер- болашақ технологиясы, ДИСС жөнделген, 1 сынып Robospace қмж
    Бұл бет үшін навигация:
  • Жауап
Жауап: демократия
113-мәтін. Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті анықтаңыз. «Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидекті терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды... Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер, баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдар аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті мысалы , найзаны кез келгені пайдалана алды.»
Жауап: Рулық қауымның шығуы.
114-мәтін. Мәтінде сипатталған тарихи үрдіске тән емес белгі. «Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидекті терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды... Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер, баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдар аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті мысалы , найзаны кез келгені пайдалана алды.»
Жауап: Жеке меншіктің үстемдігі.
115-мәтін. Мәтінде сипатталған тарихи үрдістің орын алған кезеңі. «...адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады.»
Жауап: Неолитте
116-мәтін. Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті жүзеге асыру үшін қажет еткен жағдай . «...адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады.»
Жауап: Еңбек құралдарын едәуір жетілдіруді.
117-мәтін. Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті анықтаңыз. «...адамдар табиғат сыйына тәуелділіктен құтылды. Олар өмір сүруге қажетті азық-түлікті өздері өндірді»
Жауап: Өндіргіш шаруашылықтың қалыптасуы.
118-мәтін. Мәтінде сипатталған археологиялық мәдениеттің орналасқан аумғын анықтаңыз. «Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте, ұйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған.»
Жауап: Орталық Қазақстан.
119-мәтін. Мәтінде сипатталған жағдайдың себебінен дала тұрғындарының шаруашылығына енген өзгеріс. «Табиғатта құрғақшылық бет алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады. Бұлақтар суалып , өзендер тартылып қалды. Бұл малмен күн көріп отырған тайпалардың жаңа өріс іздеуіне ықпал етті.
Жауап: Көшпелі мал шаруашылығына өтті.
120-мәтін. Мәтінде сипатталған Моғол хандығындағы жоғары лауазымды атаңыз. «Моғол хандығының тағына дұғлат Хұдайдат... өзінің айтқанын істейтін хан тұқымынан алты рет өз адамдарын отырғызған. Хан билігі де рулық-тайпалық бай-феодалдар еркіне байланысты болған. Биліктің мұндай жағдайда жүргізілуінің өз ханның бай-шонжарларға экономикалық жағынан тәуелділігін де көрсетті.»
Жауап: Ұлысбегі
121-мәтін. Мәтінде қай тарихи оқиға сипатталғанын анықта. «Асан Қайғы Жерұйықты іздеп, Жетісуда болған кезінде «жетісудың ағашының басы жеміс екен» екі сұлтан келіп ораналасқан жер Шу тарылы «Ей, Шу атында теріс қойыпты, мынау ну қамысың еліңді ешбір жұтқа бере қоймас.»
Жауап: Керей мен Жәнібектің Моғолстанның батыс аймағына көшіп келуі
122-мәтін. Қай тарихи оқиғаның зардаптары туралы айтылғанын белгілеңіз. «Бұл жорықтардың Қазақстан үшін ондағы өмір сүрген ру-тайпалар үшін адам айтқысыз ауыр зардаптары болды. Біріншіден, бұл аймақтарда өмір сүріп жатқан халықтардың шаруашылығы мүлдем күйреді. Елдер арасындағы байланыс үзілді. Халық қырғынға ұшырап, қолға түскендерді құлдыққа айдалып,Орта Азияның қалаларының базарларында сатуға түсті. Қалалар қирады, өртелген қалалардың күлі ғана қалды. Шапқыншылықтың салдарынан ауа көшу, қоныс аудару күшейді. Оның әсері бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесін бұзды.»
Жауап: Әмір Темір шапқыншылығы
123-мәтін. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «Бетпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алды. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп Шағатай ұлыс кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады.»
Жауап: Әмір Темір мен Ильяс Қожа арасындағы күрес
124-мәтін. Мәтінге қарап, Әбілқайыр ханның жаулаушылық соғыстарының бағытын анықтаңыз. «... ол алдымен өзінің қарсыластары Махмуд-қожа ханды, маңғыт әмірі Уақас биді жеңіп, өзіне қаратады. XV ғ 40-жылдарында Балқаш өңірінің терістік батыс жағын өз иелігіне қосады. Әбілқайыр хан көп уақыты мен күш жігерін жұмсаған жер ақ орда жерінің оңтүстік аудандары- Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары болған»
Жауап: Батыс Сібірден Оңтүстікке қарай
125-мәтін. Мәтінде сипатталған «інжу» терминінің мағынасын анықтаңыз. «Осы жерлер «інжу» деп аталған. Ол «жасау» деген мағынаны берген . Жерден немесе онда тұратын халықтан түсетін алым-салық інжу болып, ханның қазынасына немесе оның ұрпақтарының қолына түсетін. Інжулік иеліктер хандық өкіметтің немесе ұлыстың орталығы орналасқан шұрайлы жерлерінде болған. Мысалы, Алтын Орда хандарының інжулік жерлері Еділ бойында болса, Шағатай мемелекетінің інжулік жерлері Шу,Іле,Талас алқаптарының шұрайлы өңірлерін алып жатқан»
Жауап: Ханның иелігіндегі жер
126-мәтін. Мәтінде қай саясат туралы айтылғандығын анықтаңыз. «...халық шаруашылығына әкімшіл-әміршілдікті сақтай отырып, белгілі дәрежеде капитализмге уақытша ерік беруге есептелген пролетариат мемлекеттің ерекше саясаты. ... аз уақыт әрекет етіп, барлық саланы біртұтас қамтылған жұйе болып қалыптасып үлгермеді.»
Жауап: ЖЭС
127-мәтін. Мәтінде берілген үндеудің қай үкімет жариялағанын анықтаңыз. «Ресей мұсылмандары... бұдан былай сіздердің діндеріңіз бен әдет-ғұрыптарыңыз,сіздердің ұлттық және мәдени мекемелеріңіз еркін деп,оларға ешкім қол сұқпайды деп жарияланады. Өздеріңіздің ұлттық өміріңізді еркін және кедергісіз құра беріңдер. Сіздердің бұған хақыларыңыз бар,біліп қойыңыздар Ресейдің барлық халықтарының құқықтары сияқты,сіздердің құқықтарыңыз революциямен оның органдарының жұмысшы солдат және шаруа депутаттар Кеңестерінің бар күшімен қорғалды... Осы революцияны және өкілетті үкіметін қолдаңыздар.»
Кеңес үкіметі
128-мәтін. Мәтінде кездесетін сойырғал терминіне мағынасы жағынан ең жақын сөзді анықтаңыз. «Ұрыс ханның әскербасыларының бірі Ұрық-Темір 1377-1378 жылдары Тоқтамыспен бірге Самарқандағы Әмір Темірге қашып кеткенде оған сойырғалға берілген жер қайтарылып алынып, Тойшы деген әскербасыға берілген. Жерді бөлу және оны біреуге беру тек ханның билігінде болды.»
Жауап: Иқта
129-мәтін. Мәтіндегі қазақтардың үш жүзі туралы сипаттаманы оқып, дұрыс емес жауапты анықтаңыз. «Жүз бірнеше ұлыстан құралады.Сондықтан жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі. Қазақ жүздері шамамен алғанда XV-XVI ғасырда тайпалардың одағы негізінде жер жағдайына байланысты қалыптасты... Қазақтың бұл үш жүзі бүгінгі таңдағы алып жатқан кең-байтақ жерімізді сыртқы жаудан қорғап,бізге қалдырды. Үш жүздің билері мемлекеттік мәселелерді шешуге ханға көмектесіп, ақыл-кеңес беріп отырған.»
Жауап: Жүздерді тек ақсүйек өкілдері ғана басқаруга құқылы болған.
130-мәтін. Мәтінде қай екі батыр туралы сипатталғанын анықтаңыз. «Бұл екі батыр да Арал теңізінің төңірегіндегі орасан зор кеңістікке көшіп-қонып жүретін үлкен ру-шектіден шыққан... Бұл екі батыр Кенесары Қасымұлы қайтыс болып, тарих сахнасыгаг кете салысымен-ақ шекті руын өздерінің ықпалын көрші руларға да күшейтуге, кеңінен таратуға тырысты. Орынбор басшылығының жиырма жыл бойы осындай беделді адамдармен санасуына тура келді.»
Жауап: Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы
131-мәтін. Мәтінде сипатталған тайпаларды анықтаңыз. «Олар 1141 жылы Самарқан қаласына жақын жатқан Қатуан даласында болған шайқаста салжұқтар мен қарахан әскерлерін ойсырата жеңеді. Бұхара қаласын, Мауараннахрдың орта бөлігін толығымен жаулап алады. Мұнда ескеретін жағдай, олар Қарахан мемлекетінің ішкі басқару жүйесіне ешбір өзгеріс енгізбеген.»
Жауап: Қарақытайлар
132-мәтін. Мәтінге қарап, мұрагерлік жолмен сайланған ханды анықтаңыз. «Қазақ халқында хан көтерудің екі жүйесі қатар қолданылды: біріншісі мұрагерлік жол, екіншісі сайланып қойылатын. Мұрагерлік жолмен хандық билік әкеден балаға емес, ағадан ініге қалады. Егер хан болуға лайықты іні болмаса , онда хандық тек балаға қалуы тиіс. Бірақ бұл жағдайда да баланың хан лауазымына лайықты тұлға болуы шарт»
Қазақ хандығының тарихында хан билігінің әкеден балаға беру үлгісі:
Жауап: Шығайдан Тәуекелге
133-мәтін. Мәтінге қарап, Қытай елімен дипломатиялық әрі туыстық қарым-қатынас орнатқан елді анықтаңыз. «Қытай патшасы көп сыйлық талап етіп, гуньмо оларға 1000 жылқы жіберді. Бұл оқиға б.з.б.107 жылы болған»
Жауап: Үйсін
134-мәтін. Мәтінде айтылған тарихи еңбекті атаңыз. «Дешті қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты көші-қон мәселесіне байланысты ерекше назар аударылған. Онда қыстау, жайлауға көшу, оның малдың басын көбейтуге, санын көтеруге пайдалы екенін жазған. Ал жазда жылқы малының семіріп, қымыз ішкен қазақтардың сан-салтанат құрып қуанышқа бөленетіндігін жазадыү Еңбектегі бұл көріністер қазақ халқының өмірін суреттеп тұрғандай.»
Жауап: «Шыңғыснама»
135-мәтін. Мәтінде берілген қаулының қабылданған жылын анықтаңыз. «Қырғыз АКСР-і Кеңестерінің V сьезінде білдірілген Қырғыз АКСР-і еңбекшілерінің еркіне сәйкес. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің Төрағасы қаулы етеді:1.Қырғыз АКСР-інің аты Қазақ АКСР-і деп өзгертілсін. 2.Қырғыз АКСР-і үкіметі орналасқан жер-Ақмешіт қаласының аты Қызылорда қаласы деп өзгертілсін.»
Жауап: 1925 ж
136-мәтін. Мәтінде берілген патша жарлығы желеу болған тарихи оқиға. «...Соғысып жатқан армия шебінде қорғаныс құрылыстары мен әскери қатынастар салу жөніндегі жұмыстарға сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс үшін қажет өзге де барлық жұмыстарға осы соғыс барысында империяның төменде аталған 19 жастан 43 жасқа дейінгі бұратан еркек халқы тартылсын...»
Жауап: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
137-мәтін. Мәтінде сипатталған екі елді анықтаңыз. «...Олардың арасындағы жаулаушылық мұнымен бітпейді. Отырар,Сығанақ,Арал теңізінің аумағы бұл екі ел үшін ұзақ жылдар бойына қақтығыс көзіне айналады. Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады.»
Жауап: Хорезм, Қыпшақ.
138-мәтін. Мәтінде сипатталған еңбектің авторын анықтаңыз. «Дешті қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты көші-қон мәселесіне байланысты ерекше назар аударылған. Онда қыстау, жайлауға көшу, оның малдың басын көбейтуге, санын көтеруге пайдалы екенін жазған. Ал жазда жылқы малының семіріп, қымыз ішкен қазақтардың сан-салтанат құрып қуанышқа бөленетіндігін жазадыү Еңбектегі бұл көріністер қазақ халқының өмірін суреттеп тұрғандай.»
Жауап: Өтеміс қажы.
139-мәтін. Мәтінде сипатталған жағдай қандай тарихи оқиғаға ұласқанын анықтаңыз. «...тобыр комиссияға өз талаптарын қойды... Ол жаңа ережені қабылдағысы келмейтінін айтты... басқарудың сұлтандар арқылы жүзеге асырылатын бұрынғы жүйесі мен алым-салық түрлерін өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Комиссия мүшелерінің жағдайды түсіндірмек болған әрекеттерінен түк те шықпады. Қырғыздар (қазақтар авт.)... бұрынғы тәртіпті қолдарына қару алып, ақырына дейін қорғауға әзір екенін мәлімдеп тұрып алды...» Жауап: 1868-1869 жж оқиға.
140-мәтін. Мәтінде сипатталған тарихи тұлғаны анықтаңыз. «Халықты өз төңірегіне топтастыра бірген ол елді өнерге, күнкөріс тіршілікке баулып, бейбіт өмір салтына тартады.Сондықтан оған Білге хан деген атақ береді. Осы ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Хан наймандар одағының басын қосып, Найман мемлекетін күшейтеді. Ол басқа елдермен сауда қатынасын дамытуға да көп көңіл бөлген.» Жауап: Инанч
141-мәтін. Ұрыс хан өз күш-қуатын нығайтуда пайдаланған тарихи оқиға. «Осы талас-тартысты дер кезінде пайдаланған Орда Еженнің ұрпағы Ұрыс хан Ақ Орда билігін өз қолына алып, мемлекеттің күш-қуатын нығайтады.Хан 1368-1369 жж өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. Ол 1374-1375 жж Еділ бойына қарай жорық жасап,Алтын Орданың астанасы Сарайды,Қажы Тарханды алып,Кама бұлғаларын бағындырады.
Жауап: Өзбек пен Жәнібек хандардан кейін Алтын Ордадағы аласапыран төңкерісін
142-мәтін. Тоқтамыс Алтын Орда билігін өз қолына алуда пайдаланған тарихи оқиға. «Бұл әлсіздікті пайдаланған Жошы ханның екінші ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін өз қолына алған. Билігін нығайту үшін Тоқтамыс 1382 ж. Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеп жібереді. Мауреннахр мен Кавказ елдеріне бірнеше рет жорық жасайды»
Жауап: Алтын Орда әскерлерінің 1380 жылы орыс әскерлерінен жеңілуін.
143-мәтін. Мәтіндегі қаулының нәтижесінде жарияланған салдарының ішінде қатесін табыңыз. «Ол күшіне енген сәттен бастап шаруа қожалықтарына өзіндік ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын қалауы бойынша иелену құқығына кепілдік беретін. Жаңа экономикалық саясаттың принциптерінен бас тартылды. Қаулыға сай,байлардың шаруашылығын тәркілей отырып, оларды тұрғылықты жерінен қоныс аударып жіберуге рұқсат етілді... тәркілеу науқаны... халықты қорқыту және зорлау арқылы, байсымақтарды күштеу арқылы іске асырылды... Сонымен бірше малдың көп бөлігі көршілес республикаларға айдап әкетілді»
Жауап: Ауқатты шаруалардың жағдайы жақсарды.
144-мәтін. Мәтінде сипатталған тарихи оқиға қай кезеңге жататындығын анықтаңыз. «Тек аңыздардың айтуы бойынша қырғыз-қазақтардың арасында... (Тәуке) қалпына келтірілген тыныш та бейбіт өмір ұзаққа созылмады. Көп ұзамай-ақ олардың арасындағы алтыбақан алауыздық қайтадан басталды да, көрші халықтар бұл жағдайды өз мақсаттарына пайдалана қойды. Батыстан Еділ қалмақтары, солтүстіктен башқұрттар Сібір казактары шабуылға шықты. Бұларды ол кезде өте күшті қонтайшы Галдан Серен басқарды. Ол өзінің көшпелі көршілерінің бәріне де де тітіренткен үрей туғызып ғана қойған жоқ, сонымен қатар тіпті Ресей мен Қытайды да ойландырды.»
Жауап: XVIII ғ.басы
145-мәтін. Мәтінде қай тарихи дерек туралы айтылғанын анықтаңыз. «Автор Сібір шекаралық шебінде ұзақ уақыт қызмет етіп қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы зерттеген еді. Ол өзінің кітабында Орта Жүздің тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрпы салт-жоралары жан-жақты суреттеледі. Сондай-ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады.»
Жауап: Орты Жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы.
146-мәтін. Мәтінде қай тарихи кезеңнің жарқын оқиғалары сипатталғанын анықтаңыз. «Интелегенция өкілдерінің кейбіреулері ғана ақталған. Қазақтың айтулы азаматтары Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин,Бейімбет Майлин.... ақталып, оларған жалған айыптаулар алынып тасталды... Бірақ сол кезде қазақ зиялыларының Ә.Бөкейханов,М.Жұмабаев,Ш.Құдайбердиев сияқты жарқын өкілдері ақталмай қалды. ...Мәскеу өкіметі орындары оларды «барып тұрған ұлтшылдар мен алашордашылар» деп есептеді.
Жауап: «Жылымылық»
240) Мәтінде қай тарихи оқиға сипатталғанын анықтаңыз. «... келген шенеуніктердің өздеріне жүктелген қызметіне сай жылы қарсы алынбағаны былай тұрсын, олар тіпті келген бойда-ақ өз өмірлерінен айырылып қала жаздады. Қырғыздар(қазақтар) өздерінің тағылық табиғи бостандығын жоғалтып алатыны жөнінде ойлаған кезде ашу-ызаға булықты... Тевкелевті тіпті сол жерде-ақ құрбандыққа шалып жібере жаздады. Оны ханның өзі қорғап қалды... кейбіреулері ханның өзіне қол салып, бұлардың ешқайсысының келісімінсіз шетелдік мемлекетпен неге келісім жасасқаны, оған бас иіп, бағынуға өз атынан ғана емес бүкіл орданың атынан уәде еткені туралы есеп беруді талап етті.»
Жауап: Кіші жүз қазақтарының ресейдің қол астына өтуі.
241) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның республика еңбекшілерінің алдына қойған міндетін анықтаңыз. «Көрсеткішті жоғарлатып көрсету үшін орасан зор аумақ жыртылды.Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ауыр салдарға әкеліп соқты:топырақ эрозиясы күшейді.Егін үшін жыртылған миллиондаған жер шабындық жайылымдық алқаптардың көлемін тарылтты.Мыңдаған гектар жерлер елді мекен салуға тартып алынып, олардың инфроқұрылымын жүргізу үшін құнарлы жерлердің елеулі көлемі бөлінді.Нәтижесінде ауыл шаруашылығы орны толмас шығынға ұщырады. Қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне оның мәдени құндылықтарына «жоғарыдан» менсінбей қараушылық орын алды.»
Жауап: Азық-түлік мәселесін шешу.
242) Мәтінде сипатталған салықтың түрін анықтаңыз. «Қарапайым халық феодалдарға, мемлекет қажетіне міндеткерлік жұмыстар атқарды. Салықтың бұл түрі Ұлықбек тұсында Сауран, Сайрам,Отырар тағы басқа оның әскерлері тұрған жерлерден алынған. Моғол хандары да Тараз қаласының аймағындағы қалалардан және Қашқария жерінен... жинаған.
Жауап: «Тағар»
Аида Утепбергенова

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет