Мұғалімнің аты-жөні: Кемелова Кенжекуль Ажайпхановна Жұмыс орны: Алматы облысы



бет3/6
Дата23.10.2023
өлшемі324,46 Kb.
#187548
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мақала байқауы Кенже 2016
Нуржанова
Рефлексия: Оқушылар өздігінен ізденді, ойларын шебер жеткізе алды, білімге деген құштарлық, шығармашылық қабілеттері артты.
«Абайтану» сабағының маңызы ерекше, өйткені жас шәкірттер Абай ғибратын, үлгі-өнегесін жастайынан бойларына сіңіріп өседі. Бұның айғағы - оқушылардың бірталай жақсы нәтижелерге қол жеткізуі. Әрбір жыл соңында оқу жылы бойы жаттаған, оқыған шығармаларымызды қорытындылаймыз. Бір жылда әр оқушы 15-20 өлең жаттап шығады. 2 жыл ішінде 10-сынып оқушысы Есенбай Назерке 80 өлеңін жатқа білсе, Абсаттар Береке 50 өлеңін, 12 қара сөзін, Байтилесова Анель 40 өлең, 30 қарасөзін жатқа біледі. 
Жыл сайын ауданда, облыста өтетін Абай оқулары жақсы бір дәстүрге айналып келеді. Абайтану сабағының осы сайысқа да қосар үлесі зор болып отыр. Атап айтсақ, аудан мектеп оқушылары арасындағы VI Абай, Шәкәрім оқуларына Төлемисова Толқын қатысып III орынды иеленді. Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында қашықтықтан өткізілген "Қазақ даласының ұлы тұлғалары» байқауының «Абай поэмалары» номинациясы бойынша Абсаттар Береке қатысып
І орын, «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Байтилесова Анель ІІ орынды иеленіп, Дипломдармен марапатталды.
Болашаққа болжам: оқушыларға Абай өлеңдерін кеңірек насихаттау. Ол үшін Абай өлеңдерін жаттауды жыл сайын үстемелеп отыру және Абай өміріне, Абай өмір сүрген орта мен Абай заманын білу үшін «Абай жолы» роман-эпопеясын толық оқып шығу.


Алматы облысы, Қарасай ауданы
«Көкөзек ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Тақырыбы: «Абай өнері – өсер сынға өрелі өрнек»
Орындаған: Кемелова Кенжекүл Ажайпханқызы
Көкөзек ауылындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Ең үздік Абайтанушы
Сайыстың мақсаты: Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, өлеңдері мен қарасөздерінің мазмұнын меңгертуге,мағынасын аша білуге,мәнерлеп жатқа айтуға,талдауға бейімдеу; оқушылардың тіл байлығын,ой өрісін,өз ойын айтуға,көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру, ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін дамыту; оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру,адамгершілікке,асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет