Н.Қ. Жүсіпов Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды. 20 ж. № хаттама. ӘК төрайымы


Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны



бет8/10
Дата20.10.2023
өлшемі243,5 Kb.
#186912
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 7кл, ТЖБ қаз тіл 1тоқ, Салтанатты Галикарнас, Патриотизм - ұлттық руxтың символы, 31.01 Шұғаның белгісі хикаятының тақырыбы мен идеясы, stud.kz-68033, Қобыланды батыр кейіпкер және шынайы өмір БЖБ, Абай ашық сабақ
3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны
1- тақырып . Ахмет Байтұрсынов
«Қырық мысал» жинағынан мысалдар талдау. «Әдебиет танытқыш» кітабын талдау.
2-тақырып. Міржақып Дулатов
«Елім-ай», «Алашқа» өлеңдерін талдау. «Бақытсыз Жамал» романын талдау.
3-тақырып. Сәкен Сейфуллин(1894-1938)
Ақынның «Өткен күндер» (1914)жинағы.«Асау тұлпар» (1922) атты екінші жинағы.Ақын поэзиясында махаббат, табиғат,көңіл-күй лирикасының айрықша орын алуы. Осы тақырыптың «Күз», «Жазғытұры», «Жазғы дала», «Қарлы аязда», «Тау ішінде», «Сағындым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық» сияқты көптеген өлеңдерінде сипатталуы.
Ақын поэмаларында өршіл романтикалы махаббат сарыны. «Аққудың айрылуы», «Лашын әңгімесі».
«Қызыл ат» поэмасы. «Көкшетау»(1929) поэмасы. «Тар жол,тайғақ кешу» романы(1927).
4-тақырып. Бейімбет Майлин (1894-1938)
«Шұғаның белгісі»(1915) повесінің Бейімбеттің проза жанрындағы алғашқы шығармасы екндігі. Повестің тақырыбы,идеясы. Шұға, Әбдірахман бейнелері.Кейбір ұнамсыз типтер. «Талақ», «Естай ауылы», «Киелі сұлу» әңгімелерінде салт-сананың көрінісі. «Күлтай болыс», «Қар шелек», «Көктеректің баурайында», «Қызыл әскердің семьясы», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Онбес үй», «Қырманда» әңгімелері. «Раушан-коммунист» (1920) повесі. Раушан образы. Раушанның қоғамдық істерге араласуы. «Жалбыр»1916 жылғы қозғалыстың , «Амангелді» (Ғ.Мүсіреповпен бірге жазған) , «Біздің жігіттер» драмаларында азамат соғысын суреттеуі. «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі» драмалық шығармаларында колхоздастыру мәселесін көтеруі. Бұл шығармалар өткір тартысқа, сатираға құрылуы. Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Шаншар молда», «Неке қияр», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей» комедияларында ескілікті сынауы.
5-тақырып. Ілияс Жансүгіров(1894-1938)
«Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларындағы. Қобызшы Молықбай образы. Күйші үйсін жігіті мен Қарашаш бейнелері.
«Құлагер» поэмасында Ақан сері образын сомдауы
6-тақырып. Жамбыл Жабаев(1846-1945)
Жамбылдың жас кезінде қайым айтысқа түсіп, өнерін шыңдауы. «Кәмшат қызға», « Жаныс ақынға» және Айкүміспен, Бөлектің қызымен сөз қағыстырулары.
Жамбылдың Құлмамбетпен (1881), Сарыбаспен (1895),Досмағанбетпен (1904), Шашубаймен (1909) айтыстары.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерінде көрінісі.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбылдың «Ата жаумен айқастық», «Ленинградтық өрендерім» , «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат» өлеңдерін шығаруы.
«Өтеген батыр» дастаны. Тақырыбы мен идеясы. Өтеген батырдың малға өріс, халыққа жаңа қоныс, бақытты өмір іздеуінің қоғамдық мәні.Дастандағы ауыз әдебиетіне тән мифтік көріністер мен сюжеттер. Поэманың көркемдік ерекшеліктері.
«Сұраншы батыр» поэмасы. Шығармадағы Сұраншы Хакімбеков бейнесі 7-тақырып. Иса Байзақов(1900-1946)
«Құралай сұлу» (1925) поэмасы. Поэма сюжетінің ауыз әдебиеті үлгісінде құрылғандығы. Ел қорғау, отаншылдық идеясын көтеруі. Жастар махаббаты. Құралай мен Келден бейнелері. Поэманың көркемдігі.
«Алтай аясында»(1925-34) поэмасындағы Еркежан мен Балағаз бейнелері. Қалмақтың шонжарлары Кәпін мен Кәбіктерінің жағымсыз іс-әрекеттері.
«Ақбөпе»(1941) поэмасы. Поэмадағы тартыстың Ақбөпе мен Әміржан сезімдеріне құрылуы. Поэмадағы Ақажан, Әбіш, Құдияр образдары арқылы таптық қарама-қайшылықтың ашылуы. Оларға қарсы тұрған Ақбөпе, Әмірхан сияқты жасьар бейнелері.Поэманың қазақ поэзиясынан елеулі орын алатыны жәнекөркемдік ерекшеліктері, тілдік өрнектері.
8-тақырып. Мағжан Жұмабаев(1893-1937)
Ағартушылық бағыттағы «Өнер-білім қайтсе табылар», «Сорлы қазақ», «Жазғы таң» , «Қазағым» өлеңдер жазуы. Саяси-әлеуметтік сарындағы «Бостандық», «Күншығыс», «Жаралы жан», «Тұтқын», «Жауға түскен жанға» өлеңдерін жазуы. Ақынның поэзия әлеміндегі ізденістері. Бальмонт, Брюсов, Мережковский, Сологуб, Блок сияқты символист ақындарға еліктеп өлеңдер жазуы. «Сарғайдым», «Бүгінгі күн өмір, өлім менікі», «Берниязға», «Өмір», «Мені де өлім, әлдиле» өлеңдеріндегі өмір мен өлім философиясы.
Мағжанның махаббат лирикасы. «Сүй, жан сәулем», «Н-ға», «Сен сұлу», «Сүйгенім анық», «Гүлсім ханымға», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін» өлеңдеріндегі жан мен тән сұлулығының диалектикалық бірлікте жырлауы.
Қазақ халқының тарихы, аңыз-әңгімелері негізінде «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы» поэмаларын жазуы. «Батыр Баян» поэмасы. Поэмадағы Абылай хан, Баян батыр образдары. Махаббаттың трагедиялы хикаясы. Абылай ханның характеріндегі кейбір қайшылықтар. Баянның өлімі. Поэмадағы орыс әдебиетінің әсері. «Жүсіпхан» поэмасы. Шығармадағы Аббасхан, Жүсіпхан, бейнелері. Жүсіп образының символдық мәні.Сол арқылы сталинизм дәуірінің сипатын әшкерелеу.
«Өтірік ертек» дастаны. Шығарма сюжетінің шарттылыққа құрылуы. Мысыққа қарсы тышқандардың көтерілісі. Поэмада байды байыту тәңірдің ісі деген философияны жоққа шығару.
«Тоқсанның тобы» дастаны. Поэмадағы тоқсан деген сөздің символдық мәні. Автордың еңбекші жарлыны мадақтап, туған халқын жақсы көретінін өлеңмен өрнектеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет