Модуль 1 Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері Дәріс Практикалық әлеуметтік педагогика пәні, оның мақсат, міндеттері негізгі категориялары


Әдіс – нәтижеге жету үшін қандай да бір мақсатты, әрекеттерді қолдану. Әдістеме



бет9/13
Дата07.02.2022
өлшемі46,99 Kb.
#86757
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Лекция
Лекция, Лекция, Психолого-педагогическая работа с детьми и подростками, -852447478
Әдіс – нәтижеге жету үшін қандай да бір мақсатты, әрекеттерді қолдану.
Әдістеме – белгілі бір міндеттерді шешуге көмектесетін әдістердің жиынтығы.
Мақсатқа бағытталу технологияға да, әдістемеге де тән. Технологияның негізгі ерекшелігі жан-жақтығында. Көптеген мамандар жетекші технологияларды меңгерген. Оларды жүзеге асырылуы адамның жеке тұлғалық ықпалынан өзгермейді. Әдістемеде жағдай басқаша. Маманның тұлғалық ерекшелігі әлеуметтік – педагогикалық міндеттерді шешуде шешуші рол атқарады. Әдістемелерді таңдауда адам әрекетінің мазмұны ықпал жасайды. Әрекеттің ерекшелігін білу әртүрлі мақсатты қояды, ол әдістемені анықтайды. Осыған “педагогика, педагогикалық теориялар, жүйелер, технологиялар” деген еңбектің авторы С.А. Смирнов мынадай мысал келтірген. Тәрбиелеу арқылы әр түрлі әрекет етуге болады, балаға ықпал жасау, оған қарсы келу, оған көмекке келу, бірігіп іс-әрекет жасау. Адамның (топтық) дамуы және өсуі кенеттен, орталық белгілі бір факторлардың және жағдайлардың әсерінен болады. Технологияларды қолдану белгілі бір жағдайларға байланысты. Әлеуметтік педагогтың міндеті технологиялар мен әдістемелердің қыр-сырын біліп, өзінің әрекетінде тиімді қолдана алуы шарт.
Әлеуметтік құзырлығын қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындаған. Бұл тұрғыда, ІХ-ХІ ғасырларда өмір сүрген ғұламалар (әл-Фараби (870-950), Ж.Баласағұн (1021-1075), Омар Хайям (1040-1123)) еңбектеріне жазылған. Философ, әлеуметтанушы, «Шығыстың Аристотелі» атанған әл-Фараби өз ғылыми мұраларында «...сана ешқашан сарқылмайды, ол әлеуеттене отырып, бардың мәнін түсінуге әкеледі» – деген ой айтады. Бұл ойы қазіргі заман талабына сай бүгінгі жастарды әлеуметтендіру мәселесінде өзінің өзектілігімен ерекшеленіп отыр. Көреген ойшыл Ж.Баласағұн өзінің шығармаларында «білік біліп – төрден орын аласың, білік білсең- күшті берік адамсың... қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деп біліктіліктің маңыздылығын айқын көрсеткен. Ал ұлы ғалым Омар Хайям өзінің рубайларында «еңбек, білім, тәрбие, басын қоссаң мәнді де, үшеуін бірдей меңгерсең, жібермес сені өлімге» деп тәрбие мен білімді ұштастыра алғанда адамның ұлылығы, құзырлығы айқындала түсетінін меңзейді. Демек, ұлы ғұламалардың жастарды тәрбиелеудегі берген құнды ойлары олардың ақыл-ойы мен санасын, ынтасы мен қызығушылығын оятып, әлеуметтік тұрғыда тәрбиеленуіне мүмкіндік береді. ХІХ ғасыр ағартушылары Ш. Уәлиханов (1835-1865), Ы. Алтынсарин (1841-1889), А. Құнанбаев (1845-1904) еңбектерінде адамның әлеуметтік қабілетіне әсер ететін, ынтасы мен қызығушылығын оятып, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге икемдейтін ақыл-кеңес береді. ХХ ғасыр басында әлеуметтік құзырлық туралы ойлар С.О. Грузенберг, М.А. Блох және т.б. ғалымдар еңбектерінде көрініс тапқан. Осы кезеңде қоғамдық өмірдің әр саласындағы (әдебиет, техника т.б.) әлеуметтік құзырлы әрекет жайлы зерттеулер жасалып, зерттеуші ғалымдар әлеуметтік құзырлықты дарындылық пен еңбексүйгіштіктің қоспасы ретінде қарастырады. Әлеуметтік құзырлық тұлғаның әлеуметтік бейімділігін, әлеуметтік хабардарлығын, тұлға мен социум жағдайы арасындағы оптималды сәйкестікті табуға мүмкіншілік беретін, «әлеуметтік интеллект», «әлеуметтік ойлау» түсініктерінде белгіленген әлеуметтік білім мен іскерліктер мағынасында қарастырылады (К.А. Абульханова-Славская, В.Н. Куницина). Зерттеу жұмысымыздың негізіне өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасында кеңінен тараған құзырлық тәсілдері енді. Мұнда құзырлық тәсілдің мәні меңгерілген білімдер көлемі емес, адамның әр түрлі мәселелік жағдаяттарда әрекет ету қабілеті болып табылады. Соңғы жылдары ол Финляндия, АҚШ, Канаданың, т.б. білім беру жүйелерінде бекітілді. Құзырлық тәсілдері идеясы шетел ғалымдары (Равен Дж, Зинченко А.П., Зимняя И.А. т.б.), сондай-ақ отандық ғалымдар (Жексенбаева У.Б., Самуратова Ж.Б, т.б.) еңбектерінде көрініс тапқан. Фрумин И.Д. құзырлық тәсіл шынайы өзгермелі әлеуметтік-экономикалық білім беру мазмұнының жаңаруы ретінде көрініс табатынын атап көрсеткен. Сонымен қатар, осы мәселе бойынша түрлі тәсілдер өңделуде: тілдік құзырлық (Хаймс Д), кәсіби құзырлық (Маркова А.К.), педагогикалық құзырлық (Митина Л.М.). 70-90 жылдары «әлеуметтік құзырлық» ұғымының мазмұны айқындады (Зимняя И.А.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет