Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор



бет154/226
Дата22.12.2021
өлшемі4,7 Mb.
#585
түріМонография
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   226
12.7. Жобалау әдісі
Әлемдік педагогикада жобалау ісі түбегейлі жаңа әдіс емес. Жобалау әдісі өткен ғасыр басында АҚІІІ-та пайда болған. Бұл әдіс сондай-ақ проблемді деп те аталған және ол американдық философ-педагог Дж.Дьюи және онын ізбасарлары У.Хилпатрик ұсынған философия және тәлім жүйесіндегі гуманистік бағыт идеяларына сабақтаса келеді. Дж. Дьюи тәлім, білім үйретуді баланың қызығуына сәйкес белсенділік негізінде, нақты мақсатты көздеген іс-әрекет арқылы ұйымдастыруды ұсынды, осылай болған да ғана нақты өмір, тұрмыстан туындаған проблема бала үшін таныс әрі маңызды келіп, игерген білімін оны шешуге пайдалану қажеттігі өріс алады. Мұғалім жаңа ақпарат көздерін ұсынып немесе шәкірт ойын қажетті бағытқа бұрып, дербес іздену жолына салып, белгілі білімдер қорын игеруді керек ететін нақты проблемаларға ынталандыра, қызықтырып, бір, бірнеше проблемалар шешімін көздеген жобалау іс әрекеті арқылы жинақтаған білімдерінің тұрмысқа қолдану жолдарын көрсетуі тиіс, яғни теориядан практикаға өтіп, академиялық білімдерін іскерлік прагматизммен байланыстыра, тәлім-тәрбиенің әр кезеңінде олардың әрқайсысының қай шамада қажет боларын ұқтыру - мұғалім парызы.

Шәкірттер білімді шынайы қажеттік ретінде қабылдауы үшін оның өзіне маңызды келген проблеманы қойып, өз белсенділігімен шешу талабын тарту лазым. Нәтижені сырттай көруге, ұғуға, тұрмыс-тәжірибеде қолдануға болады. Ал іштей нәтиже сол білімге деген ынта мен ептіліктер, біліктілік және құндылықтар.

Жоба әдісін дайындап, әлемде бірінші больш білімдену жобаларын ажырата топтастырған американдық профессор Коллинге болды. Оның ойынша, тәлім-білім тиімділігін көрсетуге бағытталған жобалар түрі келесідей болуы мүмкін:

Ойындық жобалар - әрқилы ойындар, халық билері, сахналық қойылымдар және тағы басқалар. Мақсат – балаларды топтық қатынастарға тарту.

Саяхаттық жобалар – қоршаған табиғат және қоғамдық өмірмен байланысты жағдайларды мақсатты түрде зерттеп үйрену.

Баяндама жобалары – мақсаты - әрқилы формада әңгімелесуден (ауызша, жазбаша, ән орындау, күй тарту және т.б) қанағат табу.

Құрастырушылық жобалары - нақты пайдаға жарағандай өнім жасау (құс үясын жасап, жоғарыға ілу, мектеп театры сахнасын құру, көпір салу, ойын алаңын түзу және т.б.)

Жобалау әдісінің негізіне шәкірттердің таным дағдыларының дамуы, өз білімдерін өз бетінше құрастыра алу ептіліктері, ақпараттық кеңістікте бағдар таңдау шеберліктері, сындарлы ой дамуы алынған

Жобалау әдісі әрдайым балалардың белгілі уақыт аралығында орындайтын дербес - жеке-дара, жұптасқан жұмыстарына бағдарланады. Бұл бағыт шәкірттерді топтастырып үйрету, білім игеру істерімен сәйкес келеді. Жобалау әдісі қай уақытта да, бір жағынан, әрқилы әдістер мен құралдарды пайдалануға, екінші жағынан - әртүрлі ғылымдар, техника, технология, шығармашылық саласынан қажетті білімдер мен ептіліктерді біріктіре ұсынуға қолайлы. Жобалардың орындалу нәтижесі барша уақытта сезімді болуы қажет, яғни, егер проблема теориялық болса, оның шешімі, ал практикалық болса, оның нақты пайдалануы, көзге түсер нәтижесі болуы шарт.

Жобалау әдісін пайдалана білу ептілігі мұғалімнің жоғары біліктілігінің, баланың білім игеруі және дамуына тиімді озат әдістемесінің көрсеткіші. Бұл технология, ең алдымен, адамның постиндустриялды қоғамның шалт өзгрістеріне икемденуін көздеген XXI ғасыр технологиясы деп бекер аталмаған. Жобалау әдісін пайдалануда қойылатын талаптар:



  • шешімі бірігімді білімдерді, ізденісті зерттеулерді қажет ететін тұрмыстық мәнді де маңызды тапсырмалардың болуы (мысалы, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу, қышқылды жаңбырдың қоршаған ортаға келтірер зиянын ашу және т.б.);

  • ниетті нәтижелердің тәжрибелік, теориялық, танымдық маңызының болуы (мысалы, аймақтың демографиялық жағдайы жөнінде тиісті орындарға хабарлап тұру, әртүрлі жерлердегі тоғай, орманды қорғау, мәдени-қоғамдық шаралар жоспарын түзу және т.б.). Шәкірттердің дербес (жеке-дара, жұптасқан, топтық) іс-әрекеттері;

  • жобаның мазмұндық бөлігін құрастыру (кезеңді нәтижелерін көрсетумен);

Зерттеу әдістерін пайдалану келесідей: қойылатын мәселені және туындайтын міндеттерді белгілеп, оны шешуге байланысты болжамдарды алға тарту, соңғы нәтижелерді өрнектеп, алынған деректерді талдау, қорытынды шығару, түзетулер енгізу. Әрқилы жағдайлардағы жоба тақырыбын таңдау әртүрлі жолмен анықталуы мүмкін. Бұл жағдайларда оны бекіткен бағдарлама шеңберінде тәлім-тәрбие мекемелерінің басшылары ұсынуы мүмкін, және бірде тақырыпты өз пәні жағдайларын, өзінің кәсіби қызығулары мен шәкірттерінің қабілеттерін ескерумен мұғалім тарапынан ұсынылуы ықтимал. Үшіншіде - жоба тақырыбы шәкірттер тарапынан өз қызығушылығына сәйкес тек танымдық сипатта ғана болмай, қолданбалы, шығармашыл формада алдағы міндеттер есебінде қолға алынуы мүмкін. Сондай-ақ, жоба тақырыбы мектеп бағдарламаларының теориялық мәселелерін де қозғауы мүмкін.

Жобалап тәлім жинақтау мақсаты шәкірттердің, келесідей білімдік әрекеттеріне орай қойылады:



  • әрқилы ақпарат көздерінен жеткіліксіз больш тұрған білімдерін өз бетінше әрі қалауы бойынша игереді;

  • игерген білімдерін танымдық және тұрмыстық міндеттерді шешу үшін пайдалануға үйренеді;

  • әрқилы топтар жұмысына қатыса отырып, қарым - қатынастық ептіліктер игереді;

  • өздерінің зерттеушілік ептіліктерін дамытады (міндеттер белгілеу, ақпарат жинау, бақылау, эксперимент кою, талдау, болжам жасау, қорыту);

  • жүйелі ой топшылау ептілігін дамытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   226




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет