Модуль 1 Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері Дәріс Практикалық әлеуметтік педагогика пәні, оның мақсат, міндеттері негізгі категориялары



бет1/13
Дата07.02.2022
өлшемі46,99 Kb.
#86757
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Лекция
Лекция, Лекция, Психолого-педагогическая работа с детьми и подростками, -852447478

Модуль 1 Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері
Дәріс 1. Практикалық әлеуметтік педагогика пәні, оның мақсат, міндеттері негізгі категориялары.
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтік педагогика саласының пайда болуы мен қалыптасуына тарихи шолу
2. Әлеуметтік педагогика пәнінің мақсат-міндеттері және негізгі қызметтеріне сипаттама
3. Әлеуметтiк педагогикалық теория мен практикасының нысандары

«Әлеуметтiк педагогика» ұғымын алғаш рет XIX ғасырда немiс педагогы А. Дистервег енгізген. Бірақ араға көп уақыт салып қана әлеуметтік педагогиканың екі ғылыми-практикалық бағыты айқындалды. Оның бірі П. Наторп есімімен байланысты айқындалып, халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін интеграциялау мәселесіне арналды. Екінші бағыт қараусыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларды қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Бұл бағыт Г. Нол, Г. Боймер есімдерімен байланысты болды.


Әлеуметтiк педагогика, бұл қоршаған ортаның тәрбиеге әсерi жөнiндегi ғылым. Әлеуметтiк педагогика мәселелерiн зерттеуде танымал Ресей ғалымы А. В. Мудрик әлеуметтiк педагогиканы адамның бүкiл өмiрi барысында жүзеге асырылатын әлеуметтiк тәрбиесiн қарастыратын ғылым ретiнде қабылдауға болады деп айтады.
Әлеуметтік педагогиканың идеялары мен бұл саладағы қызметкерлердің жұмыстары С. Т. Шацкий, В. Н. Шульгин, М. В. Крупенин, А. Г. Калашникова, А. П. Пинкевич т.б. тарапынан қарастырылған. С. Т. Шацкий мектептің әлеуметтік рөлін негіздеп, кіші ортада біртұтас тәрбие процесін ұйымдастыруды теориялық тұрғыдан айқындаған. 30-жылдардың аяғындағы мектептердің тек оқу-тәрбие процесін жақсартуға ғана басты назар аударуы әлеуметтік педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді кейінге ысырып жіберді.
Әлеуметтік педагогиканың бастаулары халықтық педагогикада жатыр. Тұлғаны әлеуметтендіру идеялары ұлы ғұламалардың педагогикалық көзқарастарында қарастырылған. Атап айтқанда, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Ясауи және т.б. ғұламалар еңбектерінде адам тәрбиесін жүзеге асыру оның әлеуметтік ортасын қалыптастырумен байланысты екендігі баса айтылған.
Әлеуметтік педагогика мәселелерін көптеген классик педагогтар Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, И. Гербарт, А. Дистервег, К. Д. Ушинский және т.б. қарастырған. Олардың педагогикалық көзқарастарының ықпалымен адам тәрбиесінің қоғамдық-әлеуметтік ортадағы рөлі, тәрбие нәтижесінің қайырымдылықпен, мейірімділікпен айқындалатындығы туралы ой-пікірлер тұжырымдалады.
Әлеуметтiк педагогика пәнiнiң зерттеу объектiсi - адамның әлеуметтiк ортамен өзара қарым-қатынасының жиынтығы негiзiнде оның қоғамдағы даму процесi болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі негізгі мақсаты педагогикалық мақсатпен сабақтастықта тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты білімдерді интеграциялау болып табылады. Практикалық пән ретіндегі негізгі мақсаты - өзінің табиғи болмысынан алыстаған тұлғаны қалпына келтіруге көмектесетін технологияларды жасау.
Ал, әлеуметтiк педагогиканың пәнi - адамның әлеуметтенуiнiң және оның қоғамға бейiмделуiнiң педагогикалық аспектiсi болып табылады. Әлеуметтiк педагогика адам мен қоғамның өзара әсерлесуi негiзiнде қалыптасу, қоғамға толық ену ретiндегi тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуын ынталандырудың мақсатын, мiндетiн, мәнiн, мазмұны мен принциптерiн, әдiстерi мен формаларын зерттейдi.
Әлеуметтiк педагогика өзiнiң пәндiк өрiсiне ие және ғылым ретіндегі өзiндiк мiндеттерi айқындалған. Олар:
- тұлғаның даралық дамуын гармониялы бiрлiкте қарастыра отырып, ғылыми әлеуметтендiрудi қамтамасыз ету;
- тұлғаның дамуы мен әлеуметтену процесiне әсер етушi қарым-қатынастарды педагогикалық тұрғыдан реттеу;
- тұлғаның қоғамға және әлеуметтену процесiндегi педагогика-лық ғылымдардың көпжақты әсерiнiң мүмкiндiктерiн зерттеу;
- әлеуметтiк ортаның педагогикалық потенциалын арттыру мен оны пайдаланудың шарттарын және тәсiлдерiн зерттеу;
- тұлға ұғымының мәнін, оның даму, қалыптасу кезеңдерін түсіну;
- адамның әлеуметтік болмысының түрлі формаларының (адам, жекелік, тұлға, субъект) шекараларын ажырата алу;
- тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуының өзара байланыстылығына талдау жүргізу;
- әлеуметтік детерминант, әлеуметтік қалыптасу, тұлға қызметі мен дамуы ұғымдарының мәнін ашу.
Адамның дамуын оның қоршаған орта ықпалынан және өзара қарым-қатынас негiзiнде дамуын оның әлеуметтенуiнiң нәтижесi деп қарастыруға болады. Әлеуметтену:
- адамның қоғаммен өзара қарым-қатынасы арқылы және өмiрдiң әртүрлi жағдайларынан;
- адамдарға мемлекет тарапынан болатын әсерлер арқылы;
- тәрбиенiң немесе адамның дамуының белгiлi бiр жағдайда мақсатты бағытталған процесi арқылы;
- адамның өзiн-өзi тәрбиелеуi немесе өзiн-өзi дамытуы арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтiк педагогика - әлеуметтендiру процесiн бiлiмдiк-тәрбиелiк құралдармен реттеудiң және жүзеге асырудың, танымның теориясы мен практикасын қамтитын ғылым саласы болғандықтан, әлеуметтiк болмыстың адам өмiрi барысындағы мақсаты мен мiндеттеріне ықпалын қарастырады. Әлеуметтiк педагогика жеке адамдарға, тұрғындардың топтарына көмек көрсетудi өз мiндетiне жатқызады.
Әлеуметтiк-педагогикалық тәрбие және тәжiрибесiнiң нысаны - жеке дара және қоғамдық сипаттама бiрлiгiн қамтитын әлеуметтік ортаның мүшесi болып табылатын адам, ал оның пәнi - адамның әлеуметтiк тұрғыда қалыптасуының және дамуының педагогикалық аспектiлерi.
Әлеуметтiк-педагогикалық теория мен практикасының екiншi міндетiнің нысаны - қоғамның әлеуметтiк шеңберi, микро (шағын) орта, адамдар ұжымы және т.б.болып табылады. Аталмыш деңгейге тән іс-әрекетті жүзеге асырудың белгiлi құралдарына мәдени-ағарту, дене шынықтыру - сауықтыру, әлеуметтiк-тәрбие жұмыстарын және т.б. ендiруге болады.
Әлеуметтiк педагогиканың үшiншi деңгейдегi нысаны - әлеуметтендiрудiң алуан түрлi сатылары мен деңгейiндегi жеке адам болып табылады.
Бұның өзі қоғамда әлеуметтік педагогикалық қызметтің қажеттілікке айналып отырғандығы мен осы салада мамандар даярланудың сұранысы артып отырғандығын дәлелдейді. Әйтсе де, халықтық болмысызда тастанды балалар мен қараусыз қалған ата-аналардың болмағандығы қоғамның өркениеттілігінің шарықтаған заманында өз жалғасының үзіліп отырғандығын көрсетеді.
Әлеуметтік педагогика ғылым ретінде адамның бүкіл өмірі барысында жүзеге асырылатын әлеуметтік тәрбиесін қарастырады. Барлық ғылымдар саласы секiлдi әлеуметтiк педагогика да өзiндiк ұғымдар мен түсiнiктерге және ғылыми категорияларға ие. Олар әлеуметтену, әлеуметтiк оқу, әлеуметтiк тәрбие, әлеуметтiк iс-әрекет, әлеуметтiк-педагогикалық iс-әрекет, әлеуметтену процесi және т.б.
«Әлеуметтiк» деген сөз латын тiлiнен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны бiлдiредi, яғни қоғамдағы адамдардың өмiрiмен және қарым-қатынасымен байланысты қоғамдық дегендi дәйектейдi. Бұл мағынада адамның әлеуметтiк дамуы мен тәрбиесi туралы ғана емес, қоғамдағы әлеуметтiк құндылықтарға, нормалар мен ережелерге бағдар алу туралы сөз етуге болады.
Әлеуметтiк педагогикада екi бағыт байқалады: әлеуметтiк және тұлғалық.
Бiрiншi бағыт мемлекет пен қоғамның өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жалпы ықпал етуi арқылы анықталады. Бұл - социопедагогика деп аталады, ал тар мағынада - адамның тұлғасын қалыптастыру процесiне өмiр сүру ортасының ықпалы - орта педагогикасы болып саналады.
Әлеуметтік педагогиканың мәселелерi П. Наторп, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Н. И. Пирогов, Дж. Дьюи, Г. Кершенштейнер, Р. Зейдель, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко, Б. Р. Лихачев, В. Д. Семенов және т.б. еңбектерiнде теориялық тұрғыдан зерттелдi.

Әлеуметтiк педагогиканың тұлғалық бағыттары Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо, Ф. Ницше және т.б. философиялық көзқарастары арнасында қарастырылған. Аталмыш бағыттың бастауы – «даралық» педагогикасы болып саналады. XIX ғасырдың екiншi жартысында адамнан


жоғарыны қалыптастыру концепциясы пайда болды. (Ф. Ницше) Бұл бағыт педагогтар алдына адамның өзi үшiн тәрбиелеу мәселесiн шешудi мiндет еттi.
Тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуы оның табиғат заңдары бойынша дамитын әлеуметтiк жан ретiнде, әрi әлеуметтiк орта, қоғам, индивидтiң белгiлi бiр ықпал ету қабiлеттiлiктерiн ескеру негiзiнде тәрбиеленедi деген тұжырым бередi.
Адамның әлеуметтiк өзiндiк дамуы өте күрделi процесс, дегенмен әлеуметтiк даму жағдайлары, бағыттары және қарқындылығы өзгерiс үстiнде болады.
Сонымен, әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі категориялары: әлеуметтену, әлеуметтену процесi, әлеуметтік оқу, әлеуметтік тәрбие, педагогикалық іс-әрекет, әлеуметтік-педагогикалық iс-әрекет, әлеуметтендіру, әлеуметтендіру факторлары, әлеумет (социум), микроәлеумет, әлеуметтік институт, теріс әлеуметтендіру (деәлеуметтендіру) институттары, әлеуметтік рөл, әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік құлдырау, педагогикалық құлдырау, балалықты қорғау, бала құқығы, қамқорлыққа алу, қорғаншылық жасау, жетімдік, балаларға деген қатігездік қатынас, әлеуметтік жұмыс, қайырымдылық әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік кеңес беру, отбасылық кеңес беру, отбасы терапиясы және т.б.
Педагогика ғылымы «жеке адам», «даму», «әрекет», «әлеуметтендіру», «қоғам» деген секілді көптеген басқа пәндер түсініктерін де қолданады. Оны педагогика ғылымының кірме түсініктері деп айтамыз. Ал педагогика ғылымының төл ұғымдары «білім беру», «оқыту», «тәрбиелеу» категориялары болып табылатындығын бiлемiз. Енді осы ұғымдардан әлеуметтік педагогиканың негізгі түсініктерін ажыратып көрсетейік.
Түсінік - бұл шындықты танып-білу процесінің санамызда бейнеленуінің бір формасы болып табылады. Ғылыми түсінік бірден қалыптаспайды. Түсініктің мәнін анықтау үшін оның белгілерін ажыратып алу қажет.
Сонымен қатар, негiзгi ұғымдар деп тек сол ғылымға тән түсiнiктердi айтамыз. Кез келген жаңа ғылым саласы өзiнiң негiзгi түсiнiктерiнен туындайтын жаңа түсiнiктерге ие болады. Әлеуметтiк педагогиканың түсiнiктерi педагогика ғылымының түсiнiктерiнен туындайды, олай болса әлеуметтiк педагогика пәнiнiң өзi ғылыми педагогиканың бiр саласы ретiнде көптеген зерттеу объектiсi жеке адамның қалыптасуы болып табылатын басқа ғылымдармен тығыз байланыста болады. Оны төмендегі 1-схема мынадай түрiнде көрсетуге болады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет