Н.Қ. Жүсіпов Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды. 20 ж. № хаттама. ӘК төрайымы


-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов(1889-1931)



бет7/10
Дата20.10.2023
өлшемі243,5 Kb.
#186912
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 7кл, ТЖБ қаз тіл 1тоқ, Салтанатты Галикарнас, Патриотизм - ұлттық руxтың символы, 31.01 Шұғаның белгісі хикаятының тақырыбы мен идеясы, stud.kz-68033, Қобыланды батыр кейіпкер және шынайы өмір БЖБ, Абай ашық сабақ
9-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов(1889-1931)
Өмірбаянынан қысқаша мәлімет.
Прозалық шығармалары.. «Қартқожа»(1926) романы. Шығармада қазақ аулының төңкеріс қарсаңындағы саяси- әлеуметтік тіршілігін, қоғамдық әділетсіздіктерді суреттеу.1916 жылғы оқиғаның 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласуы. Соның нәтижесінде сана – сезімі оянған қазақ кедейлерінің әлеуметтік күрес алаңына шыға бастауы. Қартқожа бейнесі. Романның көркемдік әлемі. Авторлық мінездеме, характер сомдау ерекшеліктері.
«Ақбілек»(1927-28) романы. Романдағы феодалдық- патриархалдық қоғам қалыптастырған ескі салт-сананың бұғауынан құтылып, мәдениетке, оқу-білімге ұмтылған Ақбілектің образы. Алтынай, Бозінген, Күмісай, Өрік сияқты қазақ әйелдерінің от басы, ошақ қасында қалып, етекбасты болған өмірлерінің суреттелуі. Шығармадағы Ақбала, Доға, Балташ, Жорғабек,т.б. қосалқы қаһармандар тағдырының суреттелуі
Романның психологиялық роман екендігі. Шығарманың көркемдік әлемі. Автордың баяндау тәсілдері. Кейіпкерлер психологиясын сипаттаудағы шеберлігі.
«Күнікейдің жазығы» (1928) повесінің тақырыбы қазақ әйелінің тағдыры екендігі. Күнікей образы. Оның образын сомдап, толықтыра түсуге көшпелі тұрмыс тудырған салт- сананың әсер-ықпалы. Повестегі қосалқы кейіпкерлер Құлтума, Тұяқ,Шекер, Байман образдары.Шекер, Байман, Тұяқ бейнелері.
Ж.Аймауытовтың 20-30 жылдары жазылған «Өмір деген осы ма», «Мысыққа ойын, тышқанға өлім»(1923), «Елес», «Қойшы Тастамақ», «Жидебайдың баяндамасы»(1924), «Әнші», «Көшпелі Көжебай», « Жол үстінде»(1925), «Боранды болжаған әулие» (1926), «Ханамар тарихы»(1927), т.б. әңгіме-новеллаларының тақырыбы,
Драмалық шығармалары: «Мансапқорлар»(1925), «Ел қорғаны», «Қанапия мен Шәрбану»(1926), «Шернияз»(1926).
«Ел қорғаны» пьесасындағы оқыған кейбір қазақ зиялыларының еркіндік, бостандық үшін күресте қате көзқарастарының сыналуы. Ал «Қанапия- Шәрбану» пьесасының С.Сейфуллиннің «Бақыт жолына» атты шығармасымен тақырып жағынан үндестігі. Бірін-бірі ұнатқан екі жастың махаббат хикаясы, қосыла алмауы мен 1916 жыл шырғалаңының тұспа-тұс келуі. Елдегі әлеуметтік әділетсіздік пен тап тартысының көрінісі. Пьесадағы Шәрбану, Қанапия, Ынтықбай, Сазанбай, т.б. образдар.
«Мансапқорлар» пьесасы. Шығармадағы атақ, мансапқа таласып, өзара қырғиқабақ болған Қасқырбай болыстың, оның туыс інісі әрі тілмашы Мүсілімнің бейнелері. Пьесада ағайын адамдардың арасына жік салған іштарлықтың, көре алмаушылықтың қантөгіске, зұлымдыққа ұласуы.
«Шернияз» пьесасы. Шығармадағы Шернияз бейнесі. Рушылдық пен жікшілдік жайлаған ел ішіндегі айтыс- тартыс, дау- дамайдың Шерниязды күреске итермелеп ширатуы. Оның жеңісі мен жеңілісі. Пьесаның жалпы идеясы.
Ж.Аймауытыв шығармашылығы жөнінде қорытынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет