Методические рекомендации по изучению учебного предмета «География» (7- 9классы) в рамках обновления содержания образования. Методическое пособие. Астана: нао имени И. Алтынсарина, 2017. 121с



Pdf көрінісі
бет15/86
Дата01.11.2023
өлшемі2,84 Mb.
#188984
түріМетодические рекомендации
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   86
Байланысты:
mazmnyn-zhaartu-ayasynda-7-9-synyptarda-geografiya-ou-pnin-oytu-boyynsha-distemelik-synystar-zirleu
94 file, 8- лек. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау және оның
Еліктеу жаттығуы 
жағдаяттық әдіске тән белгілерге ұқсас нышандармен 
сипатталады. Еліктеу жаттығуының ерекше белгісі – проблеманың мұғалімге 
(алайда оқушыларға емес) алдын-ала белгілі дұрыс не ең жақсы (оңтайлы) 
шешімінің болуы. Сондықтан еліктеу жаттығуы case study әдісіне қарағанда 
қарапайымдау болады, ал нәтижесі белгілі бір мағынада бағдарламаланған. 
Көбінесе мұнда сабақтарға дайындалу және өткізу барысында ұзақ 
мерзімді және терең зерттеулер не жобалау-құрастыру жұмыстарының қажеті 


62 
жоқ, сабақтардың өздері салыстырмалы түрде қысқа және қалыпты кестеге 
оңай сыйғызылады. Еліктеу жаттығуының мысалы – қандай да бір заң 
ережелері, ережелер, әдістер, нұсқаулықтар туралы білімді тексеру, мысалы: 
төтенше жағдай орын алған жағдайдағы әрекеттер, мемлекеттік және 
муниципалдық басқару органдарындағы азаматтардың өтініштерімен жұмыс, 
бухгалтерлік, статистикалық есеп формаларын толтыру, т.б. Проблемалық 
лекцияның әдістемелік жасақтамасына жатқызуға болады. 
Жағдаят –
бұл іс жүзінде орын алған қандай да бір құбылысты 
айқындайтын фактілер мен деректердің жиынтығы. Бұл жағдайда басқару 
саласына тән кез-келген жағдаят талдау мен оқыту нысаны бола алады. 
Жағдаяттың талдау материалынан бөлек шешуді талап ететін проблемалардан 
да тұратын жағдайы болады.Бұл әдіске келесі негізгі белгілер тән: 

берілген уақыт сәтіне арналған нақты жағдаяттың болуы; 

сайысушы топтармен не жеке тұлғалармен жағдаяттарды шешу 
жолдарын әзірлеу; 

алдын-алаықтимал рецензиялау арқылы жағдаяттарды шешудің 
әзірленген нұсқаларын талқылау, оларды бұқаралық қорғау, т.б.; 

сабақ жүргізетін мұғалімнің қорытынды жасауы және нәтижелерді 
бағалауы. Жағдаятты талдау және шешу қарастыру әдісі арқылы жүзеге 
асырылады. 
Нақты жағдаяттар әдісінің аталған нышандары оны тиімді қолдану 
саласын 
айқындайды. 
Әдетте 
статикалық 
жағдайдағы 
жеке 
ұйымдастырушылық, экономикалық не басқарушылық міндет қарастырылған 
жағдайларда аса орынды болатыны анық. Ықтимал шешу жолдары сандық не 
сарапшылық тұрғыдан бағалануы мүмкін, бұл аяғында олардың арасындағы ең 
орындыларын қабылдауға мүмкіндік береді. Әдетте ең жақсы жолы алдын-ала 
бекітілген дұрыс және айқын шешім болмайды, сабаққа қатысушылар ұсынған 
материалдарды ескере отырып, жетекші тарапынан қалыптасады. 
Оқу үдерісіндегі міндеттеріне қарай жағдаяттардың төрт түрін 
ажыратамыз: 
проблемалық жағдаят, бағалау жағдаяты, иллюстраицялы 
жағдаят, жаттығу жағдаяты

Проблемалық жағдаят 
шынайы өмірдегі факторлардың белгілі бір 
үйлесімін білдіреді. Қатысушылар шешім табуға тырысатын не шешімнің 
мүмкін еместігі туралы тұжырымға келетін басты тұлғалар болып табылады. 
Бағалау жағдаяты 
шығу жолы айтарлықтай дәрежеде табылған жағдайды 
сипаттайды. Сонымен қатар бұрын қабылданған шешімдерге сыни талдау 
жүргізіледі. Болған оқиғаға қатысты себепті қорытынды жасалады. 
Тыңдаушылардың ұстанымы – іс жүзінде бейтарап бақылаушының көзқарасы. 
Иллюстрациялы жағдаят 
негізгі тақырыпқа қатысы бар және мұғалім 
ұсынған қандай да бір күрделі рәсім не жағдаятты білдіреді. Ол пайымдаудағы 
дербестікті аз деңгейде ынталандырады. Бұлар – ұсынылатын мәнді 
түсіндіретін мысалдар, алайда оларға қатысты сұрақ не келісім білдіруге 
болады, онда иллюстрациялы жағдаят бағалау жағдаятына ауысады. 


63 
Жаттығу жағдаяты 
бұрын қабылданған қағидаларды қарастырады және 
қойылған мәселелердің айқын және даусыз шешімдерін талап етеді. Жаттығу 
жағдаяттары зерттелетін мәселеге қатысты деректерді өңдеу не табудағы 
оқушылардың белгілі дағдыларын (іскерліктерін) дамытуы мүмкін. Жаттығу 
жағдаяттары негізінен машықтану сипатында болады, тәжірибе жинақтауға 
көмектеседі [10].
Нақты жағдаяттарды талдау бойынша бірнеше жұмыс әдістері белгілі: 

сабақ жетекшісі ұсынған және қатысушыларға алдын-ала зерттелген
нақты жағдаятты рольмен ойнау. Мұндай сабақ проблемалық жағдаятты 
рольдік ойынға айналдыруы мүмкін; 

мұғалім ұсынған нақты жағдаятты ауызша не жазбаша ұжымдық 
талқылау. Бұл нақты жағдаяттың мәтіні шағын болып, оқушы оны жеңіл 
қабылдай алатын болса, мүмкін болады. 
4. 
Интерактивті оқыту əдісі.
Интерактивті («inter» –өзара, «act» – әрекет 
жасау) біреумен өзара әрекеттесу, әңгіме, диалог режимінде болу дегенді 
білдіреді. Басқаша айтсақ, белсенді әдістерге қарағанда интерактивті әдістер 
оқушылардың мұғаліммен ғана емес, бір-бірімен кеңінен өзара әрекеттесуіне 
және оқыту үдерісінде оқушылардың белсенділігінің басымдылығына 
бағытталады. Интерактивті сабақтардағы мұғалімнің орны оқушылардың іс-
әрекетін сабақ мақсаттарына жету үшін бағыттаумен шектеледі. Сонымен қатар 
мұғалім сабақ жоспарын (әдетте бұл – интерактивті жаттығулар мен 
тапсырмалар, оларды орындау барысында оқушы материалды зерделейді). 
Тиісінше оқушылар орындайтын интерактивті жаттығулар мен 
тапсырмалар интерактивті сабақтардың негізгі құрамдас бөліктері болып 
табылады. Интерактивті жаттығулардың маңызды ерекшелігі –
оларды орындай 
отырып, оқушылар бұрын оқылған материалды бекітіп қана қоймайды, жаңа 
материалды меңгереді

 
Оқушылар орындайтын интерактивті жаттығулар мен тапсырмалар 
интерактивті тәсілдердің тірегі болып табылады. Интерактивті жаттығулардың 
негізгі ерекшелігі – олар 
бұрын оқылған материалды бекітуге ғана емес, жаңа 
материалды меңгеруге 
бағытталады.
 
Интерактивті өзара әрекеттің басты белгілері: 
Оқушы 
Оқушы 
Оқушы 
Оқытушы 


64 
Плюрализм. Бұл – қарастырылатын кез-келген проблемаға қатысты 
педагогикалық үдерістің әрбір қатысушысының жеке көзқарасының болу 
мүмкіндігі. 
-
Диалог. Педагог пен оқушылар арасындағы қарым-қатынас диалогы 
олардың бірін-бірі тыңдау және есту, бір-біріне көңіл бөлу, проблемаға қатысты 
өз көзқарасын, міндетті шешуде өз жолын қалыптастыру іскерліктерін талап 
етеді. 
-
Ойлау іс-әрекеті. Ол педагог пен оқушылардың белсенді ойлау іс-
әрекетін ұйымдастыруда жатыр. Педагогтың оқушылардың санасына дайын 
білімді көшіруі емес, олардың дербес танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру. 
-
Мағыналы шығармашылық. Бұл – оқушылар мен педагогтың 
зерттелетін проблемаға қатысты өздері үшін жаңа мағынаны саналы түрде 
қалыптастыру үдерісі. Бұл – өмір құбылыстары мен заттарына деген жеке 
көзқарасын білдіру. 
-
Таңдау еркіндігі. 
-
Табыс жағдаятын қалыптастыру. Табыс жағдаятын қалыптастыру үшін 
басты шарттар – оқушыларды оң және оңтайлы бағалау. 
-
Рефлексия. Педагогикалық үдеріске қатысушылардың өз іс-әрекетін, 
өзара әрекеттесуін өзіндік талдауы, бағалауы.
-
Сыни ойлау.Сыни ойлау маңызды дағды ретінде оқулықта берілген 
барлық тапсырмаларда байқалады. 
-
Кері байланыс ұсыну. 
Қазіргі белсенді оқыту әдістері - оқушылардың ойлауын жандандыруға 
бағытталған, оқу үдерісінің интерактивтілік, ынталандыру және эмоциялық 
қабылдаудың жоғары дәрежесімен сипатталатын және: 

оқушылардың танымдық және шығармашылық іс-әрекетін жандандырып 
дамытуға; 

оқу үдерісінің нәтижелілігін жоғарылатуға; 

кәсіби құзіреттіліктерді, әсіресе ұжымдық жұмысты ұйымдастыру және 
атқаруда қалыптастыру және бағалауға мүмкіндік беретін әдістер. 
Заманауи білім беру технологияларының бөлінбес және маңызды құрамдас 
бөлшегі ретінде белсенді оқыту әдістерін қолдану мұғалімдер мен оқу үдерісін 
ұйымдастырушыларда арнайы білім мен практикалық тәсілдердің қалыптасу 
қажеттілігін тудырады, бұл осы басылымның мақсаты болып табылады. 
Қазіргі кезде интерактивті әдістердің ауқымы кең, олардың арасындағы 
келесі тәсілдерді қарастырамыз: 
1)
Ми шабуылы не ми қамалы

проблеманы шешу үшін идеяларды 
ұжыммен қалыптастыру және оларды конструктивті түрде ойластыру әдісі. 
Ми шабуылы барысында проблеманы шешу уақыт тұрғысынан үш кезеңге 
бөлінеді: 

идеяларды кездейсоқ қалыптастыру сеансы; 

ең үздік идеяларды іріктеу мақсатында ұсынылған идеяларды 
конструктивті сынға алу және ойластыру сеансы; 

Іріктелген идеялар негізінде шешімдерді жобалау. 


65 
Мысалы: Оқу мақсаты: 7.3.5.1 Табиғи кешендердің қалыптасуын түсіндіру, 
(географиялық қабық, мұхиттар және материктер, зоналар және белдеулер, 
ландшафт);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет